«Облыстың
демалыс орындары
мен
туризм
дамуының қазіргі
жағдайы»
Жоспар
- Өзектілілігі
-
Әлеуметтік топтың туристік
қызметке сұранысын
қалыптастырудағы әлеуметтік
факторлары.
-
Демалыс орындары
мен туризм дамуына
экономикалық жағдайдың
әсері.
-
Облыстың рекреациялық
ресурстары.
- Қазіргі
туристік қызметті қалыптастыру
бағдарламасы.
- Қорытынды
1.Өзектілілігі: Туризм – мемлекеттің
әлеуметтік, мәдени және экономикалық
жағдайына әсер ететін, мемлекеттер арасындағы
халықаралық қатынасты реттейтін зор
маңызға ие, басты және жедел өрлейтін
экономика салаларының бірі.
Қазақстан Республикасының экономикасы
дамыған аймақтарының қатарына
Қостанай облысы да кіреді. Алайда,
аймақта экономика салаларының
бірі болып табылатын туризмнің
даму проблемасы айтарлықтай
жағдайда емес.
Облыс территориясы Қазақстан
территориясының жалпы көлемінің
7,7 % құрайды. Осындай территорияны
алып жатқан Қостанай облысы
демалушылардың сұраныстарын қанағаттандыратын,
рекреация және туризм формаларын
дамытуға мүмкіндік туғызатын
байлығы бар жерде орналасқан.
Зерттеудің өзектілігі Қостанай
облысының біртұтас туристік
қарқынын, рекреациялық ресурстары
мен антропогендік объектілерді
анықтауға және демалыс орындары
мен туризмнің дамуын бағыттауға негізделген.
Зерттеу жұмысы халық шаруашылығының
маңызды міндеті – Қостанай облысында
қазіргі жоғары нәтижелі туристік саланы
құруды шешуге бағытталған.
Мақсатым: туризм географиясының
алдында біртұтас маңызды міндеттер
тұр. Алға қойған мақсатым –
табиғи, экономикалық және әлеуметтік
аспектілерін ескере отырып Қостанай
облысының демалыс орындары мен
туризмнің біртұтас қарқынын
сипаттап, рекреациялық ресурстардың
туристік қызметтегі ролін анықтау.
Негізгі зертеу міндеттері: Ғылыми
жұмысты зерттеу барысында алға
қойылған мақсатты негізге ала
отырып, тақырып мазмұнын нәтижелі
ашу үшін бірнеше міндеттер
қарастырылады:
Қостанай облысының демалыс орындары
мен туризм дамуының табиғи
және әлеуметтік – экономикалық
алғышарттарына баға беру;
Облыстың
біртұтас туристік қатынасын анықтау;
Облыстың
туризм дамуының қазіргі жағдайын талдау;
Облыс туризмі
дамуының негізгі бағыттарын өндеу.
Зерттеудің
негізігі міндеттері жұмыстың жоспарланған
құрылымында анықталады. Зерттеу
жұмысының алғашқы тарауы Қостанай
облысының демалыс орындарының
қалыптасуына ықпал ететін табиғи факторларына
айналады. Тарау бөлімдерінде Қостанай
облысының жер бедерінің өзіндік
ерекшеліктері сипатталып, геологиялық
құрылысы және пайдалы қазбалары
анықталды. Қостанай облысының географиялық
орнына сәйкес аймақтың климаттық жағдайы
және ішкі сулары жайында баяндалады.
Зерттеу жұмысының келесі тарауы
Қостанай облысындағы демалыс
орындарының қалыптасуының әлеуметтік
– экономикалық алғышарттарына
арналған. Мұнда әлеуметтік топтың туристік
қызметке сұранысын қалыптастыруға ықпал
ететін әлеуметтік факторларды атап көрсетіледі. Жұмыстың
кезекті үшінші тарауында қаралатын мәселе
– облыстың демалыс орындары мен туризм
дамуының қазіргі жағдайы. Мұнда облыс
территориясында орналасқан рекреациялық
ресурстарға сипаттама беріліп, олардың
қазіргі жағдайы қамтылды. Сондай – ақ,
тарауда аймақтың антропогендік – тарихи
және мәдени объектілері жайында баяндалып,
олардың туристік қызметті дамытуға қосар
үлесі сандық көрсеткіштер арқылы анықталады.
Зерттеу жұмысының соңғы тарауында
Қостанай облысының туризм инфрақұрылымның
даму бағдарламасы зерттеледі. Тарауда
облыстың туристік кәсіпорындарын
қамтамасыз ететін кадрлардың
кәсіби дайындығы – аймақтың
туристік қызметінің нәтижелі
дамуына әсер ететін маңызды
мәселелердің бірі ретінде қарастырылады.
Сонымен бірге, Қостанай облысының
туристік өнімінің алға жылжуы
жылдар бойынша анықталған сандық
көрсеткіштер арқылы түсіндіріліп,
туристік өнімнің алға жылжуына
мүмкіндік туғызатын процесс
– туристік маркетинг екені
көрсетіледі.
Зерттеудің теориялық негізі: негізгі
зерттеу міндеттерінің теориялық
негізін тақырып мәселесі бойынша
жазылған Қазақстандық және шет
елдік авторлардың ғылыми еңбектері
құрайды. Олар: С.Р.Ердаулетов, Ж.А.Алиева,
Д.В.Николаенко, Н.Морган, В.А.Квартальнов,
т.б. Жұмыстың негізі ретінде
Қазақстандағы жаңа бағыттағы
қоғамдық географияның негізін
салушы, туризм географиясының теорияларының
алғашқы авторы, география ғылымдарының
докторы, профессор С.Р.Ердаулетовтың
ғылыми жұмыстары алынды. Атап
айтқанда, «География туризма Казахстана»,
«География туризма: история, теория, методы,
практика». Сондай – ақ, Д.В.Квартальновтың
«Биосфера и туризм» кітабын, Ж.Н.Алиеваның
«Туризмология негіздері», «Экологический
туризм» атты еңбектерін, жергілікті зерттеушілер
Е.А.Брагин және Т.М.Брагинаның «Фауна
Наурузумского заповедника» еңбегін және
баспасөз беттерінде жариялаған бірнеше
мақалаларды қолдандым. Сонымен қатар,
туризмді дамыту жөніндегі нормативтік
құжаттарға, Қазақстан туризімінің және
әлеуметтік – экономикалық статистикалық
жинақтарға, туризмді дамыту жөніндегі
аймақтық бағдарламаға сүйендім.
Зерттеу жаңашылдығы: Қостанай
облысының территориясы үшін
алғаш рет туристік – рекреациялық
сфераның қазіргі жағдайының
комплекстік анализін жүргізуге
талаптануымен ерекшелінеді. Қостанай
облысының территориялық – рекреациялық
аймақтарды қалыптастыру және
дамыту үшін негізін құруға
болатын демалыс орындары мен
туризмнің даму бағыттарын анықтау
болып табылады.
Тәжірибелік маңызы: Зерттеу барысындағы
тәжірибе нәтижелері облыстың
туристік қатынастарды болжауға,
жорамал жасауға негіз болып
ықпал жасайды.
Зерттеу әдісі:
Салыстырмалы – аналитикалық, жүйелі
талдау, топтау, тарихи, экономикалық –
статистикалық.
I ҚОСТАНАЙ
ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАБИҒИ ФАКТОРЛАРЫ.
2.1.
Әлеуметтік топтың
туристік қызметке
сұранысын қалыптастырудағы
әлеуметтік факторлары.
Туризм - жалпы процестердің жиынтығы.
Ол ешқашан және еш жерде
өздігінен роль ойнамайды. Ол
рекреацияның бір формасы ретінде қаралады.
Туризм өзінің масштабымен, көпшілігімен,
халықаралық және әлеуметтік сипатымен
қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық
жағдайына әсер етеді. Қазіргі ғылыми
әдебиеттер бойынша «туризм - бұл адамдардың
тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау
және тұрақтау барысында пайда болатын
қатынастар мен құбылыстар жиынтығы».
Сонымен туризм деген түсінік, ол тұрақты
жерінен тыс жерде 24 сағат немесе одан
да артық уақыт ішінде болатын рекреацияның
барлық түрі. Туризм демалыспен, бос уақытпен,
спортпен, сондай- ақ мәдениетпен және
табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты,
жеке ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде
жоспарлануы және тәжірибеге негізілуі
тиіс қызмет.
Адамдардың туризмге қажеттіліктері
әр түрлі түрткіліктерден туындайды.
Ондай негізгі түрткілер мыналар:
демалу, спорт, табиғатты танып
білуге ұмтылу, емделу, қонақ, іскерлік
(конгрестік). Осы түрткілерге байланысты
адамдардың туризмге деген қажеттіліктері
пайда болады. Біреулер емделу
мақсатында туристер болса, екіншілері
демалу мақсатында, ал үшіншілері
іскерлік қатынастар мақсатында
туристерге айналады.
Әлеуметтік топтың туристік қызметке
сұранысы және туризмнің дамуы
бірнеше әлеуметтік факторларға
байланысты туындайды:
халықтың
жалпы уақыт балансында бос уақыттың
көбеюі;
қоғамдық
әл - ауқаттың және қызмет түрлеріне
төлемді сұраныстың өсуі;
сауықтыру
және демалыс орындарында сұраныстың
өсуі;
демографиялық
факторлар;
урбанизация;
коммуникациялық-
гуманитарлық факторлар;
Әлеуметік топтың туристік қызметке
сұранысын қалыптастыруда және
туризмді дамытуда зор маңызы
бар әлеуметтік факторлардың
бірі - демографиялық факторлар:
-халықтың
әлеуметтік құрамы және жас
ерекшелік құрылымы;
- қала және
ауыл халқының қатынасы;
- туу және
өлім көрсеткіші;
- жынысы
бойынша;
- некелесу
және ажырасу саны;
- отбасы құрылымы;
- халықтың
өсуі (кемуі);
- миграциялық
процестер;
Қостанай облысының демографиялық
жағдайын келесідей сандық көрсеткіштерден
байқауға болады. Қостанай облысының халық
саны 2005 жылғы санақ бойынша 907396 адамға
тең. Соның ішінде, ерлер саны - 430252 адам,
ал әйелдер саны - 477144 адамды құрайды. Қала
және ауыл тұрғындарының сандық көрсеткіштерінде
де айтарлықтай айырмашылықтар бар. Оны
төмендегі диаграммадан байқауға болады.
Ауыл тұрғындары және шағын қала тұрғындары
үшін туристік тасымалдаулар әкімшілік
- географиялық аудандарда, облыста, аймақта
жүзеге асырылады. Болашақта дамыту есебі
бойынша бұл тұрғындар - болашақ туристердің
тартымды катигориясы. Адамның қалада
өмір сүруі олардың психикасына әсер етеді.
Бұл жағдай қоршаған ортаның ластануынының
зиянды әсері; шудың, дірілдің және элекрт
сәулесі қарқынының үнемі жүйкеге күш
түсіп шаршауы, таза табиғат аясынан тыс
қалуы нәтижесінде туындайды. Үлкен қалалар
үшін жоғарыда көрсетілген фаторлардың
зиянды әсері адамдарға қауіпті бола бастайды.
Сондай - ақ коммуникациялық- гуманитарлық
факторлар да туризм дамуына әсер етеді.
Бұл туризм тек коммуникация адамдар арасындағы
өзара түсінушілік, парасаттылықты дамыту
құралы ғана емес, сонымен қатар адамзат
құндылықтарына, мәдени мұраларға, рухани
сауықтыруға ашық жол.
3.Демалыс
орындары мен туризм
дамуына экономикалық
жағдайдың әсері.
Туризм – экономиканың басты
және жедел өрлейтін салаларының
бірі. Халықаралық зерттеулер қазіргі
туризмді тоқырауды өткермейтін
әлемдік экономика салаларына
жатқызады. Көп аймақтарда жалпы
ішкі өнім қалыптастыруда, қосымша
жұмыс орнын жасауда және халықтың
қызметтенуін, яғни бос отырмауын
қамтамасыз етуде, сондай-ақ сыртқы
сауды балансын дамытуда туризм
айтарлықтай маңызды роль атқарады.
Соңғы уақытта туризм әлемдегі
мол кіріс әкелетін бизнес
түрлерінің біріне айналды. Қаржы
түсімін көбейту және халықаралық
байланысты кеңейту барысында
туризмнің маңызы күннен - күнге
артуда. Туризм көптеген экономика
салаларына қарағанда жоғары
эффектілі болып келеді. Туризм
тура және жанама түрде 32 экономика
салаларымен тығыз байланысты. (олар
туристік фирмалар, транспорттың
барлық түрлері, қонақ үй комплекстері,
тамақтандару жүйелері, ұлттық кәсіпорындар,
ұлттық саябақтар және т.б.) Бұл
әрбір тоғызыншы жұмысшы орны
әлемдік өндірісте екенін көрсетеді.
Демалыс
орындары мен туризмнің экономиканың
басты салаларының қатарына қосылып,
жоғары деңгейде дамуына әсер ететін
факторлардың бірі- экономикалық факторлар:
туризмге
тура және жанама әсер ететін барлық кәсіпорындар
мен салалардың дамуы;
экономиканы
дамыту барысында шет елдерден, сыртқы
аймақтардан валюта тарту;
халықты жұмыс
орнымен қамтамасыз ететін шағын және
орта бизнестің дамуы;
транспорт
және байланыстың дамуы;
ІІІ ОБЛЫСТЫҢ
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
4.
Облыстың рекреациялық
ресурстары.
Рекреация – адамдардың демалу
арқылы дене күші мен рухани
күшін қайта қалпына келтіріп
жетілдіру. Рекреация дегеніміз
– этнологиялық мәндердің жинағы
( латынша – қайта қалпына келу,
французша – демалыс, көңіл
көтеру, іс-әрекеттің өзгеруі). Рекреациялық
ресурстарға оның қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін қолданатын
қоршаған ортаның мына компоненттері
жатады: климат, бедер, өсімдік, үстіңгі
және жер асты суы, лайлы
және шымтезекті батпақ, тұз, т.с.с.
“Рекреация” – бұл халықтық
тұрақты жерінен тыс жердегі
арнайы мамандандырылған территориядағы
тәуліктік, апталық және жылдық
өмір цикліндегі, адамдардың бос
уақыттарын пайдалану кезінде
іске асатын сауықтыру, танымдық,
спорттық және мәдени көңіл
көтеруге арналған қатынастар
мен құбылыстар жиынтығы.
Рекреациялық ресурстар – табиғи
компоненттері мен әлеуметтік
феноменнің сипатымен ерекшеленетін
рекреациялық ұйымның қызметі.
Рекреациялық ресурстарға төмендегідей
2 түрді жатқызуға болады. 1) күнделікті
адамдар тіршілігінен ажыратылатын
жерлер; 2) екі немесе одан да
көп табиғи орта кездесетін
жерлер. Табиғи рекреациялық объектілер
– табиғаттың тылсым күшімен
жаратылған ерекше жерлерде адамдардың
демалу, күш жинау мақсатына қолайлы объектілер.
Ондай рекреациялық объектілерге – санаторийлер,
демалыс үйлері, курорттық зоналар, ерекше
қорғалатын табиғи орта сияқты тағы басқа
жерлер жатады. Қостанай облысындағы Наурызым
Мемлекеттік табиғи қорығы тек Қазақстанның
ғана емес, сондай-ақ Орта Азия елдерінің
ғажайып табиғи комплексінің бірі болып
табылады. Солтүстік Қазақстанның дала
ландшафттарын сақтау үшін құрылған Наурызым
қорығының құрамына ірі көл жүйелері және
аралдық қайыңдар мен ұсақ жапырақты орман
кіреді. Сонымен қатар олармен бірге жануарлар
мен өсімдіктер әлемінің көптеген түрлері
кездеседі.