Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:30, лекция
Менеджмент» ұғымы, оның құрамдас бөліктері мен функциясы.
Педагогикалық менеджмент, ерекшеліктері, функциясы.
Менеджменттің қалыптасып, даму тарихы.
Басқару теориясының әдіснамалық негіздері
Қазақстан экономикасы
мен мемлекеттік басқару
20 ғасырдың 90-шы жылдары
Қазақстан экономикасындағы
Қазіргі жағдайда біздің еліміздің тұрақты дамуының басымды бағыты Қазақстан экономикасында қазіргі менеджментті қолдану жөнінде теориялық тұжырымдама жасақтау болып табылады. Еліміздің жоғарғы оқу орындарында мнеджмент 1992 жылдан бері оқытылады. Қазірде білім беру мен кадрларды кәсіби дайындау мемелекеттің экономикалық стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы оқулық профессор Қ.Ғ.Ахметоатың «Менеджмент негіздері» (1993) кітабы болып табылады. Сондай-ақ осы бағыттағы зерттеулерге төмендегі еңбектер жатады: К.Б.Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», «Менеджмент негіздері» (1994), Р.Кареновтың «Өндірістік менеджмент» (1996) , «Инновациялық менеджмент» (1997), «Кадрлық менеджмент» (2001), Ә.Ә.Әбдрешовтың «Кәсіпорынның кадрлық менеджменті» (2001) т.б.
Осылайша қазақстандық менеджмент зерттеліп жатыр және әрі қарай зертеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқарушылық дағдыларын қалыптастыруда ролі зор.
4.Басқару теориясының әдіснамалық негіздері
Қазіргі басқару ғылымын сипаттау үшін үш негізгі және жалпы бағыттар бар. Олар процестік, жүйелік және жағдайлық.
Процестік бағыт. Бұл тұрғыдан басқарудың кейбір негізгі және әмбебеп қызметтерінің болуы туралы әкімшілік мектептің негізгі идеясының дамуы ретінде қалыптасып, ол қызметтер үдерістік тұрғысынан басқарудың өзара байланысқан және біртұтас үдерісін түзуші ретінде қарастырылады. Басқару табысты болуы үшін басқару қызметтерінің өзіндік тиімділігі де, олардың дұрыс ұйымдастырылуы да қажет. Басқару теориясының негізгі мәселесі бұл қызметтердің қайсысын басты және әмбебеп деп есептеуге болатынында. А.Файоль базалық басқарушылық қызметтердің бесеуін атап көрсетті. « Басқару – болжауды және жоспарлауды, ұйымдастыруды, билік беруді, үйлестіру мен бақылауды білдіреді». Әрі қарай бұл қызметтер тізімі базалық категорияларының: жоспарлацдың, мотивацияланудың, бақылаудың, ұйымдастырудың және екі байланыстырушы қызметтің – шешім қабылдау мен коммуникацияның ( базалық санаттарды келістіру үшін) болуы туралы көзқарас та кеңінен таралды.
Жүйелік бағыт. Басқару теориясына « жүйелердің жалпы теориясы» үлкен ықпал етті, оған сәйкес кез келген ұйым – бұл өзара байланыстағы бөліктерден тұратын, біртұтас қызмет етуге өз үлесін қосатын белгілі бір тұтастықты құрайды. Жетекші бүкіл ұйымды, оның бір – бірімен және сыртқы дүние өзара әсерлесетін барлық бөліктерін көруге тиіс. Ұйымның қандай да бір құраушысына кез келген басқарудың әсері көп, әрі күтпеген зардаптарға соқтықтыратынын ескеру қажет. Басқару тәжірибесінің негізгі қиындығы социотехникалық жүйелер болып табылатын қазіргі ұйымдардың іштей біртекті еместігінде. Мұндай әрбір жүйе иерархиялық ( субординация) және « горизанталь» ( үйлестіру) келісілген бірқатар шағын жүйелерден тұрады.
Бұрын
болған мектептер басқару
Жүйелілік тұрғыдан – бұл басқарудың теориялық және тәжірибелік мәселелеріне қатысты ойлаудың белгілі бір тәсілі. Ол басқару теориясының басқа ғылымдармен және зерттеу бағыттарымен байланысын күшейтті.
Жағдайлық бағыт. Бұл бағыт 60 жылдардың соңында пайда болып, ұйымдастыру мәселелерінің жалпы әдіснамасын, шешу тәсілдерін білдіреді. Ол жүйелілік тұрғыдан басты тезисті жетілдіреді: ұйым – сыртқы ортамен үнемі өзара әрекетте болатын ашық жүйе. Сондықтан ұйымның ішінде болып жатқанның себептерін оның сыртынан, ол нақты болатын жағдайдан іздеу керек. Бұл – осы тұрғыдан шешуші ұғым. 20 – жылдардың өзінде – ақ « жағдай заңы» тұжырымдалған болатын: « жағдайлардың әртүрлі типтері білімнің әртүрлі типтерін талап етеді». Демек, білімдер кешені және олардың нақты жағдайларға байланысты әртүрлі өмірлік жағдаяттарға тиімді жүргізуге арналған шеберлік қажет. Бұл ережелер осы тұрғыда ғана тиімді блды.
Бұл үдерісте үшінші кезең негізгі болып табылады және жағдайлық тұрғыдан жалпы алғанда басқарудың жақсы тәсілі жоқ екенін, олардың кез келгенінің тиімділігі басқару жағдайы мен анықталатынын көрсетті. Ол көптеген басқа да бағыттардың абсолютизмімен және олардың әмбебаптығына кінәмшілдігімен айқындастықта болады. Бұл – басқару теориясы мен тәжірибесінің бүгінгі күні.
Басқару ғылымының
біздің еліміздегі даму
Басқару ғылымы
дамуының алғашқы кезеңдері
Ғылыми
басқарудың шетелдік идеяларын
кеңестік болмыс жағдайларында
Н.А.Витке пайдалануға тырысты.
Идеологиялық және партиялық бақылау қоғамдық өмірден ғылыми басқару проблематикасын ығыстыра, оған дұшпандық қатынас қалыптастыра келе жан- жақты өтімді, соңынан репрессиялық сипатқа ие болды.
Сонымен қазіргі әлемдік менеджмент теориясы мен практикасында өмір сүріп, өзара іс-әрекеттесіп жатқан негізгі 3 бағыт бар: жүйелілік, процестік және жағдайлық. Тұжырымдамалардың, мектептердің орасан көп саны бар, олар нәтижелерді қорыту, синтездеу, біріктіру қиындығын туғызады. Басқару теориясын әрі қарай дамыту үшін сенімді негіз беруге мүмкіндік туғызатын тұжырымдама жағдайлық тұрғысы болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, бұл бағытқа сәйкес кез келген ұйым – ортамен өзара әсерде болатын ашық жүйе, ал оның ішінде болып жатқанның барлығын және тиімді басқару мазмұнын құраушыларды қазіргі менеджменттің негізгі ұғымы – бейімделусіз сипаттауға болмайды. Басқару теориясында жаңа бағыттар мен ағымдар, перспективалы ұстанымдар пайда болды. Бұлар – «стратегиялық менеджмент», «қызметкерлерді басқару», «ұйымдастыру мәдениеті» тұжырымдамлары. Соңғы тұжырымдаманы 80 жылдардағы басқарудағы ойдың «теориялық бұзып өтуі» деп есептейді. Жұмыс істеушілердің барлығының жалпы мақсаты – бір және осы мақсатқа жету жолдарын жасауға тікелей әрі қызығушылықпен қатысады. Басқарудың қуатты қаруы ретінде ұйымдастыру мәдениеті Жапонияда аса кеңінен қолданылуда. Соңғы кездері жапондық тәжірибемен менеджмент тарихының айқын беттері тығыз байланыста. Американдық менеджментті түбегейлі зерттеген жапондың мамандар, одан ең тиімділерін алып, басқарудың өзіндік моделін тұрғызды. Менеджменттің батыс және жапондық тұжырымдамалары арасындағы принципті айырмашылық мынадай: біріншісінде түпкілікті нәтижеге, ал екіншісінде – адами факторларға бағдар басым. Жапондық тұрғының негізі - өзін-өзі басқару және өзін-өзі бақылау идеялары. Қызметкерлердің қабілеттілігі марапатталады, олардың дамуы ынталандырылады, әріптестік пен өзара көмекке, ынтымақтастыққа, корпорациялық рухтың қалыптасыуына қодау жасалынады. Қызметкерлердің моральдық көңіл–күйіне үлкен зейін аударылады. Адамды жұмысқа қабылдай отырып, әкімшілік оның кәсіби сапаларына ғана емес, сондай-ақ моральдық-этикалық сапаларына, оның ерінбей еңбектену талабына және топтық іс-әрекетке үйлесу шеберлігіне де қызығушылық танытады.
Басқару теориясы дамуының қазіргі кезеңінде негізгі ағымдарды атап көрсетуге болады, олар:
Барлық осы және басқа
да ағымдар басқаруға деген
ХХ ғ. 90 жылдарындағы басқару қағидалары:
Бекіту тапсырмалары:
1. Педагогикалық менеджмент ұғымының өткендегі және қазіргі заманғы кезеңдегі мағынасына анықтама беріңіз.
2. Педагогикалық менеджмент ғылымының пайда болуының қандай алғышарттары болды? Оның даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
3. Педагогикалық менеджменттің ғылым ретіндегі дамуын төмендегі кестеге толтырыңыз
Кезеңдер |
Өкілдері |
Мазмұны, негізгі идеялар |
Ежелгі дәуір |
||
Орта ғасырлар |
||
Кайта өрлеу дәуірі |
||
Жаңа заман (ХVІІ – ХХ ғғ басы.) |
||
Қазіргі заман |
4.Педагогикалық менеджменттің негізгі категорияларына төмендегі кестеге толтырыңыз. Педагогика ғылымының категорияларына анықтама беріңіз:
Категориялар |
Анықтамасы |
Дерек көзі |
Әдебиеттер: 1-3.14, 20.
Информация о работе Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы