Туристік фирмаларда жоспарлау жүйесін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 09:29, реферат

Описание работы

Туристік фирма - ол заңды құқықтық табысы бар, шетел және мемлекет азаматтарына туризм саласында төлеуақы, қызмет көрсететін мекеме.

Содержание

Кіріспе.

Негізгі бөлім
Жоспарлау және оның түрлері
Туристік фирмада жоспарлаудың маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 44.81 Кб (Скачать)

Жеке аймақтың, кәсіпорынның және азаматтардың құқықтары мен міндеттері сақталына отырып, нарқытық экономикада индикативті жоспар арқылы әлеуметтік-экономикалық саясатты бағыт-бағдарламасы мен оны жүзеге асыру әдістемесі орындалады.

  1. Ұйым ішіндегі жоспарлау – жалпы экономиканың жетістіктері оның әрбір субъектісінің жекелеген фирмалар мен кәсіпорындардың өндіріс нәтижесімен анықталады.

Ұйым ішіндегі жоспарлау фирманың сыртқы ортаға бейімделу барысын мақсаттар мен ықтималды стратегияларды қалыптастыруды және оның орындалуындағы қажетті іс-қимылдарды бейнелейді.

Ұйым ішіндегі жоспарлаудың мақсаты ұйым сыртқы ортасындағы белгісіздік пен тұрақсыздықты кертартпа зардаптарын жою.

  1. Фирма деңгейіндегі жоспарлау – ұйымның болашағын белгілей отырып, келесі кезеңдерден тұрады:
  2. Мүмкіндіктерді бағалау;
  3. Нақтылы жоспардың мақсаты мен нәтижесін бағалау;
  4. Жоспардың негізгі кезеңдері мен көрсеткіштерін бейнелеу;
  5. Іс-әрекеттің тиімді бағыт-бағдарламасын белгілеу;
  6. Қажетті баламаны таңдап алу;
  7. Жоспардың орындалуын қамтамасыз ету.

 

  1. Туристік фирмада жоспарлаудың маңызы.

 

Туримз жүйесін басқару стратегиялық (болашақта жобаланған) көріну мен болжаушылыққа негізделуі керек. Көріну негізінде (туристік фирманы болашағын көрсететін өзіне бөлек «суреттер») менеджменттің жетекші ойы болып тұра туристік фирманың саясатын жасайды. Ол қарым-қатынастың ортақ мақсаттары мен қағидаларын көрсетеді, өмір сүру қабілеттлігі мен осы құрылымның дамуын қамтамасыз етеді.

Жоспарлау – бұл басқару үрдісінің бір кезеңі болады, осы жерде әр түрлі туристік құрылымның мақсаттары, сонымен қатар оларға жету әдістері анықталады. Кейбір жағдайларда туристік фирмалар өздерінің алдына қойған мақсаттарына жеткеннен кейін жұмыстарын тоқтатады, ал басқа туристік фирмаларда жаңа мақсаттар қойылады, бұрынғыдан маңызды. Бұл туристік фирмадағы жоспарлаудың өзінің бір рет пайдаланатын іс әрекет екенін көрсетпейді. Бұл үздіксіз үдеріс анықталған мүмкіндіктер, шарттар және факторлар есебі арқылы жаңа жолдарды зерттеу және туристік фирма қызметінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру.

Туристік кәсіпорын саясатын құру көбінесе басшылықтың жоғарғы деңгейінде іске асырылады. Туристік фирманың саясатының барлық жағдайы, дұрыстығында, жетекші туристік бейне түрінде көрсетіледі. Жетекші бейне өзінде ұзақ мерзімді мақсаттарды, философияны, саясатты, кәсіпорын мәдениетін және оның заң шығаратын құқықтарын қосады.

Нақтылы туристік аймаққа сәйкес ең бірінші оның бәсекелестікке қабілеттілігі туралы айтулуы дұрыс. Нақты жоспарлаудың функциясы келесі жұмыс түрлерін қосады:

  • өлкенi дамыту мақсаттарының туризмнің орнатылатын басқаруларын өңдеуге араласу;
  • бәсекеге қабілеттіліктің орнының ағымдағы талдауы (нарық, тікелей және жанама бәсекелестер, сұраныс, жабдықтаушылар, сала);
  • өлкенің бәсекеге қабілеттілігін, оның айрықша позициясының стартегиясын құрастыру;
  • өлкенің бәсекеге қабілеттілік стратегиясын жандануын жүзеге асыру – ең бастысы туристік фирмаларға кеңес беру, инновациялық менеджментті өткізу.

Сөйтіп, туристік фирма қызметін жоспарлау кезінде ақпараттық өңделу кезеңінде сапалық, сандық және болашақтағы мақсаттардың уақыттық анықталуын, амал мен тәсілдерді, қалыптасуды, фирманы басқару мен дамыту жүйелерін түсіну керек,

Туримдегі ұйымдастыру қызметі. Туристік фирмада жасалынған қайсысы болмасын жоспарда әрқшанда ұйымдастырушылық кезең кездеседі, басқаша айтқанда жоспарланған мақсаттарға жету үшін нақты шарттардың жасалу кезеңі болып табылады. Басқарудың бірінші үдеріс кезеңінде анықталған – жоспарлау кезеңінен кейін, фирма құрылымын құру туралы сөз болады және оның мақсаттарға жету үшін барлық керекті заттармен қамтамасыз ету.

Туроператорлар жұмысын ұйымдастыру үлгісі негізінде туризмді басқарудағы ұйымдастырушылық функцияны өзімізге тым көрнекі көруімізге болады. Осылай туроператор өндірістік, саудалық, ақпараттық мәселелерді, жаңа өлкелерді игеру мақсаттарын және т.б. шешеді.

Бұл процесс персоналды және фирманың алға қойған мақсаттарына жету үшін амалдарды біріктіру. Айтылып кеткендей, жоспарлаудың негізгі мақсаты - бұл әр түрлі әдіс арқылы екiұштылықтың мәселесінің шешiмiн табу. Өзгерістерге бейімделу қажеттілігі - жоспарлауға маңызды бір мән беретін факторлардың бірі болып табылады. Сонда да, жоспарлау қандай да маңызды болмасын , бұл тек қана басы ғана. Көптеген әр түрлі жоспары бар және оны жүзе асыру тұтас сызбасы (құрылымы) жоқ туристік фирма жетістіктерге жетпейді. Себебі, жоспарлау функциясы және ұйымдастырушылық функция бір-бірімен тығыз байланысты. Кейбір ой-пікірлерде жоспарлау және ұйымдастыру бірігіп кетеді делінеді.

Жоспарлау ұйымның мақсаттарын жүзеге асыру үшін көріністерді дайындайды, ал ұйым басқару функциясы ретінде жұмыс құрылымын дайындайды, оның ең басты құрамдас бөлігі болып адамдар болып табылады.

Ұйымдастыру функциясы турфирманың барлық мамандарын бір жерге біріктіру болып табылады. Оның негізгі міндеті болып, миссияны, ролді, жауапкершілікті, әрқайсысының есеп берушлігін анықтау болып табылады. Ұйымдастыру үдерісі жұмысты құрады және туристік фирманың көлеміне, оның мақсаттарына, технологияларына және персоналға байланысты бөлімшелерге бөледі. Туристік фирма өзінің жоспарын жүзеге асыру үшін және соның негізінде өзінің мақсаттарына жету үшін бар элементтер қатарын жіктеу қажет. Ұйымдастырушылқ функцияны жүзеге асыру процессінде келесі ұстанымдар қатарын негізге алу керек:

  • жоспарлау кезінде табылған туристік фирманың мақсаттарын анықтау және талдау;
  • осы мақсаттарға жету үшін керекті қызмет түрлерін анықтау;
  • әр түрлі міндеттерді әр кадрларға (еңбекті бөлу) тапсыру және оларды басқарушылық жұмыс топтарына немес бөлімшелерге біріктіру;
  • жұмыстық қарым-қатынасты орнату арқылы әрбiр топқа тапсырылған әр түрлi қызметтер түрлерiн үйлестiру;
  • мақсаттар бірлігі – әр ұйымдастыру бөлімінің мүшесі ортақ игілікке жұмыс жасайды, басқаша айтқанда ешкім туристік фирманың мақсаттарына қарсы жұмыс істемеу керек.

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Туризм – экономиканы тез арада жандандыратын құрал. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекет басшылары туристік нарықта көптеген миллиардтық айналымы бар алып механизмді көріп отыр. Туризм – әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарып отыр. ДТҰ-ның деректері бойынша ол әлемдегі ЖҰӨ-нің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-ы астамы, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризм – экономиканың басқа секторларына қарағанда мультипликаторлық әсерімен жақсы дамыған. Ол экономиканың 32 саласына тура және жанама әсер етеді.

Қазақстанда болашағы бар және табысты кластердің бірі – туризм болып табылады. Туризм дамуы елдің экономикалық жағдайын жақсартуға және бір-бірімен өзара байланысты салалардың қалыптасуына да өз әсерін тигізеді. Нарықтық экономикасы бар елдерде туризм туристік қызметтердің экспортына бағытталған, дамыған индустрия ретінде орын алады.

Туризм көрсеткіштердің  экстенсивті өсімі – бұл елдердегі үлкен рекреациялық әлеуметімен тұрғынардың жоғары дәрежедегі білімілігімен де байланысты және олардың демалу үшін жаңа саяхаттарғы шығу үшін өз табысын пайдалану мүмкіндігін жоғары болуымен түсіндіріледі.

Мемлекет территорисына келіп жаткан туристердің 60 %-ның негізгі мақсаты – іскерлік қарым-қатынастар болып табылады. Демек, біздің мемлекетіміз шет ел инвесторлар үшін минералды шикізат ресурстары бар болу себебі тартымды аумақ болып табылады. Қазіргі таңда басты мәселелердің бірі кіріс және ішкі туризмді пайдаланып, бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру, халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, мемлекеттің және халықтың табыстарын өсіру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесі қызметтер орындалу керек:

  1. Туризм инфрақұрылымын дамыту;
  2. Туристік мемлекеттік реттеудің тиімді механизмдерін қалыптастыру;
  3. Еліміздің туристік тартымды имиджін қалыптастыру;
  4. Туристік әлеуетін жоғарлату және рекреациялық шаруашылық аумақтарын құру.

Бұл міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту, Қазақстандық турөнімді жылжытуды маркетингті қолдану, экологиялық және жастар туризмін қалыптастыру, туризмді ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, халықаралық қарым-қатынастар мәселелерін шешу қажет.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Рахымбаев А.Б., Сабатаева Б.О. «Менеджмент», Алматы 2006ж;
  2. Есімжанова С.Р., «Маркетинг», Алматы 2009ж;
  3. http://zan.zanmedia.kz;
  4. «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні бойынша дәрістері;

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Информация о работе Туристік фирмаларда жоспарлау жүйесін ұйымдастыру