Кітапханалық маркетинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:54, реферат

Описание работы

Маркетингтің эволюциялық даму кезеңі бірнеше ғасырдан астам уақытқа созылып келеді. Ірі ауқымды өндіріс қалыптасып, бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайларында өндірісті басқару және өнімді өткізу әдісі ретінде ол ең алғаш АҚШ - та, кейін Еуропа елдерінде кең қолданылды.20 ғасырдың 60 жылдары маркетинг ғылым ретінде негізделді және толысқан нарық жағдайында өнімді сатудың тиімді әдісі болды. 80 жылдары қызмет көрсету саласына емес, іс - әректке негізделе бастады.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а) Кітапханалық маркетинг ұғымы, мәні, маңызы
б) Қазақстандағы кітапханалық маркетингтің қалыптасуы мен дамуы
3. Қорытынды
4.Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

библиотечный маркетинг фариза.doc

— 124.00 Кб (Скачать)

         Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  министрлігі

                әл Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Университеті                                

 

 

 

 

 

 

      Тақырыбы:       Кітапханалық  маркетинг

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              Орындаған: Елемес  Ф.

                                                            Ғылыми жетекшісі:Алпыспаева Н.

 

 

 

 

 

                                                  Алматы 2012 ж

                                       Жоспар

 

1.Кіріспе

2.Негізгі  бөлім

      а) Кітапханалық  маркетинг  ұғымы, мәні, маңызы

      б) Қазақстандағы  кітапханалық  маркетингтің  қалыптасуы мен   дамуы

3. Қорытынды

4.Әдебиеттер   тізімі

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Кіріспе

       

      Қазіргі нарық жағдайында кітапханалардың табысты жұмыс  істеуі үшін оларда маркетинг қызметін қалыптастыру  керек. Сондықтан осы нарық жағдайына бейімделіп табысты жұмыс істеу үшін осы маркетингтік шаралармен  және осы іс-әрекетті дұрыс басқару керек. Нарықтық экономиканың эволюциялық жолына түскен Қазақстандағы маркетингтің дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындайды. Кітапханалық  маркетингті игеру және оның кітапханаларды  басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді. Тарихи тұңғыш қалыптасқан кітапханалық  маркетингтің өндірістік   концепциясы тұтынушылар арасында кең тараған тауарларды қолайлы бағамен сатылуын көбейтуді көздейді деген пайымдаумен негізделеді. Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық жағдайларда кітапханалар  алдында тұрған жаңа мәселелерді пайымды шешу кітапханалық маркетинг принциптері мен әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда кітапханадағы  маркетинг өндіруші көзқарасындағы тиімді шығын мен пайда кезінде сұранысты табу, болжау және оны қанағаттандыруға байланысты тұтынушыға негізделген тауар (қызмет) өндіру және басқару жүйесі ретінде оқырман қажеттілігімен  с  ипатталады. Отандық кітапханаларда маркетинг әліде кең тарала қойған жоқ, бірақ соңғы уақыттағы кітапханаларда   маркетингі  бөлімі ұйымдастырылуда. Басшылардың  маркетингке көп мән бермеуінің себебі, шығаратын өнімдері адам үшін бірінші қажеттілік нәрсе болмауымен қатар, кейбір жекелей басшыларда кітапханада маркетинг ролі және мәні шамалы деген ой туындауымен түсіндіріледі. Мұндай ой кітапханаларда  маркетингтік және өндіріс  өткізу негізделуі кезінде оны ұйымдастырылуы мен іскерлік белсенділігі философиясы, мақсатты бағытталуы бойынша айырмашылықтары болғандықтан дұрыс  емес маркетингті кәсіпкерлік, коммерциялық және тағы да басқа шаруашылық іс  әрекеттерде өте жақсы жетістіктерге жетудегі тиімді құрал ретінде қолдану үшін міндетті түрде  оның қазіргі таңдағы жаңа әдістемелерін білу керек. Қазақстан Республикасы кітапханаларының  дамуының қазіргі кезеңінде  кітапханалық   іс-әрекеттің әртүрлі масштабтары үшін маркетингтік   іс-әрекетті қолдану өте маңызды болып отыр. Тәжірибелік маңыздылығы – қазіргі таңда көптеген кітапханалар  өте жоғары тәуекелділікке негізделген стратегиялық шаруашылық аймақтарда жұмыс жасауға міндетті болып отыр. Егер де   терең біліміңіз болмаса, онда төмендегідей сыртқы орта факторлары   әсер  етуі  мүмкін: тұтынушылардың   мінез-құлқы,  бәсекелестердің позициялары, серіктестерді   дұрыс таңдау, тұтынушыларды   қызықтыратын   тауар және   қызмет ассортименттерінің   бәсеке қабілеттілігін құру. Жұмыстың мақсаты – кітапханалық  маркетингті  басқарудың теориялық негіздерін  зерттеу және оның   нақты   кітапханаларда ұйымдастыру  ерекшеліктерін   қарастыра   отырып, келешекте   кітапханалық    маркетингтік  басқаруды   жетілдіру  жолдарын анықтау.Ал осы  жұмыстың міндеттері келесідей:

  • кітапханалық маркетинтің мазмұны мен қажеттілігін түсіну;
  • кітапханада маркетингтік іс–әрекетті басқару негіздерімен танысу
  • кітапханалық маркетингтің іс–әрекетін ұйымдастыру және басқару жағдайын қарастыру
  • кітапханада  маркетингті басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды білдіру

              Зерттеу пәні болып кітапханалық  маркетингті    ұйымдастыру   мен басқарудың   теориялық   және тәжірибелік  аспектілерінің  жиынтығы табылады. Кітапхананың мақсаты – маркетингтік іс – әрекетті ұйымдастыру  мен басқару барысында  нақты  ұсыныстары  полиграфиялық   фирмалардың   қызметінде қолданылуы  болып  табылады  және оқырманның  сұранысын қанағаттандыру. Бұл жұмыста кітапханалық маркетингті басқарудың мазмұны, мәні мен мағынасы, оның кітапханадағы  ерекшеліктері баяндалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

2.1 Кітапханалық  маркетинг  ұғымы, мәні, маңызы. Маркетингтің   эволюциялық   даму  кезеңі  бірнеше ғасырдан   астам уақытқа  созылып  келеді. Ірі  ауқымды өндіріс қалыптасып, бәсекелестіктің   күрт  шиеленіскен   жағдайларында өндірісті басқару және өнімді  өткізу әдісі ретінде ол  ең   алғаш  АҚШ - та, кейін  Еуропа  елдерінде  кең   қолданылды.20  ғасырдың  60  жылдары  маркетинг  ғылым  ретінде   негізделді  және  толысқан  нарық  жағдайында  өнімді  сатудың тиімді  әдісі  болды. 80  жылдары  қызмет  көрсету  саласына  емес, іс - әректке   негізделе  бастады.

        " Маркетинг " ұғымы  ағылшынның  "market"  нарық сөзіне  шыққан, ал" инг "  жалғауы нарық   жасаушы немесе  нарық аумағындағы қызмет  дегенді   білдіреді. Маркетинг   ірі  ауқымды өндірістің  қалыптасуы   және  бәсекелестіктің  күрт  шиеленіскен   жағдайында  өнімді  өндіру  мен  өткізуді  басқарудың  әдісі  ретінде  бөлініп  шықты. Қазіргі  таңда  маркетинг  түрлі  салада  қолданылып келеді.Солардың  бірі   кітапхана  саласына  да  еніп  келеді.Маркетингтің  дамуына байланысты ғалымдар  мен мамандардың көзқарастары  уақыт ағымына сай   күн  санап  өзгеріп келуде. Маркетинг  ұғымы   кітапханамен де  тығыз   байланысты. Әр  автор  кітапханалық  маркетинг  туралы  әрқалай  пікір   айтады  және  әр  түрлі   тұжырымдар  жасайды. Л.Н.Герасимовтың  пікірінше, маркетинг - құжаттық  ресурстардың  басқарушы  құралы.  И.К.Джерелевскаяның  ойынша, кітапханалық  маркетинг - ақпараттық  кеңістіктің  негізі  болып  табылады. Маркетинг  жайлы  кітаптың авторлары  В.К.Ключеев  пен  Е.М.Ястребов " кітапханалық  маркетинг - бірмезгілді  және  құрылымды  және  ақылы маркетинг  болып  бөлінеді.Сонымен  қатар  олар  маркетинг  арқылы  белгілі  мекеменің  қызметін  жақсартады " - деп  анықтама  береді.

           Менеджменттің   әйгілі   маманы Питер   Друкердің   ұйғарымы   бойынша: «Бизнес   мақсатының   тек  бір ғана дұрыс   анықтамасы  бар,  ол - тұтынушыны жасау. Фирманың    болашақ   бизнесі   мен   оның   табыстылығы   үшін,   фирма  өз  өнім  туралы  не  ойлайтыны  басты  мәселе  емес. Өзінің  сатып  алатын тауары туралы   тұтынушы   не  ойлайды,  оның   құндылығы   деп   нені есептейді, осының барлығы   бизнестің  мәнін  анықтап,  түпкілікті   маңызын білдіреді,  фирманың табысқа   жету   жолын   айқындайды».Маркетинг теориясы экономикалық ғылым жүйесінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Маркетингті тереңдетіп зерттеу тек нарық, айырбас, тауар, сұраныс, қажеттілік сияқты экономикалық категориялардың мәнін   түсіну  негізін  ғана  болуы мүмкін. Бұл түсініктер кітапханалық   маркетингтің   прагматикалық   теориясының   даму   негізі   болып  табылады.

«Нарық» түсінігі экономикалық категориялардың кең  тараған түрінің бірі екеніне  қарамастан, оның бірыңғай түсініктемесі  жоқ. Алғашқы кездерде «нарық» базар, сату орны ретінде қарастырылды. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеу шамасына қарай, маркетинг түсінігінің мәні дамып неғұрлым күрделі мағынаға ие болды. Осыған орай, «нарық» түсінігінің көптеген анықтамаларын екі топқа бөлеміз. Бірінші топқа нарықтың саяси-экономикалық мазмұнын орай, нарықты еркін кәсіпкерлікке   және мемлекеттің рөлін шектеуге негізделген қоғамдық өндірісті   ұйымдастырудың әдісі ретінде қарастыратын анықтамалар жатады. Екінші бағыт   нарықтың нақты экономикалық мазмұнына сүйеніп оны тұтынушылар   мен жабдықтаушыларды айырбас мақсатында жақындататын механизм ретінде   сипаттайды . Бұл жағдайда нарық тауарлар мен қызметтерге сұраныс   пен   ұсыныстың    арақатынасын   анықтауға  мүмкіндік   беретін механизм   ретінде   қарастырылады.Маркетинг жүйесінде нарық - нақты және әлуетті (потенциалды) тұтынушылардың жиынтығы. Нарықты өзінің тауарды сатып алу мүмкіндігі   және  қажеттіліктері   бар тұтынушылар құрайды. Сондықтан маркетингтің басты міндеті тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін айқындау және қанағаттандыру болып табылады.Практикалық маркетингте «нарық» категориясының нақты сипаты бар және оның параметрлерін сандық түрде өлшеуге болады.Тауар маркетингтік бүкіл іс-әрекеттің қозғаушы күші, оның төңірегінде маркетингтің саясаты мен стратегиясы жасалады. Тауарға маркетингтік тұрғыдан келу үшін ең алдымен оның тұтыну ерекшелігінің маңызы мен нақты бір қажеттілікті қанағаттандыратын мүмкіндігін ескеру керек.Маркетинг жүйесінде    сұранысты   зерттеу – нарықты   кешенді зерттеудің    басты кезеңі, ол нарықтың  жалпылама   сипаттамаларын  анықтауға мүмкіндік береді. Кітапхананың  нарықтағы табысты жұмысы тауарға сұраныстың сипатын және күйін мұқият анықтаумен және оның өзгеру тенденцияларын білумен тығыз байланысты.Сұраныс - сатып алу қабілеті бар қажеттілік. Сұраныс адамның қажеттілігін ғана емес, ең бастысы оның қажетті тауар сатып алуға қаржылық мүмкіндіктерін де білдіреді.Сұраныстың екі деңгейі бар: жалпы нарықтағы (немесе ғаламды) сұраныс және фирма өніміне (не маркасына) сұраныс.Нарықтағы сұраныс - бұл фирма және тауар маркаларының жиынтығына арналған нақты кезең мен нақты мекендегі тауар нарығында қолданылатын жалпы сату көлемі.Өнімге (немесе маркаға) сұраныс - фирманың нарықтағы үлесіне сәйкес келетін тауар нарығындағы сұраныс бөлігі.«Сұраныс» және «қажеттілік» түсініктері арасында тығыз байланыс, айырмашылық және қарама-қайшылық бар екенін атап өтуіміз қажет.Қажеттілік - мағынасы кең ұғым. Сұраныс қажеттіліктің бір бөлігі және ол тұтынушының сатып алу қабілетін ғана сипаттап қоймайды, сонымен бірге олардың тауарға талғамы мен талабын да білдіре алады.Негізінен маркетинг адамның жаратылысына тән табиғи қажеттіліктеріне емес, оның мәдени және әлеуметтік деңгейіне байланысты пайда болған қажеттіліктеріне әсер етеді. Қажеттіліктер әлеуметтік, мәдени және технологиялық ортаның даму деңгейіне және табиғатына байланысты абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін. Абсолютті қажеттіліктерге қарағанда, салыстырмалы қажеттілікті толық қанағаттандыру мүмкін емес, өйткені олардың деңгейі жоғарылаған сайын қажеттілікті неғұрлым ұлғайтуға ұмтылыс пайда болады. Әлеуметтік және басқа факторлар сияқты маркетинг те үнемі дамуда және өзгерісте болып тұратын қажеттіліктердің даму диалектикасына ықпал етеді.Ф. Котлер, Ж.Ж. Ламбен және басқа да ғалымдар, аталып еткен экономикалық категорияларды пайдалана отырып, маркетинг теориясын, оның түсініктемелік аппаратына мұқтаждық» және «тілектер» деген анықтамаларын енгізе отырып, дамытты. Мұқтаждық адамның табиғатына тән, ол адам өміріне қажетті физиологиялық элементтер болмаған жағдайда орын алады. Маркетинг тұтынушының тілегі мен қажеттіліктеріне және сұраныстарына ықпал ете отырып, тауардың тартымды болуы мен әйгілі болуын қамтамасыз етеді Кітапхананың  басты  міндеті   кез-келген  оқырманға ыңғайлы  болуы, негізгі  объектісі - пайдаланушы, оның  қызығушылығы мен талап  тілектерін қанағаттандыру болып  табылады.

           Маркетинг   нарықтық   экономикалық   жүйеде орны бар ойлау стилі іргетасты қалайтын қондырғы немесе басқару философиясы сияқты кәсіпкерліктің де ең негізгі тірегі болмақ. Маркетинг   тұжырымдамасы  кітапхана қызметінің басты мұраты оқырманның  қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының негізінде оның өсу мен мол пайда табу мақсатына жетуді көздейді.Маркетингтің теориясы мен тәжірибесінде мынадай тұжырымдамалар белгілі:

•    өндірістік;

•    тауарлық;

•    өткізу немесе саудалық;

•     маркетингтік;

•    қоғамдық   немесе   әлеуметтік-этикалық  маркетинг тұжырымдамасы.

                                       

                                  Маркетинг тұжырымдамалары

 Тұжырымдамалар

Қолдану шарттары

Мақсаттар

Өндірістік

Сұраныс ұсыныстан елеулі түрде артық; үлкен және тұрақты нарықтың болуы

Өнімді өндірудің  жоғары тиімділігіне жету, бағаларды  төмендету

Тауарлық

Тұтынушының тауар  сапасына қоятын талаптары

Тауарды жетілдіру  және оның сапасын арттыру

Өткізушілік немесе саудалық

Монополия және тауар тапшылығы жағдайы; өнімдерді  өткізудің шектелген нарығы

Өндірілген  тауарды сату, өткізу бойынша жоспарды орындау

Маркетингтік

Тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін білу; мақсатты нарықтың болуы; бірікккен маркетинг жүйесін құру

Бәсекелестермен салыстырғанда тұтынушы мұқтаждықтары және қажеттіліктерін неғұрлым жақсырақ қанағаттандыру

Қоғамдык (әлеуметтік-этикалық маркетинг)

Экология мәселелері; әлеуметтік және этикалық мәселелерді есепке алу қажеттілігі

Фирманың пайда  табуы; сатып  алушылардың қажеттіліктерін канағаттандыру; қоғам мүддесін ескеру

Өзара   әрекеттесу

маркетингі

Тұрақты сатып алушылар мен бизнес-серіктердің бар болуы

Сатып алушылар мен бизнес-серіктер арасындағы ұзак мерзімді өзара қатынастарды орнықтыру мен қолдау


Бұл тұжырымдамалар американдық экономиканың дамуының белгілі бір кезеңдерін, сонымен қатар әлемнің дамыған елдерінде болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістерді сипаттайды. Оларды практикалық іс-әрекетте қолдануға фирманың мақсаттары, тауар түрлері, бәсекелестік артықшылықтардың шығу көздері, маркетинггің шоғырлану дәрежесі нарықтағы бәсекелестік деңгейі сияқты көптеген факторлар әсер етеді.Осылайша, басқа тауарларға қарағанда тұтыну тауарларына дәстүрлі маркетингтік тұжырымдамасын өндіріс құралдарына - өзара әрекеттесу маркетингін, арзан бағамен сатылатын жаппай тұтыну тауарларына өткізу тұжырымдамасын пайдалану тән. Өнімді  жаппай  өндіру  оның өзіндік құнын төмендету арзан өнім шығаруға мүмкіндік берді. Алайда сатып алушылардың талғамы мен мұқтаждықтары әрдайым ескеріле   бермегендіктен,   көптеген   тауар   түрлері   артық өндірілді, олар өз тұтынушысын таба алмай, мөлшерден тыс болады және қорлардың көбеюіне әкеп соқтырды.

 Кітапханалық маркетинг деген не? Кітапханалық  маркетинг кітапханадағы  қызмет  көрсетудің  сапасының жоғарылауымен қатар , оқырманға әр  түрлі ақпаратты тауып берумен, қызығушылығын толықтыру, ұйымдар мен жарнамалар,  кітап   алу мен  беру  процесі, оқу мәдениеттілігін  және кітапхана қорының толықтырылуын қамтамасыз  етеді.

     Кітапханалық  маркетингтің жүйесі:

                    1) Кітапхана - оқырман

                    2) Кітапхана - қоғам

                    3)  Кітапхана - серіктестік 

   1) " Кітапхана - оқырман "  жұмыстың  негізгі бағыты болып табылады.Оқырман қажеттіліктеріне   әрдайым  зерттеу жүргізіп  отыру:

      1. бүгінгі   оқырман  кім  болды?
      2. олардың  қызығушылығы  неде?
      3. олар  кітапхананы  қалай  көргісі  келеді?
      4. Қандай  қызмет  көрсетуді  қалайды?

   Сол   сияқты   көптеген  сауалнамалар  мен  зерттеулердің   нәтижесінде,  жеке  тұлғаның  мүддесін   қорғай  отырып, кітапхана  жұмысын алға  жылжытуға  болады.

      2) « Кітапхана   қоғам »  жұмыстың  маңыздырақ  бөлігі.Кітапхана  ақпараттық  процесстер  болмаса  алға   жылжи   алмайды.Қоғамда  болып  жатқан өзгерістерді  бақылап, оны  саралап ,  қажет   кезінде   оқырманға  сапалы   дүние   ұсына  алуы   керек.Қоғамның  өзгеруіне  байланысты  кітапхана   қызметтері  мен  бағыттары  өзгеріп   отырады.

     3) « Кітапхана   серіктестік »  Кітапхананың    өзге   ұйымдармен  достастық  орнатуы   жұмыс  барысында   жаңа  дамумен  тәжірибе  жинақтауға   негіз   болады.Кітапхананың   серіктестеріне  мәдениет   үйі, оқу   ғимараттары, мұрағаттар,  театр   сияқты  мәдени   орындар   жатады.Ал, бақталастарына  кітап   дүкендері, электронды  және  басқа  ақпараттар  жатады.

Информация о работе Кітапханалық маркетинг