Менеджмент тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 10:01, реферат

Описание работы

Менеджердің іс-әрекетінің мәні, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған адамдарды басқару (яғни, басшылық ету). Егер басқару әрекеті қойылған міндеттерді шешсе, қойылған мақсаттардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, қолда бар ресурстарды оңтайлы пайдалану негізінде болса, онда ол тиімді. Басқаша айтқанда, тиімділік басқару органының қойылған мақсаттарды қандай мөлшерде жүзеге асыратынын көрсетеді, және осы мағынасында басқару тиімділігінің мәселелері басқару экономикасының құрамдас бөлігі, өндіріс тиімділігі бөлігі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Менеджмент тиімділігі.doc

— 75.50 Кб (Скачать)

      Материалдық ресурстарды (Эм) пайдалану тиімділіг  көрсеткіштері материал сыйымдылығын сипаттайды:

      Эм=МЗ/ВП 

      мұндағы, МЗ – матриалдық шығындар, ВП – шығарылған өнім құны.

      Өнімнің материал сыйымдылығын төмендету - өнеркәсіптегі  және құрылыстағы тиімділікті жоғарлатудың негізгі бағыттарының бірі, себебі осы салалардаң өнім өндіруге шығындарының жартысынан көбін материал шығындары  құрайды. Көбінесе ол, жаңа ресурс сақтаушы технологиялар енгізу, қымбат материалдарды арзанға ауыстыру арқылы қол жеткізіледі.

      Негізгі өндірістік қорлар тиімді пайдалану  көрсеткіштері оның қор қайтарымымен анықталады.

      Эф=ОФ/ВП 

      мұндағы, ОФ – негізгі өндірістік қорлар құны, ВП – өндірілген өнім құны.

      Негізгі өндірістік қорларға: еңбек құралдары (өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, машиналар, станоктар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары және с.с.) өндіріске қатысады. Негізгі өндірістік қорлардың пайдалану тиімділігін жоғарлатудың негізгі бағыттары: кәсіпорын ауысымдық жұмыс коэффициенті, құрал-жабдықтардың жұмыс уақытының жоғалтуын азайту және т.б.

      Капитал салымдарының тиімділігінің көрсеткіші (Эп) капитал салымдарының қайтарым мерзімі болып табылады.

      Эф=К/П 

      мұндағы, К – капитал салымдарының көлемі, П – пайда өсімі.

      Әдетте, капитал салымының оңтайлы мерзімі  екі жылдан аспауы қажет.

      Персонал  қызметінің тиімділігін сипаттайтын  көрсеткіш, еңбек өнімділігі болып  табылады. Кәсіпорын деңгейінде ол қатынас ретінде анықталуы мүмкін.

      Эт= ВП/ ЧР 

      мұндағы, ЧР – орташа жылдық жұмыскерлер саны. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі бір уақыт бірлігінде өнім өндірумен анықталады.

      Еңбек өнімділігін жоғарлату көптеген факторларға байланысты: өндірістік техникалық деңгейі, қызметкерлер біліктілігі, материал сапасы мен қажет көлемде болуы және т.б.

      Материал  сыйымдылығы, қор қайтарымы, капитал  салымдарының қайтарымы – бұл  жекелеген ресурстарды пайдалану  экономикалық тиімділігін сипаттайтын  көрсеткіштер. Сонымен қатар, әр кәсіпорында  жалпылаушы көрсеткіштер кәсіпорын  жұмысының толықтай тиімділілігін бағалауға мүмкіндік береді. Нарық жағдайында мұндай көрсеткіш ретінде рентабелділік, алынған пайда мен шығындар қатынасы ретінде қызмет етеді:

      Эр=П/С*100% 

      мұндағы, П – есептік пайда, яғни кәсіпорында  қалатын пайда, С- негізгі және айналым құралдарын жасау мен толықтыруға байланысты, шығындар.

      Рентабелділік кәсіпорын жұмысының сапасын  сипаттайды және пайданың барлық шығындармен  салыстыруды бейнелейді. Әр түрлі  салаларда жекелеген кәсіпорындар деңгейінде өзіндік ерекшеліктері  орын алуы мүмкін.

      Келтірілген менеджмент экономикалық тиімділігі көрсеткіштері  статистикалық болып табылады.

      Тиімділік көрсеткіштерінің шынайлығы егер менеджмент тиімділігі формаларын талдау оның динамикалық  аспектісі ескерілсе, артады.

      Осыған  байланысты менеджмент тиімділігі көрсеткіштерін тіркеу мен екі немесе одан да көп кезең өзгерістерін салыстыру құралдары динамикасында мақсатты қарастыру қажет.

      Менеджмент  тиімділігінің динамикалық көрсеткіштерін келесідей түрде көрсетуге болады:

      Эмд= (Пп-Пр)/ (Руп-Руб)

      мұндағы, Пп-Пр – кәсіпорын соңғы көрсеткіштері (пайда), сәйкесінде осы және базисті жылдағы; Руп-Руб – осы және базистік жылдағы басқару шығындары.

      Эмд коэффициенті, 1 теңгеге басқару  шығындары өзгергенде, қарастырылып отырған кезеңде соңғы көрсеткіш (пайда) қанша теңгеге өзгеретінін көрсетеді. Менеджмент тиімділігі өсімінің темпін, динамикасын бейнелейді.

      Менеджмент  экономикалық тиімділігі динамикасы екі  немесе одан артық кезеңдегі осы  көрсеткіштерді салыстыру, менеджмент тиімділігі салыстыру өзгерісінің  көрсеткіші, пайызбен көрсетілген:

      Э=(Э2-Э1)/Э2*10 

      мұндағы, Э1- Э2 – кәсіпорын басқару экономикалық тиімділігі, осы және базистік жылдағы  сәйкесінше.

      Келтірілген динамикалық көрсеткіштерді ұйым басқару  жүйесінің түбегейлі өзгерісін  жүзеге асыру кезінде, басқару жүйесін жетілдіру әр түрлі нұсқаларын салыстыру кезінде ескеру мақсаты дұрыс. Менеджмент тиімділігі нақты көрсеткіштердің өзара байланысын шынайы бағалау және басқару жүйесін аталған сипаттамалары басқару жүйесін диагностикалауға, оның потенциалды мүмкіндіктерін ашу, жетілдіру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

      Басқарудың  экономикалық тиімділіктерін жоғарлатудың негізгі іс-шаралары қандай?

      Ұйым  қызметінің тиімділік көрсеткіштерін жақсарту басқарудың экономикалық тиімділігі өсімінің жолын бейнелейтін кешендік ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды дайындау және жүзеге асыру нәтижесінде ғана мүмкін. Нәтиже өсімі мен ресрустар шығындарын азайтумен байланысты іс-шараларды келесідей жіктеу ұсынылады: техникалық, ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық.

      Техникалық іс-шаралар технологияны, құрал-жабдықтарды жетілдіру, шикізаттарды өңдеу режимдері, қолданылатын ресурстар сапасына бағытталған.

      Ұйымдастыру іс-шаралары есеп, өндіру және еңбекті  ұйымдастыруды жетілдіру, өндіріс  циклы, жөндеуді азайту мен ресурстарды  үнемдеуге бағытталған.

      Әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар еңбек жағдайын жақсарту, ынталандыру және жауапкершілік  шараларын қолдану, еңбек өнімділігі мен сапа өсіміне мотивациясы, ұйым мақсаттары үшін корпоративтік рухты  дамыту.

      Ал  әлеуметтік тиімділікті қалай сипаттауға болады? Әлеуметтік тиімділікті бағалау басқару қызметінің әлеуметтік нәтижесін бейнелейді және ұжымның фирма миссия, оның қоғамдық мәнін жүзеге асыру үшін потенциалдық мүмкіндіктерді пайдалану деңгейін сипаттайды.

      Басқарудың  әлеуметтік тиімділігінің көрсеткіштері тек нәтижелеуші құрастырушылармен сипатталады. Олардың негізгілері:

    • басқарудың ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлату;
    • басқару үрдістерінің интеграция деңгейі;
    • менеджерлер біліктілігін жоғарлату;
    • қабылданатын шешімдердің негізделу деңгейін көтеру;
    • ұйымдастырушылық мәдеиетті қалыптастыру;
    • жүйенің басқарушылығы;
    • еңбектен қанағат алу;
    • қоғамдың сенімге ие болу;
    • ұйымның әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;
    • экологиялық зардаптары.

      Қазіргі кезде бизнес жағдайында кәсіпорындарда еңбек проблемалары мен оның тиімділігін бағалауға жеткілікті көңіл аудармауында, соның ішінде менеджерлер мен персонал жұмысының тиімділігіне.

      Менеджер  жұмысының тиімділігін бағалау  үшін, менеджер персонал іс-әрекеті  қандай бағытта және қандай бағытта  және қандай формалар көмегімен бағаланатынын анықтап алу қажет.

      Менеджердің ұйым қызметіндегі үлесін қандай көрсеткіштер арқылы бағалауға болады?

      Қазіргі кезде менеджер қызметін бағалаудың келесі формалары кең қолданылады: сауалнама, психологиялық аудит, әңгімелесу, графикалық талдау, кадр құжаттарын зерттеу, бағалау сынақтары.

      Формаларға  байланысты менеджер қызметін бағалауды  екі бағытқа бөлуге болады: менеджер еңбегінің тиімділігін бағалау  және менеджер сапасын бағалау.

      Менеджер  еңбегінің тиімділігін бағалау, өз кезегінде, кешендік үрдіс және келесідей кезеңдерден тұрады:

    • ұйым қызметіне менеджердің жеке үлесін бағалау;
    • менеджер жұмыс уақытын пайдалануының тиімділігін бағалау;
    • менеджер еңбегінің мазмұнын бағалау.

      Менеджер  тұлғалық және кәсіби қабілеттері оның күнделікті басқару шешімдерін талдау және қабылдау үрдісі. Олардың орындалуын бақылауда қолданылатын құралдары болып табыылады. Қызметкерлерді аттестациялау кезінде, бағалау үш сапа тобы бойынша жүргізіледі:

    • кәсібилік және құзыреттілік;
    • іскерлік қабілет;
    • тұлғалық қасиеттер.

      Менеджер  қызметін бағалауда оның компания қызметінің қорытындысына қосқан жеке үлесін анықтау  қиындық туғызады. Қазіргі кезде  осы мәселені шешудің бірнеше  тәсілдері бар, атап айтқанда: басқару  аппараты қызметкерлерінің еңбекақыдағы немесе еңбек  
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Менеджмент тиімділігі