Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 09:29, реферат
Туристік фирма - ол заңды құқықтық табысы бар, шетел және мемлекет азаматтарына туризм саласында төлеуақы, қызмет көрсететін мекеме.
Кіріспе.
Негізгі бөлім
Жоспарлау және оның түрлері
Туристік фирмада жоспарлаудың маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Туристік
фирмаларда жоспарлау жүйесін ұйымдастыру.
Тексерген:Темирова Сұлу.
Алматы, 2011ж
Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны болып кәсіпорын (фирма) табылады. Кәсіпорын (фирма) дегеніміз - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект. Ұйымдастыру формасына байланысты кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді, олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес, серіктестік, акционерлік қоғам.
Туристік фирма - ол заңды құқықтық табысы бар, шетел және мемлекет азаматтарына туризм саласында төлеуақы, қызмет көрсететін мекеме.
Кез- келген туристік кәсіпорын келесідей мақсаттардан тұрады:
Әрбір туристік фирма өз жұмыстарын заңмен берілген құқықтармен пайдаланады. Фирма меншігі жарғылық қоры, банкідегі төлеуақы шоты, жеке балансы, фирманың аты жазылған мөрі, туризммен айналысуға болатын рұқсат қағазы болуы керек. Туристік кәсіпорындар және олардың серіктестері арасындағы қатынастар өзара тиімді, қолайлы жағдайда келісім арқылы екі жақтық жазылған шарттарда анық көріну керек.
Кез - келген туристік фирманың қатал құрылысы жоқ, алғашқыда адам саны (2-3) болса фирма ұлғайған сайын адам саны да көбейе түседі.
Туристік фирма басшысының қызметі:
Туристік кәсіпорынның ішкі ортасы – бұл қызметкерлердің жиынтығы, кәсіпорынның ішінде жұмыс жасайтын және олардың ара қатынасы, қаржылық-шаруашылық саласы процесінде пайда болған. Кәсіпорынның ішкі ортасы көптеген факторлар жиынтығынан тұрады, және оларда ішкі деп аталады, кәсіпорынның нәтижелеріне және перспективалық дамуына ықпал етеді, себебі сол кәсіпорынның қызметі процесінде пайда болады.
Туристік кәсіпорынның сыртқы ортасы оның сыртқы қоршауындағы факторлар болып табылады, ұйымның жұмыс жасауларына тiкелей қатынасы болады.
Негізгі бөлім
Жоспарлау жүйеге ықпал ететін басқару процесі болып табылады. Жоспарлау арқылы белгілі бір мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны материалдық көздерімен оны жетілдіру анықталады.
Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау былай сипатталады:
Жоспарлаудың маңызы болып – қоршаған сыртқы орта факторларының әсерімен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып, мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдістерін таңдап алу болып табылады.
Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланысты болады.
Жоспарлау мынандай сұрақтарға жауап береді:
Басшылықтың алдындағы құрған мәселелер мен міндеттер әрдайым өзара байланысты әрекеттер жиынтығын талап етеді. Осы жағдайда жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып бірқатар кезеңдерін атап өтеуге болады:
1-кезең ұйымның нақтылы жағдайымен мүмкіндіктерін нарықтағы алатын орнын бағалау және бәсекелестер ортасын зерттеу орындалады;
2-кезеңде бастапқы мақсаттар шеңберінде жалпы ұйымның және оның әрбір бөлімшелерінің нақты міндеттері айқындалып, олардың орындалу мерзімі белгіленеді;
3-кезеңде анықталған міндеттерді орындауға қажетті іс-әрекеттер жиынтығы ұйымның ішкі ж»не сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру орын алады;
4-кезеңде өткізілген зерттеулер мен болжамдар негізінде қажетті баламаны таңдау арқылы жоспарды жасап шығару көзделеді;
5-кезеңде жоспарды жүзеге асырумен қажет болған жағдайда түзетулер мен енгізулер орындалады.
Жоспарлау ұйымның əртүрлі деңгейін қамтып ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Ұзақмерзімді жоспарлауда (15-20ж) фирманың мақсаты мен стратегиясы анықталады. Ал ортамерзімді жоспарлау (5 жылға дейін) қай жол арқылы мақсатқа жетуге болатынын шешу. Бұл жоспарларда ортақ кадрлық саясат, ортақ өндірістік стратегияны, ортақ қаржылық саясат, ортақ маркетингілік саясат анықталады.
Қысқамерзімді жəне ағымдағы жоспарлау (1 жылға) ширек, айға байланысты бірнеше формаға ие. Оның бірі ортақ мерзімді жоспарлауды нақтылап жəне қысқарту. Сонымен қатар бір жылға өндірістік жоспар, қаржылық жоспар маркетинг бойынша жоспар құрылады. Ағымдағы жоспарлаудың үшінші формасы саясатты формалдау, механизмді бақылау, болашақта болатын жағдайларға байланысты алдын ала компанияның жағдайын дұрыс анықтап алу керек.
Қазіргі кезде туристік фирмаларда стратегиялық жоспарлау, тактикалық жоспарлау, индикативтік жоспарлау, ұйым ішіндегі жоспарлау орын алады.
Стратегиялық жоспар қабылданған кезде ол бүкіл ұйымның болашағын анықтайды, нақтылы деректері мен негізделе отырып кәсіпорын айқындылығын білдіретін жағдайда жоғары басшылықтың ұйғарымен жүзеге асырылады. Аталған жоспар ұйымның барлық дамуын белгілей отырып, тек қана тұтас кешенді жиынтық ғана емес, сонымен қатар жағдайға қарай икемді болуы тиіс.
Стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың үлкен маңызы бар. Себебі, қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, мақсат пен жоспардың орындалуына мән береді.
Стратегиялық жоспар жүйесін функционалдау нəтижесі стратегиялық шешім бір-бірімен байланысты жоспарлау документтің жиынтығы, оларға стратегияның шешім мен қорларды үлестіру көрсетілген.
Ұйым болашақтағы өзгерістерді аянбай күтіп алу үшін ең маңыздысы мақсатты стратегияны, бағдарламаны анықтау, қорларды үлестіру болып табылады. Ал бұл өзгерістер стратегиялық жоспардың маңызды нəтижесі ретінде қызмет етеді жəне ғылыми-зерттеу жоспары жұмысы (ҒЗЖ) болып кірісуі мүмкін.
Стратегиялық жоспарлау негізгі стратегиялық бағыттарды, мемлекеттік органның мақсаттары мен тапсырмаларын үшжылдық кезеңге оған бөлінетін бюджеттік лимитпен өзара байланысында анықтайды, алға қойылған мақсаттар мен тапсырмаларға қол жеткізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, қаржылық және техникалық өзара байланысты іс-шаралар кешенін белгілейді.
Стратегиялық жоспар «болашаққа көпір» болып есептелінеді жəне ұйымның қазіргі жағдайынан қандай болу керек ауысу жағдайына пайдаланады. Стратегияның жоспарында үш стратегия түрі бөлінеді: баға бойынша көшбашылық, дифференциал жəне фокустау.
Баға бойынша көшбасшылық – бұл алатын қызметімен товары үшін өзі төлегісі келетін тұтынушылардың пайдасына бағытталған стратегия. Бұл стратегия бойынша төмен шығын мен үлкен көлем атынан ұйымды төмен баға қалыптасады.
Дифференциал– бұл стратегия кең таңдау мүмкіндігімен жоғары деңгейдегі сапаға көп ақша төлегілері келетін тұтынушыларға арналған.
Фокустық стратегия – ұйымдарда нарықтың нақты аумағында шоғырландыру үшін жəне тұтыншыларды ерекше сұрақтар тарту үшін қолданылады.
Тактикалық жоспарлаудың сипатты белгілері:
Кәсіпорындарға жоспарлар жүйесі барлық қызметті орындауға әрқилы басқару саласының нақтылы шектелген әр жекеленген жоспарлардан тұрады. Осыған орай фирмада тактикалық жоспарлар шегінде арнайы қабылданған өндірістік жоспарлар, , шикізат жоспары, еңбек күшінің жоспары, маркетинг кешенінің жоспары, қысқа мерзімді қаржы жоспары орын алады.
Бұл жоспарды сонымен қатар «ағымдағы қызмет жоспары» жəне «табыс жоспары» деп те атайды. Олар шығарып жатқан тауар мен қызмет өндірістік жаңа нарыққа кіру шарттарына бағытталған.
Ағымдағы қызмет жоспары əр функционалдық зонаның жоспарымен күшейеді: қаржы, өндіріс, сатып алушылар жəне т.б.
Бұл жоспарлар стратегиялық жоспардың бөлігі болмаса да, стратегиялық жоспарға байланған.
Тактикалық жоспар стратегиялық жоспардың бөлігі болмаса да, стратегиялық жоспарға байланған.
Тактикалық жоспар стратегиялық жоспардың іске асуына негізгі құрал ретінде жұмыс ісейді, жəне ең соңғылардан ерекшеліктері бар, оны біз жаттығулық жұмыста есепке алуымыз керек. Олар:
– тактикалық жоспарлар толығымен стратегиялық жоспарлармен өңделеді;
– тактикалық жоспарды өңдегенде мынандай принцип ұстанады: «Кім жоспарларды орындайтын болса, сол оны оңдейді». Басқалай айтқанда егер стратегиялық жоспарды жəне шешімді ұйымдағы жоғары басқару қабылдаса, онда тактикалық жоспар орта басқару деңгейінде өңделеді;
– тактикалық жоспар, ереже бойынша қысқа мерзімге жасалынады стратегиялыққа қарағанда, сондықтан оның жүзеге асыру тез жəне шыққан өзгерістерге байланысты тез шара қабылданады.
Информация о работе Туристік фирмаларда жоспарлау жүйесін ұйымдастыру