Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 16:14, реферат
Шағын кәсіпорын өзінің іс- әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Олардың негізгі проблемалары – ресурстық базасын жетіспеушілігі: материял- техникалық және финанстық. Шың мәніңде халық шаруашылығында бос жерге кең және жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алап кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің басында артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастайтын кәсіпкерлер болуы үшін, қаражаттары болу керек еді. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті.Сондықтан өз ісің жүргізу үшін тек қана несие керек. Оны кім береде?
Шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенрлік базасы жоқ деуге болады. Шағын кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін терең жасайтын жүйе жоқ.
Шағын бизнесті дамытудағы және жұмысбастылық мәселесін шешудегі мемлекеттік саясатты жасап, жүргізу үшін жоғарыдағы факторларды бөліп көрсетуге болады. Аталған факторлар өз кезегінде шағын бизнестің дамуын тежейтіндіктен бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға мүмкіншілік береді.
Кесте 2 – Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымының өзгеру деңгейі
Көрсеткіштердің аталуы | Жылдар | 2007/ 2002 жылға, % | |||||
2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | ||
1. Тіркеуге алынған ШКС саны, соның ішінде: | 514,4
| 331,5
| 372,5
| 388,2
| 408,5
| 449,9
| 87,4
|
шағын кәсіпорындар, мың бірлік | 318,4 | 109,0 | 110,1 | 111,7 | 103,2 | 114,8 | 36,0 |
жеке кәсіпкерлер, мың бірлік | 196,0 | 225,5 | 262,5 | 276,6 | 305,2 | 335,1 | 171,0 |
2. Қызмет ететін ШКС, саны мың бірлік, соның ішінде: | 248,2
| 280,9
| 329
| 353,7
| 382,2
| 376,4
| 151,6
|
- шағын кәсіпорындар, мың бірлік | 52,2 | 58,4 | 66,5 | 77,0 | 77,0 | 97,1 | 186,0 |
3. Тіркеуге алынған субъектілердің жалпы санындағы қызмет ететін ШКС үлесі, %соның ішінде: | 48,3
| 84,7
| 99,2 | 91,1
| 93,7
| 83,7 | 173,3 |
- шағын кәсіпорындар үлесі, % | 10,1 | 17,6 | 17,9 | 19,9 | 18,8 | 21,6 | 213,9 |
4.Тіркелген шағын кәсіпорындардың жалпы санындағы қызмет ететін шағын кәсіпорындардың үлесі, % |
16,4 |
53,6 |
60,5 |
69,0 |
74,5 |
84,6 |
515,8 |
Ескерту – ҚР шағын кәсіпорындары қызметінің негізгі көрсеткіштері, 1 бөлім, 2007 ж. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде автормен құрастырылған |
Шағын және орта бизнес қызметін арттырудың негізгі нәтижелері кестеде көрсетілген. 2002 жылды базалық жыл деп алып 2007 жылмен салыстыратын болсақ, соңғы жылдары тіркелген кәсіпорындар мен қызмет ететін бизнес субъектілерінің әлдеқайда азайғанын байқауға болады. Мысалы, тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері 22,6%-ға төмендеген.
2002 жылы тіркеуге алынған ШКС жалпы саны 514,4 мың бірлікке тең болса, оның ішінде шағын кәсіпорындар үлесі 61,9 %, жеке кәсіпкерлер, соның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтары 38,1%-ды құрайды. Бұл жылы 318,4 мың шағын кәсіпорындар тіркеуге алынды, олардан тек 16,4% ғана қызмет ететіндер. Көріп отырғандай, жыл ішінде «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» негізгі заңдарды қабылдау нәтижесінде ШКС санының күрт өсуі байқалады.
2002-2007 жылдар аралығында шағын кәсіпкерлік сферасындағы жұмыс істейтіндер саны 930,7 мың адамнан 1407,6 мың адамға дейін немесе 51,2% көбейді. Жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санының өсу қарқыны шағын кәсіпорындарға қарағанда жоғары.
Егер, 2002 жылда, яғни базалық жылда қарастырылып отырған субъектілердің жұмыскерлер саны өзара тең болса, онда 2007 жылы жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер саны 715,4 мың адамға тең, ал шағын кәсіпорындарда 692,2 мың адам, ол жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санынан 23,2 мың адамға жоғары.
Көп өңірлерде кәсіпкерлердің біліктілігі мен оларды оқыту проблемасы шешілмеген күйде қалуда. Жүргізілген талдау шағын кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары өткен жылдардың тәжірибесі негізінде жүйелеу жолымен экономикалық, құқықтық және институтционалдық – құрылымдық реформаларды тереңдету қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн субъект – екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны – тарихи қалыптасқан жағдай. Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілерінің екiншi деңгейдегi банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылады. Алғашқы құрылу кезінде шағын бизнес несиесіз өз жұмысын атқара алмайды.
Қазіргі кездегі республикадағы шағын және орта бизнесті несиелеуді дамытуға кедергі болып отырған негізгі факторлар мыналар:
– несие алу барысындағы шарттардың қатал болуы;
– несиенің мерзімі мен пайыздық ставкаларының бизнеске қолайсыздығы;
– несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сақтандыру қажеттігі;
– коммерциялық банктердің кепілге қоятын талаптарының жоғарылығы;
– әлемдік несие нарықтарындағы дағдарыстар әсерінен несиелік ресурстарға қол жеткізу қиындықтары және коммерциялық банктердің жеке ресурстарының аз болуы;
– мемлекеттік инвестициялық-несиелік институттардың ресурстарының тиімсіздігі;
– мемлекеттің казына қоры арқылы шағын және орта бизнесті несиелеуге бөліп отырған қаражатының аз болуы және оның шарттарының қолайсыздығы.
Банктер кез келген уақытта, қарыз алуға ниет бiлдiрген субъектiлердi несиелеген кезде пайда болатын несиелiк тәуекелге ұшырайды. Жалпы отандық несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді (3-кесте).
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.
Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Өйткені, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар дайындауда қиыншылықтар жеткілікті.
Кесте 3 – Банктердің кәсіпорындарды несиелеуге әсер ететін факторлардың топтамасы
Банк тұрғысынан | Кәсіпорын тұрғысынан |
1. Кепілзатпен қамтамасыз етудің болмауы | 1. Несиеге деген жоғары пайыздық мөлшерлеме |
2. Несиені қамтамасыз етудің өтімсіздігі | 2. Несиелердің қысқа мерзімділігі |
3. Қарыз алушы-кәсіпорынның қанағаттанғысыз қаржылық жағдайы | 3. Несиені өтеу кезінде жеңілдік кезеңінің жоқтығы |
4. Қарыз алушы-кәсіпорынның ақпарат тық жабықтығы | 4. Құжаттарды дайындау процедурасының ұзақтығы |
5. Қарыз алушы-кәсіпорынның нақты несие тарихы туралы ақпараттарға қол жетпеушілік | 5. Кепілдің бағалау құнын оның нарықтық құнынан кемітіп көрсетуі |
6. Банк менеджерлерінің ұзақ мерзімді несиелермен жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ болуы | 6. Кәсіпорын менеджерлерінің ұзақ мерзімді несиелерді рәсімдеу бойынша жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ болуы |
Ескерту – автормен құрастырылған |
ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, қарастырылған алты жыл аралығында, ШКС берілген несиелердің ағымдағы портфелі 145,4 млрд теңге құрады. Қысқа мерзімді несиелер үлесі 55,9%, орта және ұсақ мерзімді несиелер – 44,1%-ға тең. Қысқа мерзімді несиелер үлес салмағының жоғарылығы екінші деңгейдегі банктердің тез айналатын сауда-делдалдық операцияларды несиелеудегі қызығушылығын көрсетеді.
Орта және ұзақ мерзімді несиелердің төменгі үлесі өндіріс және ауыл шаруашылық секторын қаржыландыру қызығушылығының жоқтығын көрсетеді, ол кепілдікке қойылатын мүліктің жоқтығына, несиелерді алудағы құжаттарды реттеу қиыншылықтарына және банктердің басқада талаптарына байланысты. Жалпы алғанда 2002-2007жж. аралығында ШКС несиелеу өсу үрдісіне ие болып келді
Кесте 4 – ШКС несиелеудің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейі
Көрсеткіштердің аталуы | Жылдар | |||||
2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | |
Экономика салалары бойынша барлық несиелер, млрд теңге с.і. – ШКС | 71,6
22,9 | 93,4
24,3 | 148,8
39,9 | 276,2
74,2 | 489,8
122,0 | 672,4
145,4 |
Несиелеу мерзімдері бойынша ШКС несиелері, млрд теңге - қысқа мерзімді - ұзақ мерзімді |
20,1 2,8 |
17,7 6,7 |
20,4 19,5 |
40,1 34,1 |
60,2 61,8 |
67,6 77,8 |
ШКС барлық несиелері,млрд теңге - ұлттық валютада - шетелдік валютада |
13,0 9,9 |
17,1 7,2 |
2,3 17,6 |
40,7 33,5 |
75,4 46,6 |
53,2 92,2 |
Ескерту – Қазақстанның ұлттық банкінің 2002-2007 жылдардағы жылдық есептері мәліметтері негізінде автормен құрастырылған |
Қарастырылған аралықта елдің экономикасына бағытталатын несиелердің жалпы сомасының базалық кезеңмен салыстырғанда 2007 жылы 71,6 млрд теңге-ден 672,4 млрд теңгеге дейін немесе 9,4 есеге, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері 22,9 млрд теңгеге немесе 6,3 есе өскенін көреміз. Несиелеу аумағының күрт кеңейуі біріншіден 1997-1998 жылдары субъектілердің нормативті-құқықтық базасын дайындаумен; екіншіден, ШКС тез қарқында өсуімен түсіндіріледі. Елде қысқа мерзімді несиелеу көлемдерінің 20,1 – 67,6 млрд тг немесе 47,5 млрд теңге сомасына жоғарыласа, өз кезегінде орташа және ұзақ мерзімді несиелеу 2,8-ден 77,8 млрд теңге немесе 75,0 млрд теңге ұлғайды.
%
Сурет 2 – Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу динамикасы, %
Ескерту – ҚР ҰБ-ның Статистикалық бюллетені мәліметтері бойынша автормен құрастырылған
Сонымен қоса, ұлттық валютада несиелеу көлемдері 13,0-ден 53,2 млрд теңге дейін немесе 309,2%, ал шет елдік валютада несиелеу көлемдері 9,9-дан 92,2 млрд теңге дейін немесе 9,3 есе өседі. ШКС белгілі бөлігі несиелерді шетелдік валютада алуды ұнатады. Сөйтіп, 2004 жылы ұлттық валютадағы несиелердің үлесі 36,6% тең болды, ал шетелдік валютада 63,4%. Осыған қарамастан, ШКС бөлінетін несиелердің үлес салмағы 31,9-тен 21,6% дейін төмендеді.
Соңғы екі жылда Республиканың бюджеттік қаржыларынан шағын кәсіпкерлік мұқтаждарына 50 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, әрбір облыс пен аудандар экономиканың осы секторын жергілікті бюджеттерден қаржыландыруды жүзеге асыруда.
Азия даму банкінің (АДБ) қаржылық бағыты аймағында 67 жоба 37,7 млн АҚШ долларына қаржыландырылады. ЕБРР займын игеру басында 20285 жоба 139,98 млн АҚШ долларына қаржыландырылды, оның 58,3% – микро несиелер (1915 жоба 81,57 млн АҚШ долларына) және 41,7% шағын несиелер (1134 жоба 58,41 млн АҚШ долларына). АДБ несиелік қаржыларына ауыл шаруашылық кісіпкерлерінің кең қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында несиелерді беру құрылымы өзгертілді, яғни нақты несиелердің сомасынан айналым қаржыларын толықтыруға бағытталатын, несиелер үлесі 20-дан 60%-ға дейін ұлғайтылды.
Сондықтан, екінші деңгейдегі банктердің жүргізіп жатқан несие саясатының арқасында да соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер көлемінің қарқынды өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік туды: республикада ЕДБ-нің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің жиынттық мөлшері 2007 жылдың ақпан айында 205 322 млн теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің аймақтары бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелерінің құрлымында дербес кәсіпкерлік қаласы – Алматы ең үлкен орынды алады. Ресми статистика мәліметтері бойынша (2007 ж.) Алматы қаласында 27677 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде сауда саласында – 13764 (50,3%), өнеркәсіпте – 2742 (9,8%), құрылыста – 2661 (9,5%), көлік пен байланыста – 1820 (6,5%), қонақ үйлер, мейрамханалар және басқа да қызмет түрлері – 6690 (23,8%).
Информация о работе Шағын бизне проблемалары және шешу жолдары