Дәнекер тіні

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:26, реферат

Описание работы

Дәнекер тіндері мезенхимадан дамыған, құрамында көптеген жасуша аралық затымен (талшықты құрылымдары мен аморфты зат) жасушалардың дифферондар қатарынан тұратын ішкі ортаның гоместазын сақтауға қатысатын және басқа тіндерге қарағанда аэробты тотығу процесін аз пайдаланатын, механизімнің туындылары.
Адам денесі массасының 50 пайзынан астамы дәнекер тіндерінен тұрады. Дәнекер тіндері мүшелерінің стромасын, тіндер арасындағы қабыршақ – перделерін, тері дермасы мен қаңқаны түзеді. Дәнекер тінінің функционалды мінездемесі оның құрылымдағы күрделілігімен сипатталады.

Работа содержит 1 файл

Дәнекер тіні.docx

— 330.30 Кб (Скачать)

Ретикулофиброзды сүйек тіні эмбриондарда,ал ересек адамдарда бас сүйектің тігістерінде және сіңірдің сүйекке бекінген жерлерінде көруге болады.Микроскопта жақсы  көрінетін,ретсіз орналасқан коллаген талшықтары бір орынға жинақталады.

Ретикулофиброзды сүйек тінінің  аралық затында негізгі аморфты  және коллаген талшықтарынан  тұрады.Сүйекте  коллаген талшықтарының I және V түрлері  болады.Қабыршақты сүйек тінінің  құрамында талшықтар ретімен  орналасатын болса,Сүйектің ретикулофиброзды түрінде бұл талшықтар ретсіз орналасқан.Құрамында кальцийге  толы лакуналар болады.Оның ішінде сүйек үсті тінімен қоршалған  остеоциттер бар.

Қабыршақты сүйек тіні ересек организмде кең тараған сүйек тіні болып  табылады.Бұл тін сүйек пластинкаларынан  тұрады.Мұндай пластинкалардың қалаңдығы  әр түрлі /10-100 мкм дейін/.олардың  құрамында әр түрлі кеңічтікте бейімделген  фибриллары бар.Ортыңғы бөлігіндегі  пластинкаларда фибриллар бойлық бағытта, ал перифириялық бөлігінде көлденең бағытта орналасқан.Қабаршақталған пластинкадағы фибриллар көрші  жатқан пластикамен қосылып,сүйектің біртұтастығын және осыдан басқа  сүйек тінінде көлденең жатқан пластинкасындағы фибрилларының талшықтары аралық затын түзе отырып,сүйек тінінің бірлігін қамтамасыз етеді.

Сүйек тінінің мүше болып қалыптасуы.Сүйек  пластинкалыұ сүйек тінінен құралған.сыртынан эпифиздік бөлігінен басқа сүйек  тінімен қоршалған.                                        Сүйек усті немесе периоста екі қабатын  ажыратады.Сыртқа талшықты және ішкі клеткалық.сыртқы қабат талшықты дәнекер тінімен  қоршалған/113,134/.Ішкі қабатта әр түрлі  дәрежеде диффренцияланған комбиальді клеткалар мен остеобластар болады.Камбиальді клеткаларда цитоплазмасы мен орташа дамыған синтетикалық аппараты бар.Преостеобластар  пролифирацияланған клеткаларының  көлемі сопақша келген,мукополисахаридтерді синтездеуге қабілетті.Остеобластар ерекше,белокты синтездеуге жақсы  дамыған аппараты бар.Сүйекаралықтан сүйек тініне қан тамырлар мен  нервтер тіреді.Сүйек аралық сүйекті  қошап жатқан басқа тіндер мен  байланыстырып  трофикасына,өсуіне және регенерациясына қатысады.

Сүйек диафизінің құрылысы.Сүйек дифафизінің  тығыз затында қалыңдығы әр түрлі 4-12,15 мкм дей сүйек пластинкалары  болады.Сүйек пластинкалары гаверсов жүйесін түзеді.Сүйек диафизінің үш қабатын:Сыртқы жалпы пластинкаларын, ортаңғы остеондар жүйесін,ішкі пластинкаларын ажыратады.Сыртқы жалпы  пластинка диафизде сақиналар түзбейді де,келесі қабаттағы сүйек пластикасымен  қоршалған.Сыртқы қабатында фолькманов каналдары болады,бұлардан қан тамырлар келіп енеді.Сүйек қабынан әртүрлі  бұрыш жасап,коллаген талшықтарыда келіп сүйек диафизінен остеондар  жүйесіне дейін өтеді,бұларды Шарпеев  талшықтары дейді.Көбінесе олар сыртқы пластинкаларда  тармақталған.Ортаңғы  қабатқа енгеннен кейін остеондар  қабатына өтпейді.                                                                                                                                    Ортаңғы қабатында сүйек пластинкалары  остеондарда орналасып,остеон пластинкасын түзеді.Сүйек пластинкаларының қалыңдығы  бірнеше мкм дейін жетеді.  Ізвестелінген матрикске батырылған коллаген фибриллары сүйек пластинкасында орналасқан.Фибриллар әртүрлі бағытта  көбінесе остеондарға  параллель  жатады. Остеондар тығыз сүйектің құрылыс қызметін атқаратын бірлігі  болып табылады.Бұлар концентрлі шеңберлер түрінде орналасып  остеоциттер тізбегінен тұратын  құрылым.Әрбір остеондардың сыртын жабастырып тұратын шеңберлі сызықтары  болады.Остеондардың ең ортасында дәнекер  тінінің остеогенді клеткалары  мен қан тамырлар қуысы жақсы  көрінеді. Диафиздік бөлігінде остеондар  сүйектің ұзындығына қарай параллель жатады. Остеондар каналы анастасмоз құрған жерде үстінде орналасқан  пластинкалар өздерінің бағытын өзгертеді /113/.Остеондар каналдарында  және  сүйек майы мен сүйек үсті тініде оналасқан қан тамырлар бір бірімен байланысады.Диафиздің көп бөлігін түтікті сүйек тінінің заты құрайды.Түтікті сүйек диафизінің іші сүйек майымен толған  /сары немесе қызыл/. Ішкі жалпы пластинкалар сүйек майымен шекаралас жерде ғана жақсы дамыған.

Эндост /endostenum/ - сүйектің сүйек миына  қараған беті.Осмиофильді сызықтары  бар сыртқы қабатында сүйектің минералды  заттары бар.Остеоидты қабат –  қүрамында  аморфты заты,коллаген фибриллары мен остоебластар,қан  тамырлары және нерв ұштары көрінеді.Эндостың қалыңдығы 1-2 мкм бірақ периостан  кіші.                                                

Сүйек тінінің жақсы қалыптасқан  жерінде эндостың қабаты 10-20 есе  остеондардың синтетикалық активтілігіне  байланысты өседі.Эндостың құрамында  сонымен қатар остеокластар да болады.Қартайған  сүйек тінінде эндост қабатында  остеобластар азайып,остокластар  активтілігі  күшейеді.

Периост пен эндостың арасында лакуналар  ы-каналдар жүйесі арқылы микройирклярлы және минералды зат алмасу процессі үздіксіз жүріп отырады.

Сүйектің васкуляризациясы.Сүйек  қабы-периостың ішікі қабатында  өте қалың болып орналасқан қан  тамырлар торы остоендарға өтіп,одан сүйек майына  барыпмайда капиллярлар  жүйесіне айналады.Ал,лимфатикалық тамырлар көбінесе сүйек қабының сыртқы қабатында  орналасқан.

Сүейктің иннервациясы.периостан  миелінді,миелинсіз нерв талшықтары қан тамырлары мен қоса өтіп,остеондарға  одан сүйек миына барып аяқталады.Нерв талшықтарының біразы сүйек  қабында  тармақталып бос жатқан нерв ұштарын  мен инкапсулалы денешіктерді түзеді.Жілік  сүйектерінің өсуі өте ұзақ процесс.Сүйектердің  өсу процессі адамда ерте эмбриональді даму кезеңінде басталып,шамамен  жиырма жасқа дейін жүреді.Бұл  кезде сүйектің ұзына бойлы өсуі,оның көлденең жуандап өсуімен қатар  жүреді. Жілік сүйектерінің ұзына  бойының өсуі метаэпифизарлы шеміршек пластинкасының үш түрлі аймағын  ажыратады.Олар:шеткі,бағана тәрізді  жасушалар мен көпіршікті жасушалардан тұратын аймақтар.Шеткі аймағы шеміршек пластинкасының сүйектің эпифизімен байланыстырады.Бұл аймақта қан тамырлары өте қалың орналасқандықтан трофикалық қызмет атқарады.Ал,құрамында бағаны жасушалар бар аймағында-жасушалары белсенді түрде бөлініп,көбйеді.Ең негізгі түтікше сүйектердің өсуіне қатысатын сүйектені қабілеті күшті осы аймағы.Бұл жасушалар гликоген мен сілтілі фосфотазаға өте бай.Көпіршікті жасушалардан тұратын келесі аймағында гидротация процессі жүріп,хондроциттердің  жойылуы мен энхондриальді сүйектену процесі жүреді.Эпифез және диафиздегі сүйектену орталығы бір бірімен қосылып,сүйектің ұзына бойлы өсуі тоқталады.Жілік сүйек тінінің енінен өсуі периостағы остеобластардың бөлінуі арқылы жүреді.Бұл сүйектің оппозициальді өсуі болып табылады.Остеондар саны туылғаннан кейін көп емес,25 жасқа дейін ұзын сүйектердің ұшында олардың саны көбейеді.

Сүйектердің регенерациясы.Сүйектердің  физиологиялық регенерациясы периостың  остогенді жасушалары арқылы өтіп,бірақ  өте баяу жүреді.Сүйектің жарақаттанып сынғаннан кейінгі регенерациясы  егер ұштары ығысып кетпесе тез жүреді.Бұл  процесске остогенезге қатысатын  жасушалар остеобластар мен остеокластар.Осификация бұл кезде екіншілік остогенезге  жатады//117/.Оптимальді фиксация жағдайында сынған сүйектердің ұштары жақсы  регенерацияланады.Бірақ остеобластар мен остеокластар қайта сүйек  тінін қалыптастыруда сынған сүйектердің  ұшында кішкене ғана өзектер қалып  қояды.Травмотологтар биологиялық  заңдылықтарға сүйенген аппартты қолдана  отырып регенерация процессінің  аяғына дейін сүйек тінін өсіреді.

Сүйек тінінің қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар.Адамдарда өмір бойы ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен бұзылуы мен қайта қалыптасуы процесстері жүріп отырады.Остеондардың қайта қалпына келуі біріншілік остеондардың бұзылуына байланысты.Әртүрлі  факторлардың әсерінен активизацияланған  остеокластардың әсерінен сүйек  пластинкасынының остеондары бұзылып,оның орнына түзу қабат /полость/ пайда болады.Бұл  сүйек тінінің резорбция процессі деп атайды.Пайда болған жаңа қабатта  остеобластар бір бірінің үстінде  орналасқан остеокластар түзеді.Осылайша остеондардың екіншілік генерациясы  жүреді.Бұл процесс сүйек тінінің  өсуі тоқтатылғанына қарамастан жалғасады.                                                                                                                                                Сүйек тінінің   қайта қалыптасуына әсер ететін  факторлардың бірі пьезоэлекторлық  эффект.Сүйек пластинкасының бүгілген жерінде,сыртқы және ішкі бетінде әр түрлі потенциялдар айырмасы байқалады.Біріншілік +,ал екіншісі – зарядталады.Теріс зарядталған аймақта остеобластар активациясы ,оң зарядталған жерде остеобластардың көмегімен резорбция процессі жүреді.Жасанды потенциялдар жүргізгенде де осы нәтижеге алып келеді.Нөлдік потенциал,сүйек тініне физикалық нагрузка түспеген жағдайда остеокластардың белсенділігінен тұздың жиналуына алып келеді.

 

Сүйек тініне витаминдер /С,А,Д/, қалқанша,қалқанша маңы,эндокриндік бездердің әсер етуі.  Организмге с витамині жетіспеген кезде коллаген талшықтарының түзілуі,остеобластардың  жұмысы және фосфаттың активтілігі  бұзылып сүйек тінінің өсуі тоқтатылады.Д  витамині /рахит/  жетіспеген кезде  сүйектің органикалық матрицасының класификациясы толық жүрмей сүйек  тінінің жұмсаруына алып келеді.Витамин  А сүйек тінінің өсуіне ықпалын  тигізеді.Бірақ гиповитаминоз кезінде  метаэпифизарлық бөліктегі остеокластардың  шеміршек тінін бұзуына және сүйектің өсу аймағын  тоқтатады.    Қалқанша маңы гормоны-паратирин аз бөлінген кезде остеокластар белсенділігі артады.Осы гормонға рецепторы бар,қалқанша безінің С клеткаларынан бөлінген тирокальцитонин осы остеокластардың  белсенділігін азайтады.Қалқанша безінің  гипофункциясы кезінде остеобластардың  активтілігі мен сүйек тінінің  өсу процессі баяулайды.Метаэпифизарлы сүйек пластинкаларының өсуі тоқтатылған  кезде қол мен аяқ сүйектерінінің бір біріне пропорцианалды емес ұзын болып келеді.Әйелдерде климакс  кезінде эстроген жеткілікті бөлінбеген кезде остеопороз дамиды. Ерте жыныстық жетілу және диафиз-эпифизарлы сүйектену  кезінде бойдың өсуі тоқтатылады.

Сүйек тінінің жасқа байланысты ерекшеліктері.Сүйектің құрамында  химиялық заттардың өзгеруіне байланысты жүреді.Мұндай жағдайларды коллаген талшықтарының түрлері мен гликозамингликандардың қатынасы өзгеріп,сүйектің құрамында  сульфаттанған қосылыстар көбейеді.

                                   

            


Информация о работе Дәнекер тіні