Маркетингтегі баға саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 18:12, реферат

Описание работы

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3-4

І.Маркетингтегi бағаны қалыптастыру

1.1. Бағаны нарықтық шаруашылық категориясы ретінде
қарастыру.................................................................................................................4-5

1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері.......................................................5-6

ІІ. Баға жөніндегі шешімдерге әсер етуші жайлар

2.1. Бағаға әсер ететін факторлар және олардың тәсілдері................................6-10

2.2. Баға саясатының мақсаты.............................................................................10-11

2.3. Баға саясатының түрлері..............................................................................11-13

ІІІ. Бағаны тұрақтандырудың модельдері

3.1. Бағаны мемлекеттік реттеу..............................................................................14

3.2. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері...................................15

Қорытынды..............................................................................................................16

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................17

Работа содержит 1 файл

маркетинг реферат 1.doc

— 142.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

Қазақ экономика, қаржы  және халықаралық сауда университеті

Маркетинг және құқық  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Маркетингтік  баға саясаты»

 

 

 

 

 

 

 

Қабылдаған: Каменова М.Ж

Орындаған: Салық Ж.А

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2012жыл

Мазмұны

 

Кіріспе..................................................................................................................3-4

 

І.Маркетингтегi бағаны қалыптастыру

 

1.1. Бағаны нарықтық шаруашылық категориясы ретінде

қарастыру.................................................................................................................4-5

 

1.2. Бағаның мәні мен  атқаратын қызметтері.......................................................5-6

 

ІІ. Баға жөніндегі шешімдерге әсер етуші жайлар

 

2.1. Бағаға әсер ететін факторлар және олардың тәсілдері................................6-10

 

2.2. Баға саясатының мақсаты.............................................................................10-11

 

2.3. Баға саясатының түрлері..............................................................................11-13

 

ІІІ. Бағаны тұрақтандырудың модельдері

 

3.1. Бағаны мемлекеттік реттеу..............................................................................14

 

3.2. Бағаны тұрақтандырудың  Қазақстандық аспектілері...................................15

 

Қорытынды..............................................................................................................16

 

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Нарықтық механизмнің  негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың  өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс  бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі  бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.

Бағаның құрылуы пәні жоғары оқу орындарындағы көптеген мамандықтар бойынша оқу бағдарламасына еніп отыр. Бұл пәннің негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның  қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын  анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде  қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет.  Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның  құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы  сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.

 

Жұмыстың негізгі  мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тауарларға баға қалыптастыру саласын дамытудың актуалды мәселелерін табуға ұмтылыс және мемлекеттік нарықтық саясатының мазмұнын талдау.

 

 Жұмыстың негізгі міндеттері:

 

  - маркетинг жүйесіндегі қызмет көрсету мен тауарлардың алға жылжуын қамтамасыз етумәселелерін ашып көрсету;

- маркетингтегі баға саясатының тауар мен қызмет көрсетудің дамуында кері әсер туғызатын факторларды көрсету;

 

- маркетинг жүйесіндегі тауар мен қызмет көрсетудің қалыпты деңгейде дамуы үшін баға саясатының  мазмұнын талдау және оны іске асыру;

 

І.Маркетингтегi бағаны қалыптастыру .

 

1.1 Бағаны нарықтық шаруашылық категориясы ретінде қарастыру.

 

Нарықтық экономика жағдайында баға қалыптастыру өте күрделi процесс.Өнiмге қойылған баға табыстың дұрыс түсуiн қамтамасыз етуi керек және ол кәсіпорынның шығындарын жауып, пайда әкелуге тиiстi.

Өз еркiмен бағаны көтерiп, нарықтан тыс қалған фирмалар, ал керiсiнше бағаны төмендету арқылы көптеген қолайсыз жағдайға кездескен фирмалар iс-жүзiнде көптеп кездеседi.

Баға - өндiрушiлер мен  сатушылар тұрғысынан тұтыну құнының  бағаланған өлшемі деп есептелiнедi. Бұл анықтамада үш жағдай маңызды.

Бiрiншiден, баға, оған енген қоғамдық қажеттi еңбек шығындарымен емес тауардың тұтыну бағасымен байланысты.

Екiншiден, баға тұтынушылармен емес, өндiрушiлермен  немесе тауар сатушылардың ұсынуы және  бағалауымен байланысты. Тұтынушы шешім қабылдағанда  тауардың тұтыну құнының бағасын ескереді және ол факторлардың әсерімен анықталатын максималдық шекарадан аспауы тиісті.

Үшiншiден, бағаның мөлшерi тауардың немесе оларды ұсынушылардың  тұтынушыларға қаншалықты жақындағанына  байланысты. Сондықтан, өндiрушiлер мен тұтынушылардың арасындағы кез-келген аралық өткiзу арналары құнды ұлғайтады.

Компания өзінің тауары үшін сұрайтын бағаның төменгі деңгейін өндірістік шығындар бойынша анықтайды. Компания  өндіріс шығындарын, таратуға кететін шығындарын және  тауарды сатуға кететін шығындарын орнына келтіретін ғана емес, тәуекелділік пен күш-жігері үшін жеткілікті пайда  әкелетін баға белгілеуге тырысады. Баға қалыптастыру стратегиясында шығындар маңызды элемент ретінде қарастырылады. Көптеген компаниялар  өз салаларында  өте төменгі шығынға жетуге талпынады, себебі онда ол төменгі баға белгілей алады да, соның нәтижесінде сату мен пайданың деңгейін арттырады.

Шығындардың екі түрі болады – тұрақты жєне өзгермелі.

Тұрақты шығындар - өндіріс көлемімен өткізуге тәуелсіз шығындар. Мысалы, ай сайын төленетін жалгерлік және жылжыту үшін төлемдер, несие үшін пайыз төлемдері және қызметкерлердің төлем ақылары өндіріс көлемімен байланысты емес.

Өзгермелі шығындар - өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Өндірістің белгілі деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы валдық шығындарды құрайды.

Баға белгілеу проблемасына фирмалар әртүрлі жолдармен келеді. Шағын фирмаларда бағаны басшылар тағайындайды. Ірі компанияларда баға белгілеу проблемасымен бөлімше басқарушылары және тауар ассортиментінің басқарушылары айналысады. Бірақ бұл жағдайларда да жоғарғы  басшылар баға саясатының жалпы бағытын және мақсатын анықтаумен  қатар,  көпшілік жағдайда  төменгі эшелон  басшыларының ұсынған  бағаларын бекітеді. Баға факторы шешуші рөл атқаратын салаларда (темір өндіру компаниялары, аэрокосмос өндірісі, мұнай компаниялары т.б.)  фирмалар көбіне баға қалыптастырушы бөлімдерді құрады және олар тиімді бағаларды белгілейді, немесе басқа бөлімшелерге осы сұрақ бойынша көмек көрсетеді.

 

1.2. Бағаның  мәні мен атқаратын қызметтері

 

Нарықтық экономикада  баға негізінен бес қызмет атқарады.

1. Есеп-қисап қызметі.  Бұл өнім өндіргенде қоғамдық  қажетті еңбек шығыны процесінің  өзгеруінде байқалады және әр  түрлі өнімді өндіру қалай  немен жүзеге асқанын көрсетеді.

2. Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.

3. Бөлуші реттеуші  қызмет. Нарық жағдайында бағаның  бөлуші қызметі сұраным мен  ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады.

4. Бағаның бұл қызметі  нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным  мен өндірісті теңгергенде байқалады.

5. Ақпараттық. Баға тұтынушыға  сатушылар тарапынан тауар ұсынымы  туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды.

Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету  жүйесін әлемдік стандарттар  бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А. Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және т.б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті қоса алғанда) әрекет етеді.

Банк функциясының ішкі нысаны – төлем айналымы бойынша  әсері – банктердің халықаралық  төлемдер және ақша аудару операцияларын  жүргізуден тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:

  • ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар

(мемлекеттік және  жеке тұлғалардың);

  • капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар

тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;

  • тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы,

ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;

  • қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің

өзгерісі.

Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары негізінен  банктер арқылы жүзеге асырылады, сонымен  бірге бұл қатынастар Қазақстан  Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңында Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы аударымдардың уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамассыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз болуын және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді.

Қазақстанда төлемдер мен  аударымдарды жүзеге асырудың тәсілдің заңнама актілермен және олардың  негізінде қабылданған құқықтық актілермен, оның ішінде Қазақстан  Ұлттық банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі мен аударымын Қазақстан Республикасынан аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру кезінде, сондай ақ Қазақстан Республикасы аумағында валюталық заңнама талаптарын сақтаумен шетелдік валютамен ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде белгіленген нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш пайдаланылады, ол ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке жөнелтушінің төлем тапсырмасы болып табылады. Ақшаны аудару өтінішіне банктің аталған өтінішті өңдеу не Қазақстан Республикасы заңнамасы талап ететін жағдайлар үшін оған қажетті деген жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді қосуға болады.

 

ІІ.Баға жөніндегі шешімдерге әсер етуші жайлар

 

2.1Бағаға әсер  ететін факторлар және олардың  тәсілдері

 

Баға және баға саясаты барған сайын рөлі өсе түсіп, маркетинг қызметін басты құраушылардың бірі болып табылады. Баға басқа маркетинг элементтерімен және фирмалардың қызметімен тығыз байланыста болады. Фирмалар үшін баға – неғұрлым маңызды көрсеткіш, өйткені оның негізігі қызметі – тауарларды өткізуден пайданы қамтамасыз ету. Маркетингтегі  мақсатты бағытталған баға саясатының мәні, оның белгілі бір үлгісіне ие болу, көзделген пайда көлемін қамтамасыз ету және басқа да стратегиялық және жедел міндеттерді шешу үшін фирмалардың тауарларына нарықтағы жағдайға қатысты түрлендіруге болатындай бағаларды белгілеуден тұрады. Фирма белгілеген кез-келген баға, тауарға деген сүраным деңгейінде көрініс табатын болады.

Баға мен сұранымның деңгейінің нәтижесі арасында қалыптасқан  тәуелділік сұранм қисығымен берілуі мүмкін.

  


P1Q1 мәні кездерінде әрекет етуші компания өзінің бағасын P2-ге дейін төмендетіп, өткізуді көбейту мүмкін. Бұл сұранымды Q2- дейін көбейтеді. Баға бәсекесіне фирма өткізуді көбейту үшін бағаны төмендетуі тиіс.


  • - - Ерекшеленіп тұратын өнімдер

___ Ерекшеленбейтін өнімдер

Фирма бағасыз бәсеке арқылы өз өнімдерін (қызметтерін) бәсекеленушілер  арасында табысты түрде бөле отырып, тұтыну сұранымы құқын өткізіп береді. Бұл фирмаға мынадай мүмкіндік береді: P1 баға негізінде сұранымды Q1-ден

Q2-ге дейін көбейтуге немесе б) сұранымды Q1  деңгейде сақтай отырып бағаны  P1-ден P2-ге дейін жоғарлатуға.

Баға және бағасыз  бәсеке

 

Баға бәсекесі кезінде  сатушылар өздерінің бағаларын  жоғарылатып

немесе төмендете отырып, сұраным қисығы бойынша жылжиды. Бұл маркетингтің икемді құралы болып  саналады, өйткені сұраным факторларын, шығындарын немесе бәсекелесті ескере отырып, бағаларды тез және жеңіл  өзгертуге болады. Баға бәсекесі мына жағдайларда көрінеді:

  • басқа сатушыларды ығыстырып шығару және өзіне өткізудің көп

көлемін қамтамасыз ету  үшін тауарды ең төмен бағамен  сатуға тырысатын бірыңғай өнімді сатушылар  арасындағы бәсекелестік.

  • ұсынылатын тауарларға бағаның көтерілуіне әкелетін бір саладағы

сатып алушылар арасындағы бәсекелестік

  • сатып алушылар мен сатушылар арасындағы бәсекелестік,

алғашқысы арзанға сатып  алғысы келеді, екіншісі қымбатқа сатуды қалайды. Бұл бәсекелестің нәтижесі бәсекелесуші жақтардың арасына  қатысыты.

  • сапа аралық бәсекелестік – тауарды шығарушы, сатып

алушылардың бірдей қажеттіліктерін  өтеуші бәсекелесуші салаларды құрудың  үлгісі. Мұндай бәсекелестің дамуы  нарықтағы бағалардың не көтерілуін немесе төмендеуін туғызуы мүмкін.

Бағасыз бәсеке кезінде сатушылар өз өнімдерінің ерекшелеп тұратын қасиеттеріне арқа сүйей отырып, тұтынушылардың сұраным қисығын араластырады. Бұл фирмаларға аталмыш баға кезінде бастапқы беттегі санын неғұрлым жоғары бағамен сату немесе өткізуді көбейтуге мүмкіндік береді. Баға белгілеу саласындағы пайдаланылатын барлық мақсаттар мен саясаттардың ішінен «бағасыз» бәсекелестік немесе сапа бәсекелестігі айрықша қызығушылық тудырады. Мамандар: ҒТР жағдайындағы әлемдік нарықта «баға» тұжырымдамасының орныныда сапа бәсекесі келді және өткізу нарығында күресте кім неғұрлым жоғары сапалы тауар ұсынады сол жеңіп шығатын болады деп атап өтеді.

Информация о работе Маркетингтегі баға саясаты