Жұмыссыздық курсовая

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 17:42, курсовая работа

Описание работы

Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қастылуымен, еңбек саласындағы әр аулан қысылтаяң ахуалдар көрнісінің алдын алумен тікелей байланысты.

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық курсавой.doc

— 129.50 Кб (Скачать)

             Кіріспе 

      Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканы құру болып  саналады. Елдің тұрақты дамуы  – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қастылуымен, еңбек саласындағы әр аулан қысылтаяң ахуалдар көрнісінің алдын алумен тікелей байланысты.

      Нарықтық  қатынастарға көшуге, экономикалық реформалауға байланысты көптеген кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттер жұмыссыздық  мәселелеріне амалсыздан душар болып  отыр. Жете дамымаған нарықтық инфрақұрылым, қалыптаса бастаған нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық , экономикалық тұтқалар жағдайында көптеген әлеуметтік проблемалар, атап айтқанда, еңбек және жұмыспен қамту саласы қауіпті сипаттала бастады. Отандық өндірістің дамуын ынталандыратын жетерліктей қолайлы инвестициялық климаттың экономикалық және қаржылық тетіктерінің болмауы, жалақының жоқтығы кейбір аймақтарда әлеуметтік жанжалдың (қағтығыстың) , кедейліктің, қайыршылықтың пайда болуына әкелді.

      Жұмыссыздық – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

      Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрылуымен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен, жұмыссыздықтан қорғау мен біртұтас түрде қаралуға тиіс.

      Нарықтық  қатынастар пайда бола бастаған кезде  мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан – ақ белсенді түрде қамтыла бастаған болатын. Оның дамуына бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әртүрлі экономикалық дағдарыстар, 1930 жылдардағы Қазақстандық ұлы тоқырау, халықаралық еңбек ұйымының шешімдері үлкен әсерін тигізді.

      Қазіргі күнгі басты мәселе не ? ол – жұмыс  орнының жетіспеушілігі. Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз.

      Курстық жұмыстың мақсаты – жұмыссыздық  не себептен туындайды, жұмыссыздарға  қандай әлеуметтік көмек көрсету  керектігін ашып көрсету.

      Бұл жазылған курстық жұмыста жұмыссыздық  түрлері, оның себептері, әлеуметтік қорғау мәселелері біршама айқын көрсетілген. Сондай-ақ, Қазақстанмен Жапонияның жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу тәжірибелері де курстық жұмыста жазылған.  
 
 
 
 
 

 

  1. Жұмыссыздық және жұмыспен қамту.
 

1.1. Экономикалық өсу  позициясымен жұмыссыздықты

    бағалау. 

      Экономиканың  балансталған (тепе-теңдік) экономикалық өсуі- барлық өндіріске қатынасулардың тұрмыс халінің үдемелі өсуін  қати отыра, шаруашылық жүйенің барлық элементтері бірігіп әрекет еткендігі  дамудың өте оңды варианты. Тепе – теңділік өсуді ең соңғы ауытқуды жоятын тенденция ретінде қарастырған жөн. Егер бұл ауттқу тұрақты сипатта болса, онда экономикада дау-жанжалды жағдайлар ұлғаяды. Атап айтқанда – келісілмеген іс - әрекеттер ресурстардың ретсіз қозғалысы экономикалық тиімділікті кемітуге әкеліп соқтырады. Жалпы ұлттық өнімнің өсуі тоқтағанда және өндірістің тікелей қысқартылуы мүмкін болған жағдайда, сол ел экономикалық дағдарыс кезеңіне ұшырайды. Мұндай кезеңде кәсіпкерлік қызметтің жоғары тәуекелділігі өндірістің күшін өшіруі мүмкін. Макроэкономикалық диспропорциялар кәсіпкерлік қызметтің тәуекелділігін ұлғайтады, экономикалық тұрақсыздық жағдайларды тудырады. Экономикалық тұрақсыздық ұлғаяды. Жұмыссыздық жұмыс істемейтіндердің және жұмыс істейдіндердің өмір сүру деңгейінің нашарлауына әсерін тигізеді, өйткені жұмысшы күшіне ұсынымның артуы еңбек бағасын азайту үшін қолайлы жағдай болып табылады. Сонымен жұмыссыздық капиталдың азаюна әкеліп соқтырады, бұл өз кезегінде экономикалық конъюктураны нашарлатады және тепе-теңді өсудің мүмкіншілігін ығыстырады. Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі тұтыну сұранысын қысқартады, жинақталған ақша қорының деңгейін азайтады, бұл да өз кезегінде өндірістің бір бөлігін тоқтатуға мүмкіндік туғызады. Тұрақсыздықтың үдей түсуін мына 1 схема түрінде көруге болады.  
 

 
 

      Жұмыссыздық дестабилизация процестерін жылдамдату күші болып табылады. Сондықтанда тепе-теңді өсудің жолына шығу үшін, жұмыссыздардың санын қысқартуда арнайы шаралар қолдануды қажет етеді.

      Бірақ нарықтық экономиканың мамандары ел алдында ешқашан толық жұмыспен қамту міндеттерін қоймайды. Белгілі мөлшерде біркелкі жұмыссыздық экономикалық өсу үшін игілік болып табылады деп есептелінеді. Мұнда нені меңзеп отыр ?

            Жұмыссыздық игілік.

  1. Жұмыссыздық – жұмысшы күшінің жұмыспен

қамтылмаған резервтік бөлігі болып саналады, оларды өндіріс ұлғайған кезде немесе құрылымдық қайта құру кезінде жұмысқа қабылдауға болады.

  1. Жұмыссыздықтың бар болуын кәсіподақтың күшін және

олардың еңбек ақыны жоғарлату талабын  шектейді және сонымен бірге кәсіпкерлік қызметтің стимулын (ынтасын) күшейтеді.

      3. Жұмыстан айырылып қалу қорқынышы  және өндіріс саласынан шығып  қалғандардың қатарына қосылу  еңбек тәртібін ең жақсы ұйымдастырушы  болып табылады бұдан басқа  қажетті еңбек шығынын үзбеу үшін жағдай жасайды.

      Жоғарыда  айтылған себептерге қарай біркелкі жұмыссыздық (31-51) нарықтық экономиканы дамытуға қажетті серік болып есептелінеді.

      Либралдық және социал – демократиялық политэкономия жұмыссыздықты мүлдем басқа тұрғыда қарастырады. Олар одан қоғам үшін көп шығын көреді және бұл шығындар ауыл шаруашылығы монополизациясы тудырған зиянның көлемінен асып кетеді деп есептейді. Жұмыссыздық қандай қоғам шығындарын тудырады ?

      Жұмыссыздық және қоғам шығыны.

    1. Жұмыссыздық және қоғамның экономикалық потенциалы

толық пайдаланылмайды. Жұмыспен қамтылмаған  жұмысшы күші ұлттық табыстың өсуіне қатыспайды. Сондықтанда ел ішінде толық пайдаланылмаған өндірістік мүмкіншіліктерден шығындар туындайды.

    1. Ұзаққа созылған жұмыссыздық жұмыссыздық кезінде

босап қалған жұмысшылардың квалификациясы кемиді.

    1. Медицина көрсеткендегі, жұмыссыздықтың өсуі ұлттық

психикалық  денсаулығын құртады.

    1. Жұмыссыздықта қоғамның шығыны ретінде бағалай отыра

экономикалық  тұрақсыздықтың мына факторларында  естен шығармау керек, олар:

  • сатып алу сұранысының төмендеуі;
  • жианқталған ақшаның қысқаруы;
  • инвестициялық сұраныстың төмендеуі;
  • ұсыныстың қысқаруы, өндірістің құлдырауы.
 
 

1.2. Жұмыссыздық себептері  мен түрлері. 

      Мемлекеттік социализм кезіндегі үгіттік  әдебиетте, нарық және капитализм жұмыссыздықты тудырады деп, ал социализм – тұрақты жұмыспен қамтиды және тіпті жұмысшы күшінің дефицитін тудырады деп айтылған.

      Мұндай  пікірді ғылыми деп мақұлдауға болмайды, өйткені кез-келген жүйенің еңбек  нарығы оның әр түрлі варианттары  кезінде – сұранысы шектелу нарықтан (қарапайым пайдалы нарық) ресурстары шектелу нарыққа дейінгі (дефициттік типтегі советтік нарық)- бірдей уақытта жұмысшы күшінің артықшылығын (жұмыссыздықты) және жекеленген мамандықтары бойынша жұмысшы күшінің дефицитін береді. Бірақ бұл экономикадағы жұмысшы күшінің дефициті мен жұмыссыздықтың тепе-теңдену нүктесі әр түрлі деңгейде тұр.

         Экономикалық теорияда еңбек  нарығындағы экономикалық тұрақсыздықтың  ақиқат бейнесін айтып бере  алатын екі көрсеткішті қолданады.  Бұл жұмыссыздық деңгейі және оның орташа ұзақтығы.

         Жұмыссыздық деңгейі өндірісте  жұмысқа қамтылғанның санына  арнайы тіркелген жұмыссыздардың  үлесі ретінде өлшенеді.

          Жұмыссыздықтың ұзақтылығы жұмыстағы  үзілістің орташа уақытын сипаттайды.

           Жұмыссыздықтың түрлері:

  • фрикционды;
  • құрылымды;
  • институционалды;
  • циклды;
  • ерікті.

          Фрикциондық жұмыссыздық жұмыс  орнының, тұрғылықты жерінің ауысуына  байланысты кадрлардың тұрақсыздығын  білдіреді. Жұмысшы күші жиынтығының  арасында қандайда бір бөлігі жаңа жұмыс орнына ауыса отыра, әрдайым қозғалыста болады.Техникалық прогрестің жаңа жетістіктерін енгізу кезеңінде жұмысшы күшінің мұндай қозғалысы неғұрлым үдемелі болады.

          Құрылымдық жұмыссыздық мәні  бойынша фрикциондық жұмыссыздықтың  асқынуы болып табылады.Ел ішінде глобальді құрылымдық қайта құрулар жүріп жатқанда, салалар арасындағы өзара байланыс өзгергенде, әрине, жұмысшы күшінің тұрақсыздығы күшейеді, өйткені жұмыс орнын салааралық үлестіруде жаңа пропорциялар жасалады.

             Институционалды жұмыссыздықты өнеркәсіп еңбек нарығының өзін ұйымдастыру жеткіліксіз тиімді кезінде туындайды. Былай болсын делік, бос жұмыс орны туралы ақпарат толық емес. Ақпарат жүйесінің жұмысы тәртіпке салынған кезде жұмыссыздық деңгейі төмен болар еді. Дәл осы бағытта жұмыссыздық бойынша тым арттырылған жәрдем ақы немесе тым кемітілген табыс салығы жүреді. Бұл жағдайда жұмыссыздық ұзақтығы үдейеді. Өйткені жұмыс іздеу ынтасы басылады.

              Циклды жұмыссыздықты өнеркәсіптік дағдарыс және депрессия уақытындағы өндірістің құлдырауын тудырады.Жандандыру және дамуға өту кезінде жұмыссыздықтар әдетте аз болады.

            Ерікті жұмыссыздық.Кез-келген қоғамда  өздерінің психикалық құрылымы  бойынша немесе басқа себептерге  байланысты жұмыс істегісі келмейтін  адамдардың әлеуметтік тобы бар.

            Сонымен, жұмыссыздық нарықтық  экономиканың тән ерекшелігі  болып табылады. Сондықтан да  толық жұмыспен қамтылған қисынсыздығы  дамыған нарық шаруашылығының  идеясымен сыйыспайды.

          Көптеген  экономикалық мектепте жұмыссыздық  себептерін талдауын береді. Соның маңызды баян етілгендерін атап көрсетейік.

          Жұмыссыздықтың  алғашқы ұйымдарының бірі ағылшын экономисі Т. Мальтустың «Халық санының заңы туралы тәжірибе» (XVIII ғ аяғы )   еңбегінде берілген. Мальтус, жұмыссыздықты демографиялық себептер тудырады деп атап өткен. Соның нәтижесінде халық санының өсу темпі өндірістің өсу темпінен асып кетеді.

          Марксистік  әдебиетте Мальтус теориясын  «Тұрпайы» және жалған ретінде көрсетудің тұрақты дәстүрі қалыптасқан.

          Мальтус теориясының марксистік сын бойынша мына бір жағдайда дұрыс деп есептеуге болады: ол туып көбеюшілігі аз

    Жоғары  дамыған елдердегі жұмыссыздықтың пайда болуы түсіндіріп бере алмады. Сондықтан, жұмыссыздықтың көзін экономикалық шаруашылық жүйенің өзінен іздеу  керек.

          К. Маркс , «Капитал» (XIX ғ екінші жартысы) еңбегінде жұмыссыздықты едәуір мұқият зерттеген. Ол, техникалық прогрес әсерінен бір адамға кететін өндіріс құралының массасымен құны өсетінін атап өткен. Бұл жағдайда марстің мынаған көзін жеткізді: экономикалық даму капитал жинағының темпіне еңбекке сұраныстың біршама артта қалатындығына әкеледі, міне, жұмыссыздықтың себебі осында.  
     

 

1.3. Тұрғындарды жұмыссыздық  жағдайында әлеуметтік

қорғау  мәселелері. 

      Жұмыссыздық – нарықтық экономиканың әрдайымғы  серігі, ол қоғам үшін нақты шығындармен байланысты. Сондықтан да қоғам бұл үшін шығындарды азайтуға тырысуы қажет. Ең алдымен, амалсыз жұмыссыздық кезеңінде, тұрғындардың жұмыссыз тобы қалайда өмір сүретіндей жағдай жасау қажет. Бұл кезде қоғам тек адамгершілікпен мейірім ғана көрсетпейді, сонымен бірге, нақты бір әлеуметтік нәтижеге жетеді:

Информация о работе Жұмыссыздық курсовая