Бүйрек аурулары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 10:40, реферат

Описание работы

Бүйрек аурулары адамда ең жиі кездесетін аурулар қатарына жатады. Медицинаның бүйрек ауруларын зерттейтін саласын нефрология деп атайды. Бүйректердің организм үшін маңызы өте зор. Олар: біріншіден, азот зат алмасуының ең соңғы өнмдерін бөліп шығарушы негізгі ағзалар болып есептеледі, екіншіден, ішкі орта тұрақтылығын, әсіресе қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттеуге тікелей қатынасады; үшіншіден бүйрек шумақтарында (юксто-гломерулалы аппараттарында) қан қысымын реттейтін ренин бөліп шығарылады.

Работа содержит 1 файл

Бүйрек аурулары.docx

— 32.73 Кб (Скачать)

Бүйрек шумақшаларында түзілген несеп жинаушы өзектерге өтпестен іркіліп қалып, бүйрек өзекшелері кеңіп, кистаға айналады. Олар үлкейген сайын бүйрек паренхимасын басып, атрофиялап бірте-бірте  (40-45 жастарда) бүйрек қызметі бүтіндей бұзылады.

Патологиялық, анатомиясы. Поликистозды бүйректер өте үлкейген, олардың массасы ересек кісілерде 3-4 килограмға дейін жетеді.Бүйректі сыртынан және кесіп көргенде олардың көлденеңі 3- 4 см, іші мөлдір сұйықтықпен немесе коллоидты заттармен толған, кисталардан тұрғанын көреміз. Микроскопта кисталардың іші бір қабатты текше тәрізді эпителимен қапталғаны, бүйрек шумақтары санының өте азайып кеткендігі байқалады.

 Егер поликистоз үрдісі  бүйрек, бауыр, ұйкы безі және  аналық бездерде бірге кездессе, онда поликистозды сырқат деп атайды. Поликистозды бүйректері бар аурулар уремиядан немесе бүйректік гипертензияға байланысты асқынулардан (миға қан құйылу, жүрек инфаркты, қолқа аневризмасы және т.б.) өледі.

 

                                       

 

 

 

 

 

                                     Жоспар

 

  1. Бүйрек аурулары
  2. Нефроздық синдром
  3. Бүйректердің тубулоинтерстициалдық аурулары
  4. Пиелонефрит
  5. Поликистозды бүйректер

                    


Информация о работе Бүйрек аурулары