Банк менеджменті

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микродеңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.

Содержание

1. Кіріспе..................................................................................................................3

2. Негізгі бөлім.
2.1 Банк менеджментінің негізгі бағыты............................................................4
2.2 Менеджердің банктегі қызметі......................................................................8
2.3 Банк маркетингісі............................................................................................9

3. Қорытынды......................................................................................................13

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................14

Работа содержит 1 файл

Банк менеджментінің негізгі бағыты.doc

— 81.50 Кб (Скачать)

3) құзыретті, алайда, мүдделі емес (мүдделілік жүйесін құру қажет);

4) құзыретті және мүдделі (бастама көтерудің кең ауқымды құқығын білдіреді).

Еңбекке деген ынтасын және энтузиазмын ояту үшін ұжымға ықпал етудің тәсілдерін таба білу. Бұл - менеджердің ең жауапты әрі күрделі міндеті. Осыған байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне көңіл бөле білуінің маңызы зор: жетістігі  үшін оған (қызметкерге) алғыс айту, оның материалдық жағдайын жасау әрі оны еңбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру. Осы-ның барлығы менеджерді дайындаудың және қайта дайындаудың арнайы жүйесін қажет етеді. Менеджерлерді дайындаудың жүйесі тек кәсіби оқытуды ғана қарастырмай, сонымен қатар ұжымды басқарудың әдістеріне, іскерлік әңгімелесудің өнеріне үйретуі керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

2.3  Банк  маркетингісі.

Экономиканың, социологияның және басқарудың түйіскен жерінде дербес ғылым ретінде болатын маркетиштің теориялық негіздерін американдық Сайрес Маккормик (1809-1884 жж.) жасады. Тарихта ол алғашқы комбайнды құрастырушы ретінде белгілі. Тек техникалық білімі болса да ол нарықты зерделеу және талдау, баға саясаты мен сервистік қызмет көрсетудің негізгі түрлері мен оларды тавдау секілді қазіргі     заманғы маркетингтің бағыттарын құрып кетті. Мұның бәрі «Интернешнл Харвестер» фирмасьшың өркендеуіне әкелді.

XX ғасырдың 20—30-жылдарында маркетингке қатысты көптеген жарияланымдар пайда болды. Ағылшын экономисі Еджеми Маккарти маркетинг мазмұнын түсіндіріп беруге арналған үлгіні ұсынды. Бұл үлгі - тауар (product), баға (price), нарық (place), пайда (profit) — негізгі төрт элемент бойынша «4-Р» атауына ие болды.

Маркетинг кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде өнеркәсіпте 50~ші жылдары кеңінен тарағаны мәлім. Банк саласына ол 60-шы жылдары банк қызметін еңбек жемісін сақтайтын әрі белгілі бір қызмет көрсетулерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыратын сала ретінде әйгілеген жарнама кампаниясынан кейін ене бастады.

1970-ші жылдары маркетингтің маңыздылығын бағалаған банктер өздерін және өз қызметтерін жарнамалай бастады. Бұл уақытта жекелеген банк қызметінің маркетингісі пайда болды.

Кейінгі 80-ші жылдар банк маркетингісінің коммерциялық банктерді басқарудың тұтас жүйесі. ретінде ресімделеуімен сипатталды. Бүгінгі танда банктер маркетингтің әдістері мен тәсілдеріш пайдаланып жүр.

Маркетинг дегеніміз не және оның банк саласына енуіне не себепкер болды?

Америкалық маркетинг ассоциациясы берген маркетинг анықтамасы кеңінен тараған.

Маркетинг - бұл тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағьь нын өндірушіден тұтынушыға бағыттайтын кәсіпкерлік қызметтің түрі. Ол тек нарыққа және нақты тұтынушыға қажетті өнімдерді өндіруге әрі өткізуге бағдарланады.

АҚШ-та маркетингке ясұмсалатын шығын тауардың түпкілікті бағасының, шамамен алғанда 60%-ін құрайды. Бұл бүгінгі күнгі жағдайдағы маркетингтің маңыздылығын көрсетеді. Әл-бетте өндіруші тек аса қажет жағдайда ғана мүндай шығыс шығаратынын ескеруіміз керек: ол (өндіруші) нарықтан өз орнын алып  бәсекелестік күресте басқаларына төтеп беруі тиіс.

70-шы жылдары күшейген банк жүйесіндегі бәсекелестік стратегиялық жоспарлаудың және маркетинг принциптерін пайдаланудың объективті қажеттілігін тудырды.

Бэселестіктің күшеюіне әлем экономикасындағы белгілі бір тенденцияның дамуы себеп болды. 

Оның негізгілері:    

1.Банк институттарының интернационалдануы. Олардың аса ауқымды өсу мүмкіндіктері мен дамуы банктердің көп ұлтты сипатқа ие болуьша, олардың шетелдік нарықтарға шығуына әкелді. Бұл өз кезегінде әлі күнге   дейін ұлттық аяда қалған көптеген проблемаларға интернационалдық сипат берді.

2.Барлық елдерде банктерге бәсекелес болып табылатын көптеген банктік емес мекемелер пайда болып, дамыды.

3.Банк иңцустриясының әртараптануы (жан-жақты дамуы)-Банк көрсететін қызмет спектрі үлғайды әрі ақшалай қаражатты қарызға алудың (мәселен, облигация шығару) банктік емес әдістері дамыды.

4.Ақпараттық технологияның және коммуникация құралдарының осы заманғы техниканың негізінде (базасында) дамуы қаржылық институттардың аймақтық және ұлттық қызметін кеңейтті.

5.Банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес институттар арасында қаражат тарту және несие беру бойынша бэсекелестік күшейді. Банктік қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестік енеркәсіптегі бәсекелестікке қарағанда кешірек (кейін) пайда болса да банк жүйесіндегі бәсекелестіктің формалары мен қарқындылығы, ішінара алғанда басқа салаларға тән кіру барьерінің (мысалы, патенттік қорғау) болмауынан әр түрлі әрі жоғары.

6.Мемлекеттік реттесімен байланысты банктік қызмет көрсету  нарығында  бағалық  бэсекелестікке  шектеу  қойылған, сондай-ақ процент мөлшерінің белгілі бір шектен аса алмауы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Егер банк процент мөлшерін жо-ғары белгілейтін болса, пайда ала алмай қалады, Бірінші планға банк өнімінің сапасын басқару және оны нарықта жылжыту проблемасы шығарылады.Әрине, бұл тек банктік қызмет керсету нарығының және ондағы банк маркетингісін белсенді дамытуға банктерді мәжбүрлейтін бэсекелестіктің жалпы даму заңдылығы ғана.

Осы тенденциялардың дамуы нәтижесінде қаржылық қызмет көрсетулер мен өнімдер бүкіл әлемде біркелкі түрпатқа (типке) айналды. Осының салдарынан банктің өз араларында және басқа несие институттарының арасында бәсекелестік күрес айтарлықтай күшейді. Бәсекелестіктің күшеюі банктердің пайдасын кемітті. Банктер нарықтағы өз позициясын сақтап қалуы үшін әрі жаңа позицияны жаулап алуы үшін өздері жүргізіп отырған несие саясатын тұрақты түрде ырықтандырып отыруға және осыған орай қатердің көбісін өз мойындарына алуға мәжбүр. Қатердің көбеюі де коммерциялық банк табысының азаюына өз әсеріи тигізеді. Осыған байланысты банктер маркетинг стратегиясын жасауға, жаңа қызмет түрлерін игеруге, әрбір клиент үшін күресуге үмтылады.

Әрине, банктер маркетингтің көптеген тұжырымдамалық принциптерін өнеркәсіптен алды, өйткені, маркетингтің негізгі мақсаты, міндеттері, әдістері және тәсілдері нарық жағдайында жұмыс істейтін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде бірдей, яғни, бір-біріне үқсас, сэйкес болып келеді.

Сонымен бірге банк өнімінің, яғни банк орындайтын кез келген операция мен кез келген қызмет көрсетудің өзіндік ерекшелігіне сәйкес айырмашылықтар болады. Осы өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, банк маркетингісіне анықтама берейік.

Банк маркетингісі - бұл клиентураның нақты қажетгіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы наықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі. Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту3 өз қызметтерін өткізудің салаларын үлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты болып табылады. Бүгінгі танда банктің әрбір басшысы мен әр маманы маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметтерді еткізетін сатушыға айналуы қажет.

Банк саласындағы маркетинг несие ресурстарының нарығын зерделеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға және осы базада (негізде) банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ, жаңа клиенттерді тартуға, банктің қызмет көрсету салаларьш ұлғайтуға септігіи тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады.

3. Қорытынды.

Банк саласында салымшылардың санын арттыруды ғана көздемейтін, сонымен бірге қызмет көрсетудің сапасын ұдайы жақсартып отыруды мақсат тұтатын біріктірілген маркетинг (интегрированный маркетинг) басымдыққа ие болып келеді.

Банк саласындағы маркетингтің өзіндік ерекшелігі мынада: коммерциялық банктер салымшылардың қаражатын тартуға ғана мүдделі емес, сонымен қатар олар тартылған қаражатты әр түрлі кәсіпорындарды және т.б. несиелеу арқылы белсенді пайдалануға да мүдделілік танытады. Бұл маркетингті коммерциялық банктердің салымшылармен қатынасында және несие салымында кешенді түрде дамытудың қажеттілігін тудырады. Бұл екі саланың мақсаттары әр түрлі: біріншісі - банкке клиентті салымшы ретінде тарту; екіншісі - банк үшін ресурстарды ең тиімді жолмен пайдаланатын салаларға несие ресурстарын бағыттау.

Банк маркетингісі түпкі есебінде бірыңғай мақсатты жүзеге асыруға - табысты және шаруашылықтағы уақытша босаған ақшалай қаражатты ұтымды пайдалануға бағытталады.

Бүгінде маркетинг - бұл тиянақты дайындауды, терең әрі жан-жақты талдауды, басшыдан бастап төменгі буынға дейінгі барлық банк бөлімшелерінің белсенді жүмысын қажет ететін банктің стратегиясы мен философиясы.

Банктер ең алдымен өз өніміне емес, клиенттердің нақты қажеттіліктеріне бағдарлануы керек. Сол себепті де нарықты бүгешегесіне дейіи зерделеп, клиентіердің банк қызметіне қатысты өзгеріп отыратын талғамдарын және олардың қандай қызмет түріне артықшылық беретінін талдау қажет. Әр клиентке қатысты қаржылық қызмет көрсетудің нақты формасын анықтап, әрбір мәміленің пайдалылығын көрсете білу керек.

4. Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі.

1.ҚР Президентінің 1995 жылдың 30 наурызындағы №2155 «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі туралы» Жарлығы (ҚР Президентінің 20.07.95 ж. №2370, 02.08.95 ж. №2396, 05.12.95 ж, №2672, 27.01.96 ж. № 2830 Жарлықтарына, ҚР 03.07.96 ж. № 18-1, 07.12.96 ж. №50-1, 11.07.97 ж. №154-1, 08.12.97 ж. №200-1,. 29.06.98 ж. №236-1 заңдарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді).

2.ҚР Президентінің 1995 жылдың 31 тамыздағы «Қазақстан Рес-публикасывдаш Банктер мен банк қызметі туралы» Жарлығы (1996 жылдың 6 наурызында, 1996 жылдың 7 желтоқсаныңда және 1997 жылдьщ 11 шілдесінде енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса ескергенде).

3.1996 жылдың 24. желтоқсаныгідағы №54-1 ҚР «Валюталық реттеу туралы» заңы. (1997 жылдың 11 шілдесіндегі №154-1 ҚР заңымен, 1998 жылдың 9 шілдесіндегі №277-1 ҚР Заңымен өзгерістер енгізілді).

4.1997 жылдың 28 сәуіріндегі №97-1 ҚР «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы» заңы.

5.ҚР Ұлттық банктің 1997 жылдың 23 мамырыидағы №2? 9 «Пруденциалдық нормативтер туралы» Ереже» қаулысы (ҚР Үлтгық банк Басқармасының 27.10.97 ж. № 380, 28.08.98 ж. № 157 қаулыларына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді).

6.27.10.94 ж. №26 «Қарыз алушының. несиені өтеу жараушылығын банктердің талдауы бойынша   әдістемелік нұсқау» Хаттамасы.

7.ҚР Үлгтық банкісінің 1997 жылдың 23 мамырындағы №222 «Ең аз шамадағы резервтік талаптар туралы» Ереже.

8.1995 жылдың 29 наурызындағы ҚР «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы» заңы.

9.1996 жылдың 14 сәуіріндегі ҚР «Валюталық реттеу туралы» заңы.

10.1997 жылдың 5 наурызындағы ҚР «Құнды қағаздар нарығы туралы» заңы (Казахстанская правда, 1997 жылдың 11 наурызы).

 

8

 



Информация о работе Банк менеджменті