Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 08:30, практическая работа
Бактерияларда патогенді факторларын қадағалайтын үш типті гендер анықталған: өз хромосомасы гендері; плазмида гендері; шектелген фагтар гендері. Мысалы, Vіbгіо сһоlегае холерогені синтезі өз хромосомасының Тох-опероны генімен қадағаланады. Есһегісһіа соlі энтеротоксигенді штаммдарының экзотоксин және адгезия факторы синтезі Епt-плазмида гендерімен қадағаланады. Стафилококктарда эксфолиативті токсии А синтезі хромосомды гендермен қадағаланады, ал В типі плазмидті гендермен; Соrупеbасteгіum dірһtһегіае экзотоксин синтезі коринефагтың tох-гендерімен қадағаланады.
Бактериялар патогенді фактор синтезін қадағалайтын гендердің ерекшелігі
Бактерияларда патогенді факторларын қадағалайтын үш типті гендер анықталған: өз хромосомасы гендері; плазмида гендері; шектелген фагтар гендері. Мысалы, Vіbгіо сһоlегае холерогені синтезі өз хромосомасының Тох-опероны генімен қадағаланады. Есһегісһіа соlі энтеротоксигенді штаммдарының экзотоксин және адгезия факторы синтезі Епt-плазмида гендерімен қадағаланады. Стафилококктарда эксфолиативті токсии А синтезі хромосомды гендермен қадағаланады, ал В типі плазмидті гендермен; Соrупеbасteгіum dірһtһегіае экзотоксин синтезі коринефагтың tох-гендерімен қадағаланады.
Микробтар әлемінде патогенділіктің қосымша гендері көзі ретінде вирустар меп плазмидтер болуы адамға және жануарларға патогенді бактериялар пайда болуын қамтамасыз етті.
Инфекцияның негізгі көздері. Адамның жұғу жолдары мен механизмдері
Инфекция негізгі үш көзі бар: адам (науқас, реконвалесцент, бактерия тасымалдаушы), жануарлар және сыртқы орта объектілері. Науқас адам немесе жануар сыртқа шығарған продуктілермен бірге шыққан кей патогенді бактерияларына сыртқы орта объектілері олардың тіршілік етуіне табиғи орталар болып келеді. Осыған байланысты жұқпалы аурулар бөлінеді: антропонозды (адам ғана ауырады, мысалы, іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ т.б.); зоонозды (жануарлар ауыратын ауру, мысалы, ірі қара малдың обасы, шошқа обасы, т.б.); зооантропонозды (жануарлар ауырады, ал олардан адамдарға жұғады). Зооантропонозды аурулардың 100 түрі анықталған (оба, туляремия, бруцеллез, лептоспироз т.б.), кей түрлерінің -- табиғаттық ошақтары сақталып тұрады. Себебі, ауру қоздырғьшы қансорғыш бунақ аяқтылармен тасымалданып отырады, олар организмінде қоздырғыш ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, кей кезде өмір бойы және ұрыққа трансовариалды жолмен беріледі. Осындай табиғи ошақтар, мысалы, кей риккетсиоздар, туляремия, вирустық энцефалиттер т.б. аурулар иксодов, гамазов, қызыл бұзау кенелермен және басқа қансорғыш бунақ аяқтылармен берілетіндер көп елдерде кездеседі. Олардың ұзак уақыт сақталуы қосымша екінші резервуары болуында, ал басқалары бірге өмір сүру кезінде сақталып отырады. Сондықтан, табиғи ошақта қоздырғыштың тұрақты айналымы сақталуы: науқас жануар-->қансорғыш бунақ аяқтылар (немесе сыртқы ортаның түрлі факторлары) —>сау жануарлар, көптеген аурулардың табиғи резервуары. Адам осы айналымға тіркелуі, қан сорғыштар шағуы кезінде жұғуы мүмкін немесе науқас жануарға тура және тура емес жолдармен байланысқанда. Осындай табиғи эндемиялық ошақтарға басқа жақтан көшіп келген адамдарға қауіп төнуі мүмкін, себебі бұрыннан тұратындар ертеде ауырып осы ауруларға тұрақты иммуиитет қалыптастырған.
Адамның үшінші жұғу көзі — сыртқы орта, ең алдымен топырақ пен су. Топырақта тұрақты патогенді бактериялар кездеседі — Сlоstridіum тұқымы — жара инфекциялары мен ботулизм қоздырғыштары, ұзақ уақыт сібір түйнеме қоздырғышы кездеседі. Сонымен қатар, топырақ және кей су кұбырларда қалыпты микрофлора ішінде кездесетін сапронозды аурулар қоздырғыштары —легионеллдер, иерсиниялар т.б. Теңіз суда ауру тудыратын түрлі вибриондар кездеседі.
Адамның жұғу жолдары
Адам патогенді
Адамға инфекция жұғуы келесі жолдармен беріледі:
1. Ауа-тамшы немесе ауа-шаң арқылы
Нәжістік-оралді. Қоздырғыш нәжіс немесе несеп арқылы бөлінеді, ал жұғу инфицирленген су немесе тағамдар организмге ауыз арқылы түседі.
Трансмиссивті, яғни қансорғыш бунақ аяқтылар шағуы арқылы.
Жанасу жолдары науқас адам, реконвалесцент, бактерия тасымалдаушымен тікелей контакт немесе бірге қолданған ластанған үй жиһаздары арқылы — тікелей емес контакт.
Жыныстық жолмен
Стерилді емес медицииа приборлары, әсіресе шприц т.б. қолдану арқылы
Тік жолмен, яғни анадан балаға плацента арқылы, туу кезінде немесе бірден туған соң.
Инфекция қоздырғышының кіру жерінен байланысты жұғу жолдары ауру дамуында едәуір роль атқарады, себебі кей қоздырғыштар түрлі жолмен организмгс ене алады. Мысалы, Ү.реstіs құмырсқа шағуы (бүрге) кезінде берілсе, оба бубон түрде жеңіл өтеді, ал егер ауа-тамшы жолмен жұғылса аурудың ауыр түрі - өкпелі оба дамиды. Тап осылай туляремияның клиникалық көріністері өтеді: бубонды немесе жаралы-бубонды (трансмиссивті жолмен қансорғыш бунақ аяқтылар" шаққанда), көзді-бубонды (көздің кілегей қабығы арқылы жұғуы), өкпелі (ауа-тамшы жолы) т.б.; сібір түйнемесінде кездеседі — терілік, өкпелік, ішектік формалары.
Бірақ, басқа қоздырғыштарда, мысалы СПИД ауруында жұғу жолдары маңызды роль атқармайды: ауру барлық түрінде ауыр өтеді. Сонымен қатар, ішектік инфекция қоздырғыштары ең алдымен нәжіс-оралді жолмен беріледі, респираторлы аурулар қоздырғыштары — ауа-тамшы арқылы т.б.
Организмге енген қоздырғыш таралуы әр түрлі жолмен таралады, микроорганизм қасиеттері бойынша: жанасу жолмен, яғни бір клеткадан екінші клеткаға, лимфа немесе гемагогенді жолмен; кей микроорганизмдер жүйке жолдарымен таралады.
Сау адамның және жануардың қаны стерилді, себебі күшті антимикробты қасиеті қандағы комплемент жүйесі мен түрлі иммунокомпетентті клеткалар қызметімен артады. Бірақ, организмде инфекциялық процесс дамығанда қанға қоздырғыш немесе оның токсині түседі және олар ыдырағанда бөлінетін антигендері. Қан арқылы қоздырғыш организмде жиі таралады, яғни инфекциялық процестің жайылуы (генерализациясы) байқалады. Қоздырғыш немесе онып антигендері көп мөлшерде қанға түсуі лихорадкамен сипатталады, бұл бір жағынан қоздырғыш қанға түскенін көрсетеді, ал екіншіден организмнің қорғаныс қызметі артуын байқатады.
Қанға қоздырғыш, оның токсині және антигені түскендігі келесі сипаттамалар береді: антигенемия, бактериемия, вирусемия, сепсис, септикопиемия, септицемия, токсемия, токсииемия.
Антигенемия - қанда генотипі бөтен антиген және аутоантиген айналуы. Егер қанда осы антигенге антидене болса, олар құраған комплексті айналымды иммунды комплекс дейді АИК (антиген антидене), нәтижесінде организм антигеннен босайды. АИК арқылы антигендер организмнен шығады. Қандағы антигендер мен АИК түрлі серологиялық реакциялар арқылы анықтайды, мысалы бруцеллезде агрегат-агглютинация реакцияда анықтайды.
Бактериемия - айналымды қанда бактериялар кездесуі — макроорганизмнін табиғи барьерлер арқылы және қансорғыш бунақ аяқтылар шағуы арқылы қоздырғыш қанға түседі. Қансорғыш бунақ аяқтылар тарататын ауруларда (сыпной тиф, қайталамалы тиф, оба, туляремия, риккетсиоздар т.б.), бактериемия — ауру патогенезінің негізгі сатысы. Қоздырғышты бір қожайын-нан келесіге беріп, қоздырғыш түрін сақтайды. Бактериемия себептері хирургиялық операциялар, травмалар, сәулелі ауру, қатерлі ісіктер, шарттыпатогенді микроорганизмдер тудырғаң- аурудардың ауыр түрі т.б. Сепсис, септикопиемияға қарағанда бактериемия кезінде бактериялар қанда тек тарала-ды, бірақ көбеймейді. Сондықтан, бактериемия — аурудың симптомы және оның бір кезеңі. Бактериемия диагнозы қоздырғышты гемокультурада анықтау немесе лабораторлы жануарлар қанында тапқанда дәлелденеді (қойылады).
Вирусемия - вирустар қанда кездескенде айтады.
Сепсис, шіріген қан — ауыр геперализацияланған жедел немесе созылмалы адамның қызба ауруы, іріңді ошақтан тұрақты немесе арнайы мезгілде қанға қоздырғыш түсуі. Сепсис кезінде жалпы көріністері жергілікті өзгерістерге сәйкес келмейді және жаңадан іріңді қабыну ошақтар түрлі мүше мен тіңдерде кездеседі.
Бактериемияға қарағанда, сепсисте қанның бактерицидтік қызметі тежелген соң бактериялар қан және лимфа жүйелерінде көбееді.
Сепсис жиі іріңді ошақтар локализациясы генерализацияланғанда байқалады. Сепсистің этиологиясы түрлі болуы мүмкін. Жиі кездесетін қоздырғыштары — стафилококкалар, стрептококкалар, Еntегоbасtегіасеае және Рsеudоmопаdасеае тұқымдастығына жататын теріс грамды бактериялар, менингококкалар, басқа шартты-патогенді және патогенділігі әлсіз бактериялар және кей саңырауқұлақтар. Бірінші іріңді ошағы және қоздырғыштың енген жері бойынша белгілі пуэрпералді (туғаннан соң әйелде), отогенді, одонтогенді, аборттан соң, перитонеалді, жаралы, қүйіктен соң, ауыз куысты (стоматогенді), кіндіктік, уросепсис т.б. Нәресте сепсисі (пеонаталді сепсис) кездеседі, нәресте туу кезінде немесе жатырдың ішінде ұрықтың инфицирленуі. Сепсистің криптогенді түрі анықталған, бірақ бірінші іріңді ошағы белгісіз.
Септикопиемия - сепсистің бір түрі, организмнің жалпы интоксикация-сынан басқа іріңді метастазды ошақтар түрлі тіңдер мен мүшелерде кездеседі. қоздырғыш бір жағынан қанда және лимфа жүйелерінде көбейіп таралуда.
Септицемия - сепсистің бір түрі, метастазды ірінді ошақтар болмайды, ал. қоздырғыштың көбею жері тек қан мен лимфа жүйесі.
Токсемия - адам және жануар қанында бактериалді эндотоксиндер кездеседі. Эндотоксині (ЛПС) бар теріс грамды бактериялар тудырған ауыр түрде өтетін аурулар, мысалы: салмонеллезде, эшериоздарда, менингококкты т.б. инфекцияларда. Бактериемия мен сепсиспен бірге жүреді.
Токсинемия адам және жануар қанында бактериалді экзотоксин немесе басқа токсин кездеседі. Қоздырғыш қанда болмайды, ал токсин қан және лимфа жүйесі арқылы нысана-клеткаларға енеді. Экзотоксин түзетін қоздырғыштар тудырған ауруларда кездеседі (ботулизм, дифтерия, сіреспе, анаэробты инфекция т.б.; сондықтан, осы ауруларды токсинемиялық дейді).
Патогенді микрооргаиизмдердің кей түрлері барлық мүшелер мен тіндерді зақымдайды (туберкулез қоздырғышы, патогенді стафилококкалар т.б.). Сонымен қатар, кей қоздырғыштар органотропты, яғни арнайы тіндерді зақымдайды. Мысалы, туберкулез коздырғышы - өкпе ұлпасын зақымдайды, гонококктар - уретра кілегей қабығын және көздің коньюктивасын, гепатит вирустары — бауыр клеткаларын, тұмау вирусы — жоғары тыныс алу жолдары кілегей қабығын т.б. Бактериалді экзотоксиндер өзгеше әсер етеді. Қоздырғыштардың және олардың токсиндерінің осындай органотроптылығы үш жағдаймен байланысты. Біріншіден, қоздырғыш пен олардың токсиндеріне клетка мембранасында рецепторлар болуы. Екіншіден, арнайы клеткада микроорганизмдер оз тіршілігіне қолайлы метаболизм кездестіреді. Үшіншіден, осы ұлпада микробтарға кедергі беретін антимикробты заттар — лизоцим, ингибин, интерферон т.б. болуы немесе болмауы. Қоздырғыш организмде кей жерде орналасса олардың шығуында қарастырады — нәжіспен, несеппен, ірінді-қабыну материалымен, қақырықпен, сілекеімен, кілегеймен, т.б. Жоғарыда аталғандар және қан, жұлын,лимфа ұлпасының пунктаты, т.б. жұқпалы аурулардың бактерриологияллық диагностикасына тексеруге алынатын материал. Инфекция көзін білу, қоздырғыш қасиеттерін, жұқпалы аурулардың жұғу жолдарымен әдістерін білу эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастыру негізіне және микробиологиялық диагностика әдістерін ажыратуда зор маңызы бар.
Иммунитет түрлері
Иммунитетің бірнеше түрін ажыртады.Филогенез процесінде генетикалық бекітілген организмнің белгілі бір антигенді немесе микрооргонизмді қабылдамау-шылығы. Бүл тұқым куалайтын иммунитет деп аталады. (Туа біткен, түрлік). Ол макро-және микроорганизмдердің ерекшеліктерімен байланысты. Түрлік иммунитет абсолютгі, спецфикалық емес. Мысалы жануарлардың адам бактерия вирустарын. ВИГ- иифекция қоздырғыштарын қабылдамаушылық; және салыстырмалы, мысалы бақалардан, дене тепературасы көтерілген кезде столбняк токсиніне сезімталдылықтың пайда болуы.
Жүре пайда болған иммунитет спецификалық және тұқым қуаламайды. Ол табиғи жөне жасапды жолмен пайда болады. Табиғи жүре пайда болған иммунитет белгілі бір инфекциалық аурадан кейін қайта дамиды. (қызылша, шешек). Жасанды жүре пайда болған иммунитет факцинациадан кейін пайда болады.
Иммуиитет активті жөне пассивті болып болінеді. Активті иммунитет имундық жүйеге интиген өсер еткен кезде, пайда болады (мысалы вакцинациядан соң), пассивті иммуиитет иммуңды сары суды ағзаға енгізу, иммунды торшаларды тасымалдау (нересадка) немесе анасынан баласына берілетін антиденелермен сипатталады.
Активті иммунитет гуморальды (антиденемен сипатталатын); торшалық (иммунокомпитентті торшалармен сипатталатын); торшалық-гуморальдық, болады. Мысалы ботулизм мен столбняктың антитоксикалық иммунитеті гуморальда, ойткені ол қан айналымындағы антиденелермен сипатталады. Алапес ігемесе туберкулез кезінде иммунитет-торшалық, ал оспада-торшалық-гуморальды.
Иммунитге микроорганизімсіз сақталатын стерилді иммунитет және ағзада қоздырғыштың болуымен сипаталатын стерилді емес иммунитет деп ажыратады. Стерилді емес иммунитетгің ең корнекті мысалы болып туберкулез табылады.
Сонымен қатар орғанизмңің жеке боліктерін қоздырғыштардан қорғайтыи, жергілікті иммунитет бар. (Мысалы: кілегейлі қабықтар). Ол секреторлы иммуноглобулин А- иың қатысуымен (түзіліп) пайда болып, белсенді фалоцитозбен сипатталады.
Иммунитеттің реакциялары мен механизмдері.
Антигендік әсерлесу кезіндегі қорғаныс қызметін, яғни гомесстазды бір қалыпта ұстауда иммупдық жүйе спецификалық (яғни тек иммундық жүйеге тән) және спецификалық емес (жалпы физиологиялық) күрделі, бір-бірімен байланысты реакциалардың жиынтығымен бірлесіп атқарады. Резистенттіліктің спецификалық емес факторларына механикалық (тері жөне кілегей қабаттар) физико-химиялық (ферменттер, реакция ортасы т.б.). Сонымен қатар-гуморальді компоненттер (комплемент, интерферон, қанның кейбір белоктары) мен қалыпты иммундық емес торшалар (фагоциттер, кинерлер өрекетінен) түзілетін иммунобиологиялық қорғаныс жатады. Қорғаныстың спецификалық факторларына иммундық жүйенің келесі әрекеттері жатады:
Информация о работе Бактериялар патогенді фактор синтезін қадағалайтын гендердің ерекшелігі