ОРТАША ЖАЛАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ КЕЗІНДЕ ҰЛҒАЙТУ КОЭФФИЦИЕНТІН ҚОЛДАНУ

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 10:17, реферат

Описание работы

ҚР Үкіметінің 11.07.2006 ж. 657 қаулысымен «Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу тәртібі туралы «ҚР Үкіметінің 29.12.2000 ж. 1942 қау-
Лысына толықтыру енгізілді.
Нұсқаулыққа толықтыру оның ресми жарияланған күнінен бастап еңгізілді. ҚР Үкіметінің 11.07.2006 ж. 567 қаулысы ресми баспасөзде 2006 жылғы 25 шілдеде жарияланды.
Осы жаналық есептеу кезіде ескеруге тиіс демалыс кезенінің қызған шағында қолданысқа еңгізілгендіктен, бухгалтерлер практикада қандай жаңа ережелердің қолданылатынын түсіндіруді сұрайды.

Содержание

Кіріспе ........................................................................... 3
Еңбек ақының теориялық негізі
Еңбек ақының түсінігі мен міндеттері ............ 4
Еңбек ақы жүйесі мен нысандары ................... 7
Еңбек ақы есебін ұйымдастыру
Еңбек ақы түрлері бойынша есебін жүргізу .... 29
Еңбек ақы есептеу және төлеу ........................... 35
Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың
аналитикалық және синтетикалық есебі...................... 43
Орташа жалақыны есептеу
Орташа жалақыны есептеу кезінде ұлғайту
коэффициентін қолдану ................................................ 50
«1С предприятия 8.0» үшін конфигурацияларда
орташа жалақы есебінің өзгерістері............................... 52
Қорытынды............................................................................. 54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар.

Работа содержит 1 файл

Еңбек ақының теориялық негізі.doc

— 337.50 Кб (Скачать)

   Егер  бір жылдан кем жұмыс істесе, онда демалысқа кетер алдындағы күнтізбелік  айлардың жалақысына орай анықталады. Күндік орташа жалақы есепті кезеңдегі жалақы сомасын жұмыс уақытының жыл сайынғы балансындағы жұмыс күндерінің айлық орташа санына бөлу жолымен есептеліп шығарылады.

   Демалыс уақытындағы жалақы күндік орташа жалақыны демалыс күндерінің санына көбейту жолымен алынған сомаға тең.

  1. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу. Сырқаттанғанда, жарақаттанғанда, санаторийлік-курорттық емделгенде, отбасы мүшесі ауырғанда және оған күтім жасау қажет болғанда, карантинде, кәсіби ауырғанда ауру күндері белгіленеді. Аурулық куәлік (еңбекке жарамсыздық қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Жалақының 100% мөлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен ауырғанда 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге, сондай-ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 жасқа дейінгі оқушылар)3 және одан көп балалары бар қызметкерлерге беріледі; 80%-ті мөлшерінде – үздіксіз жұмыс стажы 5-8 жыл болса, 60% – үздіксіз жұмыс стажы 5 жыл болса беріледі. Орташа жалақыны есептеген кезде мынадай төлемдер ескерілмейді (ҚР Үкіметінің 26.03.97 ж. №419 қаулысы):

а) пайдаланылмаған  демалыс үшін өтемақы;

ә) материалдық  көмек түріндегі ақшалай жәрдемақы;

б) өтемақы  төлемдері;

в) тәулік ақының орнына жалақыға қосылатын қосымшалар мен үстемелер;

г) арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің, арнайы тамақтың құны;

ғ) біржолғы көтермелеу төлемдері;

д) бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;

е) оқушылардың, студенттер мен аспиранттардың стипендиялары;

ж) қызметкерге  келтірілген залалды, оның жұмысқа  байланысты мертігуі немесе өзге жарақаттануын төлеу және өтемақы беру.

   Өндірім мен еңбек төлемінің есептері өндірілетін өнім саны аяқталмаған  өндіріс пен шығарылған жарамсыз өнім туралы уақытында және дәл деректер алуды қамтамасыз етуге; әрбір қызметкердің өндіріміне сәйкес еңбекақы төлемінің мөлшерін дұрыс және уақытында анықтауға; өндірілген өнімнің материалдар мен тетіктердің (детальдардың), бөлшектердің және агрегаттардың қозғалыстарын қадағалап отыру үшін қажет.

   Өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемінің қолданылатын жүйесіне, өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқа да жағдайларын компьютерлендіру деңгейіне қарай бастапқы құжаттар есебі мен үлгісінің әр түрлерін қолданады. Әр түрлі өндірістегі өндірім мен еңбек төлемі есебінің ұйымдастырылуын қарастырайық.

   Жаппай-толассыз өндірісте және еңбекті бригадалық әдіспен ұйымдастыруда өнім өндірімі мен еңбек төлемі есебі, әдетте, соңғы  операциялардан кейін өнімді қабылдап алудан бастап жүргізіледі. Бригаданың әрбір мүшесінің өнім өндіруі  мастер немесе бригадир толтыратын өндірім туралы айлық рапортта көрсетіледі. Жұмысшыға еңбек төлемі оның операциялары бойынша өндірімне сәйкес есептелінеді. Бұл мақсаттар үшін төмендегі өндірім рапорттары мен ведомостарын қолданады.

   Бригаданың  өндірімі туралы рапорт өндірілетін  өнімнің белгілі бір түріне жазылады, оның бір данасына өнделуі бойынша баға белгілейді. Ай бойы немесе басқадай мерзімде бригада өндірімі – соңғы операциялардан қабылданған өңделген тетіктер ретінде рапортта күн сайын көрініс тауып отырады. Соңғы операциялардан кейін қабылданған өнім, жұмыс істеген уақыты мен жұмысшылардың разряды – осы үшеуі еңбек төлемінің есептелуіне негіз бола алады.

   Өндіріс туралы рапортты (жинақтау рапортын) жаппай өндірісте әр түрлі мезгіл сайын  қайталанып отыратын жұмыстарды істеуге келгенде бір немесе бірнеше жұмысшының өндірімі мен еңбек төлемінің есебі үшін қолданады.

   Өндірім есебінің тізімдемесін ай бойы бір  текті жұмыс істеген бір топ  жұмысшыға (бригадаға) жазады. Өндірімі есебінің ведомосын ай бойында әр түрлі жұмыс істеген бір топ жұмысшыға (бригадаға) жазады.

   Металлургиялық  және химиялық өнеркәсіпте бір не бірнеше аппараттын немесе агрегаттың жұмысын жүргізетін бригада өндірімі есебінің тізімдемесін қолданады; тау-кен  өнеркәсібінде істелген жұмыстар есебінің тізімдемесін жүргізеді.

   Сериялық  өндірісте өндірім және еңбек  төлемі есебін бір сменадағы өндірім  рапортымен сәйкес келетін етіп, оларды маршруттық парағында жүргізген  жөн. Егер өнімдерді өңдеу ұзақтығы бір сменадан аспайтын болса, бір  рапортпен шектелуге болады. Маршруттық парақты тетіктердің топтарына (партияларына) жазады, ол өндіріс процесінде өңдеу операцияларының бір-біріне өтетін топ тетіктермен бірге ілесіп жүреді. Бұл жұмысшылардың өндірімі мен еңбек төлеміне дұрыс есеп жүргізіп, бақылау жасап отыруға септігін тигізеді. Бір сменадағы өндірім туралы рапорт өнімнің нақты өндірімін көрсетуге арналған және еңбек төлемін есептеуге негіз болып табылады. Маршруттық парақтардың деректері бойынша рапорт жазылады.

     Маршруттық парақты өндірістегі тетіктердің қозғалысын жедел есептеп отыруға, және өндірім мен еңбек төлемінің бірыңғай құжаты ретінде қолданады. Ол өндіріс процесінде тетіктер тобына ілесіп отырады. Маршруттық парақтың жұмысшыларға еңбек төлемін есептейтін сменадағы өндірім рапортымен сәйкестілігін сақтап, жұмысшылардың өнім өндірімін және жалақыларын есепке алудың бірыңғай құжаты ретінде қолданады.

   Жеке  және ұсақ сериялық өндірісте өндірім  мен еңбек төлемінің есебі  кесімді жұмысқа жасалған нарядында  жүргізіледі. Орындалатын тапсырманың  ұзақтығына қарай нарядтары сменаға немесе одан да ұзағырақ (бір айға дейінгі) мерзімге жазады. Оны жазуға учаскенің (цехтың) технологиялық карталары мен өндірістік бағдарламасы негіз болады.

   Өндірісте байқалған жарамсыз өнімге «Жарамсыз  өнім туралы актісін» немесе аптаға ашылатын «Жарамсыз өнім есебінің тізімдемесін» жасайды. Егер жарамсыз өнімді бұған жазықсыз жұмысшы жөндесе, онда оларға әдеттегідей наряд жазылады да, оған «Жарамсыз өнімнің жөнделуі» деген таңба басылады.

   Еңбек жағдайының өзгеруінен туындаған бағаларға  қосылатын төлемге және өндіріс технологясында ескерілмеген жұмыстарға қосымша төлем парағын немесе ерекшелік белгілері (қағазға көлденең түскен қызыл жолақ) бар кесімді жұмысқа жасалатын нарядтар толтырады. Парақтарда өндірім туралы негізгі нарядтың немесе рапорттың нөміріне сілтеме жасап, қосымша төлемнің әрбір түріне жеке жұмысшыға не бригадаға жазады. Кәсіпорында жұмыстың тоқтап қалу және үзілістердің болу себебі ашылып, жұмыс уақытынан артық жұмыс істегендердің табелімен бірге кәсіпорынның бухгалтериясына беріледі. Қосымша төлемдер туралы мәліметтерде бухгалтерия ауытқушылық себептерін тауып, қажетті шаралар қабылдау үшін цех (кәсіпорын) басшылығына үнемі ұсынып отыруға міндетті.

   Мерзімінен  тыс жұмыстар есебін мерзімінен тыс  жұмыс істеген адамдардың тізімінен  тыс істелген жұмыстарға төлем төлеу үшін бухгалтерияға береді.

   Кідірістер  уақытының есебі кідірістер есебінің парақтары негізінде жүзеге асырылады, оларда кідіріс уақытын, себептерін дәне кінәлі адамдарын, төлем проценттерін және жұмысшы туралы басқа да мәліметтерін (тегін, атын, әкесінің атын, разрядын, табельдік нөмірін) көрсетеді. Параққа мастер мен цех бастығы қол қояды.

   Қабылданып, тексерілгеннен кейін құжаттардың  деректері еңбек төлемін есептеу  жөніндегі есеп айырысу-төлемінің  тізімдемесін жасауға негіз болады.

   Есеп  айырысу-төлем тізімдемесінің жасалуы.  Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты мен өндірілген өнімнің есебі жөніндегі құжаттарды тексеріледі де, тек содан соң есептік өңдеуге жіберіледі.

   Әрбір жұмысшыға бір ай ішінде құжаттар жазылуы мүмкін. Бір айлық жалақыны есептеу үшін жалақы есебінің жинақ карточкасы қолданылады. Онда қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, табельдік нөмірі, цех, учаске, құжаттарының толтырылған күні мен нөмірі, сағаттық нормасы, әрбір құжат бойынша есептелген жалақы сомасы, төлемдердің басқа да түрлері көрсетіледі. Карточка деректерін есеп айырысу-төлем тізімдемесін жасау үшін пайдаланады. Есепті жүргізу компьютерленген жағдайда жинақ карточкалары (ведомостар), сондай-ақ  есеп айырысу-төлем тізімдемелері де, әдетте, бір ғана жұмыс күнінде жасалады.

   Еңбек төлемі бойынша есеп айырысу әр түрлі  кәсіпорындарда мынадай құжаттарда: есеп айырысу-төлеу тізімдемесінде, оны сонымен қатар жалақы беру үшін де пайдаланады; есеп айырысу тізімдемесінде және жеке толтырылған төлем тізімдемесінде; әрбір жұмысшыға жасалған еңбек төлемігің арнайы есеп айырысуларында (бөлек парақтарда); жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген есеп айырысу тізімделерінде жүргізіледі.

   Есеп  айырысу-төлем тізімдемесі –  жиынтық құжат, онда есептелген еңбек  төлемінің барлық түрі мен жұмыс істеп жүргендерге берілетін басқа да төлемдер сондай-ақ күші бар заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен шегерімдер жинақталған. Оны еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу деректері негізінде жасайды. Тізімдемеде қызметкерлердің тегін, аттарын, әкелерінің аттарын, олардың табельдік номерлері мен қызмет орындарын, разрядтарын немесе айлық ақыларын көрсетеді. Оған кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды. Тізімдеменің «Есептелді» деген бөліміне табыс сағының сомалары енгізіледі. «Ұсталынды және есепке алынды» деген бөлімінде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалары; несиеге сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар, еңбек төлемінің есебіне кіретін аванс және басқа ұсталымдар енгізіледі. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тізімдемеге әрбір жұмысшыға берілуге тиісті сомасын шығарады. 

    1.   ЕҢБЕКАҚЫ  БОЙЫНША  ЕСЕП  АЙЫРЫСУДЫҢ  АНАЛИТИКАЛЫҚ  ЖӘНЕ  СИНТЕТИКАЛЫҚ  ЕСЕБІ.
 

      Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі. Шаруашылық субъектілеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелінген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап, одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу ведомосі деп атайды. Шаруашылық субъектілерінде бұл ведомості әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырады. Еңбекақы жөнінде есеп айырысу төлеу ведомосі әрбір жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелінген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу ведомосі бойынша шаруашылық субъектісінің кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол қояды. Бұл ведомость бойынша, біріншіден, жұмысшы-қызметкерлермен еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден, бұл ведомость еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебі болып табылады, ал үшіншіден, осы ведомость арқылы жұмысшы-қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбекақыларын төлейді. Шаруашылық субъектілерінде  жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін жәрдемақы төлеуге, еңбек демалысына еңбекақы төлеуге, тағы да басқа қосымша еңбекақыларды төлеу үшін, сондай-ақ орташа еңбекақыны есептеу үшін көптеген шаруашылық субъектілерінде әрбір жұмысшылар мен қызметкерлерге дербес шот ашылып жүргізіледі. Бұл шотта жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, сол шаруашылық субъектісіндегі демалысының ұзақтығы, әрбір айға есептелінген еңбекақылары мен жәрдемақылары және олардан ұсталынатын ұсталымдар түрлері бойынша көрсетіледі. Бұл құжаттармен қатар шаруашылық субъектілерінде әрбір жұмысшы мен қызметкерге есеп айырысу қағаздары да толтырылуы мүмкін. Кейбір шаруашылық субъектілерінде  жазуларды қайталап жаза бермеу үшін есеп айырысу-төлеу ведомосі мен дербес шоттың орнына есе айырысу ведомосі ғана толтырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу ведомосі журнал түрінде жасалынып, негізгі және қосымша беттерден тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан ұсталатын ұсталымдарды есептеуге керекті мәліметтері (лауазымды тұлғаның жалақысы, белгіленген мамандық дәрежесіне сәйкес тарифтік еңбекақысы, туған жылы, отбасы жағдайы, балаларының және қарауындағы адамдардың саны, ұсталатын және шегерілетін сомалардың мөлшері, қай уақытқа дейін демалатыны, тағы басқалар) көрсетіледі. Ведомостің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге ашылғандығына байланысты болады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына сәйкестігін тексеру қажет. Сонымен қатар ведомостерде, дербес шоттарда және есеп айырысу қағаздарында көрсетілген адамдардың аты-жөні сол шаруашылық субъектілерінде қызмет атқарушылардың тізімдері құрамының есебіне сәйкестігі тексеріледі. Бұл ведомость бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген еңбекақы сомаларының одан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомалардың дұрыстығын анықтау үшін ведомостің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс. Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 1210 – «Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу» - деп аталатын синтетикалық, пасивті шотында жүргізіледі. Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерлерінде көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істеген, қызмет атқарғандары және өнім өндіргендері үшін есептеліп төленетін еңбекақы пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін белгілі бір шотқа, оның ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі қажет. Сондықтан да рапорттар мен өнімдерді өндіру ведомостары, табельдер және тағы да басқа алғашқы құжаттар негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелінген еңбекақы, олардың түрлері және қызметкерлердің категориялары бойынша топталынады. Бұл топтау журнал-ордерлердің үлгілі түрі №3 және №4 өңдеу кестелерінде жүргізіледі, ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлерінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелінген еңбекақы сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады. Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінетін еңбекақы сомасын бөлу, тарату ведомосының негізінде шығындар есептелінетін шоттарға былайша жазылады;

   Дебет: 7110 «Тауарларды (жұмыстарды) сату бойынша  шығындар», 7210 «Жалпы әкімшілік шығындар», 8012 – «Негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы», 8072 – «Көмекші өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы», 8042 – «Цехтағы жұмысшылардың еңбекақысы», 942 – «Әлеуметтік саладағы жұмысшылардың еңбекақысы» және 952 – «Ақауды жөндеу саласындағы жұмысшылардың еңбекақысы» шоттарының тиістісі.

   Кредит: 3950 – «Еңбекақы төлеу бойынша  қысқа мерзімді ???»

7010 –  шоттың дебетіне маркетинг бөлімінің  басқа да тауарларды сатумен  айналысатын жұмысшы-қызметкерлердің  еңбекақысы жазылады.

7210 –  шоттың дебетіне шаруашылық субъектілерінің  әкімшілік басқару қызметкерлердің еңбекақысы жазылады.

8012 –  шоттың дбетіне негізгі өндірісте  жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлердің  мерзімді және кесімді еңбекақылары  жазылады. Кесімді еңбекақы алғашқы  құжаттар негізінде өндіріліп  шығарылған өнімдердің өзіндік  құнына тікелей қосылса, мерзімді еңбекақы шығындары барлық өндірілген өнімдерге пропорционалды бөлініп, қосылады.

8032 –  шоттың дебетіне көмекші өндіріс  жұмысшы-қызметкерлерінің істеген  жұмыстары мен атқарған қызметтеріне  есептелген еңбекақы сомалары  жазылады.

8042 –  шоттың дебетіне цехтың әкімшілік  басқару және басқа да жұмысшылардың  еңбекақылары жазылады.

8052 – шоттың дебетіне әлеуметтік салада жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекақылары жазылады.

   Шаруашылық  субъектілерінде жұмысшылар мен  қызметкерлерге есептелінген еңбекақыдан салықтар мен ұсталымдар, жарналар есептелгенде 3350 шот дебеттелініп, 1040«Бюджетпен басқадай есеп айырысу», 651-«Мүлікті және жеке басты сақтандыру бойынша есеп айырысу», 3120-«Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» және тағы да басқа шоттар кредиттелінеді. Сонымен қатар жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы төленгенде немесе есептелініп бірақ, уақытысында таратылмағанда және тағы да басқа жағдайларда 3350-шот дебеттелініп, 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 4240-«Басқадай алашақ борыштардың басқалары» немесе тағы да басқа шоттарының тиістілері кредиттелінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                                                                                     

Информация о работе ОРТАША ЖАЛАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ КЕЗІНДЕ ҰЛҒАЙТУ КОЭФФИЦИЕНТІН ҚОЛДАНУ