Мемлекеттік биліктің негізгі белгілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 22:04, реферат

Описание работы

Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демокра-тиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкер-лердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1 Мемлекеттік билікті жүйелік және ұйымдық құрылымының маңызды сипат-тамалары.......................................................................................................................4

2 Мемлекеттік биліктің негізгі белгілері...................................................................6

3 Қазақстанның экономикасын жақсартудың негізгі құралы ретінде....................9


Қорытынды........................................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер...............................................................

Работа содержит 1 файл

МЕМЛКЕТТІК БИЛІК, ҚАЗ-Ң ЭКОНОМИКАСЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ.doc

— 203.50 Кб (Скачать)

Қазақ халқы Азамат соғысына (1918 — 1920) жаппай қатыспағанымен, ерiксiз араласуға мәжбүр болды. Қазақ жерi ақтар мен қызылдар-дың майдан шебiне айналды. Бұған қоса қазақтарға қарсы азық түлiк майданы, “Азық-түлiк армиясының” және “Соғыс коммунизм саясатының” шабуылы салдарынан халық үркiншiлiк кезеңдi бастан кешiрдi. Шаруашылығы күйреп, шаңырағы шайқалған қазақтар 20-жылдардың басында  ашаршы-лыққа ұшырады. Азамат соғысынан кейiнгi кезеңде Қазақстан-да күйзелген халық шаруашылығын Жаңа экономикалық саясат (НЭП) негiзiнде шаруашылықтарды қалпына келтiру жұмыстары өрiстетiлдi. Ең алдымен, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң маңызды түрлерiн өндiрудi Қазан төңкерiсiне дейiнгi деңгейге жеткiзу көзделдi. Жер-су, т.б. реформалар жүргiзiлдi. Орта Азия республикалары мен Қазақстанның мемлекеттік-аумақтық жiгi межелендi. Қазақстанның аумағы 2,7 млн. км2 болып белгiлендi, халқы 5,4 млн. адамға жеттi. 1926 — 1928 жылдары қазақ ауылдарында 1370 мың гектар шабындық, 1250 гектар егiндiк жер қайта бөлiндi. 1927 — 1928 жылдары республикада халық шаруашылығын қалпына келтiру аяқталып, өнеркәсiптi индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезеңiне аяқ басты. Экономиканың аграрлы бөлiмi Кеңес мемлекетiнiң экономикалық дамуындағы ең басты мақсат – индустриялан-дырудың жылдамдатылуын демеуге тиiс болды. 20-жылдардың аяғында басталған ұжымдастыру шаруаларды өнеркәсiптен мүлдем алшақтатты (қ. Ұжымдық шаруашылық). Iрi социалистік егiн шаруашылығын құруға ұмтылу “тәрбиелiк маңызға” ие болды. Қазақстанда ұжымдастыру 1932 жылдың көктемiнде аяқталады деп ұйғарылды. Жосықсыз жылдамдатылған үдерiс 1925 — 32 ж. ел басқарған Ф.И. Голощекиннiң арандатушылық тәжiрибесiне айналды. Ұжымдастырудың ең ауыр зардаптарының бiрi байларды тәркiлеу болды. “Аша тұяқ қалмасын, асыра сiлтеу болмасын” деген ұранмен басталған ұжымдастыру кезiнде қазақтардың малы тiгерге тұяқ қалдырылмай сыпырып алынды. 1930 жылғы 15 наурызға дейiн Қазақстанда 3113 адам сотталып, қамауға алынды, 2450 шаруа қоныс аударды. Қазақстан аумағы Кеңес мемлекетiнiң басқа аймақтарындағы “кулактардың жер аударылатын” мекенiне айналды. Шаруалардың басына түскен жазалаудың алдында астық дайындау науқаны жүргiзiлiп, астық қоры, тұқымдық қоры тәркiлендi. Мұның арты күнкөрiстiк iшiп-жемiнен айрылған қазақ халқын жоңғар шапқыншылығы кезiндегi “ақтабан шұбырындымен” салыстыруға болатын алапат ашаршылыққа соқтырды. Ашаршылық пен оның ауыр зардабы құрбандарының саны 1 млн. 750 мың адамға, яки бүкiл қазақ халқының 40%-на жеттi. 1 010 мың қазақ тарихи отанын тастап үдере көшуге мәжбүр болды. Үкiметтiң солақай белсендiлiкпен малды қырғынға ұшыратуы салдарынан қазақ қоғамының негiзгi азық-түлiкқоры болып табылатын дәстүрлi мал шаруашылығы қатты күйзелiске ұшырады. Малшы көшпендiлердi сәтсiз отырықшыландыру ұжымшарларға соққы болып тидi.

1-бесжылдық (1929 — 32) тұсында Қазақстанда 40 өнеркәсiп iске қосылды, өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемі 3,2 есе артты. Оның жеке салалары: түстi металлургия өнiмi 6,1 есе, құрылыс материалдары — 6,9, химия — 5,3, металл өңдеу — 4, отын — 3,1 есе өстi.

2-бесжылдық (1933 — 37) кезiнде Қазақстанның табиғи қорларын қарқынды игеру iсi жалғастырылды. Шымкентқорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту, Ащысай полиметалл, Ақтөбе химия комбинаттары, Қарағанды көмiр алабының шахталары, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерi, т.б. барлығы 120 өнеркәсiп пайдалануға берiлдi. Олардың арасында алдымен ұзындығы 1500 км Түркiстан — Сiбiр темiр жолы (Түрксiб) өлке экономикасының өсуiне зор ықпал еттi. Республикада тамақ өнеркәсiбi де даму жолына түстi. Семейде ет-консервi, Гурьев (қазiргi Атырау) пен Арал қалаларында балық,  Алматыда  жемiс-жидек, Петропавл, Ақтөбе, Шымкент, Қарағандыда ет комбинаттары салынды. Жеңiл және жергiлiктi өнеркәсiп салаларында да ондаған кәсiпорындар бой көтердi. 1938 — 1940 жылдары 700 кәсiпорын iске қосылды. 1940 жылы Қарағанды көмiр алабының өндiрiсi 1913 жылмен салыстырғанда 77,5 есе көбейiп, 6460 мың т-ға жеттi. Ембi мұнай кәсiпшiлiктерiнiң өндiрiстiк қорлары жаңартылды. 1940 жылы республикада 700 мың т мұнай өндiрiлдi. Қарағанды, Алматы, Балқаш, Шымкент электр станциялары, Үлбi су электр станциясы пайдалануға берiлдi. Өскемен электр стансасы, бiрнеше жылу-электр станциялары салына бастады. 1940 жылы 632,4 млн. кВт сағ, яғни 1928 жылғы деңгейден 85 есе артық электр қуаты өндiрiлдi. Жалпы алғанда республиканың өнеркәсiп өнiмi Қазан төңкерiсiне дейiнгi деңгейден 13 есе, ал ауыр өнеркәсiп бойынша 20 есеге жуық артты. Халық шаруашылығының жалпы өнiмiнде өнеркәсiптiң үлес салмағы 60% болды (1940).

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:

1) социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру;

2) дағдарысқа қарсы  бағдарлама;

3) макроэкономикалық  тұрақтандыру;

4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;

5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.

Бiрiншi кезең Қазақстанда  социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген  экономикалық саясат өрiстеп кете алмады.

90-жылдардың басында  ҚР-ның экономикалық саясаты социалистік экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттықнарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.

Республиканың жалпы iшкi өнiмi 1991 ж. ағымдағы бағамен — 85863,1 млн. сом., 1992 ж. — 1217689,2 сом болды.Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы iшкi өнiм ағымдағы бағамен 15 есе көбейдi. Тұтыну бағасының индексi 1992 ж. 3060,8%-ды құрады, мұның өзi 1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе (247,1%) көп. Нақты бағамен жалпы iшкi өнiм деңгейi 5,3%-ға төмендедi. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндiрiс көлемi күрт азайды. Өнеркәсiптiк өнiмнiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлiкте 19,4%-ды құрады. Өндiрiстiң өсуi тек ауыл шаруашылығындағана тiркелдi. Сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991 ж. 5756 АҚШ доллары, 1992 ж. 5561 АҚШ доллары болды. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi меншiк нысандары (жекеше және мемлекеттік) адамның экономикалық өзiн-өзi билеуi қағидатын iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай жасау.

Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993 — 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция(гиперинфляция) өрши түстi: 1993 ж. тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей Федерациясының жаңа рублiнiң инфляциясы); өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: өндiрiлген ұлттық табыс 1991 — 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн тигiздi: 1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға азайып, 4711 АҚШ доллары болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс сальдоға жеттi (–410387 адам).

Жалғастырылған реформалардың  мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта — теңгенi енгiзу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретiн қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша несиенiң “бағасын ұтымды ету” талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуiне септiгiн тигiзетiн, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуi себептi банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқартуға жәрдемдесетiн барынша тиiмдi шаралардың бiрi ретiнде қарастырылды.

Мұндай жағдайда ҚР-ның  Үкiметi басшылық нұсқамасымен “директивалық” несиелер беру есебiнен кәсiпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты: 1994 ж. оның көлемі 14063,7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберiнде қолданылып жатқан шараларға қарамастан мемлекеттiң нысаналы несиелерi көбiнесе қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн. теңге (яғни бөлiнген несиенiң алтыдан бiр бөлiгi) қайтарылды.

Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiмнiң серпiнi өндiрiстiң шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай жалпы iшкi өнiмнiң көлемi 1990 жылғымен салыстырғанда 61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесiнде таза жинақ қаражат — өндiрiстi тұрақтандыратын әлеуеттi инвестициялар өсуге тиiс едi. Алайда, жинақ қаражат күткендегiдей өсе қоймады: халықтың салымы небәрi 606,9 млн. теңгеден (1.1. 1994) 1673,5 млн. теңгеге дейiн (1.7.1994) ғана көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы, есеп айырысу және депозиттiк шоттардың қалдықтары тиiсiнше 4154,1 млн. теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейдi. Сөйтiп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндiрiстiң құлдырауын ушықтыра түстi. Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң ширегiнен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экономикалық саясат жүргiзудi талап еттi, соның салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал одан әрi нашарлады. Қазақстанның экономикалық саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі таңда Қазақстан  Республикасы өзінің тәуелсіздігін  алғанына аз уақыт өтсе де, жалпы алғанда әлеуметтік-экономикалық жағдайы әлде қайда жоғары денгейде көрінуде. Тізгінімізді өз қолымызға алып ел экономи-касының одан әрі өркендей түсуіне шын  ниетімізбен ат салысу міндетіміз болып отыр. Жоғары тұрақсыздық және сыртқы орта факторларының анықталмағандық жағдайында ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттердің әрі қарай гүлденіп өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бірден-бір құрал бұл жоғарыдағы талдаулар көрсеткендей әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарын айқындайтын билік жүйесі мен мемлекеттік басқару жүйесі болып табылады. Әр түрлі бизнес аясында жұмыс істейтін тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін де бұл әсіресе өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі кезде көптеген елдер үшін мемлекеттің стратегиялық мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы жағдайға көп көңіл аударылуда. Себебі, ғылыми-техникалық революцияның жедел дамуы мен транзитті экономика аясында болашақты көре білу мәселесі бәрінде толғандырады. Өткен ғасырдың аяғында масштабына және күрделілігі жағынан ірі өзгерістер болды. Аталған мерзімге тән сипаттар бұл: индустриализм кризисі, қоғамдық еңбек шығынының көбеюі, негізгі негізгі қорлардың моральді және физикалық тұрғысынан тозуы, энергетикалық қалпына келмейтін және минеральді шикізат ресурстардың сарқылауы. Осы өзгерістерді алдын-ала көрумен олардың салдарымен күресу құралы ретіндегі стратегиялық жоспарлаумен болжамдаудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасының  ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап әлемдік нарық кеңістігінде «еркін жүзуде». Бұл дегеніміз біздің экономика қоғамдық дамудың әлемдік заңдылықтарының ықпалында. Қатаң нарық заңдарына сай, әлемдік нарық бәсекесінде тек халықаралық стандарттарға сай келетін бәсекеге қабілеті жоғары дамыған елдер өмір сүре алады. Кез-келген мемлекет нарықта өз орнын табу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.Қазақстан  Республикасының Конституциясы  1995ж

2.Н.Ә. Назарбаев: Қазақстан халқына ел президентінің жолдауы 2002ж//Егемен Қазақстан. 2002.1 мамыр

3.Ашитов З.О.. Ашитов Б.З.Қазақстан Республикасының құқық негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 296б

4.Алексеев С.С   Механизм правого регулирования   в социалистическом государстве

5. Венгеров А.Б. Теория права  и государства. -  1995

6.Гойман В.И.Действие право (Методологический анализ) М, 1992г.

7. Жоламанов ХХ:, Тауекеев  А.Н., Мухтарова А.К. Мемлекет және  құқық теориясы. – Алматы., 1998г

8.Конституционные  реформы – путь  к правовому  государству. Сов. Государство  и право 1994г

9.Лазарев В.В  Теория государства и права М,1992г.

10.Мемлекет және  құқық негіздері:Оқулық. Құраст. Е.Баянов. –Алматы: Жнті жарғы, 2001 –624б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Мемлекеттік биліктің негізгі белгілері