Маркетинг түсінігі, мәні және мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:40, реферат

Описание работы

Фирма немесе компанияның өндірістік-тұрмыстық және сауда қызметін басқаруды ұйымдастырудағы бір тәсіл ретінде шыққан. АҚШ-та ол 1901-1905ж шықты.
Қазіргі уақытта маркетинг- бұл кең көлемді ғылым және бәсекелестердің шарттарының статиясы мен тактикасын, сатып алушыларды қызықтыру әдістерін, нарық тәсілдерін, нарық пен бағаны белсенді бақылауды әзірлейтін сфералық қызмет.

Содержание

Кіріспе
1.Маркетинг түсінігі, мәні және мазмұны.
Маркетингті жоспарлау және бақылау.
Өсімнің маркетингтік стратегиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

маркетинг стратегиясы реферат.doc

— 110.50 Кб (Скачать)

 

 Виханскийдің топтастыруы  бойынша, өсім стратегияларының  бірінші тобын байытылған стратегиялар, яғни өнім мен нарықтың өзгеруіне  байланысты  өсім  стратегиялары құрайды. Оны қолданған жағдайда ұйым өз өнімдерін жақсартуға тырысады немесе сала бағытын өзгертпей, жаңа өнім шығара бастайды. Нарыққа қатысты айтар болсақ, ұйым қазіргі нарықта өз жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін іздестіреді немесе жаңа нарыққа көшеді..

 

Өсім стратегиясының типтері

 

Бірінші топтағы стратегиялар:

 

1. нарықтағы позицияны  күшейту стратегиясы, бұл орайда  кәсіпорын қазіргі нарықта   нақты бір өніммен  жақсы  позиицияларды жаулап алу үшін  қолдан келгеннің бәрін жасайды.Оны  жүзеге асыру үшін үлкен марткетингтік күш-жігер талап етіледі. Бұл орайда кәсіпорын өз бәсекелестеріне бақылау жүргізуге тырысатын «горизонтальдық интеграцияны» жүзеге асыруға жол беріледі;

 

2. нарықты дамыту стратегиясы  - жаңадан  шығарылатын өнім  үшін жаңа нарық іздеу;

 

3. өнімді дамыту стратегиясы   өсім міндеттерін шешуді жаңа  өнім өндірісі мен оны  бұрын  игерілген нарықта сату есебінен  көздейді.

 

Өсім стратегиясының  екінші тобын  жаңа құрылымдар қосу арқылы ұйымды кеңейтуді көздейтін  бизнес стратегиялары құрайды. Бұл стратегиялар  интеграциялық өсім стратегиялары деп аталады. Әдетте оларды ұйымның күшті бизнесі болғанда және байытылған өсім стратегиясын пайдалана алмайтын   жағдайда қолданады, бірақ байытылған өсім стратегиясы ұйымның ұзақ мерзімді мақсаттарына қайшы келмейді. Ұйым интеграциялық өсімді қосымша меншіктер сатып алу арқылы да, ішкі кеңею арқылы да жүзеге асыра алады. Бұл орайда екі жағдайда да, оның сала ішіндегі ахуалы өзгереді.   Интеграциялық өсім стратегияларының негізгі екі типі айқындалған:

 

1.  кері вертикалды интеграция стратегиясы, бұл жеткізушілерге бақылауды күшейту, сондай-ақ қамтамасыз етуді жүзеге асыратын еншілес құрылымдар құру есебінен кәсіпорынды өсіруге бағытталады. Кері вертикалды интеграция стратегиясын жүзеге асыру жеткізушілердің сұраныстары мен бағасының құбылуына тәуелдікті азайту арқылы жақсы нәтижелер беруі мүмкін. Бұл орайда жеткізілімдер кәсіпорын үшін шығын орталығы ретінде кері вертикалды интеграция жағдайында табыс орталығына айналады;

 

2. алда жүретін   вертикалды интеграция  стратегиясы, бұл фирманың  соңғы тұтынушыға ықпалына  қол жеткізу немесе күшейту есебінен айқындалады, делдалдық қызметтер кең қанат жайған кезде немесе фирма сапалы жұмыс істейтін делдалдар таба алмаған жағдайда пайдасы тиеді;

 

3. диверсифицикациялық өсім  стратегиясы, бұл егер ұйым сол нарықта белгілі бір саланың аясында, қолдағы бар өнімдерімен ары қарай дами алмаған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл типтің стратегиялары:

 

· орталықтандырылған диверсификация стратегиясы , бизнестегі барлық қосымша  мүмкіндіктерді жаңа өнім өндірісіне пайдалану ізденістеріне салады. Бұл орайда  қолданыстағы өндірістер бизнестің ортасында қалады. Ал жаңасы игерілген нарықтағы мүмкіндіктерге, фирманың пайдаланып жүрген  технологиясына немесе басқа да мықты жетістіктеріне сүйенеді;

 

·  горизонталдық  диверсификация стратегиясы  қолданыстағы технологиядан  өзге, жаңа технологияны талап ететін жаңа өнім есебінен  сол нарықта  өсім мүмкіндіктерін іздеуді көздейді. Бұл стратегияға орай, ұйым оңың мүмкіндіктерін, мысалы,  жеткізу  саласында пайдаланатын, технологиялық тұрғыдан байланыссыз өнімдердің өндірісіне бейімделуі тиіс. Жаңа өнім негізгі өнімді тұтынушыларға бейімделуі тиіс болғандықтан,  өзінің сапасы жағынан бұрынғы шығарылып келген өнімге сәйкес келуі керек. Бұл стратегияны іске асырудың маңызды шарты ұйымның жаңа өнім өндірудегі өзіндік құзырлығын алдын ала бағалауы болып табылады. · конгломераттық диверсификация стратегиясы, бұл орайда  кәсіпорын жаңа нарықта бұрын шығарылған және сатылған, технологиялық тұрғыдан байланыссыз жаңа өнім өндірісі есебінен кеңейеді. Бұл дамуды  жүзеге асырудың ең күрделі  стратегияларының бірі. Оны сәтті іске асыру көптеген факторларға, атап айтқанда, қызметкерлердің құзырлығына (негізінен менеджерлердің), нарықтың маусымдылығына, қажетті ақша сомасының болуына байланысты.

қысқарту стратегиясы,  ұйым дамудың ұзақ кезеңінен кейін, күшін топтастыруды қажетсінген  кезде жүзеге асырылады. Бұл экономикада  құлдырау немесе түбегейлі өзгерістер байқалғанда, мәселен, құрылымдық қайта  құру кезінде, тиімділікті арттыру қажеттілігіне байланысты жасалады. Бұл стратегияларды жүзеге асыру көбіне ауыр өтеді. Алайда бұл  өсім стратегиялары,  фирманың даму стратегиялары сияқты екендігін нақты ұғыну керек. Белгілі бір жағдайларда оларды айналып өту мүмкін емес, өйткені бұл бизнесті жаңартудың бірден-бір мүмкін  стратегиялары.

 

Бизнесті қысқарту мақсатына  бағытталған  стратегиялардың  4 типі айқындалған:

 

1. жабу стратегиясы  қысқарту стратегиясының шектік  жағдайы болып табылады және  фирма бизнесті ары қарай жүргізе алмайтын  кезде жүзеге асырылады;

 

2.  «астық жинау»  стратегиясы  бизнеске ұзақ  мерзімді көзқарастан бас тартып,   қысқа мерзімді болашақта барынша  мол табыс алуды көздейді. Бұл   стратегия болашағы бұлыңғыр,  яғни, мысалы,  оны сатқан жағдайда  көп табыс бермейтін, бірақ астық жинау кезінде табыс әкелетін бизнеске қолданылады. Бұл стратегия сатылымдарға жұмсалатын шығындарды және  жұмыс күшін қысқартуды қарастырады.Бұл стратегия ең жоғары жиынтық табысты қысқарту кезеңінде  сол бизнесті біртіндеп қысқартып, нөлге дейін жеткізуге есептелген;

 

 

3. қысқарту стратегиясы  , ұйым негізгі бизнесінің шекарасын  ұзақ мерзімді өзгерісін жүзеге  асыру үшін өз бөлімшелерінің  немесе бизнесінің бірін жабады  немесе сатады. Көбіне бұл стратегияны   өндірістердің бірі екіншісімен үйлеспеген жағдайда диверсифицияланған фирмалар іске асырады. Бұл  стратегия, сондай-ақ, болашағы зор бизнесті дамыту үшін қаржы қажет болған кезде орындалуы мүмкін;

 

4. шығындарды қысқарту  стратегиясы, оның негізгі идеясы -  шығындарды қысқарту мүмкіндіктерін іздестіру және шығындарды қысқарту жөнінен шаралар өткізу.Оның ерекшеліктері: ол көбіне шығындардың шағын көздерін жоюға бейімденген; оны жүзеге асыру уақытша және қысқа мерзімді шаралар (өндірістік шығындарды азайту, өнімділікті арттыру, жалдауды қысқарту және тіпті қызметкерлерді жұмыстан шығару,  пайдасыз тауарлар өндірісін тоқтату мен  табыссыз өндірістік қуаттарды жабу) сипаттарына ие.  Кәсіпорындардың іс-тәжірибесінде бір мезгілде бірнеше стратерия жүзеге асырылуы мүмкін. Әсіресе бұл көп салалы қомпанияларда кеңінен тараған. Стратегияларды жүзеге асыруда белгілі бір сабақтастық қалыптасуы да мүмкін. Бірінші және екінші жағдайларға қатысты, фирма біріктірілген стратегияны жүзеге асыруда деп саналады.

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Маркетинг стратегиясы. Мақсаты-белгіленген міндеттерді шешудің тұрғысын қамтиды. Мұның құрамында-мақсатты нарықтар ,маркетинг кешені  және маркетинг шығындары жөніндегі стратегиялар болады. Маркетинг стратегиясын өңдеу үшін қолданылатын үлгілерді талдаңыз

 

Стратегияны қалыптастыруда сала өмір циклының қандай кезеңінде екенін ескеру қажет (туындау,тез өсу,құлдырау) .Салада жағдайдың 5 классикалық түрі бар:

Жаңа және тез дамып  келе жатқан салалардағы бәсеке;

Тоқыраушылық және төмендеу жағдайдағы салалардың бәсекесі;

Жеткен сатыда тұрған салалардың бәсекесі

Бөлектенген салалардағы  бәсеке

Халықаралық рыноктардағы бәсеке және фирмалардың үш классикалық  ахуалы-рыноктағы модерн-фирмалар ;екі  рөл атқаратын фирмалар ,әлсіз  немесе дағдарыстан азап шеккен компаниялар.

 

Маркетинг стратегияларын талдау нәтижесінде оларды бір аз белгілер арқылы жіктеуге мүмкіндік бар:

Фирманың шыққан негізі,даму логикасы және басқару дәстүрі

Сұранысытң қалыптасқан  және әлеуеттілік ерекшеліктері ,рынок  коньюнктурасы

Фирманың сипаттамасы:оның клемі,нарықтағы  абсолюттік және салыстырмалы үлесі,нарықтағы белсенділік дәрежесі.

Фирма үшін дәстүрлі басымдықтар

 

 

Фирманың құрылған негізі және даму қисынының белгісі  бойынша  стратегиялық маркетингтің келесідей  үлгілерін көрсетуге болады:

Жоспарлық

Кәсіпкерлік

Тәжірибелік

 

Салалардың тоқырау  кезінде жетістікке жеткен компаниялар  негізінде келесідей стратегияларды ұстанады:

 

1)болашағы бар  нарықтық  бөлшектерді жасау және  әзірлеу  стратегиясын ұстану

 

2)сапаны жақсарту  және инновациялар арқылы дифференциялау  жолы

 

3)шығынның деңгейін түсіру үшін үздіксіз ынталы жұмыс істеу

 

 

Маркетингтік  жоспар –маркетингтік қызметтің мақсаттар,стратегиялар,осымен қатар олардың нақты уақыт  аралығында іске асыру шараларының  жиынтығы.

 

Маркетингтік  жоспардың  мақсаты-  стратегиялық жоспарда көздеген өндірістің ,сатудың,табыстың өсуін іске асыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Маркетингтің негізгі  міндеті- бұл дұрыс бағдар үшін тереңірек  оқытылатын өндіріс нарығы.

Маркетингтің негізгі  принциптері

    1. нарықта тауардың шығарылған қызметі- реализациялық нәтиженің табысқа жетуінің соңғы қортындысы.
    2. Маркетинг бағдарламалы-мақсатты әдісін және табысқа мақсатпен қойылған міндет жиынтығын, қаржы шарты үшін нарықтың қызметін қамтамасыз етеді.
    3. Бағдардың қызметі уақытша емес, ұзаұ уақытты қортындыны қалайды.
    4. Мақсатқа жетудің соңғы жолында қортынды пайдасын алады. Маркетинг компания негізімен стратегия миссия пайдасын бағалайды және бүтіндейді, яғни алынған пайданын көлемін маркетингтік қызмет әсер етеді.

Маркетингтің негізгі  функциялары.

А) нарықтың функциясын оқыту- бұл барлығына керек ақпарат тұтынысы мен сұраныс топтардың әртүрлі тұтынушылардың тауарлық ұсынысын игерген ассортиментінің процесстік жиыны.

Б) жарнама бекітуге жіберілген нарықтық сигменті мен тұтынушылардың жаңа нормасын жаулап алуға функцияны қолданады.

В) яғни жіберілген тауарды  сатуға, жеңілдіктер сатуға, тауарды  төмен бағамен реализациялауға  пайдалануға, делдалдар қызметін пайдалану  ынталандыру функциясында өткізіледі.

Г) саяси ьағаның функциясы, сұраныс пен ұсыныстық реттеуіне мүмкіндік береді.

Д)  маркетинг тауардың қозғалу жүйесі мен тауарлық процесс  ұйымының ұсынысын есеп жүргізбейді, сондай-ақ тұтынушы қолданылған азық-түлікті  қайта өңдейді. Тауарлық саясатын басқару  тауардың тұжырымдамасы, сапанын мәселесінің  көтерілуі мен бәсекеге төтеп беретін стратегияның тауарлық белгілерін құру және сервис ұйымы сияқты функция.

АҚШ-та маркетингке тауардың соңғы шығысы 55-60 %баға жиынтығын  құрайды. Маркетинг стратегиясы  – бұл кәсіпорынның стратегиялық басқарудың құрамды бөлігі.

  Стратегия мақсаты: ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарға жету, олар компанияның жоғары үнемділігін қамтамасыздандырады.

  Маркетинг теориясында  маркетингтің түрлі стратегиялары  қарастырылады, оларды таңдау  үшін матрицалар мен бәсекеге  қабілетті индикаторлары қолданылған талдаулар әдістері құрастырылған.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

Есимжанова С.Р. Маркетинг. – Алматы: Экономика, 2003 – 460 с.

Завьялов П.П. Маркетинг  в схемах, рисунках, таблицах: Учебное  пособие. – М: ИФРА – М, 2000. – 496 с.

Ілиясов Д.Қ,  Маркетинг: теориясы мен практикасы, Алматы, Қазақ Университеті,2002

Нысанбаев С.Н, Сдыханова  Г.А., Маркетинг негіздері, А.: Қазақ  университеті, 2002.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

1.Маркетинг түсінігі, мәні және мазмұны.

  1. Маркетингті жоспарлау және бақылау.
  2. Өсімнің маркетингтік  стратегиясы
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер 

 


Информация о работе Маркетинг түсінігі, мәні және мазмұны