Менеджмент тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 10:01, реферат

Описание работы

Менеджердің іс-әрекетінің мәні, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған адамдарды басқару (яғни, басшылық ету). Егер басқару әрекеті қойылған міндеттерді шешсе, қойылған мақсаттардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, қолда бар ресурстарды оңтайлы пайдалану негізінде болса, онда ол тиімді. Басқаша айтқанда, тиімділік басқару органының қойылған мақсаттарды қандай мөлшерде жүзеге асыратынын көрсетеді, және осы мағынасында басқару тиімділігінің мәселелері басқару экономикасының құрамдас бөлігі, өндіріс тиімділігі бөлігі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Менеджмент тиімділігі.doc

— 75.50 Кб (Скачать)

      Менеджердің іс-әрекетінің мәні, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған адамдарды басқару (яғни, басшылық ету). Егер басқару әрекеті қойылған міндеттерді шешсе, қойылған мақсаттардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, қолда бар ресурстарды оңтайлы пайдалану негізінде болса, онда ол тиімді. Басқаша айтқанда, тиімділік басқару органының қойылған мақсаттарды қандай мөлшерде жүзеге асыратынын көрсетеді, және осы мағынасында басқару тиімділігінің мәселелері басқару экономикасының құрамдас бөлігі, өндіріс тиімділігі бөлігі болып табылады. Осыған байланысты менеджмент тиімділігін бағалау ұйымның стратегиялық және жедел жоспарлануының негізі болып табылады.

      Менеджмент  тиімділігі – күрделі, көп қырлы  категория. Ол экономикалық, әлеуметтік және басқа құбылыстардың ерекшеліктерін сипаттайды. Тиімділік категориясын, оны анықтайтын факторларды талдау, тиімділік мазмұны мен формаларына сәйкес келетін, ұйым тиімділігі критериін анықтайтын экономикалық тиімділік көрсеткіштері тобы болып табылады. Өндіріс және басқару тиімділігі критериі ретінде ресурстардың жекелеген түрлерінің: материалдық ресурстар, негізгі өндірістік қорлар, капиталдық салымдар, еңбек өнімділігі, персонал экономикалық қызметін сипаттайтын және жалпылайтын көрсеткіштер, соңғы нәтижені сипаттайтын пайдалану көрсеткіштері қолданылады. Ұйым қызметінің тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту басқару экономикалық тиімділігі өсімін әзірлеу және жүзеге асыру нәтижесінде мүмкін болады.

      Басқару қызметінің тиімділігі басқару субъекітісіне  қатысты тек сандық көрсеткіштер (экономикалық тиімділік) ғана емес, және де негізгі көрсеткіштер құраушы нәтижені сипаттаушы: қоғамдық сенімді жаулап алу, жүйенің басқарылуы, еңбектен қанағат алу және т.б. сапалық (әлеуметтік тиімділік) білдіреді.

      Бірақта қазіргі кезде кәсіпорындарда еңбекті бағалау және оның тиімділігі мәселелеріне, соның ішінде менеджер мен персонал қызметінің тиімділігін бағалауға жеткілікті көңіл аудырылмайды. Менеджерді бағалау көптеген формалар бойынша негізгі екі бағытта жүргізіледі: еңбек тиімділігін бағалау және сапаны бағалау, ол менеджердің басқару тиімділігіне қосқан еңбегімен анықталады. Ұйым талаптарына жеке тұлға нәтижелерінің сәйкестігін анықтау үшін персонал еңбек қызметін бағалау жүзеге асырылады.

      Ұйым  қызметін жүзеге асыру мен жетілдіру  бұл қызмет нәтижелігін анықтауды қажет етеді. Осыған байланысты заңды сұрақ туындайды, менеджер немесе басқару тиімділігі дегеніміз не, тиімділік түрлерәі және принциптері қандай.

      Адам  қандай қызмет атқармасын, ол әрдайым  тиімді және оңтайлы орындауға тырысады. Оңтайлық жұмыстың ыңғайлы және өндірістік орындалу әдістерін іздеуді білдіреді, тиімділік – шығарылған шығындармен немесе осы нәтижеге жұмсалған ресурстармен салыстырғанда жақсы нәтиже.

      Осы жағдайда заңды сұрақ, сіздің ұйымыңыз қаншалықты үнемді (алынған нәтижеге төленген баға) немесе тиімді, бір сөзбен айтқанда нәтиже шығыннан қаншалықты артық?

      Бірақта нәтиже шығыннан қаншалықты артықтығы  маңызды емес, ал оның бағалығы. Бүгінгі  күні нарықты экономика жағдайында бәсеке қабілеттілік мәселелері де маңызды, сондықтан сіз басшы ретінде өнімділік, басқару рөлін жоғарлату және қоғамдық маңызы туралы ойлануыңыз қажет. Осыған байланысты, сізге басқару деңгейін, ұйым мүмкіндіктерін бағалауды үйрену және сіздің алдыңызда үнемі басқарудың тиімді нұсқасын таңдау міндеті тұрады.

      Басқару категориясы ретінде тиімділік мазмұны ол шығындар мен нәтиженің қатынасы.

      Жалпылама түрде басқару қызметінің тиімділігін  келесі формуламен көрсетуге болады: 

      Э=Р/З

      мұндағы, Р – басқару жүйесінің қызмет нәтижесі,

                       З – басқару қызметіне шығын немесе пайдаланылған ресурстар көлемі.

      Менеджмент  тиімділігі деп біз, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру және басқа құбылыстарды сипаттайтын көп қырлы күрделі  категорияны түсінеміз.

      Басқару тиімділігі, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде – бұл осы қызмет нәтижелігі, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын оңтайлы пайдалану деңгейі. Басқару тиімділігінің функционалдық рөлі – оның дамуының деңгейі мен динамикасын бейнелейді, бұл үрдістің сапалық және сандық қырлары.

      Тиімділікті потенциалды және нақты деп бөлуге болады. Потенциалды тиімділік алдын ала бағаланады, ал нақты тәжірибеде алынған нәтижелер бойынша анықталады. Басқару тиімділігі стратегиялық және тактикалық болады. Тактикалық тиімділік оны жақын уақытта, стратегиялық болашақта алуды бейнелейді.

      Менеджмент  жоғары тиімділігіне қол жеткізуде  менеджмент үрдісі (технологиялар) және механизмі, жүйе сипаттамасы үлкен  рөл атқарады. Бірақта, менеджмент тиімділігі әрқашан өзгермелі және тек ішкі факторлармен ғана емес, сонымен бірге  сыртқы – экономика жағдайымен, бәсекелестікпен, әлеуметтік саяси жағдай және басқалармен анықталады. Сонымен бірге менеджмент ішкі және сыртқы тиімділігі үйлестірілген болуы керек.

      Менеджмент  басымдылықтарының (приоритетные) принциптері. Олардың негізгілері:

    • адам факторлары артықшылықтары – ынталы іс-әрекет, кәсібилік;
    • сыни факторлар принциптері – уақыт факторларын ескеру, ақпараттық технологиялардың дамуы, корпоративтік, серіктестік пен әріптестік тиімділігі формасы ретінде;
    • бағыттанудың негізгі қағидалары – басқару қызметіне мақсаттар, миссия және менеджмент стратегиясы кіреді, сапаны қамтамасыз ету, шығармашылық жағдай («өзің ойлан» жүйесі) жасау және т.б.

    Менеджмент  тиімділігін бағалау мәселесі неде?

      Бірінші кезекте ол, нәтиже тек тікелей (нақтылы) болуымен қатар, жанама (қосымша) да болады. Екіншіден, нәтиже әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-ұйымдастыру тиімділік (эффект) әкелуі мүмкін. Үшіншіден, біз тек экономикалық, өндірістік тиімділік аламыз. Әлеуметтік және экономикалық тиімділік үнемі қарама қайшы тұрады. Әлеуметтік тиімділік өсімі экономикалық тиімділік төмендеуіне және керісінше болуы мүмкін. Менеджмент тиімділігіне қол жеткізу үшін оның факторларына әсер етуді ескеру қажет. Бірақ оны тек осы факторлар жүйелеенген кезде және негізгілері мен анықтаушылары бөлінген кезде ғана мүмкін. Фактор дегеніміз не, оларды қандай белгілері бойынша жіктеуге болады? Фактор – сәт, белгілі бір үрдістегі, құбылыстағы маңызды жағдай. Фактор – экономикалық, өндірістік процестердің қозғаушы күші, өндірістік-экономикалық қызмет нәтижесіне әсер етуші. Басқару тиімділігі көптеген фактор әсерімен қалыптасады, оларды келесідей жіктеуге болады:

    1. әсер ету ұзақтығы бойынша;
    2. әсер ету сипаты бойынша;
    3. формализация деңгейі бойынша;
    4. әсер ету масштабына байланысты;
    5. мамзұны бойынша;
    6. әсер ету формалары бойынша.

      Менеджмент  тиімділігіне әсер етуші негізгі  факторларды тереңірек қарастырсақ.

      Әсер  ету уақыты бойынша, ұзақ уақыт әсер ететін факторлар (өндірістің техникалық деңгейі, басқару стилі және басқалары) және қысқа мерзімде әсер ететіндер (тоқтап тұру, еңбек тәртібін бұзу және с.с.).

      Әсер  ету сипаты бойынша интенсивті және экстенсивті. Алғашқысы менеджмент тиімділігінің өсімін қамтамасыз етуді  ішкі ресрустарды мобилдеу есебінен, басқару қызметкерлерінің еңбегін  ұйымдастыруды жетілдіру және оның жағдайын жақсарту, басқару кадрларын дайындау. Екіншілері қосымша ресурстарды тартуды қарастырады – басқару персоналының санын көбейту, сапалық өзгеріссіз негізде басқарушылар еңбегін техникалық жарақтандыруды кеңейту және т.б.

      Формализация  деңгейі бойынша санды өлшеуде  болатын және сандық өлшеусіз факторлар болып бөлінеді. Әсер ету масштабына байланысты факторлар: халық шаруашылығы, салалық, ұйым деңгейінде, бөлімше деңгейінде.

      Мазмұны бойынша факторлар:

  • ғылыми-техникалық (еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі),
  • ұйымдастырушылық (басқару аппаратының оңтайлы құрылымы, кадрларды орналастыру, құжат айналымы, еңбек тәртібі),
  • экономикалық (материалдық ынталандыру жүйесі және материалдық жауапкершілік),
  • әлеуметтік –психолгоиялық (еңбек мотивациясы, тұлға аралық қарым-қатынас),
    • техникалық,
  • физиологиялық (еңбек санитарлық –гигеналық жағдай) және т.б. болып бөлінеді.

      Әсер  ету формалары бойынша факторлар  тікелей (персонал біліктілігі, құрал-жабдықтар  жағдайы) және жанама (психолгоиялық климат, топтық динамика). Біріншісі басқару еңбегі тиімділігіне тікелей, екіншілері – жанама әсер етеді.

      Аталған факторлардың әр қайсы басқару жүйесіне өз бетінше, жекелей, сонымен қатар  басқаларымен бірігіп те әсер етеді. Біріккен оң әсер ету арқылы олар менеджмент нәтижелігінің бірқатар өсуіне де қамтамасыз етеді (синергиялық эффект), теріс әсер ету – оны төмендетеді. Менеджердің рөлі аталған факторларға жоспарлы әсер ету. Тиімділіктің өсімі ұйым барлық деңгейіндегі басқару қызметінің тұрақты объектісі болуы қажет.

      Басқаруды бағалауда оның нәтижесін түсіну көп қиындық туғызады. Ресурстарды бағалауға, уақытылы оңай өлшеуге болады. Нәтижені бағалау қиын.

      Басқарудың  тікелей нәтижесін тиімділік  көрсеткіштері мен критерийларі кешенімен сипаттауға болады.

      Басқару тиімділігінің көрсеткіштері мен  критерийлары дегеніміз не?

      Тиімділік критерийі – сондай өлшемдегі  бағаның процесі, объектінің экономикалық сапасын бағалау мен қалыптасқан  негіздегі белгісі, көрсеткіші.

      Басқару тиімділік критерийі басқару  объектісінің оңтайлы қызметімен ғана анықталмайды, сонымен қатар персонал еңбегінің сапасымен, әлеуметтік тиімділік.

      Бірінші басқару объектісіне қатысты  қарастырайық.

      Қазіргі кездегі ғылыми басқару тиімділік  критерийін жалпы, локалды және сапалық  деп бөледі.

      Жалпы критерийлар – тұтас басқару  жүйесі қызметінің экономикалық нәтижесі, яғни кәсіпорын (немесе ұйым) өз миссиясын аз шығындармен жүзеге асыруы.

      Жиі кездесетін локалды критерийлар  тобы:

    • өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге тірі еңбек шығындары;
    • материалдық ресурстар шығындары;
    • қаржылық ресурстар шығындары;
    • негізгі өндірістік қорлар пайдалану көрсеткіштері;
    • айналым қаржыларының айналымдылығын тездету;
    • капитал салымдарының қайтарым мерзімін қысқарту.

    Сапалық критерийлар:

    • жоғары категориялы сапалы өнім үлесін жоғарлату;
    • экологиялық тазалықты қамтамасыз ету;

      қоғамға қажетті, өнімдерді өндіру;

      Бұл критерийлардың барлығы экономикалық тиімділік көрсеткіштері жүйесінде  бейнеленуі қажет.

      Тиімділік көрсеткіші – кәсіпорын жұмысының  сандық сипаттамасы, басқару тиімділігін жанама сипаттайды.

      Еңбек өнімділігі, материал сыйымдылығы, негізгі  өндірістік қорлардың қор қайтарымы, айналым қаражаттарының айналымдылығы, капитал салымдары қайтарымы  сияқты тиімділік көрсеткіштерін жекелей  және локалды көрсеткіштер тобына біріктіруге болады.

      Сонымен қатар жалпылама көрсеткіштерді бөледі: рентабелділік және ликвидтілік. Олар шаруашылық қызметінің нәтижесін  бейнелейді және бірақ тиімділікті толықтай еңбек үрдісін басқару сапасын, өндірістік қорлар, материалдық ресурстарды сипаттамайды.

      Басқару аппаратының жұмысын сипаттайтын  көрсеткіштер, басқарудың стратегиялық тиімділігі және басқару шешімдерін өз уақытында қабылдау және жүзеге асыру.

      Басқару тиімділігін бағалауда жалпылама  және жеке көрсеткіштердің барлыық  жүйесін кешенді қолдану қажет. Басқару қызметінің тиімділігі басқару субъектісіне қатысты сандық (экономикалық эффект) және сапалық көрсеткіштермен (әлеуметтік тиімділік) сипатталады.

      Экономиканың  әр түрлі салаларындағы жекелеген  кәсіпорындар деңгейінде экономикалық тиімділік көрсеткіштері әр түрлі топтары қолданылады. Бірақта, әрбір кәсіпорында материалдық ресурстарды, негізгі өндірістік қорларды және айналым қаражаттарын, капитал салымдарын, персонал қызметін пайдалану экономикалық тиімділігі бағаланады, сонымен қатар кәсіпорынның экономикалық тиімділігін толықтай сипаттайтын жалпылама көрсеткіштер есептеледі.

Информация о работе Менеджмент тиімділігі