Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 11:04, реферат
Іскерлік этика, жемқорлықпен күрес, корпоративті басқару – бүгінгі күні бұл факторлар қаржылық табыс пен бəсекелестік артықшылықтарды айқындайтын шешімдерге əсер етеді. Алайда он жыл бұрын жағдай мүлдем басқаша еді. Ең оң жағдайдың өзінде бұл мəселелер компанияның қаржылық табысына əсер етпейтін, екінші кезектегі жағдай болатын, ал кері жағдайда олар ең басты мақсат – ақша табуға мүлдем қатысы жоқ деп, тіпті талқылаудан тыс қалатын еді. Бүгінгі таңда бар əлемде барлық салалалардың жəне əртүрлі ауқымдағы компаниялар бұл тақырыпты табыстың алғышарты деп санайды.
I. Кіріспе
II. Менеджердің іскерлік этикеті кәсіпкерліктің мәдениеті ретінде
1. Іскерлік этиканың дамуы
2 . Іскерлік этика
3. Этика нормалары
4. Жұмысқа кіріскенде алғашқы қадамдар мен шешімдер
Қорытынды
2 . Іскерлік этика
Соңғы бірнеше онжылдықтың ішінде
əлемнің əртүрлі елдерінің жеке компаниялар
жұмысындағы үлкен өзгерістердің куəгерлері
болдық. Ең елеулі өзгерістердің бірі
іскерлік бірлестіктің жемқорлыққа
байланысты мəселелерге қатыстығы
болды. Жеке сектор инновациялық,
кең пайдалануға арналған ашықтық пен
есептілік стандарттарын, сонымен қатар
оларды дағдыға енгізуді қамтамасыз
ететін механизмдерді əзірлеуді
бастап, жемқорлықпен жаһандық
күресудің негізгі көшбасшыларының
біріне айналды. Іскерлік этика
кодекстері ашықтық пен есептілікті
қамтамасыз етуге бағытталған реформаларда
маңызды рөл атқарса да, жемқорлықпен
күресуге өз үлесін басқа
да, тек ішкі корпоративтік
регламент мəселелерімен ғана шектелмейтін
кеңірек бастамалар енгізді. Ұлттық
заңнама бұрын белгіленгендей
этика нормаларын анықтайтын
көздердің бірі болып табылады. Сонымен
бірге заңдар мен нормативтердің
сапасы (сонымен қатар оларды ұстануды
бақылау сапасы) елдегі жемқорлық деңгейіне
тура əсер етеді. Мысалы, əлемдегі 100-ден
астам ел қатысқан «Коммерциялық
қызмет» атындағы Дүинежүзілік
банкіне қойылған сұрақтар жеке секторды
артық реттеу жəне күрделі сот процедуралары
жемқорлықтың жоғарылау деңгейіне
байланысты екенін анық көрсетті.
Мұрагерлік қор мен «Уолл-стрит
джорнал» газеті жыл сайын
жариялайтын «Экономикалық еркіндік
индексі» (əлем елдерінің рейтингі)
де экономикалық еркіндік дəрежесі
жоғары болғанымен жемқорлық деңгейі
де төмен болатынын көрсетеді.
Дүниежүзілік банкіне сұрақ қою мен
«Экономикалық еркіндік индексі» деректері
нəтижелерінен емқорлықтың өсуі коммерциялық
қызметті жүзеге асыру жағдайларына
тікелей байланысты деп қорытынды
жасауға болады. Осы мəнде «заң билігінің»
нығаюы, меншік құқықтарының нығаюы мен
реттеуді жақсарту жемқорлыққа қарсы
реформа сəттілігінің негізгі шартына
айналады. Одан басқа, осылай күш салу
іскерлік этика стандарттарын арттыруда
жетекші рөлін атқарады.
Компаниялардың əлеуметтік жауапкершілігі мен жоғары іскерлік этикасы
корпоративтік этика кодексінен басталады. Соңғы оңжылдықтарда іскерлік этика дамыған жəне бизнесте кездесетін қиындықтар мөлшерлері ұлғайған сайын корпоративтік этика кодекстері көп компанияларда ерекшелік болып қала бермей, ережеге айналды. Осы жұмыста «корпоративтік этика кодексі» термині «коммерциялық қызметті ұйымдастыру стандарттары», «іскерлік қатынастар принциптерін жариялау», «тəртіп ережелері» сияқты басқа кең таралған терминдермен жəне ұқсас сөз тіркестерімен бірге пайдаланылады. Компанияда қай термин пайдаланылатыдығына байланысты емес, корпоративтік этика кодексі – компанияда жоғары этика мəдениетін құруға көмектесетін жалғыз құрал еместігін түсінген жөн. Кодекс компания ішінде моральдік- адамгершілікті қарым-қатынастар қалыптасуының бірінші кезеңінде жиі пайдаланылады. Бірақ оның басқа құралдардан жеке оқшауланып пайдаланылуы оны пайдаланудан келген табыс қатты шектеліп, ал əсер ету ауқымдары өте аз болуына əкеліп соқтыруы мүмкін. Кодекс оларды жеке қырағылықтық көрсету, өздеріне жеке жауапкершілік алуға жəне ұйым мүшелеріненің жақсы, ненің жаман екендігін шешу қажеттілігінен босатады деп сенімді болған жағдайда, жалған қорғаныс сезімі даму қаупі бар. Қызметкерлер басшылықтың нақты тəртібі өздері жариялайтын құндылықтардан ауытқуын көрген жағдайларда, əсіресе, ұйым қабылдаған этикалық нормалар əкімшілік пен директорлар кеңесіне таралмайтын болып шықса, кодекс енжарлық пен сенімсіздік тудырып, кері нəтижелерге əкеледі. Корпоративтік этика кодексінде ұйымның құндылықтары мен сенімділігі жəне оның негізгі мақсттарымен байланысы көрсетілген. Жеке айтқанда, кодексте барлық қызметкерлер ұстануы қажет тəртіп нормалары мен ұйымның барлық мүшелері өз қызметтерінде өзара да, сыртқы серіктестер мен тапсырушылармен бөлісуі қажет принциптер бекітілген. Мəнінде, корпоративтік этика кодексі ұйымның моральдік келбеті туралы пікір қалыптастыратын шара болып табылады. Дұрыс жазылған кодекс компания жетекшілері мен қатардағы қызметкерлеріне арналған тəртіп нормаларын қамтып қана қоймай, сонымен қатар оның ұзақ мерзімді мақсаттарын анықтайды, жұмыс істеудің принциптері туралы көрініс (қызметкерлерге де, бөгде тұлғаларға да) береді, анық этикалық принциптерді басшылыққа алатын өз компаниясы үшін заңды намыс тудырады. Корпоративтік этика кодексі – бұл компанияның моральдік сенімділігін жай жариялау ғана емес. Дұрыс жазылған кодекс ішінде көрсетілген принциптер жолын шын ұстаушылығын растайтын құжат болып табылады, өйткені мұндай кодексте іскерлік этика нормалары бұзылған жағдайда қолданылатын шаралар міндетті түрде көрсетілген. Қазіргі кезде іскерлік этика кодекстері компаниядағы жалпы моральдік атмосфераны, жыныстар арасындағы қарым- қатынастарды, дискриминацияны, байланыстар мен есептілік үйесін, сыйлықтарды, өнім қауіпсіздігін, қызметкерлер мен олардың тікелей басшылығы арасындағы қарым- қатынастарды, саясат қызметіне қатысуды, қаржылық тəжірибені, жемқорлықты, мүдделер қайшылығы мен жарнамалық қызметке жауапты қараумен қоса, көп мəселені реттейді.
Төмендегі 2 кестеде көрсетілгендей, копоративтік этика кодекстері əрқайсысының əлсіз жəне күшті жақтары бар екі негізгі санатқа бөлінеді: кеңес беретін жəне директивті кодекстер. Корпоративтік этика кодексі əзірленгенде көрнекілік үшін келесі алты кезеңге бөлуге болатын бірқатар мəселе ереже ретінде шешіледі.
• Мақсаты. Корпоративтік этика кодексі өзінің алдына қандай мақсат қояды жəне оны қолданудың соңғы нəтижесі қандай болуы керек? Осы сұраққа жауап беру үшін əдетте компанияның ағымдағы күйінің этикалық бағалануы жүргізіледі жəне пайда болған нəтижелердің негізінде компанияны қазіргі күйінен іскерлік этикасының деңгейі жоғары ұйымға қалай түрлендіру керектігі шешіледі.
• Форма. Кодекстің формасы қандай болады – кеңес беретін, директивті немесе екеуін де қамтиды ма?
• Кодексті жазу тəртібі. Кодекстің мақсаты мен формасы анықталғаннан кейін келесі маңызды мəселелердің біреуі шешіледі: кодекс ережелері қалай қалыптасады? Кодекс жазылған немесе жұмысына тікелей əсер ететін тұлғалармен келісілген жағдайда бұл ерекше маңызды.
• Мазмұны. Осы кезеңде компанияның этикалық мəдениетінің құрамдас бөлігіне айналатын принциптердің, ережелердің, тыйым салудың, санкциялардың жəне барлық басқа ережелердің жазбаша анықтамалары жазылады.
• Стилі. Жазу стилі көп жерде кодекстің тиімділік дəрежесін анықтайды. Кодекс мақсатына байланысты оның жалпы өңі қатты бөлек болуы мүмкін: жеткілікті қатты, директивтіден – жеңілірек, кеңес беретінге дейін.
• Енгізу.
Осы кезеңде кодекс компанияның барлық
қызмет ету салаларында тəжірибеде
белсенді қолданыла бастайды.
Кодекстің қабылдануы əйнек астынан
көрінетін жерге қойылған құжат
түріндегі өмірден алыс кетпеген
бастамаға айналмауы керек.
Алдын ала жұмыс орнындағы күнделікті мəселелерді реттеуге арналған корпоративтік этика кодексі қазір мəселелердің көпшілігін қамтитын жəне мемлекет пен қоғамның коммерциялық қызметте этика деңгейін арттыру талаптарына корпоративтік жауап рөлін атқаратын көлемді құжатқа айналды. Қазіргі кезде іскерлік этика кодексіне қойылған ұқсас кеңейтілген талаптар бастапқы шығындарды талап ететіні күмəнсіз. Қаражаты шектелген компаниялар үшін, нақты айтқанда шағын жəне орта бизнес үшін кодекске байланысты шығындар (əсіресе, егер ол іскерлік этиканың құнды кешенді бағдарламаларын енгізуді талап етсе), көтеріле алмайтын жəне қажетсіз болып көрінуі мүмкін, өйткені олар көзге көрінетін жəне тез нəтиже бермейді. Алайда, уақыт өте келе бұл шығындар саудалық маркаға, беделге жəне компанияның сенім деңгейіне жасалған табысты салымға айналып шыға келуі мүмкін. (Əрине, іскерлік этика кодексі нашар құрылған бизнес-жоспарды өтей алмайтынын немесе компанияны жеке үлкен этикалық бұзушылықтардан қорғай алмайтынын есте сақтау керек).
Корпоративтік этика кодексі коммерциялық қызметтің ресми бөлігіне айналғандықтан оның барлық деңгейлерде бірізді қолданылуын қамтамасыз ету өте маңызды. Кодекс тəртіп этикасын бақылау жүйесінің бір бөлігі болып табылып, компания қызметкерлерін, олар көрсеткен адалдық пен адамгершілік принциптеріне қарап, жұмысқа алып, жол беретініне əкеледі. Тағы бір өте маңызды қадам өзара бақылау жүйесін, мысалы, тəуекелді немесе этикалық емес əрекет болған жағдайлар туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін жасырын шұғыл байланыс желісін жасау болып табылады. Қызметкерлерге корпоративтік құндылықтарды, оларды ұстану ережелері мен режимін түсіндіру кодексте көрсетілген принциптердің қызметкерлермен орындалуын қамтамасыз ететін процестің ажырамас бөлігі болып табылады. Оқыту барысында кодекстегі принциптер оларды тəжірибеде қолданудың көрнекі мысалдарды көрсету есебінен меңгеріледі. Тəжірибедегі жағдайлар мен олардың салдарын талдаумен толықтырылған оқыту процесі этикалық тұрғыдан қиын күйге түскен қызметкерлерге компания беделіне зиян келтірмей, шешім табуға көмектеседі. Бір қарағанда қарапайым жəне əдеттегі болып көрінетін жағдайларда, мысалы, тəртібі компанияда қабылданған этикалық нормаларға сəйкес келмейтін компания өкілдерімен немесе сыртқы серіктестермен қызметкерлер əңгімелескенде жасырылған қауіптерді қызметкерлерге түсіндіріп, тəртіп этикасына байланысты тəуекелді қатты төмендетуге болады. Алайда, егер қызметкерлердің моральдік-этикалық тəртібін бақылау жүйесі мен тиісті процедуралар үнемі қадағалау мен санкциялармен нығайтылмаса, кодекс ережелері ұстанбайды жəне ол этикалық мəдениеті жоғары ұйымды қалыптастырудың тиімді құралына айналмауы мүмкін.
Қорытындылай келе, егер компания клиенттері мен қоғаммен қоса, көп
тұлғалардың сенімін пайдаланғысы келсе, ол қызметкерлерінің тəртіп этикасына үнемі бақылауы жүргізу жəне ол туралы барлық мүдделі тұлғаларға хабарлауы керек.
Бұзушылықтардың
алдын алуға жəне оларды анықтауға
жəне қажет болғанда жағдайды түзету
бойынша шара қолдануға мүмкіндік беретін
ішкі де, тəуелсіз сыртқы тексерулер де
керек. Іскерлік этика стандарттары
бұзылған жағдайда компания
есептері жағдайды түзетуге жəне
болашақта этикалық талаптар
ұстануын қамтамасыз етуге қолданған
шаралар туралы ақпаратты қамтуы керек.
Тəжірибелік
тұрғыдан, компанияны этикалық мəдениеті
жоғары ұйымға айналдыру директорлар
кеңесі мен əкімшілік тарапынан
белгілі факторларды есептеуді
талап етеді. Бұл жағдайға көлемі,
ұйымдастырылуы, ресурстық база
немесе іскерлік этика принциптерінің
жолын қуушылық дəрежесіне қарамастан
кез келген компанияға қатысты. Осылайша,
этикалық мəдениеті жоғары ұйым
жасалғанда екі негізгі өзара
байланысты фактор туралы есте сақтау
керек. Олардың біріншісі компания ішіндегі
жоғары этика үшін оның негізін
қалыптастыруға байланысты. Екіншісі
компания жаңа этикалық принциптерді
қабылдау нəтижесінде өзгеруі
мүмкін компанияның сыртқы қызметіне
байланысты (мысалы, жұмыс принциптері
компанияның жаңа этикалық моделіне
сəйкес келмейтін серіктестермен қарым-қатынастарды
қалай құру керек).
ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы
екі онжылдық ішінде жемқорлыққа
деген көзқарас айтарлықтай
өзгерген. Жемқорлық енді тыйым
салынған тақырып ретінде есептелмейді,
бірақ экономикаға, өнеркəсіпке,
түрлі елдердің үкіметтерінің
қызметіне жəне жекелеген азаматтардың
өмір деңгейіне өзінің бүлдіргіш əсері
үшін ашық та жалпы талқылауға салынады.
Ең маңыздысы, жемқорлықтың таралуындағы
жекеменшік сектор рөлі туралы
көрініс ауысып отырады. Жекеменшік
компаниялар енді жемқорлықтың
жалғыз көзі болып саналмайды.
Керісінше, олардан жиірек жемқорлық
зорлығының құрбандарын жəне жемқорлыққа
қарсы тұруға қабілетті күшті
жиі көреді, ал жемқорлыққа
қарсы шаралар корпоративтік басқарудың
ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.
Болжанатыны жемқорлықтан ада адал да
бəсекеге қабілетті экономикалық орта,
ол тұрақты бизнестің, экономикалық өсім
мен ұлттық дамудың алғышарты болып
табылады. Бұл фактінің танылуына қол
жеткізу жемқорлықтың, əсіресе оның ең
нашар көрінісі – мемлекеттік биліктің
жемқорлығының жалмағыш əсерін
азайтуға қарағанда жеңілірек болып
шықты. Бəрібір, бұл мəселенің
қарапайым шешімі болмағандықтан,
бұл жерде айтарлықтай ілгерілеу
бар. Қазіргі таңда корпоративтік
жəне мемле кеттік басқару жүйелерінде
ашықтық пен есептіліктің жоғары
стандарттары белгіленген халықаралық
жəне жаһандық бастамалардың орасан
зор көлемі бар. Бұл стандарттардың
қазіргі күні жекеменшікпен бірге
мемлекеттік секторда да өң беретін этикалық
принциптердің артып келе жатқан мəнімен
нығайып келе жатқаны аса маңызды. Компанияларға
алуан елдің қоғамдық жəне мемлекеттік
институттарының тиімділік деңгейіндегі
айырмашылықтардан жемқорлықпен күресу
қиын. Əртүрлі елдерде қызмет атқаратын
компаниялар қилы басқару құрылымына
ие компаниялармен бəсекелесуге
жəне жеткізушілермен жұмыс
істеулеріне тура келеді. Мемлекеттік
қадағалаудың кəсіби деңгейі
əртүрлі елдердің əртүрлі заңнамалар
жағдайында жəне жемқорлыққа, онымен
күреске қатысты бірі-біріне
ұқсамайтын алуан пікірмен əрекет
етуге мəжбүр. Бұл əлсіз «заң
билігі» жағдайында жауапты бизнес
жүргізу мен ашықтық принциптерін
сақтауға тырысатын компаниялар үшін
көп қиындықтар тудырады. Корпоративтік
басқару еркін жəне адал
экономикалық қарым-қатынастардың
сапасы мен тұрақтылығын қамтамасыз
ететін маңызды механизм, сонымен
қатар жемқорлықпен күресте өзінің
тиімділігін дəлелдеген құрал
болып табылады. Корпоративтік
басқару компания иелері, инвесторлар,
кредиторлар мен менеджерлер арасындағы
қарым-қатынастарды анықтайтын
институттар жүйесін қалыптастырып
қана қоймай, сонымен қатар осы
саладағы əлемдік жетістіктерді
үлгі ретінде ұстанатын əлемнің
түрлі елдеріндегі заңнаманың
реформасын да ынталандырад ы.
Жемқорлықпен күрес құралы ретінде, корпоративтік
басқару заңнама талаптарын сақтау мен
ашықтығын, есептілігін қамтамасыз ететін
стандарттар мен механизмдерді іске қосады,
бұл біраз уақыт өткеннен кейін жемқорлықты
пайдасыз ете отырып, парақорлық пен
заңға қарсы жұмыс əдістерін анықтауға
мүмкіндік береді. Корпоративтік басқару
негізінде тағы бір аса маңызды
механизм жатыр. Ол - іскерлік этика
болып табылады. Кең таралған скептикалық
қарым-қатынасқа қарамастан, желеген
тұлғалардың, əсіресе компания
басшылары мен жауапты қызметкерлердің
дəл осы мінез-құлық этикасы,
компанияда корпоративтік басқару
мен жемқорлықпен күрес қалай ұйымдастырылғанын
анықтайды. Бұл тұрғыдан, іскерлік этика
компанияның негізгі мақсаты мен бүкіл
қызметін анықтайтын, сонымен қатар директорлар
кеңесінің, əкімшілік пен барлық
деңгейдегі қызметкерлердің қызметімен
қоса, нормалар мен принциптер
жинағы ретінде қарастырылуы
тиіс. Сондықтан, басшылардың
жеке үлгісі мен барлық қызметкерлердің
еркін келісімі декларацияланатын
этикалық құндылықтардың компанияның
барлық шешімдері мен қызметінің
негізінде іс жүзінде қолданылатын
болатындығына əкеліп соқтыруы
мүмкін, ал директивалық жолмен
қатаң сатылық ережелер енгізу
талпыныстарының бəрі күнделікті
жұмысқа ешқандай нақты əсер
етпейтін болады. Бүгінде компанияларға
корпоративтік басқару реформасын іскерлік
этика негізінде жемқорлыққа қарсы
шаралармен байластыруға мүмкіндік
беретін бірқатар практикалық қадамдар
қабылдау қажет. Бір жекеменшік сектордың
күшімен экономикалық гүлдену мен ұлттық
дамуды қамтамасыз ету мүмкін
емес, бұл өмір деңгейін арттырудың
қажетті шарты болып табылады. Жекеменшік
сектор əрі қарай да күрделі мəселелерді
шешу ісінде жəне корпоративтік, жалпы
мемлекеттік деңгейдегі институттарды
реформалауда Үкімет пен ҮЕҰ-мен серіктестікті
нығайта түсуі тиіс. Тек жекеменшік
бизнес, азаматтық қоғам мен
мемлекеттің біріккен күшімен
ғана бүкіл қоғамның игілігіне
қызмет етуі мүмкін шешімдер шығаруға
болады.
Қолданылған әдебиеттер
Шекшяя С.В. Управление персоналом современной организации.— М.,