Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 12:31, курсовая работа
Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері
1.1.Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы..................5
1.2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі...................................................................................................................9
ІІ. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шартын болжау мен бағдарламалау...................................................................... 20
ІІІ. Мемлекеттік және жергілікті басқаруды жетілдіру жолдары........ .............24
Қорытынды........................................................................................................... 28
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................30
Сот билігі — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және жергілікті соттар Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Заңға ғана бағынады. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi және басқа соттар құрайды.
Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
Жоғарғы Сот жергiлiктi және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi.
Жоғарғы Сот:
ІІ. Қазақстан экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шартын болжау мен бағдарламалау
Мемлекеттік басқарудың ең жоғарғы формасы болып бағдарламалау мен болжау табылады. Бағдарламалаудың басты мақсаты – ғаламдық мақсаттарда мемлекеттік басқарудың барлық элементтерін кешенді пайдалану. Шартты реттеу бойынша тапсырмалардың күрделілігіне байланысты Үкімет қысқа, орта, ұзақ мерзімді бағдарламалар жасап оларды шешудің тәртібі мен осы шешімдердің орындалуына жауапты органдарды анықтайды. Мақсаттық бағдарламалардың объектілеріне салалар, аймақтар, әлеуметтік сфера, ғылыми зерттеу бағыттары және т.б. жатады. Ал субъектілеріне бағдарламаны жасауға жауапты мемлекеттік мекемелер, олардың мүлтіксіз жузеге асуын бақылайтын органдар жатады. Бағдарламаларды арнайы мемлекеттік органдар жасайды, егер ондай органдар болмаса экономика және қаржы министрлігі немесе арнайы министр аралық органдар құрады. Экономика министрлігі әдеттегідей бағдарламалаудың жобасын жасайды. Қаржы министірі бағдарламаның қаржыландыру жоспарын дайындайды. Бағдарламалар мақсаттық және төтенше болып бөлінеді. Мақсаттық немесе әдеттегі орта мерзімдік жалпы экономикалық бағдарламалар 5 жылға құрылады және жыл сайын түзетіліп отырады. Мысалы: Қазақстан Республикасының 2015 жылға арналған аумақтық даму стратегиясы, әр облысардың аумақтық даму стратегиясы және т.б.
Төтенше бағдарламалар дағдарыс жағдайында, жаппай жұмыссыздық болғанда, қауіпті инфрақұрылымда жасалады. Олар қысқа мерзімді болады. Барлық нарықтық экономикасы дамыған елдерде мақсаттық бағдарламалар жүзеге асырылады.
Ұлттық болжамдау – ұлттық экономиканы дамыту туралы ғылыми негізделген жүйенің қалыптасу процесі. Болжамдаудың мазмұны ұлттық экономиканың дамуының мүмкін варианттарын анықтауда оңтайлы шешім қабылдау. Болжамдау экономиканы басқару бойынша алдағы кезеңдегі үкіметтің қабылдаған шешімдері мен жоспарларының ғылыми базасы. Болжамдаудың мақсаты:
Экономикалық болжамдаудың объектілері: халық шаруашылығы, салааралық кешендер, аймақтар және салардың алғашқы буындары. Болжамдаудың экономикалық, инфрақұрылымдық, табиғи ресурстарды, демографиялық, әлеуметтік, мәдени, діни деген сияқты түрлері бар.
Он жылдаған қателіктер сабақтары нәтижесінде болашақты көріп білу әдістері тәжірибеде қалыптаса бастады. Егер ғылымның болжамдау функциясы әлсіресе немесе нақты траектория тез арада болжанғаннан ауытқыса онда бұл ғылыми парадичманы (ғылыми көз қарастар жүйесі, шешім қабылдауға негіз болады) тез ауыстыруды қажет етеді. Болашақты көрудің дәстүрлі әдісі - экстрополяция бұл бұрынғы тенденцияда құрылған, ол тәжірибе нәтижесі. Бұл әдіс шаруашылық қызметіне және басқаруда кең қолданылады.
Қазіргі заманның
болашағын қөру теориясының негізін орыс
ғалымы Николай Дмитриевич Кондратьев
(1892-1938) салды, ол ең алғаш рет әлімде бес
жылдық индекативтер жоспарын құрды. Ол
ауыл шаруашылығының даму жоспарын көрсетті,
бірақ ол қабылданбады, ол әкімшілік-дерективті
модельмен сай келмеді. Н.Д. Кондратьевтін
алдын - ала көру теориясының негізгі жайлары
қазіргі заманғы талапта келесідей түрде
құрылды. Болашақты көру түбегейлі ғылыми
негізде тану заңдылықтарында құрылады.
Болашақты көруде заңдылықтардың үш тобына
сүйену қажет; статистика, циклдік динамика
және социогенетика. Статистика
божамданған объект жүйесін аңықтауға
көмек береді. Циклдік динамика
жүйе дамуындағы заңдылықтың теңсіздігін
анықтауға көмек береді. Әлеуметтік генетика
бұл мұрагерлік жүйесін анықтайды.
Сонымен мемлекеттік қызметкерлерге және
шаруашылық басқарушылары өз қызметтерін
нәтижелі орындау мезгілінде статистиканың
заңдылығын білу керек, циклдік динамика
және әлеуметтік генетика, алдын - ала
болжамның теориялық негізі. Болашақты
алдын ала көріп білудің күрделі және
міндетті элементі болып циклдік динамика
болжамы болып табылады. Цикл бұл жалпылай
алғанда табиғаттың және қоғамның әр түрлі
жүйесіндегі қозғалыс формасы. Әлеуметтік-экономикалық
жүйеде динамика циклі әртүрлі ұзақтықта
болады. Ағымдағы флуктуациамен (тұрақсыздық)
қатар маусымды цикл типтері 1 жыл шегінде
қысқа мерзімді (3-4 жыл), орташа мерзімді
(8-12 жыл), ұзақ мерзімді (40-60 жыл) болады.
Барлық бұл циклдер әр түрлі сферадағы
циклдерге тең өзара қарым - қатынаста
болады.
Болжамдау өзіндік мақсат
емес, ол орташа мерзімдік және ұзақ мерзімді
стратегияның негізіне этап ретінде қызмет
атқарады. Жоспарды құру әдісі болашақты
болатын мүмкін болжамдармен сәйкестірілуі
қажет.
ІІІ. Мемлекеттік басқаруды
жетілдіру жолдары
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі оның ұйымдастырушылық құрылымы өте күрделі аймақтық басқару обьектісінің құрылымына сәйкес келуімен сипатталады. Оған себеп: басқару обьектісінің көптеген қайшылықтары, жеке нышандары бар. Оларға ұлттық мемлекеттік және әкімшілік - аймақтық құрылыс, тұрғындардың орналасу тығыздығы, көлік байланыстары т.б жатады. Сондықтан аймақтық басқару жүйесіне кейбір обьективтік қайшылықтар тән. Ол қайшылықтарды бәсеңдету үшін үнемі жетілдіру қажет. Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты кем дегенде екі элементтердің бірімен байланысты. Оның бірі аймақтық басқару обьектісі, яғни негізгі аймақтық жүйесі, екіншісі оның субьектісі, яғни аймақтық басқару жүйесі. Оған өзін өзі басқару ұйымдары кіреді.
Ынта қойып зерттейтін мәселелердің бірі – аймақтық басқарудың әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін - өзі басқарумен тығыз байланысты. Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі – экономикалық әдістерге көшу. Өйткені жергілікті үкімет органдарына көптеген өкілеттілік беріліп жатыр. Нақты айтқанда қаржының бірталай үлесін, материалдық қорларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарға бағыттауды басқару болып табылады. Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелерге әлеуметтік экономикалық әрекеттестіктің үш түрін жедел дамыту үшін функциялар мен өкілеттіліктерді кеңейтілуін қамтамасыз ету:
а) аймақтық – салалық өзара байланыстар;
ә) салааралық байланыстар;
б) жоғарыға қарайтын кәсіпорындарда өндірісті дамыту.
Республикалық өзін - өзі басқару тұжырымдамасына төмендегідей жағдайларды енгізу қажет:
Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуы оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан күрделі, аумақты, өз ерекшелігі мол әкімдік шаруашылық кешен. Оның көлемінде көптеген ірі - ірі экономикалық мәселелер шешілуі әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды пайдалана отырып көптеген мәселелерді өз бетімен бақылау және оны тез арада шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, саясаттық процестердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақтың шеңберінде тез талқыланып керекті басқару шешімі қабылданады. Бұл экономикалық бостандықтың белгісі.
Осыған орай
біздің экономика ғылымының
Қазіргі уақытта, «
Елбасының
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
Қазір жүзеге асырылып жатқан реформалар мен қайта құрулардың мақсаты – бұл елдегі саяси тұрақтылықты сақтап, сондай-ақ бір мезгілде азаматтардың барлық конституциялық құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз ететін қоғам мен мемлекетті басқарудың барынша тиімді осы заманғы демократиялық басқару пішіміне қадам басу болып табылады. Мемлекеттік басқарудың корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдында есептілігі қағидаттарын арқау ететін сапалық жаңа моделіне жету үшін Үкімет халықаралық оң іс-тәжірибені ескере отырып, әкімшілік реформа мен атқарушы билікті ілгерілетуді жүзеге асыруда. Осы өзгерістердің басты ерекшелігі – ол биліктің президенттік басқару жүйесін сақтау, реформалардың кезеңдестігі, қабылданған шешімдердің екшенділігі. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік органдардың стратегиялық, әкімшілік-атқарушылық және бақылау-қадағалау міндеттерінің бөлінісі процесін аяқтауды тапсырған болатын. Аталған шаралар міндеттердің қосарластығына жол бермеу, ведомстволар арасында мүдделер тайталасын ескеру және олардың жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында қабылдануда.
Алдағы уақытта
орталық мемлекеттік