Шағын бизне проблемалары және шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 16:14, реферат

Описание работы

Шағын кәсіпорын өзінің іс- әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Олардың негізгі проблемалары – ресурстық базасын жетіспеушілігі: материял- техникалық және финанстық. Шың мәніңде халық шаруашылығында бос жерге кең және жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алап кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің басында артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастайтын кәсіпкерлер болуы үшін, қаражаттары болу керек еді. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті.Сондықтан өз ісің жүргізу үшін тек қана несие керек. Оны кім береде?
Шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенрлік базасы жоқ деуге болады. Шағын кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін терең жасайтын жүйе жоқ.

Работа содержит 1 файл

Шағын бизне проблемалары және шешу жолдары.doc

— 269.50 Кб (Скачать)

Импорт алмастыру бағдарламасына сәйкес кәсіпорынның босаған алаңдарында шағын бизнес кәсіпорындарын орналастыру арқылы тауарлардың жаңа түрлерін өндіру жөнінде ұсыныстар кәсіпорын бағдарламаларына енгізілуі тиіс.

1.      Шағын кәсіпкерліктің сыртқы ортасының факторларын басқару дегеніміз – шағын кәсіпорынның қызметіне аса қажетті  сыртқы ортаның жаңа элементтерін (мысалы, ірі және кіші бизнес арасындағы кооперациялық байланыстар жүйесі) құрып, бүгінгі күнге дейін қалыптасқан факторларының озығын жетілдіру және келеңсіздеріне тосқауыл қою.

2.      Жекелеген шағын кәсіпорындарға тікелей қолдау көрсету – арнайы инфрақұрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда:

–        қаржылық институттар (шағын кәсіпкерлікті қолдау қорлары, арнайы банктер, қаржы сақтандыру қорлары);

–        лизинг компаниялары;

–        бизнес-инкубаторлар, технопарктер, кластерлер, өнеркәсіп компаниялары және тағы басқалары;

–        шағын кәсіпкерлікті дамытудың агенттіктері мен орталықтары;

–        технологияларды тарату орталықтары;

–        ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері;

–        оқу орталықтары;

–        бухгалтерлік, аудиторлық, жарнамалық, маркетингтік, көлік және басқа да қызметтер көрсету жөніндегі арнайы фирмалар, мамандар таңдауға жәрдемдесетін агенттіктер.

3.  Қолдау жүйесінің ұйымдастырылуы мен жетілдірілуі-қолдау көрсетудің нақты стратегиялық бағыттарын анықтаумен тығыз байланысты. Қолдау жүйесін ұйымдастыруда мемлекеттік бақылау құрылымдары мен олардың қызметіне бақылау жасаудың тәртібін белгілеп алудың маңызы ерекше. Жүйенің басым бағыттарын ырғақты дамыту арқылы кең қанатты интеграциялық өркендеуге қол жеткізуге әбден болады.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесінің жоғарыда қарастырылған үш деңгейінің арасында да тығыз байланыс бар. Республикалық деңгейдегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары құқықтық нормативтік және әдістемелік көмек көрсетіп қоймай, аймақтық, және жергілікті деңгейдегі қолдау құрылымдарына тікелей қаржылар аудару арқылы да жәрдемдесуге тиіс.

Республикалық шағын кәсіпкерлікті дамыту шараларын жетілдіру үшін:

-         салықтық есеп қағидалары мен төлеу процедуралары, салық салу базасын, салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістерді жылына бір реттен жиі емес мемлекеттік бюджетті қабылдауға байланысты енгізуді шектеу және оны күнтізбелік жыл басына енгізу;

-         қаржы операцияларын қолма-қолсыз есеп айырысу жөніндегі барлық қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;

-         несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;

-         шағын кәсіпкерлікті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты- олардың әлеуметтік-экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ынша бірнеше нақты шараларды іске асыру қажет.

Бірінші шара – шағын кәсіпкерліктің мүдделерін қорғайтын салық реформасын жасау керек, атап айтқанда, біріншіден, экономиканың бұл секторына мемлекет тарапынан таза фискальдық көзқарасты өзгерту; екіншіден, тиімді инвестициялар тарту үшін салық жеңілдіктерін енгізу.

Кәсіпкерлерді мемлекет қылмыстық құрылымдардан қорғауы тиіс. Сонымен қатар, кәсіпкерлер өздерінің қоғамдық ұйымдарын мемлекеттік, аймақтық, жергілікті деңгейлерде құрып, өз-өздерін кәсіби жүйе арқылы қорғай алса құба-құп. Құқық қорғау органдары мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты жан-жақты қолдап-қорғаған жөн.

Шағын кәсіпкерлікті құқықтық қолдауда қолданыстағы заң құжаттары талаптарының сөзсіз орындалуын және олардың мазмұнының ведомстволық ережелермен бұрмаланбауын қамтамасыз ету қажет.

Кәсіпкерлердің тауар өткізу нарығын кеңейту үшін мемлекет мұқтаж өнімдерді шығаруға оларды тікелей қатыстыру керек. Мемлекет мұқтаж өнімдерді  шығаруға шағын кәсіпкерлік нысандары үшін міндетті түрдегі кіші квота енгізу – тауар өткізу нарығындағы шағын кәсіпорындардың тұрақтылығын нығайта түседі. Сондай-ақ ойға қонымды протекционизм мен импортқа квота енгізу де шағын фирмалардың «тынысын кеңейте түспек».

Екінші шара-шағын кәсіпкерлікке қаржылық жәрдем беретін арнайы қаржылық қорларды құру. Бұл қорлардың шағын кәсіпорындардың қаржылық қауқары мен «ірге тасына» қарай, тіпті, несие алуға кепілдік бере алатындығы мақұл.

Үшінші шара-монополияға қарсы күрес, әділетті бәсекелестік орнату, тұтынушылар құқығын қорғау, осыларды іс-жүзінде жетілдіру үшін республика бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін жасау.

Расында, шағын кәсіпкерлікті экономиканың мықты буынына айналдыру үшін оның қуатты инфрақұрылымдары ауадай қажет.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың ең соңғы – үшінші Мемлекеттік бағдарламасына байланысты пікірімізді мейлінше жұмсақтап жеткізе отырып, еліміздің белгілі ғалымдарының ой-пікірлері негізінде әзірленген шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін ұсынып көрейік .

Әлемдік дамыған елдерінде шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау саясатының басты мақсаты – қолайлы орта қалыптастыру. Бұл негізде мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарық инфрақұрылымының дамуы, интеллектуалды меншікті қорғаудың тиімді жүйесі; жеңілдетілген әкімшілік шаралар, салық каникулдары тағы басқалары басты нысанаға алынады.

Салалық министрліктер мен комитеттердің өз қызметтерін шағын кәсіпкерлікке қатысты тиімді ұйымдастыруы арқасында ведомстволық қолдау көрсетуге әбден болады. Бұл шараға ірі отандық кәсіпорындар мен трансұлттық компаниялар да қатыса алады.

Шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін несиелеудің жаңа схемаларына көшіп, инвестициялық климатты дамыту керек. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қажетті инфрақұрылымдарын құру-мағынасы терең мәселе. Айталық, шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының тікелей міндеттерінің бірі-осындай құрылымдар қалыптастыру болатын. Өкінішке орай, бұл Дамыту қоры халықаралық ұйымдардың қаржыларын тартумен ғана айналысуда. Бұл Дамыту қоры кәсіпкерлердің қолы жетпейтін «Қытай қорғанына» ұқсас құрылымға айналды.

Егер мемлекет тікелей қаржы-қаражат бөліп, шағын кәсіпкерлікке көмектесе алмаса, мемлекеттік тапсырысты қатыстырып, әсіресе, өндірістік саланы дамытуға сөзсіз ықпал ете алады.

Біздің ойымызша, Дамыту қоры өзінің тікелей міндеттерімен бірге мынадай мәселелерді шұғыл шешу керек:

-         жергілікті билік органдарымен қарым-қатынас орнату арқылы жылжымайтын мүліктер мен ғимараттар алу. Сол аймақтардан бизнес-орталықтарын ашып, кәсіпкерлерге нақты ақылы-кеңестер көрсету, бизнес-жоспарлар әзірлеуге жәрдемдесу және несиелер бөлу;

-         шағын кәсіпкерлер басқа қаржы институттарынан несиелер алғанда, оларға кепілдік беруді тәжірибеге енгізу және Дамыту қорынан несие алуға қажетті құжаттардың тізімін барынша ықшамдау қажет.

 

 

 

Сурет 4 – Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік жүйесі

 

Ескерту – автормен құрастырылды

 

Шетелдік нарықтық экономиканың тәжірибелері шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдауда лизингтік және франчейзингтік қарым-қатынастардың қолайлылығын да дәлелдеді. Біздіңше, шағын кәсіпорынның ірі орталық және шетелдік компаниялардың құрал-жабдықтарын, қаржы-қаражаттарын, технологияларын пайдалану арқылы дамуы да тығырықтан шығудың бір жолы іспетті.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуда лизингтік несиелендіру көмегімен өндірісті қалыпқа келтіруге болатыны шетел тәжірибелерінен белгілі. Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды. Лизинг 100% несиелеуді ұсынады, кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады. Мұның барлығы шағын кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосады.

Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуы елдегі қолайлы әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси еркі қалыптасқанда ғана мүмкін болады. Өз кезегінде ерікті қолдау мен нығайту шағын кәсіпкерліктің кең ауқымды дамуына жол ашады.

 

Қорытынды

 

Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін  несиелеуді дамыту мен жетілдіру мәселелеріне байланысты теориялық және әдістемелік зерттеулер негізінде келесідей тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға болады:

1. Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін  несиелеу тәжірибесін зерттей келе бұл тәжірибелердің озық шетел тәжірибелерінен алынғандығы анықталып отыр. Қазақстан Республикасының ішкі қүрылымдық және географиялық орналасу ерекшеліктері ескеріліп, экономика салаларын несиелеу барысында әрбір салаға тиімді келетін несие түрлері коммерциялық банктермен, несиелік серіктестіктермен және баса да несиелік мекемелермен өздерінің шарттары бойынша ерекшеленіп бүгінгі таңда шағын және орта бизнес субектілерін несиелеуде қолданылуда.  Осы несиелерді алу мен қайтару барысындағы жағымды және кедергі болатын факторлар анықталып ұсынылып отыр.

2. Жалпы Қазақстан  Республикасының жаңа экономикалық саясатқа бағдар алуына байланысты, күнделiктi өмiрiмiзде орын алған шағын және орта бизнес секторының ел экономикасын көтерудегi басты қағидаларына тоқталып өттiм. Шағын бизнес экономикалық өсудiң басты факторы екендiгi анық, олай болса  оны неге әлемдiк  деңгейге көтермеске. Сондай ақ шағын және орта бизнес өзiнен өзi дамитын механизм емес, оған әрине мемлекет, қоғам,  әрбiр тұлға жағдай жасауға талпынулары қажет. Өйткені еліміздің жерінің өте үлкен аймақтарды алып жатуына байланысты шағын бизнесті дамыту мүмкіндігі мен қажеттігі ешкімнің қарсылығын туғызбауы керек. Еліміз аграрлық мемлекет болғандықтан шағын және орта бизнесті ұйымдастыруды және несиелеуді ауылдардан бастау және қолдау керек екендігі зерттеу барысында атап айтылды.

3. Шағын бизнестiң дамуының бiрден бiр көзi болып банктiк несие табылса, сол несиеге қалайша қол жеткiзуге болатындығы, оны тиiмдi пайдаланып, дер уақытында банкке қайтару мәселелерi жұмыста зерттеліп қарастырылды. Тәжiрибе жүзiнде шағын бизнес субъектiлерiнiң банктiк ресурстарға мұқтаж болуы бүгiнгi күннiң көкейтестi мәселелерiнiң бiрi екендiгi аталып, шағын бизнестi несиелеуге құштарлық танытпай отырған банктердi қалайша ынталандыруға болатыны жайында пікірлер айтылды. Сонымен бірге, нақты жоба бойынша, банктiк несиеге арыз берген заңды тұлға жобасының үлгiсi бойынша несие мақсаты, несие мерзiмi, несие қайтарымдылығы, несиенi қамтамасыз ететiн кепiл мүлкiн  бағалау негiздерiмен қатар, бұл құжаттардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес рәсiмделуi, қарызды беру, қайтару механизмдерi зерттелді.

4. Қазақстанда кеңiнен орын алып келе жатқан шағын бизнестi шетелдiк банктердiң көмегiмен банктер және әртүрлі шағын және орта бизнесті дамыту қорлары арқылы, мысалы Еуропалық Даму және Қайта Құру банкiнiң бастамасымен,  Қазақстан Республикасында шетел инвесторларының шағын бизнестi көтеру бағдарламасына, оның тәртiбiне  тоқталып олардың қызметіндегі тәжірибелік материалдар талданылды.

5. Банктердiң шағын кәсіпкерлік субъектілерге несие ұсынуының тиiмдiлiгiн арттыру негiзiнде ынталылығын көтермелеу үшiн,  несиелердiң қайтарылмау  ықтималдығын, олардың жоғары тәуекелге баруын төмендету шараларын үнемі жасап отырған жөн. Ол Қаржыгерлер Ассоциациясы, коммерциялық банктер, қаржылық қолдау қорлары және мемлекет тарапынан іске асырылуы тиіс. Қарыз алушының – шағын бизнестiң тұрақты жұмыс жасауымен қатар өз бизнесiн жандандыру мақсатында несие алуы, және оны уақытында қайтару процестерi ғылыми-тәжірибелік дәрежеде зерттелiнуі қажет. Осы секторды көтермелеу арқылы өндiрiстi жандандыру, оның iшiнде Қазақстан экономикасының сыртқы тәуекелдiлiгiн қысқарту мен отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мәселелері осы зерттеу жұмысының басымды бағыты болып табылды.

6. Алдағы жоспарланған Қазақстан экономикасының модернизациясы кәсіпкерлік саласында өзара байланысты мәселелерді шешуді көздейді. Сонымен, мемлекет салық режимін «тек өнеркәсіптік саясаттың көп аспаптарының бірі ретінде қолдануы» қажет. Бәсекелестікті дамыту мәселесі кәсіпкерлікті дамытуда басты мақсат болуы қажет. Шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен ынтымақтастығына ықпал ететін әкімшілік және нормативті алғышарттарды құру қажет. Ол келешекте ірі кәсіпорындардың кіші бизнестің «тапсырушысы және локомотиві» қызметін атқаруға мүмкіндік тудырады. Мемлекеттің қатысуымен жеке копорацияларды құру және соның негізінде ірі аймақтық холдингтерді құру аймақты даму мақсатында инвестицияларды тарту мүмкіндігін тудырады. Олардың әрекетіндегі негізгі бағыттар «аймақтағы тауарға және шағын және орта кәсіпорындардың қызметтеріне қатысты сұранысты, кірісті және ұзақ мерзімді негізде құру» болып саналады. Ұтымсыз кәсіпорындарды қайта құру және қалпына келтіру әлеуметтік – кәсіпорындық корпорацияларды құруға бағытталуы қажет. Бұл корпорациялар өз кезегінде «нарыққа қажетті өнеркәсіп пен жаңа технологияларды» дамытуға ықпалын тигізуі қажет. Мемлекет экономиканың түрлі саласына кәсіпкерліктер мен капиталдардың қатысуларының бәсекелестік негіздерін  құруға бағытталған кәсіпкерлік мәдениеттің дамуына ықпалын тигізуі қажет. Осы аталған мәселелер зерттеу барысында нақтыланды.

7. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуына салық заңнамасының жетілдірілмеуімен, түрлі заңдық актілерде құқықтық нормалардың шашыраңқы орналасуымен, инфрақұрлымның, бизнеске қолдау көрсетудің жетілдірілмеуінен, бизнес ақпаратқа қол жетудің әлсіз болуымен, кәсіпорынды қолдау жөнінде мемлекеттік шараларды жүйелік түрде жүзеге асырумен және т.б. байланысты бірқатар проблемалар кедергі тудырады. Аталған проблемаларды тиімді шешу мақсатында бірқатар кұрлымдық шараларды қолдану қажет. Біріншіден, заңнаманың анықтығын қамтамасыз ету қажет. Қазіргі кезде қолданыстағы жүрген түрлі заңдық актілер басқа салалық заңда берілген қандай да болмасын прогрессивті идеяны жойып жіберуі мүмкін. Екіншіден, жеке кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу көлемдері ұлғайтылуы қажет. Үшіншіден, шағын бизнес кәсіпорындарына салынатын салық мөлшерін, экономикадағы көлеңкелі бизнес көлемін және әкімшілік тарапынан болтын тексерістерді азайту керек. Аталған мәселелер зерттеуде орын тапты.

Информация о работе Шағын бизне проблемалары және шешу жолдары