Жұмыссыздық курсовая

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 17:42, курсовая работа

Описание работы

Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қастылуымен, еңбек саласындағы әр аулан қысылтаяң ахуалдар көрнісінің алдын алумен тікелей байланысты.

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық курсавой.doc

— 129.50 Кб (Скачать)

      Нарықтық  экономикасы бар елдерде жұмыссыздық  жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара бағынышсыз екі себепке байланысты.

      Біріншісі, өндірістің нарықтық тәсілі үшін жұмыссыздық  болмай қалмайтын әлеуметтік – экономикалық құбылыс және барлық жалдамалы жұмыскерлер  жұмыссыз қалу қатеріне ұшырайдыға саяды. Оның бола қалуы нақтылы жұмыскерге немесе кәсіпорынға байланысты емес. Көптеген жағдайда ол сыртқы әлемдік –экономикалық факторларға бағынышты. Осыған сүйене отырып, кәсіпкерлер, жұмыскерлер және үкімет әлеуметтік қатердің осы түрін басқару жөнінде айрықша қаржы жүйесін құруға тиіс, сөйтіп, бірлесе отырып, жалпы күшпен бұл қатерге қарсы тұрулары және оны төмендету мен жою үшін жауапкершілікті өзара бөлісулері керек.

         Екінші себеп, мемлекеттік органдардың  өз азаматтарына «еңбекке құқығын»  қамтамасыз етудегі конституциялық  міндеті болып саналады.

          Бұл құқық көптеген мемлекеттердің  конституцияларында бекітілген: Португалияда, Жапонияда, Испанияда және басқа  елдерде.  

      Жоғарыда  көрсетілгендей жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарының бірі жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек көрсету болып табылады.

      Жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны құрудың  негізгі көзі жұмыскерлердің олардың  жұмыспен қамтылған кездегі өздерінің  қаржылық аудармасы болып табылады. Олардың құрылуы мен жасалуы  қамсыздандырудың қор жинау жүйесіне ұқсас болып келеді. Олар жұмыссыздық басқа түскен кезде «Қамсыздандырулық төлем» болып саналады.

      Жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы мемлекеттің  еңбеккерлер алдындағы олардың  конституциялық «Еңбекке құқығын» сақтауының нақты көрінісінің бірі болып  саналады. Ол, егерде жұмыссыз адам шын мәніндегі жұмыссыз болып шықса толығымен сақталған болады. Яғни, ол жұмыс іздеп жүрген, жұмыс істеуге ықыласы бар және бұған оның физиологиялық және психологиялық қабілетіде бар болса.

      Егерде  жұмыссыз адам өзі жұмыс істегісі келмесе және жұмыс істеуге ықыласы болмаса, онда ол өз еркімен өзінің еңбекке деген конституциялық құқығынан бас тартқаны және осыған байланысты жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өз құқығын жоғалтады. Жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы еңбек және жұмысқа қамту саласындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетудің маңызды шаралардың бірі. Оның еңбек нарығы саласынан тысқары жердегі мүгедектігі жайындағы жәрдемақы, асыраушысын жоғалтқандағы жәрдемақы және басқа әлеуметтік жәрдемақылардан түбегейлі айырмашылығы міне осында.

      Еңбек нарығы теориясында керенау саясат деп аталатын жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны төлеумен қатар жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесінде алдын-алуға еңбек нарығында белсенді саясатты жүргізуге асыруға арналған. Жұмыссыздықтан қорғау жүйесінде жүзеге асырудың маңыздылығы жұмыссыздарға материалдық жәрдемақы беруден ешбір кем емес.

      Осы тұрғыдан жұмыссыздықтан қорғаудың  жүесінде бір біріне бағынышсыз үш түрлі қызмет бағыты бар;

     Біріншісіне- жұмыспен қамтуды жаңа жұмыс орындарын  құру кеңейтудің жағдайымен мүмкіншіліктерін жақсартуды қаржыландыру.

      Екіншісі  – кадрларды даярлауды және қайта  даярлауды (кең білікті мамандарды даярлау) қаржыландыру.

      Үшіншісі  – жұмыссыздарға жұмыс іздеуде  ұтқыр қоныс аударуға мүмкіндік  тудыру.

      Жұмыссыздықтан  қорғау жүесінің негізгі қызметтерін анықтай келгенде оның басты қызметінің бірі әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігін атап өту қажет. Бұл өз көрінісін осы жүйенің бір жағынан жұмыссыздарға белгілі бір тұмыс деңгейін қамтамасыз ететіндігінен, екінші жағынан оларға жұмыс іздеуде көмек көрсететіндігінен табады.

      Бұл жүйе жұмыспен қамтудың белгілі бір  кепілдігін қамтамасыз етеді «Ертеңгі күнге сенімділік» сияқты материалдық  молшылықтың елеулі төмендеуі сияқты жұмыссыздықтың жатымсыз зардабын азайтады.

      Жұмыссыздықтан  қорғау жүйесінің қоғамының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі  қызметі сондай-ақ жұмыспен қамтылу  қорына жалақыдан аударудың айтарлықтай  негізделген нормасы тағайындауда да көрінеді. Ол нормалар аса үлкен  болмауға тиіс, сөйтіп жұмысшы күшінің оның жұмыспен қамтылған кезіндегі әдеттегі ұлғаймалы ұдайы өндірілуін бұзбайтындай болуы керек, сонымен бірге жұмыссыздық кезінде оның қарапайым ұдайы өндірісіне жетерліктей болуға тиіс.

      Жоғарыда  айтылғандармен қатар жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесінің аса маңызды қызметі – іскерлік треидті сақтау болып табылады.

      Жұмыссыздық бойынша жәрдемақының тарихи жүйесі экономикалық дағдарыстар кезінде  жұмыссыздар тұрмыс деңгейін белгілі  бір күйде қорғауға бағытталған  болатын. Одан соң ол жүйе дами келе енді экономиканың өзін әртүрлі экономикалық шайқалыстардан қорғаудың ролін атқаратын болды. Уақытты қолайлы кезеңінде қауіпсыздандырушылар салатын қауыпсызданыдыру жарнасы қолайсыз уақытты қаржылық резервтер құрудың негізне айналды. Экономикалық дағдарыстар кезінде жұмыссыздарға төленетін жәрдемақылар халықтың тұтыныс қабілетін қолдайтын сұраныс тапшылығын төмендететін болды. Сөйтіп олар қоғамдағы белгілі бір экономикалық белсенділікті қолдайды және ынталандырады. Яғни тұтас алғанда олар іскерлік треидтің қатты тербелесін бәсеңдетеді.

      1999 жылы ҚР экономикасында жұмыспен  қамтылғандар саны 3,6 млн. адамды  құрады. Соның ішінде орта және  ірі кәсіпорындарда жалданған  (еңбекақы төленетін) жұмысшылардың  саны 3,1 млн. адамды құрады. Шағын  кәсіпорындарда 206 мың адам жұмыс істеді. Сондай-ақ фермерлік шаруашылықтарда шамамен 270 мың адам қамтылды, ал 2,3 мыңнан астамы – бұл дербес жұмыс істейтіндер.

      Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша 1999 ж аяғында  жұмыспен қамту орындарында есепте тұрған жұмыссыздардың саны 251,9 мың адамды құрады. 1998 жылмен салыстырғанда бұл 5,9 мың адамға төмендеді. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алатын   жұмыссыздардың саны 149,2 мың адамға жетті. Жұмыссыздықтың ресми деңгейі 1999 ж. аяғында 3,7 % құрайды.

      Біздің  елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары  жасырын және фракциондық болып  табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында жұмыссыз жасырын ашық айнала бастады. 1992 ж. жасырын жұмыссыздықтың ауқымы кеңейе түсті. Осы аталған  жылдың желтоқсан айының өзін-ақ 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар тоқтап тұрды. Осындай кәсіпорындардан екі мыңнан астам адам еңбектен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді.

      Жұмыссыздықтың  зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі- ғылыми-техникалық прогресс. Ғ.Т.П. жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлерімен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді. Жалпы ғылыми-техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюдың тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 80 жылдары жұмыспен қамтуды көбейтуде өндірістік емес саланың үлесі АҚШ-пен Жапонияда 80 % - 90 % , ал батыс Еропада 100 % құрады.

      Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары  айтарлықтай орын алды. Нарық қатынастары  дамыған елдерде нарық биржалары алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары пайда болды.

      Уақыт өте келе, еңбек қатынастарының дамуына  сәйкес, оның мақсатымен және атқаратын  қызметі өзгереді. Еңбек биржасы  бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлермен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрында КСРО –да ең соңғы еңбек биржасы 1932 ж. жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай – еңбек нарығының барлық элементттерінің қайта жаңғыртудың қажеттігін көрсетіп отыр. 1991 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.

      Еңбек биржаларының негізгі атқаратын  қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы  сұраныммен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру, жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта мойындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар  беру жұмысын жүргізу; адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды. 

     Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке  деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраныммен ұсыным.

      Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек  нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік -әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды, ал ол өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгілеген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етіледі.

      Осы уақытта дейін, біздің елімізде жұмыссыздық  жоқ және бұның өзі ұлы жетістік деп есептелді. 1991 жылы еңбекпен қамту  қызметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді, оның 75 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа  орналасты. Сол жылы жылы бірінші 4 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 % әйелдер болды, ал 1992 жылы ресми түрде, 70,5 адам жұмыссыз деп тіркелді.

      Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әртүрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындар бөлінеді, және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойнына алады.

      Еңбекпен  толық қамту дегеніміз, ол халық  шаруашлығы көлемінде еңбекке деген  қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен  қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту  дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді  минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.

      Өндірісі  дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту тек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті.

      Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар, әдетте, олардың еңбегіне деген сұранымнан хабардар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын қала шеңберіндегі бас жұмыс орны туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы адан да аз біледі.

      Сондықтанда, мемлекеттің әлеуметтік саясатынның  міндеттерінің бірі-еңбеккерлерді  жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады.

      Экономикасы басқа түрге ауысқан елдерде, соның ішінде, Қазақстанда, бұл жүйе жеткіліксіз дамыған. Қазіргі кезде  бұл жүйені дамытудың жетерлік деңгейдегі практикалық қана емес, сондай-ақ, теориялық негізде жоқ.

      Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін, халықаралық  тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет. Содан соң осындай теориялық жағдайлар негізінде оны жүзеге аырудың практикалық негізін жасау керек.

      Жұмыссыздықтан  қорғау жүйесінің негізгі мақсаты-ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай  екі түрлі бөлек жүйеден тұрады: біріншібөлек жүйе өзінің ішкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық  көмек көрсету қызметін атқарады. Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады.  Жұмыссыздық бойынша қорғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады-жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет.

      Жұмыспен  қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс орындарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер. 

1. Әубәкіров  Я.Ә. , Байжұмаев Б.Б. , Жақыпова Ф.  Н., Набеев Т.П Экономикалық  теория.  Оқу құралы « Қазақ университеті», 1999 ж.

Информация о работе Жұмыссыздық курсовая