Менеджмент негізі пәні бойынша бақылау жұмысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 18:48, реферат

Описание работы

Бақылау – бұл ұйымның мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін процесс.
Бақылау не үшін қажет ?
- Анықсыздық факторының маңыздылығы соншалықты, сыртқы орта ықпалын анықтау үшін қажетті механизм дайындалып, бейім тұру керек.
- Дағдарыстық жағдайлардың пайда болуын ескерту. Бақылау функциясы- бұл мәселелерді анықтауға және ішкі жағдайлар дағдарысқа айналып кетпейтіндей ұйымның қызметін сәйкесінше түзетуге мүмкідік беретін басқару сипаттамасы.

Содержание

Бақылау: мәні және мазмұны;
Топты басқару;
Ұйымдастыру мәдениеті;
Басқару процесін мәліметпен қамтамасыз ету;
Ұйымдастыру қызметі және әртүрлі көзқарастар.

Работа содержит 1 файл

реферат менеджмент.doc

— 98.50 Кб (Скачать)

   Ұйымдастыру  – бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшн тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      4) Басқару процесін мәліметпен қамтамасыз ету.

Басқару – адамдардың кәсіптік қызметі. Қызметтің мән– мзмұнын

айқындау үшін оның анықтамасын берейік. Басқару – бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.

    Осы  анықтамадан бірқатар қорытынды  жасауға болады. Басқару ең алдымен,  ықпал ету, демек мұның өзі  сол әрекетке билік ету қажеттілігін көрсетеді.

  «Мақсаттылық» анықтамасы басқару міндетін – ұжымның алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз етуді көздейді.

Оның үстіне мақсат қою да басқару міндеті.

    «Жүйелік»  анықтамасы дүркін-дүркін емес жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру қажеттілігін көрсетеді.

     Әрекеттің  осындай міндетті бірізділігін  басқару процесі деп атайды. Әр  түрлі деңгейде басқару процестерінің  күрделілігіне және алуан түрлілігіне  қарамастан, Д.Н.Бобрышев осы категорияға  – басқару процесіне біршама жалпылама анықтама береді. Басқару процесі – бұл шешімді шығаруды, қабылдауды қабыданған шешімінің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын үйлестіруді, қабылданған шешімнің  орындалуы барысын бақылауды бірізділікпен жүзеге асыру. Бұл анықтама басқару әрекетінің мазмұнын да ашады.

     Басқару  процестерін басқарудың көптеген  жүйелері мен салаларында жүзеге  асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде,  кәсіпорындарды тасмалдау орындарында,  т.б. Яғни, адамдар еңбек ететін  ұжымның барлығында белгілі бір  мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады. Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, әрине мұндай жағдайда көбінесе  «Стратегиялық басқару», «жедел басқару» секілді терминдерді пайдаланады. Бірақ мұнда басқару мазмұны өзгермейді.

     Басқару  циклді процесс ретінде қарастырылады,  ол «басқару қызметі» деп аталатын басқару жұмысының нақты түрінен тұрады. Басқару қызметі-басқару жұмысының нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылыда.

  Әр бір  басқару қызметі процесс болып  саналады, өйткені, бұлар да өзара  байланысты әрекеттер сериясынан  тұрады. Басқару қызметі барлық  қызметтің жалпы жиынтығы. Басқару қызметіне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңіл бөлді. Кезінде А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «басқару дегеніміз болжалдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру және бақылау». Бұл қызмет басқарудың теориялық категориясы ретінде әдебиеттерде кеңінен пайдаланылады, бірақ бір жақты емес.

     Функция – көп мәнді термин. Философияда бұл екі объектінің қарым – қатынасы, онда біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне түрткі болады, социологияда – белгілі бір әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік процесс жоғары деңгейдегі қоғамдық жүйенің қажетін орындайды.

    Функция  – бұл сонымен қосы әрекет, міндет жұмыс. Бұл мағынада функция ұғымы басқару қызметінің категориясын анықтаған кезде басқару теориясында, сондай – ақ  олардың ұйымдастыру жүйесіндегі басқа қызметтерінде - өндірістік, әлеуметтік т.б. өзгешілігін көрсету үшін  пайдаланылады.

     Басқару  қызметінің  өзіндік өзгешілігі, ерекше мазмұны болады  әрі дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез – келген басқару саласындағы адамдар қызметіне теңдестіруге болады. Шындығында, кез - келген салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орныдалуын ұйымдастыру, оның орындалу барысын үйлестіру, орындалу нәтижесін бақылау және де осы деректердің негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау қажет.

    Басқарудың  барлық қызметі бір – біріне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар бір – бірімен сіңісіп кетеді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, басқару қызметіне деген көзқарас және олардың жіктелуі алуан түрлі.  «Менеджмент негіздері» кітабының авторлары (М.Х.Мескон, М.Альбет, Ф.Хедоури) басқару қызметінің елеулі ұйымдарға қолдануға болады. Авторлардың пірінше,  басқару процесі олардың өзара байланысты қызметтерінен: жоспарлаудан, ұйымдастырудан, мотивация және бақылаудан  тұрады.  

                         

   

     5) Ұйымдастыру қызметі және әр түрлі көзқарастар.

Басшының міндеті  ұйымның мақсаты мен міндетіне  толық сай келетін, әрі оның ішкі және сыртқы факторларына ырпал ететін құрылымды таңдап алу. «Ең қолайлы құрылым – бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне барынша мүмкіндік беретін, өз қызметкерлерінің күш – жігері өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағыттайтын, сол арқылы клиенттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары тиімділікте өз мақсатына жететін құрылым».

     Басқару  құрылымын қалыптастырған кезде  мынадай теориялық көз карастар, тұжырымдар болуы мүмкін.

    Классикалық теория өндіірісті басқару құрылымын қалыптастыруды  мынадай  ретпен жүргізуді ұсынады: басқару қызметінің мақсаттары мен  түрлерін айқындау, басқарудың нақты қызметі бойынша іс-әрекет ауқымен есептеу; құрылымдық бөлімшелерді қалыптастыру; жұмыскерлердің басқару қызметін атқарудағы өкілдігі мен жауапкершілігін белгілеу; олардың нақты қызмет түрін айқындау.

     Бихевиоралдық көзқарас бірінші кезекте өндіріс ұжымындағы жұмыскерлердің әлеуметтік рөлін көтеруге негізделген. Мұндайда басқару аппаратындағы жұмыскерлердің бірлескен іс-қимылы, егер олар бірлесіп жұмыс істеуге ықылас білдірсе ғана тиімді болатындығын мойындайды.

     Жүйелік көзқарастың мәні сол, өндірістік ұйым мен басқару құрылымы тұтас жүйе ретінде қарастырылады. Осы көзқарастың бір түрі, құрылымды басқару шешімдерін қаблдауға және жүзеге асыруға қажетті механизм ретінде қарастыру болып саналады.

     Ситуациялық (жағдайлық)көзқарастың мәні сол, басқару құрылымын құрудың ең қолайдлы әдісі әр түрлі ситуациялық нақты фактілерге (өндіріс технологиясы типтерінің өзгеруіне, шешілуге тиісті міндеттердің сипатына, басқару процестеріне т.б.) сүйенуі тиіс.

     Бюрократтық (кеңсешілдік) көзқарас еңбек бөлісінің жоғары дәрежесімен, қызмет лауазымдарының бір біріне қарай бөлінуінің жетілдірілуімен, бұйрық  беру тізбектілігімен, қызметшілердің жүріс – тұрысында көптеген ережелер мен нормаалардың болуымен, кадрларды, іскерлік және кәсіптік сапасына қарай таңдаумен сипатталады. Вебер мұндай құрылымды «тиімді» деп санады, өйткені бюрократтық жолмен қабылданған шешімінің ақиқаттық сипаты болады деп есептейді.                   

Информация о работе Менеджмент негізі пәні бойынша бақылау жұмысы