Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:14, реферат
Калибрлеу - үлгілі мөлшермен салыстыру жолымен мөлшерлердің жиынтығын немесе бір мөлшердің қателігін анықтау.
Калибрлеу – 1) прокат өндірісінде – металл шыбықтарды, сымды және басқа да осындай металл бұйымдарды белгілі бір өлшеммен шығару үшін созу станының арнаулы тесігінен өткізіп, суық күйінде сәл сығымдай созу; 2) тұқымды калибрлеу – әр түрлі дақылдардың (жүгері, қант қызылшасы, т.б.) дән түйірлерінің өлшемдеріне сәйкес іріктелуі. Дән сепкішті біркелкі тұқымдармен қамтамасыз етеді. Калибрлеу арнайы калибрлегіш машинамен жүзеге асырылады; 3) жемістерді калибрлеу – қолмен не калибрлеуші машина жәрдемімен жемістерді өлшемдеріне сәйкес біркелкі түйірлерге ажырату.