Қонақжайлылықтың стратегиялық бағыттары , даму мақсаттары мен

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Қызмет саласы халық өмірінің бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмектеседі. Ол халықтың әрдайым өсіп отыратын материалды-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандырады, оның бос уақытын көбейтеді, денсаулығын нығайтады және көңіл-күйін жоғарылатады, өмір сүру деңгейін ұзартады, қала және ауыл халқының еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға маңызды әсер етеді. Материалды, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдейді, қоғамдық еңбек өнімділігінің жүйелі өсуіне әсер етеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Қызмет көрсету саласындағы қызмет сапасы ұғым
2.Қонақжайлылық қызмет көрсету аясы және қоғамдық өндіріс тиімділігінің
сапасы
3.Қонақжайлылықтың стратегиялық бағыттары , даму мақсаттары мен
нысаналы индикаторлары
4.Кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесі және туризм саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету


Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қызмет көрсету саласындағы қызмет сапасы..doc

— 118.00 Кб (Скачать)
  • қызмет аясының дамуының бүкіл қоғамдық өндіріске, соның ішінде материалдық өндіріске де әсер етуі;
  • саланың әлеуметтік тиімділігі;
  • қызметкөрсету аясындағы қызметті өндіру тиімділігі;

  Экономикалық  тиімділікті есептеу үшін мына формуланы  қолдануға болады:

  Эт=көрсетілген  қызмет көлемі/ шығындар (тірі және заттанған  еңбек)

  Немесе

  Пайда /шығындар (тірі және заттанған еңбек)

     Қызмет аясының халық шаруашылығы және салалары тиімділігінің арасында олардың мақсаттары мен міндеттерінің ортақтылығымен негізделген диалектикалық байланыс бар. Бұл саланың халық шаруашылық тиімділігі жеке салалардың қызметімен халықтың қамтылуының өсуімен, адамдардың қызметке деген қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесімен, халық шаруашылық салаларындағы өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруға әсер етімен, үй шаруашылығындағы еңбек ресурстарын тиімді пайдаланумен, тұтыну шығындарының азаюыментжәне т.б. сипатталады. Салалық тиімділік қызмет аясының жұмысшыларының материалды сипаттағы еңбек тиімділігінің деңгейімен, материалды салымдарды пайдалану дәрежесімен, көрсетілетін қызмет сапасымен және тұтынушыларға қызмет көрсету мәдениетімен, рентабельділік деңейімен және т.б. сипатталады. Біріншіден, қызмет жұмысшылардың еңбек нәтижесі бола отырып, өмірлік игіліктерді өндірудің құрамдас өлігі болады, ол өз кезегінде оның қоғамдық пайдалылығын да анықтайды.Екіншіден, ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуде, халықтың тұрмыс халін жоғарлатуда, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтарды жоюда, үй мен қойма шаруашылығындағы еңбек ресурстарын рационалды қолдануда, қоғамдық еңбек шығындарын үнемдеуде, адамдардың бос уақытының масштабын кеңейтуге қызмет көрсету аясының әлеуметтік функциясы өсіп отыр, үшіншіден, қызмет көрсету аясының салаларының экономикалық тәуелсіздігі нақтыланды және дәл анықталды, яғни осыдан келіп жеке көрсеткіштер, нормативтер, стандарттар, техникалық қызметтер жүйесін  ұдайы өндіру, қалыптастыру және негіздеу үрдісінде жаңа мақсатты функциялар айқындалды.

   Қызмет көрсету аясы мынадай түрлері бойынша кәсіпорындарға бөлінеді:

     Кәсіпорын - бұл Қазақстан Республикасының  заңдары мен стандарттарына сай тауарларды сату, қызмет көрсету т.б арқылы пайда табу мақсатында өзіндік тәуекелге баратын объект.

    Қазақстан стратегиялық тұрғыдан алғанда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал экспортына бағдар ұстанған шағын, ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасуда.

     Кез келген кәсіпорын өз мақсатына және пайда табу мақстына байланысты  жоспары мен даму стратегиясын алға қояды және сол бойынша қызмет көрсетеді.Ал ол кәсіпорын қызметінің дұрыс орындалуы мен спалы және мазмұны жағынан да дұрыс келтіру мақсатында  оған міндетті түрде стратегиялық бағыт орнатады. 
 

Кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  жүйесі және туризм саласын ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз ету    

  Туристік  кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін мыналарды орындау қажет:    

  Халықаралық тәжірибеге сәйкес Дүниежүзілік туристік ұйым ұсынған туризм бойынша мамандықтарды  «Қазақстан Республикасының бакалавриат  және магистратура мамандықтарының  жіктегіші» ҚРМЖ08-2004 Мемлекеттік жіктегішке енгізу;   

  туристік  сала үшін кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындарына туристік білім беру сапасының «WTO - Теd Qual» сертификатын енгізу;   

  республикада  ғылыми-практикалық конференциялар өткізуді және кадр дайындау мен туристік индустрияны дамытудың негізгі мәселелері жөніндегі халықаралық туристік іс-шараларға Қазақстанның қатысуын ұйымдастыру;   

  туристік  кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және орта оқу орындары үшін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтар мен көрнекі материалдарды әзірлеуге қатысу;   

  гидтар, экскурсияшылар, туризм нұсқаушыларын  қоса алғанда, туристік индустрия мамандарын, оның ішінде айрықша қорғалатын аумақтар мен мемлекеттік ұлттық парктер  үшін, оқытып-үйрету семинарлары мен біліктілігін арттыру курстарын тұрақты негізде жүргізу;    

  Еуропа  білім беру қорымен халықаралық  ынтымақтастық шеңберінде дайындалған  «Туризм саласындағы ұлттық біліктілік құрылымы» (ҰБҚ) пилоттық жобасын іске асыруды және Алматы қаласында ҰБҚ әзірлеу жөніндегі Үйлестіру орталығын және орталықазиялық өңір елдері үшін басқа да бірлескен халықаралық жобалар құруды жүзеге асыру. Туристік кластер жасаудың маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі туристік индустрияны одан әрі дамыту стратегиясын айқындау мақсатында Қазақстан өңірлерінің туристік әлеуетіне маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін 65 млн. теңге көлемінде қаржылай қаражат бөлді. Аталған зерттеулерді жүргізу үшін стратегиялар әзірлеуде және туристік қызмет көрсетулердің әлемдік нарығына туристік өнімді жылжытуда көшбасылық орынды иеленуші «International consulting group оп tourism «ІРК»  (бұдан әрі - «ІРК International») компаниясы тартылды. Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша, Қазақстанның бәсекелік артықшылықтары мен ұзақ мерзімге арналған кластерлік бастамалар ескеріле отырып, елдің туристік индустриясын дамыту стратегиясы жөнінде ұсынымдар тұжырымдалды, бір қатар жобаларды іске асыру көзделді, олардың бірі осы Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу болып табылады.

     Бұдан басқа, халықаралық сарапшылардың қорытындысы бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі маңызды шаралардың бірі оның ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі болып табылады. Осы жылы алғашқы ақпараттық туристік орталықты Астана қаласында, келесі жылдары Алматы, Түркістан, Атырау және Ақтау қалаларында ашу жоспарланып отыр. ҚР Үкіметі 2005 жылдан бастап «Болашақ» Бағдарламасы шеңберінде туристік сала үшін мамандар даярлап келеді. Министрлік Білім және ғылым министрлігімен бірлесе осы Бағдарлама бойынша оқитындардың квотасын көбейтуді жоспарлайды.

    Қазақстанның тартымды туристік  имиджін қалыптастыру 
Министрлік Қазақстанның әлемдік туристік нарықтағы тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған бағдарлама әзірледі. Бағдарлама халықаралық туристік форумдарға қатысуды, көрмелер, жәрмеңкелер өткізуді, CNN, BBC және EuroNews сияқты әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтер көрсетуді, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізуді және жарнамалық-ақпараттық өнім шығаруды көздейді.  Республикада саланың ғылыми-әдістемелік базасы жоқтың қасы, ал осы уақытта Германия, Ұлыбритания секілді әлемнің дамыған елдерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұлттық туризмнің даму болашағын зерттеу және болжамдау жөніндегі орталықтар бар.   

  2-кесте

     

   
  
 

 
  Туризм  түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны, мың адам
  барлығы     оның  ішінде
  кіріс   шығыс   ішкі
  Барлығы:   10649,0   4365,0   3004,0   3280,0
  оның  ішінде:                     
  туристік  ұйымдар   456,1   40,4   218,0   197,7
  орналастыру объектілері   1361,3   264,2         1097,1
  санаторийлік-курорттық  мекемелер   209,6   69,0         140,6
  айрықша қорғалатын табиғи аумақтар   391,6   130,4         261,2
  мәдениет  мекемелері   2412,0   828,6         1583,4
 

:кестенің жалғасы

            Туристік  қызметтен түскен кіріс, млн. теңге   Бюджетке  түскен қаржы, млн.теңге
  Барлығы:   30553,4   6526,5
  оның  ішінде:             
  туристік  ұйымдар   5902,6   554,6
  орналастыру объектілері   23153,5   5317,5
  санаторийлік-курорттық мекемелер   256,0   532,6
  айрықша қорғалатын табиғи аумақтар   9,1   2,2
  мәдениет  мекемелері   1232,2   119,6
 
 
 
 
 

Өндірілген өнім (жұмыстар мен қызмет көрсетулер)

  КӨЛЕМІ (млн. теңгеде)  кесте-3 

            2006 ж.   2007ж.   2008 ж.
  БАРЛЫҒЫ

  оның  ішінде:

  9055,0   22386,9   29944,0
  Туристік  фирмалар   2926,2   3204,2   5028,0
  Қысқа мерзімде тұруға арналған қонақ үйлер және басқа да орындар, оның ішінде:   2181,4   14530,7   17737,5
  мейрамханалары  бар қонақ үйлер   1547,5   12886,4   15927,0
  мейрамханалары  жоқ қонақ үйлер   524,4   1297,5   1533,3
  жастар  туристік лагерлері және таулы туристік базалар   33,5   41,4   57,7
  Кемпингтер   -   148,9   0,7
  басқа да тұрғылықты жерлер   76,0   156,5   218,8
 
 
 
 

   
 
 

   
 
 
 

                                      
 
 
 
 
 
 

                                          Қорытынды

     

    Адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын материалды, рухани, материалды емес түрлі қызметтерге өсіп отырған сұраныс ұдайы өндірісінің және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлатудың маңызды шарты болып табылады.

    Қызмет көрсету өсу қарқыны, қызметтерді жүзеге асыру тиімділігі, елдің әлеуметтік экономикалық дамуының маңызды факторлары болып табылады, экономикалық базисті кеңейтуге әрекет етеді,қоғамдық жетілдіру әдісіне ықпал етеді. Бұның барлығы қоғамның мүшелерінің қоғамдық қажеттіліктерін ары қарай толық, жан жақты қанағаттандыру үшін алғышарттар туғызады.

    Қызмет әлеуметтік экономикалық категория ретінде экономикалық қатынастардың түрлі жақтарының теориялық жалпылауы немесе абстрактілі көрінісі. Қызмет көрсету аясы мен Қызмет көрсету аясының мағынасы  қоғамдық ұйымдастырылған экономикалық үрдіс ретінде, ұдайы өндірістегі аяның мәні мен ролі туралы дұрыс түсінуде мұндай анықтама шешуші болып табылады.

     Бүгінгі күні әр қызмет өндіруші қатаң бәсекелестік ортада қызмет етеді, бұл әлемдік қызмет аясаның кеңеюін тенденциясымен негізделеді. Соның ішінде қызметтендіру үрдісі әлемнің әр елінің тіршілік әрекетінің барлық жақтарын қозғайды, сонымен қатар ол дамыған елдердегі жалпы ішкі өнімнің 80%-ын және  дамушы елдерде 55%-ын қамтамасыз етеді. Осындай текті экономикалық көрсеткіштер қарастырылып отырған мәселенің дамуы мен жетілдіруін негізді және терең талдаудың қажеттілігін дәлелдейді.

     Соңғы жылдары кәсіпкерлік және іскерлік өрісіндегі қызмет аясының салаларын дамытудың жалпы және жеке мәселелері бойынша іс әрекеті халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, болашағы бар салаларды зерттеумен айналысатын, экономикалық ғылымның дамуына аңызды үлес қосқан көптеген мазмұнды және өзекті зерттеулер жарияланды . 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

  1. Базарова  С.К. Маркетинг услуг: учеб. пособие. – Астана: Парасат Әлемі, 2005. – 248 с.

Информация о работе Қонақжайлылықтың стратегиялық бағыттары , даму мақсаттары мен