Банк менеджменті

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микродеңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.

Содержание

1. Кіріспе..................................................................................................................3

2. Негізгі бөлім.
2.1 Банк менеджментінің негізгі бағыты............................................................4
2.2 Менеджердің банктегі қызметі......................................................................8
2.3 Банк маркетингісі............................................................................................9

3. Қорытынды......................................................................................................13

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................14

Работа содержит 1 файл

Банк менеджментінің негізгі бағыты.doc

— 81.50 Кб (Скачать)


Жоспар.

1. Кіріспе..................................................................................................................3

 

2. Негізгі  бөлім.

2.1 Банк  менеджментінің  негізгі  бағыты............................................................4

2.2  Менеджердің  банктегі  қызметі......................................................................8

2.3  Банк  маркетингісі............................................................................................9

 

3. Қорытынды......................................................................................................13

 

4. Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі..............................................................14

1. Кіріспе.

Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микродеңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.

Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторларды ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.

Банк операцияларының келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы - жақсы білуді, келіссөздер жүргізе  білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.

Маркетингтің пайда болу тарихы көне замандарда жатыр. Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама) ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мең дамуының алғашқы кезінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады.

Мәселен, 1650 жьшы «Минуи» сауда фирмасының бір қызметкері Токиода әмбебап дүкенге ұқсас дүкен ашады. Бұл дүкенде алғаш рет әр түрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс туралы ақпараттарды топтастыру, сатьш алушының тауарды қайтып беруіне әрі өз ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімнің болуы, жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі принциптері пайдаланылды.

2. Негізгі  бөлім.

2.1 Банк  менеджментінің  негізгі  бағыты.

Банк менеджментінің   негізгі   бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:

1.Бірінші топ банк құзыреттілігіндегі экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды.

2.Екінші топ банк ұжымын ұйымдастырумен және басқарумен байланысты.

Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігіне жоспарлау жатады.

Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың кұрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.

Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерінің келешекте қалайша өзгеретінін анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылықтарды бөліп алудың жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.

2. Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесінде бір-тұтас екі міндет алға қойылады - жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың иегізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалы-лығын  қамтамасыз  ету.

Әр алуан активтердің банкке әркелкі пайда әкелетіні және олардың қатер деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді қаражат салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңде банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен қатар пассивтердің  құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді. Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі заман жағдайында активтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы белгілі бір тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын экономикалық-математикалық үлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады.

3. Пассивтерді басқару менеджменттің дербес бағытын білдіреді. Бұл процесте мынадай міндеттер шешімін табады:

• міндетті резервтерді қалыптастыратын бөлігін есептемегенде табыс әкелмейтін қаражаттың банкте болуына   жол бермеу;

• банк өз клиегатерінің алдындағы тиісті міндеттемелерді орындауы үшін әрі активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіру;

• банктердің «арзан» ресурстар есебінен пайда алуын қамтамасыз ету.

Осы міндеттердің әрбіреуі мәселені шешудің айрықша тәсіліне ие. Осылардың ішінде депозиттік процент, оның салым мерзіміне қарай әртараптануы маңызды орын алады. Алайда мөлшерді арттыруды ғана емес, сонымен бірге түрлерді әр алуан етуді білдіретін пассивтік операциялардың дамуы ақша және қаржы нарығының алғашқы негізі ретінде болатын акция айналымының тұрақтылығын қажет етеді.

Менеджмент міндеттері:

L Өзіндік банк қаражатын басқару оның өтімділігі мен төлем қабілетілігін қамтамасыз етуде айрықша маңыды орын алады. Банктің активтік операцияларын ұлғайтуда әрі депозит мөлшерін өсіруде өзіндік банк капиталын арттыру қажеттілігі пайда болады,

Өзіндік банк капиталын басқару оның жеткіліктілігінің, сондай-ақ осы жеткіліктілікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді таңдаудың өлшемдерін негіздеуді қажет етеді. Өзіндік банк капиталын басқарудың тиімді құралына банк шығарған акция бойынша дивидендтер саласындағы саясат жатады. Дивидендтердің артуы акция бағасын өсіреді және осыған орай қосымша акцияларды сагудың, езіндік капитал өсуінің ықтималдығын тудырады.

2. Банк. жұмысының пайдалылығын басқару оның кірістері мен шығыстарын, тартылған қаражат бойынша шекті шығыңдарын және несиелеу мен инвестициядан түсетін шекті табысын, қаржылық нәтижелер тұрақтылығының қамтамасыз етілуін, ысырап  қатерін бақылауды қажет етеді. Банк алатын пайданың шамасына әеерін тигізетін банк қызметіндегі алаяқтық операциялардың арту себебіне, күмәнді және залалды операциялардың талдауына айрықша назар аударылады.

3. Банк қызметіндегі тәуекелдіктерді басқаруға тәуекелдік-менеджменті жатады.

Банк қызметінде қатер әр түрлі операцияларды орындау барысында орын алады: несиенің және ол үшін алынатын проценттің қайтарылмай  қалу қатері, қаражатты жеткізушінің уақтылы ала алмай қалу қатері, пайданың  алынбай  қалу  қатері, өтімділіктің болмай қалу қатері және т.б.

Тэуекелдік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтан да оны басқара білу қажет. Тэуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер:

• қауіп-қатер пайда болуының ықтимал жағдайын көре білу;

• болжалды зиянның ауқымын бағалау;

• ескертудің тәсілін немесе  оның орнын толтырағын көзді табу.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Қауіп-қатерді (тэуекелдікті) басқару өткен шақта зиянның қалай пайда болғандығын зерделеуге, нақты клиент үшін оның пайда болу ықтималдығын болжауға, ескертудің немесе ықтимал зиянның орнын толтырудың тәсілдерін алдын ала негіздеуге қүрылады. Біздің іс-тәжірибеде мәселе бұлайша алғаш рет қойылғандықтан өзіне айрықша назар аудартады. Осыған байланысты банк қызметіндегі ықтимал тәуекелдіктерді болжау мен бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Қагерлерді басқару проблемасы банк қызметін ұйымдастырумен, жауапкершілік жүйесімен және банк жұмыскерін еңбекке экономикалық тұрғыдан ынталандырумен тығыз байланысты.

Шетелдік іс-тәжірибеде жекелеген несие операциясын орындау кезінде негізі жоқ шешім қабылдау қатерін кеміту үшін құзыреттілікті шектеу принципі пайдаланылады. Мәселен, банк филиалы аса ірі мөлшерде кәсіпорынды несиелеу туралы шешім  қабылдамайды немесе қатер деңгейі айрықша жоғары операцияларды орындамайды. Мүны көбінесе басқарудың ұжымдық органы орындайды.

4, Менеджмент мазмұны сонымен қатар еңбек ұжымы әзірлейтін басқару тұжырымдамасын да қамтиды.

Шетелдік іс-тәжірибеде менеджменттің екі үлгісі бар:

• жапондық үлгісі банк қызметінің түпкілікті жоғары нәтижеге қол жеткізуде ұжымның атқарған рөлін тануға (мойындауға) негізделеді;

• американдық үлгі бүкіл ұжым қызметінде шешуші рөл ойнайтын тұлғаға бағдарланады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Осы бастапқы екі идеяға қарай шешім қабылдауды, қызметкерлердің жауапкершілігің бақылауды, басшылардың бағы-ныштылармен қатынасьш, еңбекақы жүйесін, басқару сапасын бағалауды, менеджерлерді дайындауды және т.б. қамтитын басқарудың бүкіл жүйесі құрылады.

¥жымды басқарудағы басты міндет — менеджер әрбір қызметкердің бойындағы әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін, ынтасын оята білуі керек, оларды терең ойлауға үйретуі қажет.

Шетелдерде жүргізілген әлеуметтік зерттеу мынаны көрсетіп берді: қаржылық қатынастағы жетістіктің 85%-і менеджердің әріптестерімен тіл табыса білу қабілетіне, яғни оның жеке басының қасиетімен әрі адамдарды басқара білуімен байланысты.

¥жымды басқаруда менеджер білуі тиіс үш фактордың орны ерекше:

• ұжым жүмысын ұйымдастыра білу;

• әр қызметкермен тіл табыса білу;

• ұжым алдына қойылған міндеттерді шешу үшін әр қыз-меткерге ықпал етудің тәсілін таба білу.

2.2  Менеджердің  банктегі  қызметі.

Менеджердің ұжым еңбегін ұйымдастыра білуі міндеттерді ұжым мүшелеріне жаңылыспай бөліп беру, нақты тапсырмалар беру, оларды нақты көрсеткіштермен (сандық және сапалық), көрсету, тиісті тапсырманың орындалу уақытын анықтау, ақпаратық базамен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету,  міндеттерді мерзімділігі мен маңыздылығына қарай жіктей отырып оларды орындаудың кезегін анықтау қабілеттеріне негізделеді.

Менеджердің әр ұжым мүшесімен тіл табыса білуі біршама дәрежеде оның жеке басының қасиетіне байланысты, ол әр қызметкердің мінез-құлқын жақсы білуі керек әрі ұжым жұмысының нәтижесі басшы мен бағыныштының ынтымақтасып жұмыс істегендеріне қарай болатынын сезінуі тиіс.

Дамыған елдердің кәсіпорындарында билік орындаушыға (атқарушыға) беріледі. Сондықтан да іскерлік сипатындағы әңгімеде иландыра білудің маңызы жоғары әрі шкірлесушінш мінез-құлқын білген дұрыс.

Бағыныштыға қатысты басшыға тән мінез-құлық стилінің екі түрі болуы мүмкін:

1) түсіндірмелері болатын директивалық нұсқаудың негізінде;

2) шешім қабылдауда, бастама көтеруде құқықтар беру. Мінез-құлықтың тиісті түрі қызметкердің өз еңбегінің нәтижесін артгырудағы қүзыреттілігі мен мүдделілігінің деңгейлеріне қарай таңдалады.

Францияда осы өлшемдер бойынша басшы мінез-құлқын анықтайтын мамандардың төрт тобы бөліп көрсетіледі:

1) еңбек нәтижесіне құзыретті және мүдделі емес (мінез-құлықтың директивалық-ықыластандырғыш түрін пайдаланады);

2)  еңбек нәтижесіне қүзыретті болмаса да мүдделілік танытады (әдетте жас маман (тұрақты басшылықты қажет етеді);

Информация о работе Банк менеджменті