Калибрлеу жүйесі стандартын зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:14, реферат

Описание работы

Калибрлеу - үлгілі мөлшермен салыстыру жолымен мөлшерлердің жиынтығын немесе бір мөлшердің қателігін анықтау.
Калибрлеу – 1) прокат өндірісінде – металл шыбықтарды, сымды және басқа да осындай металл бұйымдарды белгілі бір өлшеммен шығару үшін созу станының арнаулы тесігінен өткізіп, суық күйінде сәл сығымдай созу; 2) тұқымды калибрлеу – әр түрлі дақылдардың (жүгері, қант қызылшасы, т.б.) дән түйірлерінің өлшемдеріне сәйкес іріктелуі. Дән сепкішті біркелкі тұқымдармен қамтамасыз етеді. Калибрлеу арнайы калибрлегіш машинамен жүзеге асырылады; 3) жемістерді калибрлеу – қолмен не калибрлеуші машина жәрдемімен жемістерді өлшемдеріне сәйкес біркелкі түйірлерге ажырату.

Работа содержит 1 файл

срсп3 СМиС.docx

— 21.86 Кб (Скачать)

         Қ.Р калибрлеу жүйесі стандартын зерттеу

     Калибрлеу - үлгілі мөлшермен салыстыру жолымен мөлшерлердің жиынтығын немесе бір мөлшердің қателігін анықтау.

     Калибрлеу – 1) прокат өндірісінде – металл шыбықтарды, сымды және басқа да осындай металл бұйымдарды белгілі бір өлшеммен шығару үшін созу станының арнаулы тесігінен өткізіп, суық күйінде сәл сығымдай созу; 2) тұқымды калибрлеу – әр түрлі дақылдардың (жүгері, қант қызылшасы, т.б.) дән түйірлерінің өлшемдеріне сәйкес іріктелуі. Дән сепкішті біркелкі тұқымдармен қамтамасыз етеді. Калибрлеу арнайы калибрлегіш машинамен жүзеге асырылады; 3) жемістерді калибрлеу – қолмен не калибрлеуші машина жәрдемімен жемістерді өлшемдеріне сәйкес біркелкі түйірлерге ажырату. Жемістерді (алма, цитрусты жемістер, т.б.) сапасы мен өлшемдеріне қатысты калибрлеу калибрлеуші машина (диам. 55 – 75 мм тесігі бар 5 транспортер) арқылы іске асырылады. Жемістер өлшемдеріне сәйкес тесіктерден түсіп іріктеліп отырады. Калибрлеуіш машинаның жұмыс өнімд. сағатына 3 т.

   Халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеу және бiлiктi қызметкерлер даярлау     

 Әлемдiк сауданы және экономиканы глобализациялаудың негiзгi мақсаты саудадағы, өндiрiстегi, қаржыдағы, мамандардағы ұлттық және өңiрлiк кедергiлердi шеттету бойынша шаралар қабылдау қажеттiлiгiн айқындайды, бұл қазiргi кезеңдегi қоғамның басты мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Бұған 1995 жылы ДСҰ туындауы және ДСҰ шегiндегi саудадағы техникалық кедергiлер (СТК) бойынша келiсiмнiң жасалуы дәлел. 
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесiн халықаралық жүйелермен үйлестiру және халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеудi және қызметкерлердi дайындауды жүргiзу қажет. 
      Бүгiнгi таңда халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi мақсаты глобальды өлшем жүйесiн құру болып табылады. Басқа елдердiң салыстырып тексерушi және калибрлеушi зертханаларымен жүргiзiлетiн өлшемдер нәтижесiн өзара мойындау олардың жоғары құзiретiнде және өзара сенiмдiлiгiнде ғана мүмкiн. 
      Осылай ғана зертханалардың тәуелдiлiгiн және құзiретiн анықтау үшiн сенiмдi қамтамасыз ету тетiгi аккредиттеу болып табылады.  
      Халықаралық талаптар сәйкестiгiне аккредиттеу өлшеу зертханаларына әлем нарығындағы техникалық кұзыреттiлiк пен өлшемдер нәтижелерiн мойындауды көрсету мүмкiндiгiн туғызады.

                   Салыстырып тексеру сұлбалары        Метрологиялық тізбектің барлық буындарында физикалық шамаладың    бірлік мөлшерінің дұрыс берілуін қамтамасыз ету үшін белгілі бір тәртіп орнатылуы керек. Бұл тәртіп салыстырып тексеру сұлбаларында келтіріледі.


       Салыстырып тексеру сұлбасы дегеніміз - эталондардың, үлгілі өлшем құралдарының бағыныстылығын орнататын және бірлік мөлшерін үлгілі және жұмысшы өлшем құралдарына берілу тәртібін белгілейтін құжат.

       Салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік және локальді болып жіктеледі. Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары елдегі барлық физикалық шамаладың  өлшем құралдарына таралады, ал локальді салыстырып тексеруқұралдары белгілі бір аймақта, салада, ведомствода немесе кәсіпорындарда қолданылатын физикалық шамалардың өлшем құралдарына арналады. Локальді салыстырып тексеру сұлбаларына барлық пайдаланылатын немесе қолданысңа шығарылатын жұмысшы өлшем құралдары енгізілуі қажет.

       Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары ҚР Мемстандартымен бекітіледі, ал локальді сұлбалар ведомстволық метрологиялық қызметтермен немесе кәсіпорын басшылығымен бекітіледі.

       Эталондардан басқа бірлік мөлшерінің берілуі үлгілі өлшем құралдары арқылы да жүргізіледі. Жалпы түрде мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасының мазмұнын қарастырайық. Салыстырып тексеру сұлбасы тесттік бөліктен және чертежден тұрады. Салыстырып тексеру сұлбалар құжатының түріне белгілі бір талаптар қойылады, олар МЕСТ 8.061-80 көрсетілген.  27-суретте типтік салыстырып тексеру сұлбасы берілген. Сұлбаның сызбасында мыналар көрсетіледі: өлшем құралдарының атаулары, физикалық шама мәнінің диапазоны, қателіктердің белгісі мен мөлшері, салыстырып тексеру әдістерінің атауы. Сұлбаның мәтіндік бөлігі кіріспе бөлімінен және салыстырып тексеру  элементтерінің түсініктемелерінен тұрады. Ол көлденең пунктирлік сызықтармен бөлінген бірнеше алаңдардан тұрады. Сұлбаның жоғарғы сатысында эталондар немесе осы сұлба үшін ең жоғарғы дөлдіктегі үлгілі елшем құралдары орналасады. Алғашқы эталонның төменгі алаңдарында 1-ші және 2-ші және т.б. разрядтардағы үлгілі өлшем құралдары орналасады. Төменгі разрядтағы үлгілі өлшем құралдарынан кейін жұмысшы эталондар көрсетіледі. Алаңдардың арасындағы байланыс вертикальді тұтас сызықпен салынады.

      Эталонармен   мен жұмысшы өлшем құралдарын әдетте тік төртбұрыштарға  енгізеді (мемлекеттік эталон үшін екі контурлытіктқртбұрыш). Осында сұлбаның осы сатысы үшін сипаттамалар белгіленеді. Басқа өлшем құралдары бір сызықпен қоршалған  тіктөртбұрыштарға енгізіледі. Бірлік мөлшерін беру өдістерін сипаттау бір сызыңпен қоршалған дөңгелекшелерге орналастырылады.

      Шама бірлігі мөлшерінің берілу дұрыстығының негізгі көрсеткіші болып салыстырып тексеру сұлбасының жоғарырақ тұрған және одан төмен тұрған сатыларының арасындағы өлшем құралдары қателіктерінің арақатынасы табылады. Идеалды түрде бұл арақатынас 1:10 болуы керек, бірақ тәжірибеде оған жету қиын және ең төменгі жіберілетін арақатынас 1:3. Бұл арақатынас мәні көп болған сайын, өлшем құралы көрсеткішінің сенімділігі соғұрлым төмен болады.

       Нақты салыстырып тексеру сұлбаларын жасау кезінде келтірілген сұлбаны ұстану қажет. Салыстырып тексеру сұлбаларын қатаң үстану және разрядты эталондарды дер кезінде тексеру - жұмысшы өлшем құралдарының өлшем бірліктерінің дәл, сенімді мөлшерлерін берудің қажетті шарттары.

 
    1 - мемлекеттік эталон; 2 - бірлік мөлшерін беру әдісі; 3 — эталон-көшірме; 4 - эталон-куәгер; 5 - жұмысшы эталон; 6,7,8- сәйкес разрядтағы үлгілі өлшем құралдары; 9 — басқа салыстырып тексеру сұлбаларынан алынған үлгілі өлшем құралдары; 10 — жұмысшы өлшем құралдары Мысал. Уақыт пен жиілік үшін салыстырып тексеру сұлбасын қарастырайық (28-сурет) Сұлбаның жоғарғы бөлігінде 0,1-1,5 МГц жұмысшы жиілікдиапазондағы  жиіліктің рубидилі генераторы орналасқан. Ол бірліктің мөлшерін жиілікті салыстыру компароторы арқылы кварцтық генераторға және жиілік синтезаторына береді. Салыстырудың салыстырмалы қателігі - 5 • 10-8 ол бастапқы генератордың беретін 1 • 10-9 жиіліктің қателік мәнімен мөлшерлес.Сондықтан екі разрядтағы үлгілі өлшем құралдары үшін жиілікті жаңғыртудың салыстырмалы қателіктері жиіліктің жұмысшы диапозондары үшін көрсетіледі.

     Жиіліктің  өлшем бірлігін одан әрі төмен қарай беру жиілікті салыстыру және тікелей өлшеу әдістері көмегімен жүзеге асырылады. Мұнда жұмысшы-өлшем құралдарының меррологиялық көрсеткіштері 2-разрядты үлгілі өлшем құралдары көрсеткіштеріне қарағанда төмен болады. Сонымен қатар, бұл сұлбада жиіліктің бірлік мөлшерлерін тікелей алғашқы үлгілі өлшем құралдарынан,эталонды жиілік сигналдары мен уақыттың сигналдарының шәкірті болып табылатын, жұмысшы өлшем ұүралдарына берілуі көрсетілген      Мемлекеттік қызметкерлер үшін уақыттың дәл сигналдарын алу өте маңызды болып табылады.

 


Информация о работе Калибрлеу жүйесі стандартын зерттеу