Маркетингтегі баға саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 18:12, реферат

Описание работы

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3-4

І.Маркетингтегi бағаны қалыптастыру

1.1. Бағаны нарықтық шаруашылық категориясы ретінде
қарастыру.................................................................................................................4-5

1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері.......................................................5-6

ІІ. Баға жөніндегі шешімдерге әсер етуші жайлар

2.1. Бағаға әсер ететін факторлар және олардың тәсілдері................................6-10

2.2. Баға саясатының мақсаты.............................................................................10-11

2.3. Баға саясатының түрлері..............................................................................11-13

ІІІ. Бағаны тұрақтандырудың модельдері

3.1. Бағаны мемлекеттік реттеу..............................................................................14

3.2. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері...................................15

Қорытынды..............................................................................................................16

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................17

Работа содержит 1 файл

маркетинг реферат 1.doc

— 142.00 Кб (Скачать)

 5. Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету. Оны жеке өндірушілердің шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік жәрдемақы құрайды.

 Қазақстан Республикасының  халықаралық экономикалық қатынастарын  дамытуда орталықтандырылған валюта  қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта – теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекет аралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.

 

 

 

 

 

3.2. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері

 

Нарық экономикасына  өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР бағаны тұрақтандыру маңызды роль атқарады.

Қазіргі уақытта қалыптасқан  екі деңгейлі банктік жүйенің  қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.

Қазақстан өз тәжірибесінде  көптеген баға тұрақтандыру мәселелеріне байланысты басты сұрақтардың шешімін тиімді етіп шешіп келеді және шешу үстінде. Осы тұрғыда мемлекет баға тұрақтандыру шараларын қалыптастырып үлгерді.

 • Банкноталарды  монополиялы түрде эмиссиялау;

 • ақша-несиелік  қатынастарды реттеу;

 • сыртқы экономикалық  қатынастарды жүргізу;

 • банктердің қызметін  жүйелеу;

 • үкімет тарапынан  бағаны қадағалау және т.б..

Ақша-несиелік саясат жүргізу  үшін мемлекет заңды бекітілген құралдары  мен операциялар арқылы жұмыс  жасауда, олар: қайта қаржыландырудың  ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б.

Оларды пайдаланудың тиімділігін республикада 2001-2004 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен (6,4-6,8%) шамалауға болады.

Сонымен қатар болашақта  артық өтімділікті «депозиттерге  тарту» Ұлттық банктің басты құралы болатын жоспары бар. Алайда инфляциялық қысым көзі сырттан (сыртқы валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті шексіз азайту бұл операцияның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы түсімдерді реттеу бағытында шаралар қолдану қажет.

Институционалдық жағынан  қарасақ несие жүйесі валюта қаржы  мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Ақша-несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.

 Қазіргі нарықтық  экономикада зейнеткерлер қоры, сақтандыру компаниялары, өзара қорлар, инвестициялық банктер, ипотекалық банктер, қарыз сақтау ассоциациялары және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландырған бұл институттар капиталды тиімді орналастыру және қорлану процесіне белсене қатысады.

 

Қорытынды

 

Қорытып айтатын болсақ,басқару тетігінің экономикалық тұтқаларының ішінен басты орынды фирманың экономикалық қызметін барлық жағынан бейнелей алатын баға жəне баға белгілеу алады. Еліміздің Бүкілəлемдік сауда ұйымына кіруге талпыныс жасап отырған уақытта, кəсіпорынның баға саясатында ұстанып отырған бағыты, ішкі жəне сыртқы нарыққа өнім шығару мүмкіндіктері оның алдағы бəсекелік қабілетін айқындайтын шешуші фактор болмақ.

Маркетинг кешенінің  бір маңызды элементтерінің бірі – баға.

Баға – тауар құнының  ақшалай түрде көрінуін білдіреді, бірақ құнымен ешқашанда дәл  келмейді, өйткені оған көптеген түрлі факторлар әсерін тигізеді: өнімдерге деген сұраным, бәсеке қабілеттілігі, кәсіпорынның нарықта алатын жағдайы және тағы басқа кейбір кездерде кәсіпорын өзінің нарықтағы «беделін» қолданып, өнімдерін жоғары бағамен сатады, ал кейбір уақытта төмен бағамен еріксіз қанағаттануына тура келеді, бірақ бұл жайлар оның өнімдерінің төмен бәсеке қабілетті екендігі туралы куәландырмайды.

Баға белгілеу – тауарлар мен қызметтерге бағаны қалыптастыру процесі.

Нарықтық шарттарда  баға белгілеуге көптеген факторлар  әсер етеді: тұтынушылар, мемелекет, бәсекелестер, шығындар, ит өткізу арналарына қатысушылар.

Баға және баға саясаты барған сайын рөлі өсе түсіп, маркетинг қызметін басты құраушылардың бірі болып табылады. Баға басқа маркетинг элементтерімен және фирмалардың қызметімен тығыз байланыста болады. Фирмалар үшін баға – неғұрлым маңызды көрсеткіш, өйткені оның негізігі қызметі – тауарларды өткізуден пайданы қамтамасыз ету. Маркетингтегі  мақсатты бағытталған баға саясатының мәні, оның белгілі бір үлгісіне ие болу, көзделген пайда көлемін қамтамасыз ету және басқа да стратегиялық және жедел міндеттерді шешу үшін фирмалардың тауарларына нарықтағы жағдайға қатысты түрлендіруге болатындай бағаларды белгілеуден тұрады. Фирма белгілеген кез-келген баға, тауарға деген сүраным деңгейінде көрініс табатын болады.

Сөйтіп, нарық үшін қонымды  баға белгілей білу – бұл, белгілі бір дәрежеде баға саясаты деп аталатын бірқатар стратегиялық міндеттерді шешу болып саналады. Нарықта белгілі үлесті иелену, пайданың көзделген көлеміне қол жеткізу үшін ол өзінің тауарына оның нарықтағы ахуалына қатысты бағасына өзгертіп,  белгілей алудан тұрады, яғни оның өмірлік кезеңінің толық фазасында тауарды өткізумен байланысты міндеттерді шешіп, бәсекелестердің қызметіне әсерін көрсете білу.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

«Маркетинг» - М.Ж.Қаменова, Астана – 2012.

 

«Кәсіпорын экономикасы» А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов, Алматы 2003.

 

«Маркетинг негіздері» С.Н.Нысанбаев, Г.А. Сдыханова , Алматы  - 2012

 

«Маркетинг» Есимжанова С.Р., Алматы – 2012.




Информация о работе Маркетингтегі баға саясаты