Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 12:45, курсовая работа

Описание работы

Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамыту ерекшеліктері» деп анықтадық.
Осы тақырыпты зерттеу мақсатының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдері анықтау деп белгіледік. Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық:
1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.
2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.
3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.

Содержание

Кіріспе
1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері
1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері
1.3. Ойлау формалары
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары
2.1. Оқыту барысында балалардың ойлау процесін дамыту
2.2. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой өрісін дамытуға колдану
2.3. Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыб.DOC

— 518.50 Кб (Скачать)

    «Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін  дамыту» тақырыбында  орындалған диплом жұмысына 

    ПІКІР 

    Бастауыш  сынып оқушылары жас кезеңі баланың  барлық қабілеттерінің нышаны ашылып, ойлау процесінің көрініс беретін  шағы. Бұл жұмысты сынып мұғалімдер мен мектеп психологі ұйымдастырады. Мектеп психологі психодиагностикалық зерттеулер жүргізіп, таным процестерінде ақаулықтар бар балаларға дер кезінде көмек көрсетсе, осы жұмысты ғылыми-әдістемелік негізделген тұрғыда ұйымдастыруса, балалардың ішінде нашар дамығаны сирек кездеседі. Осы тұрғыдан қарағанда _________________ дипломдық жұмысының тақырыбы көкескесті проблемалардың бірін зерттеуге арналған.

    Диплом  жұмысы кіріспе, екі тарау, алты параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған.

    Бірінші тарауда қабілет анықтамасына сүйене отырып осы қасиетті қалыптастыру жолдары  көрсетілген. Сонымен қатар психологиялық  қызмет көрсету барысында балалардың ойлау ерекшеліктерін анықтау, оны нормативтермен салыстырып барлық формаларының көрініс беру ерекшеліктерін қадағалаудың қажеттілігі дәлелденген.

    Екінші  тарауда ойлау процесін оқыту  барысында дамытуға ұлттық ойындар элементтерін қолдану туралы ұсыныстар жасалған. Балалардың ой өрісін дамытуға психологиялық шығармашылық тапсырмаларды орындатудың және логикалық ойлауды қалыптастырып, оның даму деңгейін зерттеуге қолданылатын әдістемелер көрсетілген.

    Зерттеу нәтижесінде оқушылардың логикалық ойлауы дамиды және танымдық қызығушылығы асады деп қорытынды жасап, шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдарын анықтаған.

    Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық қызметінің бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерін дамытуға арнайы тәсілдерді қолдану қажеттілігін көрсете отырып, ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер және шығармашылық тапсырмалардың қосатын үлесін нақты анықтаған.

    ____________________ дипломдық жұмысы теориялық және әдістемелік жағынан талаптарға сай орындалған студенттің дербес жүргізген зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Ол тақырыпты толық ашып, алдына қойған зерттеу міндеттерін толық орындады және өзінің психологиялық қызметті орындауға даярлығын көрсетті.

    Дипломдық жұмыс талаптарға сай орындалып, көркемделінген. Оны қорғауға ұсынуға және жоғары бағалауға болады. 
 

    Ғылыми  жетекшісі

    п.ғ.к., доцент       Т.Р.Нұрмұхамбетова

 

     «Бастауыш сынып  оқушыларының ойлау  қабілетін дамыту»  тақырыбында орындалған диплом жұмысына 

    ПІКІР 

    Бастауыш сыныптарда оқушыларыдың шығармашылық қабілетін дамытып, ойлау процестеріне әсерін тигізетін әдіс-тәсілдерін қолданудың ролі өте үлкен. Бұл жұмысты сынып мұғалімдер мен мектеп психологтары қосылып ұйымдастырады. Мектептері психологиялық қызметтің мүмкіншіліктері өте мол. Психодиагностикалық зерттеулер жүргізіп, таным процестерінің даму деңгейін дер кезінде бағалап отыру арқылы балаларды дамыта оқыту мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан Пернебаев Нұрболдың дипломдық зерттеуінің тақырыбы барлық уақытта актуалды проблемалардың бірі.

    Диплом  жұмысы кіріспе, екі тарау, алты параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жүмысы тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған.

    Бірінші тарауда қабілет анықтамасына сүйене отырып осы қасиетті зерттеу тарихы, оны қалыптастыру жолдары көрсетілген. Мектеп психологиялық қызметінің балалардың ойлау ерекшеліктерін анықтауға, оны нормативтермен салыстырып барлық формаларының көрініс беру ерекшеліктерін қадағалаудың қажеттілігі дәлелденіп, дамыту жолдары көрсетілген.

    Екінші  тарауда ойлау процесін оқыту  барысында дамытуға ұлттық ойындар элементтерін қолдану туралы ұсыныстар жасалған. Балалардың ой өрісін дамытуға психологиялық шығармашылық тапсырмаларды орындатудың және логикалық ойлауды қалыптастырып, оның даму деңгейін зерттеуге қолданылатын әдістемелер көрсетілген.

    Зерттеу нәтижесінде оқушылардың логикалық  ойлауын дамытуға және танымдық қызығушылығы асыруға мүмкіндіктер мол деп  қорытынды жасап, шығармашылық тапсырмаларды қоладыну жолдарын анықтаған.

    Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық  қызметінің бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерін дамытуға арнайы тәсілдерді қолдану қажеттілігін көрсете отырып, ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер және шығармашылық тапсырмалардың қосатын үлесін нақты анықтаған.

    _________________ дипломдық жұмысы теориялық және әдістемелік жағынан талаптарға сай орындалған студенттің дербес жүргізген зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Ол тақырыпты толық ашып, алдына қойған зерттеу міндеттерін толық орындады және өзінің психологиялық қызметті орындауға даярлығын көрсетті.

    Дипломдық жұмыс талаптарға сай орындалып, көркемделінген. Диплом жұмысын жоғары бағалауға болады деген ұсыныс айтамын. 
 

    Пікір беруші ОблҮББИ

    Директоры

    п.ғ.к., доцент       С.X. Бектенгалиева

 

     Бастауыш сынып  оқушыларының логикалық  ойлауын дамытуға шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары 

    Мазмұны 

    Кіріспе 

    1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері

    1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары

    1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері

    1.3. Ойлау формалары 

    2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары

    2.1. Оқыту барысында балалардың ойлау процесін дамыту

    2.2. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой өрісін дамытуға колдану

    2.3. Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері 

    Қорытынды  

    Әдебиеттер  тізімі

 

     КІРІСПЕ 

    Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады.

    Бастауыш  сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамыту ерекшеліктері» деп анықтадық.

    Осы тақырыпты зерттеу мақсатының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдері анықтау деп белгіледік. Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық:

    1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.

    2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.

    3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.

    Осы анықталған мақсат пен міндеттерді  орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолдандық.

    Жиналған  материалдарды логикалық жүйеге келтіріп бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Ол кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

    Кіріспеде тақырыптық актуалдылығы дәлелденіп, міндет-мақсаттары анықталды.

    Бірінші тарауда қазіргі ғалымдар Д.Б.Занков, М.И.Махмұтов, Б.Тұрғынбаева, В.В.Давыдов, Б.М.Теплов т.б. қабілет табиғаты, бастауыш сынып оқушылырының ойлау ерекшеліктері және оның формалары: ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін себептер талданған.

    Екінші  тарауда оқыту барысында бастауыш сыныпта ойлау процесін дамытуға халық ауыз әдебиеті элементтерін, шығармашылық тапсырмаларды, дидактикалық ойындарды қолданудың тигізетін әсері талданған. Қортындыда ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктерін оқу процесінде қолдау туралы нұсқалар жасаған.

 

     1. Бастауыш сынып  оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері 

    1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары 

    Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.

    Бастауыш  сыныпта оқыту барысында баланық  білім мен қабілеттілігін қалыптастырады. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту баланың таным процестерін дамытып, барлық іс-әрекет түріне қабілеттілігін қалыптастыруға үлкен ықпал жасайды. Оқу барысында баланың танымдық қабілетін дамыту жолдарын зерттеген И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Д.Б.Занков, М.И.Махмутов, Б.Тұрғынбаева, К.Бозжанова т.б. ғалымдар осы проблеманы жан-жақты зерттеген. Б.М.Теплов қабілет табиғаты және оны қалыптастыру жолдарын анықтаған.

    Қабілеттің дамуына әсерін тигізетін факторлар өте көп. Олардың әрқайсысының тигізетін әсері өте мол.

    Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәрбие жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, онық қабілеті де ойдағыдай (дамуы үшін) дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бостын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.

    Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік  сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арақасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады.

    Бұл мысалдар академиялардың Суриков жөніндегі пікірлері қате болғандығын аңғартады. Бұл мысалы адамның қабілеттілігін білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.

    Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы (түрі) қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары