Менеджердің іскерлік этикеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 11:04, реферат

Описание работы

Іскерлік этика, жемқорлықпен күрес, корпоративті басқару – бүгінгі күні бұл факторлар қаржылық табыс пен бəсекелестік артықшылықтарды айқындайтын шешімдерге əсер етеді. Алайда он жыл бұрын жағдай мүлдем басқаша еді. Ең оң жағдайдың өзінде бұл мəселелер компанияның қаржылық табысына əсер етпейтін, екінші кезектегі жағдай болатын, ал кері жағдайда олар ең басты мақсат – ақша табуға мүлдем қатысы жоқ деп, тіпті талқылаудан тыс қалатын еді. Бүгінгі таңда бар əлемде барлық салалалардың жəне əртүрлі ауқымдағы компаниялар бұл тақырыпты табыстың алғышарты деп санайды.

Содержание

I. Кіріспе
II. Менеджердің іскерлік этикеті кәсіпкерліктің мәдениеті ретінде
1. Іскерлік этиканың дамуы
2 . Іскерлік этика
3. Этика нормалары
4. Жұмысқа кіріскенде алғашқы қадамдар мен шешімдер
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Менеджердің іскерлік этикеті.docx

— 82.79 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  министрлігі

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті 
 
 
 
 
 
 
 

РЕФЕРАТ

Менеджердің іскерлік этикеті 
 
 
 
 
 
 

Орындаған: Абдикаримова Қарлығаш

Группа  ҚР(Д)-121 қазақ бөлімі

2 жылдық  жоғары білім негізінде

                                                                          Тексерген: Мурсалим Медет О. 
 
 
 

Алматы 2011 ж.

Жоспар:

    1. Кіріспе
    2. Менеджердің іскерлік этикеті кәсіпкерліктің мәдениеті ретінде

    1.  Іскерлік  этиканың дамуы

    2 . Іскерлік  этика

    3.  Этика  нормалары

  1. Жұмысқа кіріскенде алғашқы қадамдар мен шешімдер

      Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

  Іскерлік этика, жемқорлықпен күрес, корпоративті басқару – бүгінгі күні бұл  факторлар  қаржылық  табыс  пен  бəсекелестік  артықшылықтарды айқындайтын  шешімдерге  əсер  етеді.  Алайда  он  жыл  бұрын  жағдай  мүлдем басқаша  еді.  Ең  оң  жағдайдың  өзінде  бұл  мəселелер  компанияның  қаржылық табысына əсер етпейтін, екінші кезектегі жағдай болатын, ал кері жағдайда олар ең басты мақсат –  ақша  табуға мүлдем  қатысы жоқ деп,  тіпті  талқылаудан  тыс қалатын  еді.  Бүгінгі  таңда  бар  əлемде  барлық  салалалардың  жəне  əртүрлі ауқымдағы компаниялар бұл тақырыпты табыстың алғышарты деп санайды.

  Бұрын екінші кезектегі деп саналатын қаржылық емес мəселелер бүгінде негізгіге айналды, мұны соңғы екі онжылықтың ең басты жетістігі деуге болады. Бұл жаңалық  пен  оның  тəжірибелік жемісі  болашақ  экономикалық  интеграция үшін,  ұлттық  нарықтардың  дамуы  жəне  кедейшілікпен  күресте  маңызды  роль атқарады.  Мақалада  көрсетілгендей   бүгінде  осыдан  он-жиырма  жыл  бұрын мүлдем болмаған корпоративті басқарудың жалпы  əдістеріне өтудің құралдары мен ұсыныстарының кең ауқымы бар. Іскерлік əлем корпортивті басқару туралы неғұрлым  көп  білсе  жəне  оған  ұмтылса,  соғұрлым  əлемде  дəл  қандай стандарттардан,  құндылықтардан,  механизмдерден  жəне  ережелерден  мұндай басқару  тəжірибесі  түзілетіні  жөнінде  түсінік  қалыптасады (Халықаралық конвенциялар мен ұлттық  заңнамамен бекітілетін).

  Əлемдік  экономиаклық интеграция  корпоративті  басқару стандарттарының  қарыштап  дамуы  мен  таратылуының  негізгі  итеру  күшіне айналды. Инвесторлар, мемлекеттік  реттеу  органдары,  акционерлер, басшылар, орындаушылар,  БАҚ  өкілдері –  нарықтың  дамуы  жағдайында  бұл  жаңалықты енгізуде  маңызды  роль  атқарады.  Нақты  мысал  келтіретін  босақ: 2000  жылы жасалған БҰҰ Ғаламдық шартының аясында əлеуметтік жауапкершіліктері мен тұрақты даму қағидаларын ұстанатындары туралы жария еткен əртүрлі елдердің алты мың ірі компаниялары мен саясаткерлерінің жартысынан астамы – дамушы елдердің  өкілі  болып  келеді.  Олардың  барлығы  реформаның  қозғаушы  күші жəне  өз  салаларының  көшбасшылары  бола  отырып,  бірлескен  жауапкершілік пен  қызметтестікке  негізделген,  қаржылық  емес  мəселелерді  шешуде кəсіпорындардың  бəсекелестік  қабілетіне  ғана  емес,  сонымен  бірге  ең маңыздысы  олардың  елінің  экономикалық  дамуына  зор  үлесін  тигізетіндігі айтады.

  Басқару – бұл   дамудың түбі  көрінбейтін,  əрқашан инновациялар үшін орны бар сала. Мұнда біз биік этикалық талғам мен бір ұрпақ буыны бұрын мүлдем  болмаған  корпоративті  басқару  стандарттарын  сараптай  отырып, осындай ұйғарымға келіп отырмыз. Дағдарысқа қарсы  заңдар  қаншалықты  жеке  кəсіпкерліктің  негізіне  əсер  ететіні  беймəлім болып  отыр.  Біз  байқаған  басты  өзгерістер   мемлекеттің  экономиканы күшейтуге, жұмыс орындарын құру жəне қаржы жүйесін түрлендіруде жетекші рольді өзіне артқаны болып отыр. Мемлекеттің  бизнес  ісіне  мұндай  араласуы  жаңа  мүмкіндіктерге  де, тəуекелдерге  де  əкелуі  мүмкін.  Негізгі  тəуекел  мемлекеттік  мүдде  нарықтан күштірек  болуы  мүмкін  жəне  бəсекелестік  күресті  де  болашақ  ғаламдық интеграцияны да тоқтатуы мүмкін. Алайда мемлекет ролінің артықшылығы да бар – бұл жеке сектордың ерікті бастамаларын əсіресе этикалық қатынасты жəне корпоративті  басқаруды  қолдайтын, ынталандыратын  бастамаларды  жеделдету жəне  қолдау  мүмкіндігі.   Осылайша  кəсіпкерлер  жемқорлыққа  жол  бермейтін жəне корпоративті басқарудың табысты дамуына жағдай жасайтын айқындылық пен  есептілік  атмосферасын  қалыптастыру  жəне  қолдау  ісінде  мүдделі  тарап болып  табылады,  əрі  болуы  қажет.  Ұсынылатын  жарияланым  іскерлік  этика стандарттарын  арттыру  мақсатында  компанияларды  жетелейтін  басқару қағидаларына  арналған.  Бұл мəселеде  бүкілі  əлемдік  прогресс  туралы  айту  əлі ерте,  дегенмен  алынған  сабақтар  жемқорлық  салдарынан  жеке  жəне институтционалды  деңгейде, бүкіл ел мен мəдениеттер деңгейінде туындайтын міндеттер мен проблеамаларға салиқалы көзқараспен қарауды мəжбүрлейді. Бұл тұрғыда мақала  кəсіпкерлер  үшін  де, жетекші  елдердің  алдыңғы  қатарлы  озық тəжірибесін  енгізуге  құлшынатын  заң  шығарушы  құрылымдар  үшін  де  өте заманауи стартегиялық жоспар болып табылады.

Корпоративті  басқару – жемқорлықты құрықтандырудың маңызды элементі  жəне  жеке  кəсіпкерлікті  дамытуға  мүдделі  топтардың  барлығы -

инвесторлар,  акционерлер,  реттеуші  органдар,  бұқаралық  ақпарат  құралдары жəне  т.б. –  осы  мақсатқа  жетуде  өз  ролін  атқарады.  Бұл  əсіресе  Директорлар кеңесіне  қатысты,  себебі  түптеп  келгенде  олар  компания «мəдениеті»,  оның атмосферасы мен дəстүрі бастау алатын жоғары этикалық стандарттарды қолдау үшін  жауапкершілікті  көтереді.  Бұл  компаниялардың  халықаралық,  ұлттық немесе жергілікті ауқымда əрекет етуіне жəне олардың табыстарының миллион доллар  немесе  он  миллиард  доллар  болуына  тəуелсіз  барлық  компанияларға қатысты.  Жемқорлықпен  күрес  дамыған  қоғамдық,  саяси  жəне  экономикалық институттардың,  сонымен  қатар  заңның  билігінен,  басшылығынан  басталады. Сөз  қозғалған  басшылық  жеке  өжеттілікті,  батылдықты,  қайраттылықты  жəне адамгершілік  құндылықтарға  бейімділікті  талап  етеді;  тек  осы  қасиеттер арқасында билікті өз жеке мүддесінде пайдалануға балта шабуға болады. Бүгінгі  таңда  жемқорлықпен  күрес,  іскерлік  этика  мен  тұрақты  даму корпоративті  басқарудың  міндетті  стандарты  ретінде  қарастырылады.  Осы саладағы  озық  тəжірибе  мен  одан  үйрену  осы  мақалада  өте  анық  əдістермен ұсынылған.  Оның  басты  артықшылығы  тəжірибенің  ең  озық  үлгілері  дəлірек қарастырылып,  корпоративті  басқару  тұрғысында  сарапқа  салынады.  Сонымен қатар,  бұл маңызды  үлес  əлі  қомақты  емес. Корпоративті  басқарудың,  іскерлік этика  мен  жемқорлықпен  күрестің  өзара  байланысы  туралы  мəтіндер  көбейіп келеді.  Біздің  жемқорлықпен  күрестің  келесі  кезеңдеріндегі  жетістіктеріміз  - осы  бапта  ұсынылған  шешімдерді  іс  жүзінде  қолдана  алуымыз  бен көшбасшылық қасиеттер мен меншік  құқығын  əлі де дамыта  алуымызда. Жеке кəсіпкерлік –  əсіресе  əлемде  экономикалық дамудың көпшілігін құрайтын орта жəне  шағын  бизнес  кəсіпорындарының  кеңінен  дамуы  күшін  жемқорлықпен күрес шаралары нəтижелі, тұрақты жəне толассыз болуы қажет. 

    ІІ. Менеджердің іскерлік этикеті кәсіпкерліктің мәдениеті ретінде

  1. Іскерлік этиканың дамуы

Кəсіпкерлерді жиі жемқорлық көзі деп санайды. Əрине бұл пікір негізсіз деп  айтуға болмайды. Бір қызықтысы, кəсіпкерлерді жемқорлық құрбаны ретінде сирек елестетеді, ал оны осы зұлымдықпен күрес күші ретінде санайтындар одан да аз. Коммерциялық ортада жемқорлыққа құрық салу үшін бақылауды күшейту, қосымша заңдар енгізу ұсынылады, себебі олардың кейбіреуі пəрменді, ал қайсы бірі  əлсіз. Мұндай шаралар компанияларды айқындылық  пен  адал  бəсекелестік  жүргізуге  итермелейтіні  сөзсіз.  Алайда,  күрестің жемісті  болуы  үшін  іскерлік  этикасы  қажет,  ол  өзінің  туындауы  арқылы «адал»  əрекет етуге  құштарлықтың  адамзат  табиғатында  қалыптасқанын  дəлелдейді.  Түптеп  келгенде, іскерлік  этикасы –  ұйымның  əрбір  қызметкеріне  демократиялық   басқару мен  нарықтық экономика негізінде жатқан қағидалар мен заңдарды орындатудың тағы бір əдісі.

Іскерлік  этика

Қазіргі  таңда  компаниялар  жаңа  факторлардың  қысымымен  өздерінде  басқарма, əкімшілік  мүшелері  мен  қатардағы  қызметкерлер  тəртібін  анықтайтын  іскерлік  этика кодекстерін  енгізуге  мəжбүр.  Ал  халықаралық  компанияларға,  одан  əрі,  шетелдік жеткізушілеріне  де жекелеген жағдайларда  тиісті  елдердің  заңнамасы  талап  еткеннен  де қатаңырақ  этикалық  нормаларды  бекітуге  тура  келеді.  Компаниялар (əсіресе  қаржылық компаниялар)  өздері  үшін  іскерлік этика  кодекстерін  əзірлегенде  мұндай кодекс  компанияның  корпоративтік басқаруының  ажырамас  бөлігіне айналуы үшін көп факторларды ескеруге мəжбүр.

Осы  мағынада,  іскерлік  этиканың  корпоративтік  кодексі –  бұл  бір  тараптан  əр қызметкер өзінен этикалық тұрғыдан не күтіліп тұрғанын білетін стандартты бекітуге тырысу, бірақ екінші тараптан бұл қатардағы қазметкерлердің, əкімшілікті жəне басқарма мүшелерін  барлық  қызметкерлердің  ортақ  құндылықтар  жүйесін  басшылыққа  алып, ойлануды  жəне  шешім  қабылдауға  түрткі  болуға  тырысу.  Олар  бұл  құндылықтарды қандай көздерден алады?

Мұндай  көздердің  бірі –  компания  қызметін  жүзеге  асырып  жатқан  елдің

заңнамасы.  Алайда,  қазіргі  кезде  компаниялар  тек  ұлттық  заңнамаларды  басшылыққа алмайды.  Олар  сонымен  қатар  лауазымды  тұлғаларға  пара  беріп,  оларды  сатып  алумен күресу бойынша ЭЫДҰ Конвенциясы сияқты, халықаралық келісімдерді де есепке алуға мəжбүр. Сондықтан  көп  елдер  өз  заңнамасын  халықаралық нормаларға  сəйкес  келтіруге ұмтылады. Мұндай  корпоративтік  басқару  үшін  халықаралық  құжат  ЭЫДҰ «Корпоративтк басқару  принциптері»  болып  табылады.  Көп  елдерде  осы  халықаралық  құжатты  негіз ретінде  қабылдайтын  ішкі  корпоративтік  басқару  кодекстері  коммерциялық  қызметке лицензия алу үшін міндетті шарт болып табылады. Мемлекет сонымен бірге еркін салалық ұйымдардың  заңның  ең  аз  талаптар  шеңберінен  шығатын  этикалық  нормаларды  енгізу өкілдіктерін кеңейтеді. Іскерлік  этиканың  ішкі  кодексі  мен  корпоративтік  басқаруға  көшуге  тағы  бір ынталандыру –  бұл  корпоративтік  əлеуметтік  жəне  азаматтық  жауапкершілік концепциясы  немесе  іскерлік  əлемде  жиірек  айтылатын  тұрақты  даму  концепциясы. Тұрақты  дамуда  тек  ұйымның  коммерциялық  мақсаттары  ғана  ескеріліп  қана  қоймай, олардың  айналадағыларға –  қызметкерлерге,  инвесторларға,  жұртшылыққа  келетін салдары да ескерілетін коммерциялық шешімдерді қабылдауды талап етеді.

   Осылайша,  іскерлік этика принциптері əзірленгенде стандарттар мен құндылықтар арасындағы  айырмашылық  есепке  алынады.  Осы  айырмашылық  салыстырмалы  түрде жақында  пайда  болды.  Стандарттар —  бұл  компания  мен  оның  қызметкерлері  үшін міндетті нақты ережелердің жиынтығы болып табылады. Осы ережелер мысалы, паралармен күресудегі ұлттық заңнама үшін негіз болып қызмет етуі мүмкін, лауазымды

тұлғаларды  сатып алумен күресу бойынша ЭЫДҰ Конвенциясына сүйенуі мүмкін. Стандарттар  өте  нақты  жəне  қиындық  тудырмау  керектігіне  қарамастан, компаниялардың  көбі  олардың  орындалуын  қадағалауға  мəжбүр. «Транспаренси интернашенал»  компаниялар  өздерінде  осындай  бақылау  жүйесін  жасауға  көмектесетін нұсқаулық  шығарды.  Сарбейнс-Оксли  заңы (корпоративтік  басқару  туралы  əйгілі американдық  заң)  қаражат  пен  активтерді  басқару  бойынша  есеп  беру  стандарттарын анықтайды.

   Этиканың  жалпы  принциптеріне  қатысты  идеялары  іскерлік  этиканың корпоративтік  кодекстерімен  негізге  алынатын  негізгі  құжаттардың  бірқатары  бар. Олардың  ішіндегі  ең белгілілерінің бірін ОАР-да апартеидамен күресу жылдары епископ Леон  Салливан  жазған.  Қазіргі  кезде  бұл  құжат  кез-келген  елде  жəне  кез-келген  кезде қолданылатын  əмбебап  этикалық  принциптер  жиынтығы  болып  танылған.  Қайта  өңделген  жəне кеңейтілген  түрдегі  Салливана  принциптері  БҰҰ-ның  Жаһандық  шартының  Он принциптерінің  негізіне  жатады.  Жаһандық  шарт –  кəсіпкерлік  бірлестікті  бірыңғай принциптердің  айналасында  біріктіруге  жəне  кəсіпкерлік  қызмет  пен  басшылықтың барлығына  ортақ  нормалары  арқылы  əлемдік  дамуға  тұрарлық  үлес  енгізуде  жасалған ерекше талпыныс. БҰҰ Жаһандық  шартының  Он  принциптері  стандарттар  шеңберінен  алыс  кетіп, қазір  құндылықтар  саласына  жатады.  Басқа  ұқсас  принциптер  жиынтығы «Ко  дөңгелек үстелі» -  кəсіпкерлік  қызметтің  жалпы  этикалық  принциптерін  əзірлеу  үшін  əртүрлі елдердің  бизнес  көшбасшылары  жасаған  ұйымымен  ұсынылған.  Экономикалық ынтымақтастық  пен  даму  ұйымы  тағы  бір  ережелер жиынтығын жасаған: Халықаралық компанияларға  арналған  ЭЫДҰ  нұсқаулығы.  Бұл  құжат  тіпті  əрі  барады:  оның  ішінде компанияларға  іскерлік  этиканың  қоршаған ортаны  қорғаудан  əлеуметтік жауапкершілік пен  өз  елдерінің  дамуында  басшылық  рөліне  дейін  əртүрлі  салалардағы  принциптері ұсынылады (ал кей кездерде белгіленеді). Осы  жəне  басқа  принциптер  стандарттар  шеңберінен  қатты  алыс  кеткен.  Бұл мағынада  олар  бізді  жағымды  тəртіпті  белгілейтін,  қажетті  бағытқа  бейімдейтін  жəне нəтижесінде  тұрақты  дамуға  əкелетін  құндылықтар  ретіндегі  этикалық  принциптер концепциясына қайтарады. 

Информация о работе Менеджердің іскерлік этикеті