Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 21:48, реферат
Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.
Кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілігінің
негізгі көрсеткіштері
Ұлттық
экономикадағы нақты саланың
дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің
өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына
сәйкестендіру бағытында
Еліміздің
табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне
сай иелігіміздегі
Сонымен
қатар, тұтыну нарығындағы өскелең
талаптар да отандық тауар әндірушілерге
шығаратын өнімдерінің
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз — кез-келген экономикалык объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
М. Эрлих жэне Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті — фирманың өз тауарын сату қабілеті.
«Бәсеке қабілеттілік» түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста пайда болды. Шамамен сол уақытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен КСРО да айналыса бастады.
Бәсекеге қабілеттілік — өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі — тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары кандай? Оның негізгі кұрауыштарын атап өтейік:
А. Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.
В. Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.
С.
Үшінші құрауыш бұл тұтынушыга, субъективті
фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз
әсерін тигізетінің бәрі. Кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің
мақсаты бәкелес кәсіпорынның өнімдері
арасында нарықты бөлудің нарықтық
механизмін модельдеуге келіп тіреледі.
Мұның негізінде өнімнің
Сурет
1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің
қалыптасуының механизмі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен калыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:
• Баға;
• Сапалық;
• Жаңалық;
• Жарнама;
• Пайдалану сенімділігі;
• Көркемдеу, мэнерлеу;
• Буып-түю, т.б.
Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл - күрделі нарықты жағдайдағы жұмыс философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының қажеттілігі білу мен қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды түсін бәсекелестердің мүмкіндіктері мен кимылдарын алдын-ала білуін бағытталған.
Кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілігін оны басқа
кәсіпорынмен салыстырғанда ғана аныкталады,
бұл салыстырмалы көрсеткіш болып
табылады. Ол берілген тауардың басқа
тауарынан белгілі бір
Кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі
жағдайдағы әлемде әмбебаб сипатқа
ие болды. Әрбір мемлекеттің тұтынушының
экономикалық және әлеуметтік өмірі
оның қаншалықты табысты шешілуіне
карай байланысты. Бәсекеге қабілеттілік
- мемлекеттің, өндірушінің өнім шығару
мен өткізудің мүмкіншілігінің
жиынтығы десек те болады. Бәсекелік
факторының өзі мәжбүрлік сипатқа
ие, нарықтан ығыстыру қорқынышы өндірушілерді
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Мұның өзі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің төмендеудің бас кезеңін уакытылы анықтау мен лайықты шешімдерді қабылдау (мысалы, өнімді өндірістен шығару, оны модернизациялау, нарықтың басқа секторына ауыстыру, т.с.с.) үшін қажет. Егерде ескі өнім өз бәсекеге қабілеттілік ұстанымын түгелдей жоймаса, ал кәсіпорын жаңа өнім шығаруды көздесе бұл экономикалық тиімсіз болады. Сонымен катар, әрбір тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің бәсекеге қабілеттілік әлеуметін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті баяулатып, уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес. Сондыктан, жаңа өнім ескі өнім бәсекеге қабілеттілігінде маңызды жоғалтулар болған кезде нарыққа шығаруды қамтамасыз ететін график бойынша болжайды. Яғни жаңа тауардың бәсекеге қабілеттілігі озық және ұзақ уақыттық болу кажет.
Тауар
өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін,
олардың мүмкіндіктерін, артықшылықтары
мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ
таңдаған нарықтағы бәсекелестірдің
жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың
бәсекелестік сипатына байланысты типін,
өзінің салалық нарығындағы
Бәсекелестіктің салалық деңгейдегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықтық экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: Салада потенциалды бәсекелестердің, яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және (немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.
Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар болуы мүмкін. Олардың негізгілері:
• өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;
•өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол кезеңдегі шығындары;
• тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушігі;
• саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы мынандай факторлармен анықталады:
• бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі;
• саланың салыстырмалы баяу өсуі;
• үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдык корлар құны түріндегі тұрақты шығындардың жоғары деңгейі;
• дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше - конверсия шығындары);
• қуаттардың секірмелі өсімі;
• жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі (салалардың қолда бар өндірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын, олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді.
Сурет
2. Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің
күрылымдык талдауы
Келтірілген бәсеке сайыстың және бәсекелесу қабілетінің факторлары мен сипаттамаларының субъектілерінің құрамы осы күрделі дәреженің элементтерінің құрамын сипаттауға және олардың байланысын шығаруға мүмкіндік береді. Бұл оның талдауына қажетті тиімді тәсілдер шығаруға, қолда бар қорларды алуға қосымша мүмкіндіктер ашуға және сүт өнімі кәсіпорындары үшін әр деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың стратегиялық бағытын анықтауға көмек көрсетеді.
Экономикалық әдебиетте бәсекені оның әдістері бойынша бағалық (баға негізіндегі бәсеке) жэне бағадан тыс бәсеке (тұтынушылық құнның сапасы негізіндегі бәсеке) бөлуге болады. Қазіргі әлемде бағалық бәсеке бағадан тыс әдістердің бәсеке сайысына қарай мәнсіз болып келеді. Бұл қазіргі нарықта «бағалар кақтығысы» жоқ дегенді білдірмейді, олар бар, бірақ соншалықты анық емес. Бағадан тыс бәсеке алдыңғы қатарлы бәсекелестерге қарағанда тауардың тұтынушылық құнын арттырады. Бағадан тыс әдістердің санына фирманы басқарудың бүкіл маркетингтік әдістері жатады. Олардың негізгілері: тауардың жаңартылуы, сапа, жарнама, халықаралық стандарттарға сәйкес келу, т.с.с.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, оның жақсаруы көбінде іске асырылатын өнімнің сапасы мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейіне тәуелді.
Өнімнің
бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше
әдістері бар (оны біз 1.2 бөлімінде
толык қарастырамыз). Бірақ барлығының
да бір ортақ кемшілігі бар, онда
тұтынышыны қызықтыратын өнім бағасы
мен сапаның қатынасы ескерілмейді,
тек тауардың басқа қасиеттерінің
жиынтығы ретінде анықталады. Осылайша,
өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
біз оның өнімнің бағасы пайдалы
тиімділікке қатынасындағы
Информация о работе Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері