Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:30, лекция
Менеджмент» ұғымы, оның құрамдас бөліктері мен функциясы.
Педагогикалық менеджмент, ерекшеліктері, функциясы.
Менеджменттің қалыптасып, даму тарихы.
Басқару теориясының әдіснамалық негіздері
Тақырып 1. Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. «Менеджмент»
ұғымы, оның құрамдас
«Менеджмент» ұғымының
бірнеше анықтамасы бар.
Н.И.Кабушкин: «менеджмент – ағылшын тілінен аударғанда басқаруды білдіреді. Жалпы алғанда менеджмент жеңіске жету ғылымы мен өнері, адамдардың еңбегін, мінез-құлық мотивтерін және интеллектін пайдалана отырып, қойылған мақсатқа жету іскерлігі» деп көрсетеді.
Зерттеуші Кичеева И.В. «менеджмент» сөзінің аудармасы «басқару» болады, яғни екеуінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ, оны жалпының бір бөлігі қатынасында қарастыру қажет деп тұжырымдайды. «Менеджмент – адамдармен қарым-қатынас тәсілі; басқару өнері; ерекше біліктілік пен басқарушылық дағды» деп анықтайды.
Менеджмент – бұл нақты нәтиже алу үшін әлеуметтік-экономикалық әлеуметтік-техникалық жүйелерді басқару болып табылады.
Менеджмент – үш құрамдас бірліктен тұратын арнайы пән, олар төмендегідей:
Менеджмент – бұл нарықтық қатынастарда ұйымдарды басқарудың ерекше түрі, оған төмендегілер тән:
Әр бір іс-әрекет басқаруды
талап етеді. Менеджмент – бұл
іс-әрекеттің ерекше түрі, оның спецификалық
сипаттамасы басқару іс-
Қазіргі арнайы әдебиеттерде менеджменттің көптеген функциялары көрсетіледі, мысалы: болжау, мақсат қою, жоспарлау, іс-әрекетті ұйымдастыру, жұмысшыларды ынталандыру, бақылау, есеп, және анализ. Менеджменттің функцияларын жүзеге асыру әдістері мен техникасы әр менеджердің кәсіби іс-әрекетін құрастырады.
Сонымен менеджмент пен басқару қазіргі әдебиеттерде бір-бірін алмастыра қолданылатын ұғымдар ретінде қарастырылады.
2.Педагогикалық менеджмент, ерекшеліктері, функциясы.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер өмірдің барлық сферасына, соның ішінде білім беруде де ауқымды өзгерістерге әкелді. ҚР «Білім беру туралы» Заңында, ҚР тәрбиелеудің Кешенді бағдарламасында т.б. маңызды нормативтік құжаттарда жеке тұлғаны дамытуды, оның дене және рухани мүмкіндіктерін ашуды, адамгершіліктік негізін берік қалауды, салауатты өмір салтын ұйымдастыруды әр адамның шығармашылық потенциалын ашуға жағдай жасау арқылы, оның жеке ерекшелігін дамыту арқылы жүзеге асыру міндеті өзекті деп көрсетілген. Бұл міндеттерді шешу балаға деген авторитарлық, субъект-объектілік қатынасты жеке тұлғаға бағыттылық, субъект-субъектілік қатынасқа алмастырған жағдайда ғана мүмкін. Яғни баланың шынайы қабілеттілігін ескеру арқылы жеке тұлғаның өздік дамуы мен өздік әрекет етуі, өзін-өзі көрсете білуі, шығармашылық ойының қалыптасып, дамуына көмектесу. Бұл мәселелер ең алдымен мектепішілік басқару арқылы жүзеге асырылуы тиіс
Мектепішілік басқарудың да дәстүрлі түрі басқару субъектісінің басқарылу объектісіне мақсатты әсер етуі, басқаратын жүйенің басқарылатын жүйеге жаңа сапалы жағдайға жеткізу мақсатындағы әсері, педагогикалық еңбектің ғылыми ұйымдастыру элементтерін енгізу ретінде сипатталып, түсіндірілді. Алайда педагог пен оқушының жеке тұлғасына бағыттылық, педагогикалық процеске гуманистік идеялардың енуіне байланысты қазіргі кезеңдегі мектепішілік басқарудың теориялық негіздері толық түрде қайта қарастырып, түзетуді талап етеді. Мектептегі басқаруда әсер ету философиясын өзара әсерлесу философиясы, бірлесе әрекеттесу, рефлексивтік басқару алмастыруда. Мектепті басқару теориясы мәнді түрде педагогикалық менеджмент теориясымен толыға түсті. (Ю.А. Конаржевский, Т. И.Шамова т.б.).
Педагогикалық менеджмент теориясы біріншіден, ең бастысы өзінің тұлғаға бағыттылығымен көзге түседі. Мұнда менеджердің іс-әрекеті өз әріптестеріне деген сыйластық, сенімділікке, олар үшін жетістікке жету жағдайын жасауға негізделеді. Менеджмент идеяларын қайта ойластырып, оны мектепті басқару аймағына көшіру – мектепішілік менеджмент деген жаңа бағыттың пайда болуына әкеледі.
Педагогикалық ғылымда педагогикалық менеджмент ұғымы мұғалімнің басқарушылық іс-әрекеті деп түсіндіріледі, ол әрекет жаңа әлеуметтік-педагогикалық жағдайындағы өмірге дайын баланың жеке тұлғасын дамыту мақсатына жетуге бағытталған және де сыныпта жүзеге асырылады.
И.В.Кичеева педагогикалық менеджментке төмендегідей анықтама береді: «Бұл білім беру процесін, аймақтық, муниципалды білім беру мекемелерін басқару жәнеде мектепішілік басқару» Ал ғалым Коджаспирова Г.М. «педагогикалық менеджмент – білім беру процесін басқару принциптерінің, ұйымдастыру нормалары мен технологиялық тәсілдерінің жиынтығы, ол білім беру процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған» деп анықтайды.
Педагогикалық менеджмент – іс-әрекеттік жүйе ретінде өзіне келесідей құрылымдық-функционалдық компоненттер мен жүйе түзуші факторларды қамтиды: іс-әрекет мақсаты (жоспарланған, күтетін нәтиже), іс-әрекет субьектісі (директор, оның орынбасарлары, мұғалімдер, оқушылар т.б.), Іс-әрекет объектісі (екінші субъект болып табылады.) – басшының тапсырмаларын орындаушы (директордың орынбасарлары, мұғалімдер, оқушылар т.б.),іс-әрекет мазмұны (оқу, басқарушылық, және өзге де ақпарат.), іс-әрекет тәсілдері (субъекттер мен объекттердің өзара әрекеттесу әдістері мен стилі).
Басқарудың жалпы
Мотивация – болашақ нәтиженің образы тек қана қажетті нәтижеге жету, жақындауға деген мотив, талпыныс, арман болғанда ғана мақсатқа айналады. Басқару технологиясында мақсат дегеніміз бұл – саналы, қажетті нәтиже.
Басқару технологиясында мақсаттар мен қажеттіліктер (мотивтер) арасындағы байланыс мақсат негізінде мақсаттан мотивке бағыты бойынша анықталады, яғни «мақсат мотивті таңдайды». Ал нәтиже негізіндегі басқару технологиясы – қажеттіліктер мен мотивтерден мақсатқа қарай бағыты бойынша анықталады, мұнда мотивтер мақсатқа айналады.
Реттеушілік функция – педагогикалық жүйені басқару процесінде бағдарламаландырылған деңгейде ұстап тұру үшін түрлі оперативті әдістер, тәсілдер мен әсер ету арқылы түзетулер енгізу бойынша іс-әрекет түрі.
Ынталандыру – дамып келе жатқан мектеп үшін негізгі шарт – басшылар мен мұғалімдердің жеке тұлғаны дамытуда ынталандырушы болу қызметін атқарулары болып табылады. Бұл үшін рефлексия әдісі қолданылады.
Рефлексифтік басқару адам өз іс-әрекетінің мәнін саналы ұғынатындай түрде жеке тұлғаны дамытуға әсер ететін факторлармен байланысты. Егер адам іс-әрекетінің қажеттілігін саналы ұғынса ғана ол мақсатты бағытталған әрекетке түседі.
3. Менеджменттің қалыптасып, даму тарихы.
Менеджмент ғылым ретінде 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерик Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Ол кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастырып, менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын» зерттеу нысаны етті. Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Г.Эммерсон (1853-1931), Г.Форд (1863-1947), Ф.Гильберт (1868-1919), Л.Гильберт (1861-1919) т.б. өз ғылыми еңбектерінде дамытты.
Классикалық үлгідегі (әкімшілік) мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А.К.Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. А.Файоль «басқару – кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу» деген қорытындыға келді. Ол мемлекеттік басқару ісін ғылыми жолмен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкіндігіне алғаш ой жүгіртті. Бұл мектептің қалыптасуны төмендегідей жағдайлар әсер етті: ұйымдар санының өсуі, товар мен қызмет көрсету нарығының өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс, постиндустриялды көтерілістің басталуы.
Бихевиористік мектептің (мінез-құлық) мектебі 20ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқын белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолдланумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі америка экономисті – Элтон Мейо болды. Бұл ілім формалды емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруге ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды: қызметкерлердің ағартушылықпен айналысуы, өндіріс салалары мен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық, демократиялық әдістерді қолдануды ұсынды. Өкілдері: М.П.Фоллет, А.Маслоу. Бұл мектептің қалыптасуны төмендегідей жағдайлар әсер етті: кәсіподақтың көбеюі, дайындығы жақсы менеджерлерге деген сұраныс.
Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірінде (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде, басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы ұйымдастыруды ұсынатын «басқару ғылымы немесе сандық ықпал» мектебі өмірге келді. Өкілдері: Д.Марч, Г.Саймон, Р.Д.Форрестер, Х.Райфа. Бұл мектептің дамуы корпорация, концерн, концерн-конгломераттардың көлемі өсуі әсерінен, өндірістің құлдырауымен түсіндіріледі.
20 ғасырдың 60-шы жылдарында
менеджментте жаңа бағыт
Қазірде өз ұлттық ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған, жетілген түрлі менеджменттік мектептер бар – американдық, жапондық, батыс европалық т.б.
Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының дамуы. Қазақстанның басқару ойлар тарихының тамыры ғасырлар қойнауынан бастау алады. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды.
10-12 ғасырларда басқару
саласындағы алғашқы
Тәуке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде өмір сүрген неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763), Әйтеке би (1682-1766) болды. «Жеті жарғы» заң жинақтарында олар мемлектті басқару жөніндегіөз пікірлерін мазмұндыдады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. 18 ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінің дамуында Абылай ханның (1711-1781) ролі зор болды.
19 ғасырда қазақтың көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым-ағартушы Ш.Уалихановтың (1835-1865) орны ерекше. Ол ағарту ісі мен жеке реформалардың ролін асыра бағалай отырып, басқару мәселесіндегі үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады. Ш.Уалихановтың басқару жөніндегі демократиялық идеяларын Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты ағартушылар жалғастырды.
20 ғасырдағы басқару саласындағы
қазақ зиялылары деп: Ә.
Қазіргі замандағы менеджменттің
қалыптасу тарихы мен дамуын 20 ғасырдың
50-ші жылдарынан бастап қарауға болады.
Алғашқы қазақ инженер-
Информация о работе Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы