ОРТАША ЖАЛАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ КЕЗІНДЕ ҰЛҒАЙТУ КОЭФФИЦИЕНТІН ҚОЛДАНУ

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 10:17, реферат

Описание работы

ҚР Үкіметінің 11.07.2006 ж. 657 қаулысымен «Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу тәртібі туралы «ҚР Үкіметінің 29.12.2000 ж. 1942 қау-
Лысына толықтыру енгізілді.
Нұсқаулыққа толықтыру оның ресми жарияланған күнінен бастап еңгізілді. ҚР Үкіметінің 11.07.2006 ж. 567 қаулысы ресми баспасөзде 2006 жылғы 25 шілдеде жарияланды.
Осы жаналық есептеу кезіде ескеруге тиіс демалыс кезенінің қызған шағында қолданысқа еңгізілгендіктен, бухгалтерлер практикада қандай жаңа ережелердің қолданылатынын түсіндіруді сұрайды.

Содержание

Кіріспе ........................................................................... 3
Еңбек ақының теориялық негізі
Еңбек ақының түсінігі мен міндеттері ............ 4
Еңбек ақы жүйесі мен нысандары ................... 7
Еңбек ақы есебін ұйымдастыру
Еңбек ақы түрлері бойынша есебін жүргізу .... 29
Еңбек ақы есептеу және төлеу ........................... 35
Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың
аналитикалық және синтетикалық есебі...................... 43
Орташа жалақыны есептеу
Орташа жалақыны есептеу кезінде ұлғайту
коэффициентін қолдану ................................................ 50
«1С предприятия 8.0» үшін конфигурацияларда
орташа жалақы есебінің өзгерістері............................... 52
Қорытынды............................................................................. 54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар.

Работа содержит 1 файл

Еңбек ақының теориялық негізі.doc

— 337.50 Кб (Скачать)

   Тәжірибе  жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі екі нысаны – мерзімдік  және кесімді қолданылады.

   Еңбек есебінің маңызды элементі болып оның техникалық мөлшерленуі, яғни еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандықтары дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:

  1. тарифтік кесте;
  2. тарифтік еңбекақы мөлшері;
  3. тарифтік мамандық анықтамалары.

   Осыларға  негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалынады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшы қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әртүрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді.тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшы-қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.

   Тарифтік  кестеде – жұмысшылар мен қызметкерлердің  әрбір топтарының арасында төлеуге  тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатынасының тарифтік коэффициентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.

   Тарифтік  кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.

   Тарифтік  мерзімді еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу процесін жүргізу кезінде анықталады.

   Өнім  өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың, операцияның өндіріп шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай  кесімді еңбекақы есептеу үшін және жұмысшылар мен қызметкерлердің  жекелік және топтық еңбек өнімділігіне бақылау жүргізу үшін керек. Өнім өндіру есебі негізінде тек қана кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар мерзімдік еңбекақы алатын көрсеткіштердің артығымен орындалуына қарай жекелеген сыйақы төленеді. Жекелеген жұмысшылар мен қызметкерлер кесімді еңбекақысына қосымша өнім өндіру негізінде  мөлшерлі тапсырманы орындағаны үшін сыйақы алады.

   Өнім  өндіру есебі әрбір шаруашылық субъектісінде  жұмысшы қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруға және оларға есептелініп төленетін еңбекақы түріне байланысты. Шаруашылық субъектісіндегі еңбекті ұйымдастыру көбіне ғылыми-техникалық даму деңгейі мен оларды тиімді пайдалануға және тағы басқаларға байланысты болып келеді. Еңбекті жаңа техникамен жабдықтау, механикаландырылған, автоматтандырылған, өндірістің пайда болуына себебін тигізді. Ғылыми-техникалық прогрестің дамыған жағдайында қол еңбегін пайдалануды көп қажет ететін механикаландырылмаған өндіріс автоматтандырылған кешенді салаға айналады. Оларда қол еңбегі біртіндеп азайып, еңбектің ұйымдастырылуына және техника мен технология өз әсерін тигізеді. Бұл айтылғандардың іске асуы, яғни қолдануы өнім өндіру есебін ұйымдастыруға өздерінің әсерін тигізеді.

   Шаруашылық  субъектісінде өнімдердің өндіріп шығарылуы және жұмыстың орындалуы жайлы алғашқы құжаттарда мынадай мәліметтер мен ақпараттар болуы қажет:

   Орындалған  жұмыстың аталынуы оның қабылданған  уақыты яғни күні, айы, жылы өндірілген өнімнің саны мен орындаушы жұмысшылар мен қызметкерлердің табельдік номері немесе бригада номерлері, цех бөлімшесісінің цифрлары және оларға есептелген еңбекақы түрі.

   Бұлар бойынша одан кейінгі уақыттарда жұмысшы-қызметкерлермен есеп айырысу  және өндіріліп шығарылатын өнімдер  мен істелінген  жұмыстарға есептелінген төлем сомаларының мөлшері анықталады.

   Халық шаруашылық саласының әр түрлі орындарында  яғни шаруашылық субъектілерінде өндіріс түрлеріне байланысты еңбек пен еңбекақы мөлшерінің есебін қолдануға сәйкес өнім өндіру есебінің әр түрлі жүйелері қолданылады. Олардың ішінде:

  1. жұмысшылар мен қызметкерлерге әрбір операция бойынша істелінген жұмысы мен өндірген өнімнің саны мен сапасына сәйкес жеке-жеке еңбекақы есептеп және оны төлеу жүйесі. Бұл жүйе бойынша – керекті мәліметтерді жеке жұмысшылар мен қызметкерлердің істеген жұмысына байланысты әр цех бөлімшелері толтырған алғашқы құжаттардан алуға болады.
  2. өндірілген өнімдер мен істелінген жұмыстың көлемін ең соңғы операция немесе ең соңғы өндірген өнім бойынша есептеу жүйесі. Бұл жүйе бойынша – бөлімшелер мен цехтардағы барлық жұмысшы-қызметкерлерге бір жолды және жинақтаушы құжаттарды қолданады.
  3. еңбек пен еңбекақыны өндірістің түріне қарай қолданудағы тағы бір жүйе – инвертарлық жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша жұмысшы-қызметкерлердің жеке-жеке өндірген өнімінің, істеген жұмысының көлемінің санын анықтау үшін әр операцияларында кейінгі өндірілмей, аяқталмай қалған өндіріс қалдықтарына түгендеу жұмысы жүргізіледі.

   Операциялар бойынша қабылдау жүйесі жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдерін  әр операцияны орындағаннан кейін шаруашылық субъектісінің техникалық бақылау  бөлімі қабылдап санап алғаннан кейін, ол туралы ақпараттар мәліметтер мен алғашқы құжаттарға жазуды қажет етеді. Бұл жүйе бойынша көбірек қолданылатын алғашқы құжаттардың түрі «кесімді жұмыс» наряды болып табылады. Бұл құжат жұмыс орындалмай яғни басталмай тұрып толтырылады және жұмысшы қызметкерлерге беріледі. Тапсырма орындалғаннан кейін бұл нарядқа нақты өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың саны, көлемі жазылып жұмысшы қызметкерлердің еңбекақысын есептеу үшін шаруашылық субъектісінің бухгалтериясына тапсырылады.

   Шаруашылық  субъектісі бойынша өнділіген өнімге, істелінген жұмысқа күнделікті наряд жазу жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы есептеу жұмысын қиындатып жібереді. Оның үстіне нарядтар бойынша төленетін еңбекақы мөлшерін цехтарындағы, бөлімшелердегі өнділірген өнімнің, орындалған жұмыстардың көлемімен сай келуін бақылауға, салыстыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да өнім өндіру есебінің жаңа прогрессивті еңбек сіңіруді жеңілдететін жүйесін енгізу қажет. Іс жүзінде жекеленген жұмыс нарядының орнына айлық немесе екі апталық жинақтаушы нарядтарды қолдану арқылы құжаттардың санын азайтуға болады. Шаруашылық субъектілерінде өнім өндіру жайлы мәліметтер мен ақпараттар тек қана наряд арқылы жазылып қана қоймай, сонымен қатар өндірілген өнімнің жылжуын яғни олардың қозғалысын бір операциядан келесі оперияға ауысуын бақылау және олар үшін толтырылатын құжаттың санын азайту мақсатында маршруттық карталар (карточкалар) тәжірибеде кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі сериялы өндірісті машина жасау зауыттарының цехтар мен бөлімшелерде кеңінен қолданылады. Бұл маршруттық карталарда (карточкада) біртектес материалдардан дайындалатын детальдар мен бөлшектердің барлық технологиялық процестерден өтіп қоймаға тапсырылғанға дейінгі қозғалысы жазылып отырады.

   Шаруашылық  субъектісінің бақылау бөлімі өндірісте өндірілген, жасалынып шығарылған өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап отырады және сонымен қатар бұл туралы мәліметтерді өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшелерінде өндірілген өнімнің әрбір топтарына бөлек маршруттық карта жазылады. Бұл маршруттық картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімінің саны көрсетіліп бақылау бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы картаға топты яғни өнімдерді тексеру барысында анықталған ақау немесе кемшілігі бар өнімнің санын және оны жіберген (өндірген) жұмысшының табелінің номерін көрсетіп қол қояды.

   Өндірілген  өнімнің топтары бір бөлімшеден немесе цехтан екінші бөлімшеге, цехқа  берілгенде оларға қоса маршруттық картаны жіберіп отырады. Егер топтағы өнімдер бөлініп кететін жағдайда жаңадан маршруттық карта жазуға тура келеді. Маршруттық карта сонымен қатар өндірілген өнімдердегі кездесетін ақаулардың қай жұмысшы-қызметкерлердің кінәсінан болғанын анықтап жазып отыруға және өндірілген өнім санының дұрыс жазылуындағы (қате болмауын) бақылау жұмыстарын жеңілдетуге арналған. Маршруттық карталар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеуде өз алдына дербес карта ретінде пайдаланылады.

   Ғылыми-техниканың жетілуі мен алға дамуына байланысты өндіріс саласында жеке және қолмен жасалатын жұмыстар қысқартылып отырады. Шаруашылық субъектісінде өндіріс тиімділігін арттыру үшін үздіксіз жұмыс істейтін конвейрлі линияларды енгізу өндіріс процесін ортақтасып орындайтын жұмысшы қызметкерлердің бүтін топтарын ұйымдастыруды қажет етеді. Осыған байланысты еңбекті ұйымдастырудың бригадалық түрі кеңінен қолданылады. Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру, ұжымдық еңбекақы есептеу мен оны төлеу әр операция немесе әрбір жұмыс орны бойынша әр жұмысшы-қызметкерлердің өндірген жұмысына қажет болатын көп күш пен еңбекті үнемдеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты толтырылатын құжаттардың саны да азаяды. Әрбір жұмысшы мен қызметкердің істеген еңбегі мен өндірген өнімдерінің саны мен сапасына қарай оларға еңбекақы есептеу үшін жұмыскерлер тобының, цехтың яғни шаруашылық субъектісіндегі бригада өндіріліп шығарылған өнімнің, істелінген жұмыстың ең соңғы нәтижесінің есебін алу жеткілікті болады. Өндірілген өнімнің, істелінген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша шаруашылық субъектілеріндегі жұмысшы қызметкерлерге еңбекақы есептеу техникалық бақылау бөлімі қызметінің ең соңғы тексеру операциясынан өтіп, қоймаға тапсырылған және басы жақа қоймаға алынбай таратылып жіберілген яғни басқаларға берілген, сатылған, тиеліп жіберілген дайын өнімнің, істелінген жұмыстың саны мен сапасына қарай есептелінеді.

   Жұмысшылар  мен қызметкерлерге жоғарыда айтылғандай  еңбекақыны есептеу және төлеу үшін шаруашылық субъектісінде жинақтаушы құжаттар мен бригаданың өнім өндіру ведомосін қолдануды қажет етеді.

   Көпшілік  өндіріс орындарында, әсіресе, үздіксіз өндірістерде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақыны өндіріліп  шығарылатын өнімнің, істелінген жұмыстың ең соңғы нәтижесі (операциясы) бойынша есептеу кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі шаруашылық субъектісінде өндірісті дамыту, өнімділікті арттыру үшін, сондай-ақ өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстардың көлеміне қосымша ақпараттар жазуға жол бермеу үшін қолданылады. Еңбекақының істелінген жұмыс уақытына қарай, яғни мерзімді еңбекақы төлеу жұмысшы-қызметкерлерді жұмыс істеуге белгіленген уақыт ішінде еңбек өнімділігін арттыруға айтарлықтай ынталандырмайды, сондықтан да көптеген өндіріс орындары, яғни шаруашылық субъектісі еңбекақыны мөлшерлеп белгілеген тапсырманың орындалуын қажет етеді. Сонымен қатар тапсырманы уақытылы орындағаны және еңбек өнімділігін арттырғаны үшін жұмысшы-қызметкерлерге сыйлықтар мен сыйақылар, тағы басқалар беріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                2 тарау. ЕҢБЕКАҚЫ  ЕСЕБІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ.

                 2.1 ЕҢБЕКАҚЫ  ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЕСЕБІН  ЖҮГІЗУ. 

 Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.

   Еңбек және оған ақы төлеудің негізгі міндеттеріне жататындар:

  • еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
  • бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
  • шаруашылық жүргізуші субъектінің әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу;
  • белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
  • жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.

   Еңбек және еңбекақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы»  заңының 5-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек  қатынасы нормативті құқықтық актілермен, еңбек заңына бекітілген ұжымдық келісімшартпен реттелінеді.

   Кәсіпорын дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және еңбекақы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді.

   Әрбір қызметкердің еңбекақылық табысы кәсіпорын  қызметінің түпкілікті қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол салықпен реттеледі және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды.

   Еңбекақы  мөлшерін жұмыс берушінің өзі  белгілейді және жұмыс беруші белгіленген  еңбекақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» заңының 71-бабы) ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы керек.

   «Қазақстан  Республикасының Еңбек туралы»  Заңының 7,8-бабына сәйкес қызметкердің мынадай құқысы бар:

  • қандай да бір кемсітушіліксіз (дискриминация) тең еңбекке тең еңбекақы алуға;
  • қауіпсіздік және тазалық (гигиена) талаптарына жауап беретін еңбек жағдайында жұмыс істеуге;
  • кепілдік және өтемақы алуға және т.б.

Информация о работе ОРТАША ЖАЛАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ КЕЗІНДЕ ҰЛҒАЙТУ КОЭФФИЦИЕНТІН ҚОЛДАНУ