Дәнекер тіні

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:26, реферат

Описание работы

Дәнекер тіндері мезенхимадан дамыған, құрамында көптеген жасуша аралық затымен (талшықты құрылымдары мен аморфты зат) жасушалардың дифферондар қатарынан тұратын ішкі ортаның гоместазын сақтауға қатысатын және басқа тіндерге қарағанда аэробты тотығу процесін аз пайдаланатын, механизімнің туындылары.
Адам денесі массасының 50 пайзынан астамы дәнекер тіндерінен тұрады. Дәнекер тіндері мүшелерінің стромасын, тіндер арасындағы қабыршақ – перделерін, тері дермасы мен қаңқаны түзеді. Дәнекер тінінің функционалды мінездемесі оның құрылымдағы күрделілігімен сипатталады.

Работа содержит 1 файл

Дәнекер тіні.docx

— 330.30 Кб (Скачать)

Фибриллин-микрофибрилалардың түзілуіне  қатысады.Клеткааралық байланыстарды  күшейтеді.

Ламинин-базофильді мембрананың компоненті бір-бірімен дисульфатты қосылыстармен  байланысқан   3 түрлі полипептидті тізбекпен коллагеннің  5 түрі мен  клеткалардың сыртқы рецепторынан тұрады.

 

ТЫҒЫЗ ДӘНЕКЕР ҰЛПА

Тыгыз дәнекер ұлпаның механикалық  маңызы бар. Оның кұрамында жасушалар  мен аморфтық зат аз болады да, талшыктар басым келеді. Талшыктары тәртіппен орналасқан. Тығыз дәнекер ұлпа терінің негізін, сіңірді, шандырды, желкені қүрайды.

Дәнекер ұлпалық талшыктардың орналасуына  байланысты тығыз дәнекер ұлпасының  екі түрін ажыратады: тығыз қалыптаспаған  және тығыз калыптасқан дәнекер үлпаларын. Тығыз калыптаспаған дәнекер үлпасында клеткааралық заттың талшықтар шоғыры түрлі багыттарда жатады және олардын орналасу бағытында қатаң заңдылық болмайды. 

5-сурет Адам терісінің тығыз  қалыптаспаған дәнекер ұлпасы

Коллаген талшықтарының 1— ұзыннан  және 2— көлденең кесіндісі; 3— борпылдақ  дәнекер ұлпасы.

 Тығыз   калыптаскан  дәнекер   үлпаларының   талшықтар  шоғырларына   үлпага  әсер   ететін  механикалық  күштердің бағытына сәйкес орналасу  зандылыктары тән. Үлпаның негізгі  массасын күрайтын тзлшықтардын  түріне байланысты   калыптаскан   дәнекер   үлпасьш   коллагендік  және    серпілмелі     (эластикалық)     деп     бөледі.     Тығыз қалыптаспаған   дәнекер   үлпасы  адам  мен   сүтқоректілер терісінін негізін қүрайды. Коллаген талшықтарынын шоғырлары түрлі бағытта орналасып, айқышұйқыш шырмалып жатады (5-сурет).

Дәнекер үлпасының бүл түрінде  коллагендік талшықтармен бірге  эластиндік талшықтардың кейбір саны кездеседі. Бүл үлпада клеткалар  аз болады, олар негізінде фибробластлар, фиброциттер және борпылдақ дәнекер  үлпасында байқалатын кейбір клеткаларда  кездеседі. Тығыз дәнекер үлпасы сіңірді қүрайды (6-сурет).

Коллаген талшықтары бір-біріне параллель  және тығыз орналасады. Талшықтар  шоғырьшың арасында саңылаулар болады, ондағы аморфты затта фиброциттер  жатады. Фиб-роциттер немесе сіңір клеткалары, бірінші ретті коллаген талшықтар  шоғырының тізбектерінің арасьшда орналасады. Бірінші ретті коллаген шоғырлары бірігіп, екінші ретті  шоғырлар күрайды. Оларды эндотеноний (tendo — сінір) деп аталатын борпылдак  қалыптаспаған дәнекер үлпаның  жүқа қабаты қоршап түрады. Осы принциппен екінші ретті коллаген шоғырлары, үшінші ретті шоғырларға бірігеді, бүларды  да дәнекер үлпасы каптайды, бірақ  олардын дәнекер үлпалық кабы қалың болады және перитеноний деп  аталады.

 

Перитенании менэндотенонии араларынан қан тамырлары мен нерв ұштары келеді , яғни қоректеніп , импульстер орталыққа барады .

Тығыз қалыптаскан серпілмелі дәнекер  ұлпасы адам мен сутқоректілерде  желке мен дыбыс тарамыстарын құрайды. Бұл үлпанын құрылысы тығыз  қалыптасқан коллагендік дәнекер  ұлпасына ұқсас, айырмашылығы  оның   негізгі құрылымдық компоненті эластиндік талшыктар, Коллагендік талшықтар  аз болады.Тығыз қалыптаскан серпілмелі дәнекер ұлпасы щоғырларға бөлінбейді.

Оның клеткалық элементтері, көбінесе, фиброциттерден тұрады, бірақ борпылдақ  калыптаспаған дәнекер үлпасына тән басқа клеткалар да кездеседі. Соңғылар қан тамырла-рын бойлай эластиңді талшықтардың арасында орналасады. Тығыз дәнекер ұлпасы түрлі эмбриондық бастамалардан дамиды: тығыз қалыптаспаған  дәнекер үлпасы дерматом-ның мезенхимасынан, ал тығыз калыптасқан дәнекер  ұлпа-сы склеротомнан пайда болады. Эмбриондық гистогенез процесі кезінде мезенхиманың клеткалары фибробластларға жіктеледі.

Фиброзды мембранаға фасция, апоневроз  , диафрагмалар , мидың қатты қабығы , склера  т.б жатады . Жасуща аралық затында коллагенмен қоса эластин  талшықтары бар . Фибробластар мен фиброциттері ретімен орналасқан және қабаттасып үсті- үстіне .

Дәнекер тінінің арнайы қызмет атқаратын  түрлері де бар . Олар :  ретикулярлы  тін , май тіні ,  кілегейлі тін .

Ретикулярлы тін

Ретикулярлы тін (textus reticularis)  құрамында  ретикулярлы жасушасы-мен аргирофильді (ретикулярлы) талшықтары болатын, тор  тәрізді құрылым. Ретикулярлы жасуша өсінділі, өзі аттас талшықтармен байланысып, қан жасушаларын түзетін  мүшелердің стромасын қалыптастырып, оларға микро қоршау болып саналады. Ретикулярлы жасушалары ретикулярлы  талшықтарды (d=1,5-2мкм) синтездейді. Бұл  талшықтарды күміс тұздарымен (импрегнацияланғанда) аргирофильді талшықтар деп аталады (argentum – күміс). Аргирофильді топтағы  талшықтар: меншікті аргирофильді және преколлаген талшықтары түрінде  кездеседі. Меншікті түрі дефинитивті, құрамында ІІІ-типтегі коллаген болатын, тіндегі тұрақты талшық. Ретикулярлы талшықтардың коллаген талшықтарынан айырмашылығы – құрамында  күкірт, липидтер мен көмірсулардың  концентрациясының өте жоғары болуында. Ал, преколлаген талшықтары коллаген талшықтарының эмбриогендегі және регенерациялық даму сатысындағы алғашқы  бір түрі болып саналады.

Май тіні.

Май тіні (t. adiposus) – көптеген мүшелердің құрамындағы май жасуша-ларының  жиынтығы. Май ақ және қоңыр май  тіндері болып бөлінеді. Адам ағзасында  ақ май тіні қоңырға қарағанда  көп мөлшерде кездеседі. Қоңыр май  жаңа туған нәрестелердің ағзасында  болады.

Адамда ақ май тіні тері астында, құрсақта, ішек пердесінде, май жасуша-лары май бөліктерінің арасында орналасады, бұлармен бірге фибробласттар, лимфоидты  элементтер, тін базофильдері де болады. Май тіні қан мен лимфа тамырларының сыртын қоршайды. Май тінінде өте  белсенді түрде май қышқылының, көмірсулардың алмасуымен майдан көмірсулар түзіледі. Майдың ыдырауынан көп мөлшерде су мен энергия бөлінеді. Сондықтан май тіні макроэнергия синтезіне қатысып ағзада судың депосы да болып табылады. Адам ашыққан (голодания) кезде іш майын, тері астындағы және бүйрек майын жоғалтады. Осыдан май жасушалары ішіндегі май тал-шықтары жойылып, жасушалардың пішіні өзгереді.

Қоңыр май тіні – сәбилердің мойнында, жауырын сүйектерінің маңын-да, төсінде, тері астында кездеседі. Сәбидегі май  тіні жылуды сақтайды (теплорегуляция). Жасушалары – адиноциттер. Бұлардың цитоплазмасында көптеген ұсақ май  талшықтары болады. Митохондриялары  өте көп. Қоңыр май тінінің  ерекшелігі: құрамында темірі бар  пигмент – цитохром болады. Қышқылдану қасиеті қоңыр май тінінің  ақ май тініне қарағанда бұл қасиеті 20 рет жоғары деп айтуға болады, осыған байланысты сыртқы ортаның төменгі  температурасы кезінде бұл процесінің (қасиетінің) белсенділігі арта-ды. Осының әсерінен – жылу энергиясы бөлініп  қан капиллярындағы қанды жылжытады. Денедегі жылулықты сақтау және оны  реттеу симпатикалық нерв жүйесіне бүйрек үсті безінен бөлінген гормондар  адреналин мен норад-реналинге  тығыз байланысты.

 

Кілегейлі тін.

Кілегейлі тін (t. musosus) тек ұрықта кездеседі. Классикалық объектісі болып  саналатын адам нәрестесінің кіндік жібі (бауы). Кілегейлі тіннің жасушалық  элементтері гетерогенді, мезенхимадан дамыған жасушалары: фибробасттар, миофиброласттар, миоциттер. Бұлар  виментинді, десминді, актин мен  миозинді синтездейді. Кіндік жібінің  құрамында гиалурон қышқылы бар. Кіндіктің құрамындағы кілегейлі  тіні (Вартоноав кілегейлі студень) коллагеннің ІV түрін синтездейді.

Қаңқа тіндері.

Қаңқа тіндеріне (textus sktletales) ағзада тіректік механикалық қызмет атқаратын, тығыз  орналасқан жасуша аралық заты бар: шеміршек пен сүйек тіндері жатады. Бұл  тіндер су мен тұздың алмасуына қатысады.

Шеміршек тіндері тыныс алу  жүйесінің мүшелерінде, буын беттерінде, омыртқа аралық дискілерде кездеседі. Шеміршектің құрамында хондроцит-тер мен хондробласттар және өте көп жасуша аралық заты орын алады. Шеміршек тінінің құрамында 70-80 % су, 10-15 % органикалық затпен 4-7 % тұздар болады. Шеміршектегі құрғақ заттың 70 % - коллаген. Шеміршек тінінде қан тамырлары болмайды, қоректену шеміршек қабы арқылы өтеді. Шеміршек тіні мезенхимадан дамиды.

Жіктелуі. Шеміршек тіндері: гиалинді, эластинді, талшықты болып жіктеледі. Мұндай жіктелуі шеміршектің құрылыс-қызметінің ерекшелігіне және құрамындағы талшықтарының қатынасына байланысты.

Шеміршек диффероны және хондриогистогенезі.

Шеміршек тіндерінің ұрықтық және постэмбриональді дамуы регенерациялық жолмен жүзеге асады. Шеміршек тінінің  мезенхимадан даму барысында жасушалардың дифферон қатары бағаналы, жартылай бағаналы жасушалары мен ходробласттар, хондроциттер түзіледі.

Бағаналы жасушалар дөңгелек пішінді, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте жоғары, ядросындағы хроматині  диффузді орналасқан. Органеллалары  нашар дамыған. Жартылай бағаналы жасушаларында  бос рибосомалары мен түйіршікті эндоплазмалы торларының мембраналары біліне бастаған, жасушалардың пішіні ұзынша созылыңқы болып келген, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы төмендеу. Хондриобласттар (шеміршек – бастамасы) – әлі жас, пішіні жалпақ, пролиферациялық  қасиетке ие, шеміршектің аралық затын (протеогликандарды) синтездейді. Бұлар  фибробласттардың бір түрі болып  саналады. Цитоплазмасында жақсы  дамыған түйіршікті, түйіршіксіз  эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты бар – жасуша. Цитоплазмасы базофильді боялған, РНҚ-на  өте бай. Хондробласт-тар  шеміршек тінінң өсуіне (аппозициянальді) қатысады. Хондробласттар даму барысында  хондроциттерге айналады. Хондроциттер – шеміршектің ең негізгі жасушалары. Пішіні сопақша, көпбұрышты болып келген, аралық заттан жекеленіп, кейде топтаса  да орналасады. Топтаса орналасқан хондро-циттерді изогенді топтағы шеміршек жасушаларына жатқызады. Бұлар бір  ғана хондроциттердің бөлінуінен пайда  болған «топ» болып табылады. Изогенді топтағы хондроциттердің үш тобын  ажыратады. Бірінші топтағы хондроциттердің  ерекшелігіне жататыны ядросы мен цитоплазмасының  қатынасы өте жоғары, пластинкалық комлексі, митохондриялар, бос рибосо-малары цитоплазмасында жақсы дамыған. Бұлармен қоса хондроциттерде бөліну қатынасы да жақсы байқалады. Сондықтан  мұндай хондроциттер изогенді топты түзетін жасушалар қатарына жатады. Бұл хондроциттер жас шеміршек тінінде көптеп кездеседі. Хондроциттердің екінші түріне ядросы мен цитоплазмасы қатынасы төмендеген, ДНҚ – синтез нашар, бірақ жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық тормен гликозамингликандар синтезіне қатыстын органеллалары бар. Сондықтан мұндай хондроциттер шеміршек тінінің жасуша аралық затындағы протеогликандар мен гликозамингликан-дардың синтезіне қатысады.

Хондроциттердің үшінші түрінің ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте  төмен, бірақ цитоплазмасында күшті  дамыған және ретімен орналасқан түйіршікті эндоплазмалық торлары  болатын – жасушалар. Бұлар белок  синтезі мен оның секрециясына қатысады.

 

                            Гиалинді шеміршек тіні

    Гиалинді шеміршек тіні (textus cartilaginеus hyalinus), әйнек тәрізді  деп те аталатын (гр.  hyalos –  әйнек) мөлдірлігі мен ақ-көкшіл  түсіне қарай, шеміршек тінінің  түрлерінің ішіндегі көбірек  таралғаны. Ересек адамдарда қабырғаның  төс сүйегіне байланысқан ұштарында,  тыныс алу жолдарында, жілік сүйектерінің  беттерінде кездеседі.

   Түрлі  ағзалардың шеміршек  тіндерінің ұқсастықтары болғанымен, жеке ағза шеміршек тіндерінің  спецификалық, жасушаларының орна -ласуы   және жасушааралық заттарының (матриксі) түзілуінде айырмашылықтары бар.  Адам ағзасында кездесетін гиалинді  шеміршек тінінің көп бөлігі  шеміршек қабы – перихондриймен  тысталған  және шеміршек тінінің  пластинкасымен бірге анатомиялық  құрылым – шеміршекті түзеді.

    Шеміршек қабы (perichondrium) екі қабаттан:сыртқысы талшықты  дәнекер тінді, құрамында көптеген  қантамырлары бар, ал ішкісі  көбінесе жасушалардан – хондробласттардан  және оның ізашарларынан –  прехондробласттардан тұрады. Сыртқы  қабатында шеміршек қабының астында   ұршық тәрізді жас хондроциттердің  ұзын осьі шеміршектің беткі  қабатына  қараған(102 А,Б). Тереңгі  қабатында шеміршек жасушалары  дөңгелектеу немесе сопақша   пішінді болады. Бұл жасушаларда  синтездік және секреторлық   процесстердің  төмендеуіне   қарай, бөлінгеннен кейін олар  алысқа кетпей, бір-біріне жақын  жатып 2-4 хондроциттен тұратын   изогенді  топты құрайды.  

        Изогенді  топтағы жасушалардың сыртын  базофильді боялған аралық зат  қоршайды. Бұл белоктар мен гликозамингликандардың  жасушалар арасында біркелкі  орналаспауынан болатын базофильді  аймақ.

    Гиалинді шеміршекте  жасушааралық  территориялық аймақты  бөліп қарастырылады(сурет 99).

 Территориялық аймаққа шеміршек  жасушаларын немесе оның топтарын  қоршап жатқан жасушааралық зат  кіреді. Бұл жерде ІІ типті  коллаген талшықтары мен фибриллалар  иректеліп изогенді топтарды  қоршап, оларды  механикалық  қысымнан  сақтайды.  Коллаген талшықтары  территорияаралық матриксте көп  салмақ түсетін аймаққа бағытталған.  Коллагендер жатқан кеңістік  протеогликандармен толтырылған.

       Шеміршектің жасушааралық  затында негізгі рольді хондронектин  алады. Бұл  гликопротеин  жасушаларды  бір-бірімен және басқа да субстраттармен (коллаген, гликозамингликан) байланыстырады. Шеміршек тінінің қысылу, созылу  сияқты биомеханикалық функциясы   оның құрамындағы талшықты құрылымға   ғана емес,  құрамындағы жоғары  гидратацияға(65-85%) ие гидрофильді  протеогликандарға да байланысты. Жасушааралық заттың жоғарғы   гидрофильдігі  қоректік заттардың,  тұздардың диффузиясына ықпал  жасайды. Газ және тағы басқа  метоболиттерде оңай диффузияланады,  тек белок секілді  ірі, антигендік  қасиеті бар молекулалар өтпейді.  Хондроциттердің метаболизмі айрықша  анаэробты, гликолитикалық.

       Бірақ барлық  шеміршектер бірдей емес. Гиалинді  шеміршектің  құрылымдық ерекшелігіне  оның буынға қараған бетінде  шеміршек қабының болмауында. Буын  шеміршегі анық байқалмайтын 3 аймақтан  тұрады: беткі, аралық және базальді(сурет  102 В).

     Буын шеміршегінің  беткі аймағында майда,  жалпақтау  келген, пішіні бойынша фиброциттерге  ұқсас хондроциттерден тұрады.

     Аралық аймағында  жасушалары  ірілеу, дөңгелектелген  пішінді , активтілігі жоғары: құрамында  ірі митохонриялары, жақсы жетілген  түйіршікті эндоплазмалық торы , гольджи аппараты мен  көптеген  везикулалары бар.

     Тереңгі немесе базальді  аймағы базофильді линиямен кальциленетін  және кальциленбейтін қабатқа  бөлінеді. Соңғы тиісті субхондриальді  сүйектен қан тамырлар өтеді.  Буын шеміршегінің тереңгі қабаттындағы  жасушааралық затының ерекшелігі  оның құрамындағы  диаметрі 30 нм – 1 мкм болатын мембраналық құрылым  матрикстік везикулалар.Олар

қаңқа тінінің минерализациялануының  локусы болып табылады.  Буын шеміршегінің қоректенуі аздап қана осы қабатпен, тереңгі, жүргізіледі. Негізінен  ол буын қуысындағы синовиальды сұйықтық арқылы қоректенеді.

                           Эластинді шеміршек тіні

Эластинді шеміршек тіні (textus cartilaginеus hyalinеus elasticus) бұл шеміршек пішіні тегіс  емес, бүктеліп (изгиб) немесе иіліп  майысқан бөліктері бар мүшелерде: құлақ жарғағы,  көмекейдің  мүйіз  және сына тәрізді шеміршегі түрінде  кездеседі. Гиалинді шеміршек тәрізді  мөлдір емес, сарғыш түсті. Түзілуіне  қарай гиалинді шеміршекке ұқсас.  Бұл шеміршекте перихондриймен қапталады. Жасушалары изогенді топ құрайды  немесе капсулада жеке орналасады. Эластинді шеміршектің ерекшелігі оның жасушааралық затында коллаген талшығымен қатар эластинді талшықтың  болуы(сурет 103).  Құрамындағы  гликогендер, липидтер және хондроитинсульфаттар гиалинді шеміршекке қарағанда азырақ.

              Талшықты шеміршек тіні

    Талшықты шеміршек тіні (textus cartilaginеus fibrosa ) – омыртқа аралық  дискіде,  қозғалысы аз байламдарда,  талшықты дәнекер тінінің гиалинді  шеміршекке айналатын жерлерінде ( байламдар мен сіңір) кездеседі.  Бұл  шеміршектің аралық затындағы  талшықтары параллель орналасқан  коллаген, біртіндеп барып гиалинді  шеміршекке өтеді. Жасушалары  хондроциттер жекеленіп те топтасып  та орналасады.  Хондроциттердің  цитоплазмасында вакуолилері өте  көп. Гиалинді шеміршектен сіңірге  қарай талшықты шеміршек  сіңірге  ұқсас  болып кетеді. Шеміршек  пен сіңір шекарасында коллаген  талшықтарының арасында  қысылып  қалған бағана тәрізді шеміршек  жасушалары жатады. Олар ешқандай  шекарасыз сіңір жасушаларына  қосылуы мүмкін (сурет 104).

Информация о работе Дәнекер тіні