Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 21:48, реферат

Описание работы

Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.

Работа содержит 1 файл

реферат мен.docx

— 50.62 Кб (Скачать)

• табиғатқа, қоршаған ортаға өнеркәсіптік, тасымалдау заттардың, ағын сулардың шектеулі көлемде  лақтырылуы;

• биологиялық  ресурстардың рационалды қолданылуы және оларды сақтау;

• өсімдік  пен жануар әлемінің геоқорын сақтау.

    Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті  сақтау).

    Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің  сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару  жүйесіне кіреді.

    Сапа  көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:

• халық  шаруашылығ мен халық қажеттіліктеріне өнім сапасының сәйкес келуін қамтамасыз ету;

• тұрақты  болуы керек;

• өндіріс  тиімділігінің жоспарлы өсуіне жағдай жасау керек;

• халық  шаруашылық салаларындағы техника, ғылым, техникалық прогрестің бағыттарының қазіргі замандағы жетістіктерін  ескеруі қажет;

• оның тағайындауымен байланысты белгілі  бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын  өнімнің барлық қасиеттерін сипаттау.

    Өнім  сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын  таңдау реті алдын- ала анықталады:

• өнім топтарының түрі;

• өнімнің  сапа көрсеткішінің номенклатурасын  қолдану мақсаттары;

• сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатура топтары;

• әрбір  топ бойынша сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатурасы;

• сапа көрсеткішінің номенклатурасын  таңдау әдісі.

    Бәсеке  қабілеттіліктің деңгейін бағалау  үшін өнімнің параметрлерін сандық анықтау маңызды мәселе болып  табылады. Сандық анықтау әдісі бойынша  «қатты» және «жұмсақ» параметрлер  ажыратылады.

    «Қатты» параметрлердің белгілі бір бірлікте көрсетілген табиғи физикалық өлшемі бар, конструктивті принциппен берілген өнімнің негізгі функцияларын көрсетеді. Мысалы, қуаттық, мөлшер, дәлдік, т.б.

    «Жұмсақ»  параметрлердің әдетте табиғи физикалық  өлшемі жоқ, сондықтан оны сандық бағалау өте қиын. «Жұмсақ» параметрлерге  өнімнің эстетикалық, эргономикалық  қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер, ұйымдастырушылық-коммерциялық көрсеткіштер жатады. Бұл көрсеткіштерді анықтау  үшін сандық бағалау әдісін таңдау керек. Ол кезде адамның өнімнің  белгілі бір қасиеттерін қабылдауына  негізделген органолептикалык әдіс немесе балдық жүйе қолданылуы мүмкін. Одан басқа, «жұмсақ» параметрлерін  бағалау кезінде экспер топтары  өткізетін квалиметрикалық  әдістер  де пайдаланылады. Ол кезде эксперттер тек өнімнің қасиеттерін қабылдауына  ғана емес, сонымен қатар нарықтағы  жүмыс тәжірибесіне, сатып алушының қажеттіліктерін қанағаттандыратын  өнімнің қасиеттеріне бағытталады. Квалиметрикалык әдістер өнімнің  әртүрлі қасиеттерінің өлшемі мен  эксперттік бағалар талдауына негізделеді.

    Нарықтық  экономика жағдайында сапаның дамуы  бәсекелестікпен анықталады. Қазіргі  заманғы тенденциялар кәсіпорын  қызметінің барлық сфераларында сапа жүйесін құруды қарастырады. Сапаны басқару жүйесі халықаралық стандарттарға  сай жэне кәсіпорын кызметінің есебімен дайындалу керек, сол кезде ғана ол өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылауын қамтамасыз ете алады.

Информация о работе Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері