Облыстың демалыс орындары мен туризм дамуының қазіргі жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 21:31, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының экономикасы дамыған аймақтарының қатарына Қостанай облысы да кіреді. Алайда, аймақта экономика салаларының бірі болып табылатын туризмнің даму проблемасы айтарлықтай жағдайда емес.
Облыс территориясы Қазақстан территориясының жалпы көлемінің 7,7 % құрайды. Осындай территорияны алып жатқан Қостанай облысы демалушылардың сұраныстарын қанағаттандыратын, рекреация және туризм формаларын дамытуға мүмкіндік туғызатын байлығы бар жерде орналасқан.

Содержание

1. Өзектілілігі
2. Әлеуметтік топтың туристік қызметке сұранысын қалыптастырудағы әлеуметтік факторлары.
3. Демалыс орындары мен туризм дамуына экономикалық жағдайдың әсері.
4. Облыстың рекреациялық ресурстары.
5. Қазіргі туристік қызметті қалыптастыру бағдарламасы.
6. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

айка.docx

— 30.82 Кб (Скачать)

Қорық 1931 жылы 30 шілдеде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының (РСФСР) Халық Комиссарлары Кеңесінің Қаулысымен ұйымдастырылды. 1934 жылдың 9 қыркүйегінде қаулы қайта қаралып, Қаз АКСР-ның  Халық Комиссарлары Кеңесінің және Қазақ атқарушы комитетінің президиумымен  бекітілді. Іс жүзінде құрамына жалпы  көлемі 320 мың га. құрайтын екі аумақ  кіретін, табиғат қорғау ғылыми –  зерттеу мекемесі ретіндегі қорық 1934 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Осы жылы қорықта ғылыми бөлім  құрылды. Қорық территориясын ұйымдастырғаннан бастап өзгерістерге ұшырады. 1951 жылы Кеңес Одағының басқа қорықтарының қатарынан жойылды, ал оның ормандар базасында орман шаруашылығы  құрылды. Кейін құрамына көлдер жүйесінің  қорғалатын территориясы енгізіліп, қорықтағы  аңшылық шаруашылығы болып қайта  құрылды. Қорық тек 1966 жылы ғана қайта  қалыптасты.

Қорықта кеңінен  таралған дала өсімдіктері түрлі  шөптесінді, құмды бетегелі болып  табылады. Қорықта комплексті дала шамамен 15 мың га. жерді алып жатыр. Олардың құрамында аздаған қызыл  селеу және бетегелі жерлер кездеседі, бірақ көп бөлігін шөлді тип: қара жусанды, жусанды-бетегелі, көкпек-жусанды, ақ жусанды, сондай-ақ сор және сортаңды комплекстер алып жатыр. Дала экосистемасы дала жануарларының жиі және сирек  кездесетін түрлерінің қоректену орыны  болып табылады. Солардың ішінде безгелдек, сұңқар, лашын, сұлы тырналар, дала бүркіті, дала ақсары құсы және т.б. құстар кездеседі. Наурызым қорығы Орал маңы-Торғай биогеографиялық  ауданының түрлі флора мен  фаунасын сақтап, дала экосистемасын  қорғайтын Қазақстандағы жалғыз қорық болып есептеледі.

          Қазір рекреация іс-әрекеттің  таңдаулы түріне жатады, ол адамдардың  күнделікті дұрыс өмір сүру  жағдайына айналып отыр. Демалыс  пен туризм халықтың денсаулығы  мен сапасына әсерін тигізетін  қоршаған табиғи ортаны қорғау  және оны қалпына келтіру үшін  өте қажет. Рекреациялық сұраныстың  арқасында курорттар, демалыс  зоналары және туризм жерлері  ұйымдастырылып, туризм жүйесі реттелінеді.

          Қостанай өңірінде Арақарағайда XX ғасырдың 70-ші жылдарынан бері  демалыс аймағы жұмыс істейді.  Арақарағай ормандарында орналасқан  шипажай 1971 жылы өз құрылыс  жұмысын бастады. Бұл шипажай  1972 жылы “Сосновый бор” деген  атпен алғашқы тынығушыларын  қабылдай бастады. Арақарағайдағы  “Сосновый бор” санаторийі Қазақстан  Республикасы көлемінде және  шет елдерде де белгілі. “Сосновый  бор” емдеу – сауықтыру   шипажайы Қостанай қаласынан  40 шақырым жерде, негізінен шырша  мен қайың, қарағай жайқала  өскен, тұнып тұрған жер асты  минералды суы бар көлдің жағасында орналысқан. “Сосновый бор” санаторийі - Қостанай облысы туризмін дамыту, қосар үлесі зор рекреациялық аймақ болып табылады. Санаторий жыл сайын шамамен 8000 адам қабылдайды. “Сосновый бор” санаторийінің сыйымдылығы - 161 номер, яғни орташа есеппен 483 орын. Сонымен қатар, 40 люкс орны бар “Пейш” қонақ үй комплексі, су-батпақпен емделу орны, әр түрлі демалыс және спорт комплекстері орналасқан.

          Санаторий территориясында орналасқан  минералды суы Қазақстанда теңдесі  жоқ шипалы су болып табылады. Санаторийдің минералды суы өз  құрамы бойынша “Есентуки –  17”, Трускавецкінің минералды  суымен ұқсас келеді және адам  ағзасын түрлі қалдықтардан тазартады.  Шипажайда ауруларды емдеудің  келесідей тәсілдері бар: бірінші  кезекте, ішек-қарын жүйесінің  ауруларын емдейді. Себебі, жер  астынан ағып жатқан минералды  судың асқазан, қарын, ішек, бауыр,  бүйрек жолдарын емдеуде шипалық  ролі зор. Сол сияқты жүрек,  тамыр, жүйке, қан қысымы төмен,  жоғары адамдарға арнайы емдеу  тәсілдері, оларға қолданылатын  күрделі аппараттар баршылық. ЭКГ,УЗИ  ректормоноскопия, инемен емдеу,  сүлік салу, “Мыльное” көлінен  арнайы әкелетін батпақпен емдейді.  Адам ағзасының қозғалыс органдарының  омыртқа, жілік, сүйек аурулары, радикулит, полиатрит, әйелдердің  жыныс органдарының аурулары  сияқтыларды емдеу де оң жолға  қойылған. Диагностикалық база, минералды  бұлақтар, орманды аймақ – осының  барлығы санаторийді нағыз денсаулық  көзі екенін дәлелдейді. “Сосновый  бор” санаторийінің алдына қойған  міндеті – адамдардың демалуына  жағдай жасау, денсаулық түзету  мекемесін қайткен күнде де  сақтап қалу және жай ғана сақтап қалмай, заман талабына сай одан әрі дамыту.

Ресей және Қазақстан ғалымдарының берген қорытындысы  Қарғалы табиғи ыстық суы төмендегідей 7 түрлі ауруға ем екенін көрсетеді.

1. Туберкулез  және буын ауруларының барлық  түрінде.

2. Жүрек,  қан тамырлары ауруларына.

3. Орталық  жүйке жүйесі сырқаттарына.

4. Тері ауруларына.

5. Зат алмасу  жүйесінің бұзылуына.

6. Әйелдердің  жыныс науқастарына.

7. Табиғи  бедеулік пен жүре пайда болатын  бедеулікке.

          Қостанай тұрғындарының және  облыс қонақтарының бос уақыттарын  ұйымдастыру үшін “Мұрагер”  ат-спорттық демалу базасы ұйымдастырылған.  Мұны қонақтар үшін ұлттық  тағамдар, туристік қонақ үй типіндегі  демалуға арналған бөлмелер ұсынады.  Қазақстанның үш гольф-клубтарының  бірі “Қостанай гольф-клубы”  осы спорт түрін ұнататын туристерді  қабылдауға дайын. Қостанай облысының  өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаментіндегі   “сауда және туристік қызметті  дамыту” бөлімі аймақтағы ғажайып  рекреациялық ресурстарды тиімді  қолдану мүмкіндіктерін қарастырады:

“Сосновый бор” санаторийінде асқазаны ауыратын туристтерді емдеу;

Аң аулайтын жерлерге туристерді қабылдау;

Балық аулау  маршрутын ұйымдастыру;

Студеттерге, соның ішінде шет елдіктерге арнап  Наурызым қорығының бай өсімдіктер мен жануарлар дүниесін көру мүмкіндігін  туғызатын облыстық білімдік этникалық  туризмін ұйымдастыру

5. Қазіргі туристік қызметті қалыптастыру бағдарламасы.

           Туризм саласы халықтың әлеуметтік, мәдени, білім саласын жақсартуда, мемлекеттің экономикасын көтеруде  және елдер арасында халықаралық  қатынасты дамытуда зор мағынаға  ие. Халықаралық сауда және ұлттық  экономикада туризм үлесі әлемдік  дамудың маңызды көрсеткішіне  айналды. Қазіргі уақытта Қостанай  облысының территориясында туристік  қызметпен айналысу құқығын дәлелдейтін  лицензиясы бар 11  туристік  ұйым жұмыс жасауда. Облыстың  туристік потенциалы жеткілікті  болса да, туристік қызмет нарығында  алар орны айтарлықтай емес. Мұндай  жағдаят қайта құруды және  жетілдіруді қажет ететін туризмнің  материалдық базасының жеткіліксіздігіне  негізделеді.

           Қазақстан Республикасының 2002 жылғы  29 желтоқсандағы № 1445 2003-2005 жылдардағы  туризмді дамыту бағдарламасы  негізінде “Қостанай облысының  2004-2005 жылдардағы туризмнің аймақтық  дамыту бағдарламасы ” жасалып,  Қостанай облысының мәслихатында 2004 жылдың  11 ақпанында бекітілді.  Қостанай облысының туристік  ұйымдары осы бағдарлама негізінде  жұмыс жасаса да облыстың туризм  дамуының әлсіз жақтары байқалды. Облыс, республика көлеміне және  Ресейдің жақын маңдағы облыстарына  таратылатын туристік өнімнің  жарнама жүйесі әлсіз дамуда. Жарнама ең алдымен ішкі және  келу туризімін дамыту үшін  қажет. Сонымен қатар, туризмнің  инфрақұрылымы әлсіз дамыған:  жарнама, транспорттық қызмет, орналастыру,  тамақтандыру, сауда ұйымдастыру,  байланыс, пошта және басқа да  қызметтермен қамтамасыз етуді  байланыстыратын біртұтас жүйе  жоқ; спорттық және туристік  демалыс орындарының жеткіліксіз жарақтануы; облыстың қалалары мен аудандарында туризмді дамыту бойынша инвестициялық ұсыныстарды өңдеу тәжірибесінің болмауы; туризм объектілерінің жағдайы туралы мәліметтер жинау мүмкіндігінің жоқтығы; туризмді дамытуға қолайлы жерлердің есепке алынбауы деп түсіндіріледі.

6.Қорытынды.

          Туристік демалысты қайда және  қалай ұйымдастыру, саяхаттарға  көңілді қалай аударту, туризмде  қызықты және пайдалы не бар,  ол құбылыс қандай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге  байланысты, ол құбылыстың ел  шаруашылығы мен оның бөлек  аймақтарының шаруашылығына әсері  қандай – осы мәселелер жұмысты  зерттеу барысында қарастырылады.

           Туризм - әлемнің көптеген елдердің  баса көңіл аударарлық шаруашылық  салаларының бірі болып отыр.

          Қазіргі уақытта рекреция  іс-әрекеттің  таңдаулы түріне жатады, ол адамдардың  күнделікті дұрыс өмір сүру  жағдайына айналып отыр. Демалыс  пен туризм халықтың денсаулығы  мен сапасына әсерін тигізетін  қоршаған ортаны қорғау және  оны қалпына келтіру үшін өте  қажет.

          Қостанай облысының демалыс орындары  мен туризмнің қазіргі жағдайы  мен даму болашағы мәселесін  зерттей келе, Қостанай аймағында  туризм инфрақұрылымын өркендету  үшін Наурызым Мемлекеттік табиғи  қорығында экологиялық туризмді  дамыту мүмкіндігін жүзеге асыруға  болады деген қорытындыға келдік.

          Қорғалатын табиғи зоналарына  саяхаттайтын туристердің барлығы  сол зонаға кері тигізбеуі,  зиян келтірмеуі мүмкін бе? Экотуризмнен түскен кірістен шығын жылдан жылға басымдылық көрсетіп, жоғалтқан табиғи шығынды қалпына келтіруге бөлінген кіріс бөлігі жеткіліксіз болып қалуы мүмкін бе? Осындай сұрақтар тумас үшін Тим Хилинг өзінің «Экотуризм и Казахстан» деген еңбегінде экотуризм келесідегідей міндеттерден тұру керек деп көрсетеді:

          Табиғатты бүлдірмей, оны қорғауға  көмектесу. Оны әр түрлі    тәсілдермен шешуге болады. Мысалы, сол қорықта болған турдан  кейін табыстың 5 пайызын қорыққа  беруге болады.

          Жұмыс орнын құру және жергілікті  халықтың табысын көбейту. Бұл  жергілікті адамадарды гид есебінде  жұмысқа алып, жергілікті құралдарды  жалға алып және қосымша қызмет  түрлері (туристік топтың жергілікті  шатханаларда тамахтануы, туристердің  жергілікті тұрғындардың үйінде  тұруы ) қолдануға мүмкіндік туғызады.

          Жергілікті жердің мәденеиетін  әңгімелеу. Бұны да бірнеше  тәсілмен шешуге болады. Халық  шаруашылығын ауызша және жазбаша  демонстрациялау, жергілікті және  жеке меншік сувенирлерді сату. Туристерге барлық дәстүрлі орындарға  баруға, яғни ұлттық тағамдар, сусындар, көкөністер, жемістер және басқа  да тағамдар пайдалануға мүмкіндік  жасау қажет.

Туристерді  оқытудың өз мақсатын қою керек. Туристер әрдайым экотуризмдерге не үшін, қалай  саяхаттау қажет екенін нақты  білу керек.

          Сонымен қатар, концепцияда мынадай  жолдар берілген. «Тұрақты болу  үшін экотуризм масштаб бойынша  ірі болмау керек және жергілікті  адамдардың басқаруында болу  керек. Уақыт өте келе әлеуметтік  және қоршаған ортамен байланысты  проблемалар тудырмау үшін, экотуризмді дамытудың тұрақты мониторингін құру қажет.»

          Қазіргі осы экологиялық туризмге  сұраныс көбейіп отыр. Әлемді  қоршаған ортаның техногендік  ластануы, адамдардың әрқашан бетон  қабырғаларында уақыт өткізуі,  электроника және басқа адам  өміріне жағымсыз факторлардың  әсерінен адамадардың жабайы  табиғатқа, таза ауаға, ешқандай  зиян тимеген жемістерге қызығушылығы  артқан. Олар таза табиғи қоршаған  ортада болғысы келеді. Осыларды  есепке ала отырып, осындай экологиялық  туризмді Наурызым Мемлекеттік  табиғи қорығында ұйымдастыру  қолайлы екенін байқауға болады.

          Мамандардың болжауы бойынша  XXI ғасыр туризм ғасыры болмақ. Қазақстанда туризм нарқының  дамуымен жаңаша ойлап, жаңа  істер атқаратын мамандарға қажеттілік  өсті. Яғни, қазіргі уақытта сапалы  біліммен қамтамсыз етілген туризм  мамандарына сұраныс жоғары. Біздің  елімізде туризмді дұрыс жоспарлап  дамыту үшін туризмнің теориялық  негіздерін білу өте қажет.  Тиянақты білімі бар мамандар  туризм әлемінде дұрыс бағыт  ұстау мүмкіндігіне ие бола  алады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  1. Ж.Н. Алиева. Туризмология негіздері. – Алматы, 2004, б. 22-24
  2. Сыздықов С. Тобыл бойы – тұнған байлық. Қостанай таңы.–2006,17 қаңтар б.89-90.
  3. К. Базарбаев. Қостанай облысы. – Алматы,1959, б.87-89.
  4. Қостанай облысының статистика басқармасы. Қостанай облысының әлеуметтік–экономикалық дамуы. Статистикалық жинақ. Қостанай, 2005, б.74-76.
  5. Брагин Е. А., Т. М. Брагина Т. М. Фауна Наурузумского заповедника.- Костанай, 2002, б 62-63.
  6. Мұсабаев Х. Қарғалы қайнары. Қостанай таңы. – 2004, 2 шілде б.47.
  7. Ким Е. Экотуризм в Республике Казахстан. Экология и устойчивое развитие. – 2003, №10 б. 49-50.
  8. Ердаулетов С. Р. География туризма Казахстана. – Алматы, 1992 б.45-47.
  9. Ердаулетов С. Р. География туризма: история, теория, методы, практика. – Алматы, 2000, б.23-25.
  10. Квартальнов В. А. Туризм.- Москва, 2003 б. 54-56.
  11. Квартальнов В. А. Биосфера и туризм.- Москва, 2002, б. 65-67.
  12. Николаенко Д. В. Рекреационная география.- Москва, 2001, б.76-78.
  13. Алиева Ж. Н. Экологический туризм.- Алматы, 2002, б.47-79.
  14. Папирян Г. А. Экономика туризма. – Москва, 1999, б.41-43.
  15. Тұрсынқожа Г. Туризм -  табыс көзі. Қазақстан Zаман.- 2004, 24 қыркүйек б.32-34.

Информация о работе Облыстың демалыс орындары мен туризм дамуының қазіргі жағдайы