Мемлекеттік биліктің негізгі белгілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 22:04, реферат

Описание работы

Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демокра-тиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкер-лердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1 Мемлекеттік билікті жүйелік және ұйымдық құрылымының маңызды сипат-тамалары.......................................................................................................................4

2 Мемлекеттік биліктің негізгі белгілері...................................................................6

3 Қазақстанның экономикасын жақсартудың негізгі құралы ретінде....................9


Қорытынды........................................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер...............................................................

Работа содержит 1 файл

МЕМЛКЕТТІК БИЛІК, ҚАЗ-Ң ЭКОНОМИКАСЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ.doc

— 203.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

 

1 Мемлекеттік билікті жүйелік және ұйымдық құрылымының маңызды сипат-тамалары.......................................................................................................................4

 

2 Мемлекеттік биліктің негізгі белгілері...................................................................6

 

3 Қазақстанның экономикасын  жақсартудың негізгі құралы ретінде....................9

 

 

Қорытынды........................................................................................................18

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Егемен ел атанған  Қазақстан Рсепубликасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демокра-тиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкер-лердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасының  Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару  тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.

Бүгінгі күннің басты  талабының бірі – мемлекеттік  органдардың , билік басындағылардың  мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.

Заң ғылымы жүйесінде  мемлекеттік билік - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.). Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.

Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.

Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны  басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.

Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайында-малық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.

1 Мемлекеттік билікті жүйелік және ұйымдық құрылымының маңызды сипаттамалары

 

ХХғ. соғыстармен революцияларға, глобальдік және локальдік масштабтағы  трагедияларға қарамастан, адам және қоғам өміріндегі мемлекеттің ролі мен орнын нақты анықтап, ашқан  жоқ. Бүгінгі күнге дейін либералдармен этатистердің арасындағы дискуссиялар басылған жоқ, мемлекет зорлық машинасы, қысым көрсету құралы дейтін біржақты трактовкалар сақталды. Кейде мемлекетті сол мемлекеттің ішіндегі билік етіп отырған күштер немесе жеке тұлғалардың меншігі ретінде қарастырады. Мемлекетті әрбір адамға көмек көрсетуге жақсылық беруге міндетті ұйым, деп те айтатын жазулар аз емес. Бірақ көптеген қиындықтарға және формалармен механизмдерге қарамастан, мемлекет органдарымен құрылатын заң шығару жүйесі көпшілікті қанағаттандырады, өйткені оның мазмұны көпшілік ойын, рухани құндылықтарын, идеяларын, қажеттіліктерін бір жаққа қосқан.

Мемлекеттің мазмұны  тағы да, өзінің мақсаттары мен функцияларын жүзеге асыру үшін, өз аппаратын  көпшіліктің ойларымен қажеттіліктерін анықтай алатын, прфессионалды адамдармен қамтамасыз етумен көрінеді. Бұл аппарат жанжақты және құрылымы бойынша өте күрделі болады. Оның бір жағы заң шығару қызметін атқарады - заңдарды жүзеге асырады және азаматтарды құқықтық қорғайды, яғни мемлекеттік басқарудың функцион-алдық түсінігімен тікелей байланысты, ал екіншісі ішкі тәртібті және сыртқы тұрақтылықты, мемлекеттік қауіпсіздікті, оның халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын қолдайды. /11/.

Аппараттың көрінісі, оның қоғаммен байланысы немесе қоғамнан тыс болғандығы, иерархиялық құрылымының көлемі, персоналының сапасы және тағы басқа параметрлер қоғаммен мемлекеттік басқарудың негізгі мағынасын білдіреді.

Қоғам ретінде мемлекет, бірмезгілде қоғамның өзін-өзі басқару  құрылысы және механизмі болып шығады. Көптеген уақыт бойы елді патшалық және тоталитарлық басқарудан кейін, мемлекеттің қоғамнан алыстығын, қоғамнан жоғары жақта екендігі, тіпті аспаннан өзінің ұлы заңдарын жерге жібереді деп адамдардың санасына кіріп кеткен. Мемлекетті құдайдың патшалығы ретінде адамдарға жеткізген жағдайлар да болды. Осындай мемлекеттер адамдарды қате жолмен апарды.

       Бірақ қалай айтқанда да, мемлекет ол, қоғаммен құрылған және қоғамдық проблемаларды шешетін құқықтық институт және ол жерде қызмет ететін адамдардың барлығы қоғаммен тәрбиеленіп, қоғаммен сол қызметтерге сайланады. Мемлекет “қоғам” атынан жүреді және оның қажеттіліктеріне, ойларына, мақсаттарына жұмыс істеуі тиіс. Яғни, мемлекеттік-құқықтық институттар, тікелей қоғамдық институттар болып табылады. Мемлекет қоғамға қажетті институттарды пайдалануы керек немесе қолдануы керек және мүмкіндігіше көп азаматтарды құрамына функционалдау керек. Бұл пікірден мемлекеттің қоғамға деген ашықтығы және азаматтарды өзінің жұмыс істеу процессіне тартуы ең бастысы мемлекеттің демократиялық және қоғамдық құқықтық ретінде жетілгенін сипаттайды.

      Мемлекет өзін Дүние Жүзілік аренада, басқа елдермен қарым-қатынаста қоғаммен адамдардың біртұтасы ретінде көрсетеді. Мемлекет арқылы дипломатикалық қатынастар орнатылады, халықаралық келісімшарт-тар орындалады, аймақтық және Дүние Жүзілік организациялармен ұйымдар құрылады, адамдардың бостандықтары мен құқықтары унифицир-ланып қорғалынады. Ашық ұйымдардың құрылуы интеграциялық халықаралық қатынастарды күшейтеді, бұдан мемлекеттердің халықаралық қатынастарды реттеудегі және Дүние Жүзілік тәртібті күшейтудегі ролін арттырады.

     Осындай тәсілмен мемлекет өзінің ішіндегі көпқоғамдақ және сонымен қатар қоғамның жағдайы мен дамуына үлкен ықпал ететін күрделі ұйым болады. Мемлекетпен қоғам арасында тікелей және жанама байланыс бар, олар бір-бірімен ақпаратпен ауысып отырады. Қысқаша айтқанда, мемлекет қоғамды ашық және легитимдік түрде билейтін күш.

     Адамдардың тарихи драмасы және қазіргі заманы билеуші күш және қоғам арасындағы қарым-қатынаспен, билеуші күштің қоғамнан қаншалықты алыстығынан, оған қарсы ма, немесе керісінше оны қорғап жүреді ме, бұл билеуші күш өзімен нені бейнелейді, қоғамды қандай мақсаттармен құндылықтарға апаратындығы арқылы анықталады. Бұл күрделі сұрақтар теориялық және тәжірибелік саясатқа ортақ ізденуге итермелейді, бірақ қайткенде де, бұл сұрақтарға жәй жауаптар жоқ.

Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік басқарудың субьектісі бүтіндей мемлекет болып табылады. Бірақ-та олардың барлық органдары, кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері міндетті түрде басқаруға қатысады деуге болмайды. Мемлекеттік қызметтердің көп қырлылығы, оның қоғаммен әр-алуан байланыстылығы, әр түрлі мемлекеттік органдар және олардың бөлімшелерінің, қызметкерлерінің мемлекеттік-басқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруға және қалыптастыруға түрліше қатысатындығына себеп болады.

Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы бұл ерекше мемлекеттік-құқықтық құбылыс. Бұл мемлекеттік-құқықтық құбылыс қоғамдық-саяси табиғатқа, мемлекеттік басқарудың мақсаты мен мазмұнына байланысты болап келеді. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы белгілі бір құрымнан, ұйымнан және адам ресурстарынан, техникалық және басқа құралдардан тұрады. Сөйтіп, қоғам тарапынан мемлекеттік-басқарушылық әрекеттері (ықпалдары) жүзеге асырылады.

Ғылыми еңбектерде мемлекеттік  органның әр түрлі сипаттамаларын байқауға болады: функционалдық, әлеуметтік, заңдық ұйымдық.

Бұл тақырыпта мемлекеттік  органның ұйымдық қасиеттері және олардың  мемлекеттік басқарудың ұйымдық  құрылымына ықпалы туралы сөз етіледі.

Әдетте, мемлекеттік органды  мемлекеттік меншік негізінде экономи-калық қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік кәсіпорыннан, әлеуметтік және рухани қызметтер атқаратын мемлекеттік мекемеден, әр түрлі қоғамдық сфералардағы ұйымдық қызметтерін орындаушы мемлекеттік ұйымнан ажырата білуіміз қажет. Біріншісінде, басқарушылық шешімдері мен әрекеттері, ал қалғандарында материалдық, әлеуметтік, рухани қызметтер жасалынады және жүзеге асырылады. Шындығына келгенде демократия жағдайларында мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы, оның халқы (елдің барлық азаматтары) егеменділікті қорғайтын, елдегі биліктің бірден-бір қайнар көзі болып табылатындай жағдай жасалуы керек.

Мемлекеттік баскарудың ұйымдық құрылымының негізін-биліктің атқарушы органдары құрайды. Сөйтіп, бұлар мейлінше көлемді және күрделі мемлекеттік аппарат бөлігін кұрайды. Бұл органдар өзіне барлық басқарушылық ақпаратты және маңызды мемлекеттік мәжбүрлеу құралдарын жинақтаған. Олардың мұндай болуы адамдардың санасына, мінез-құлқына, қызметіне және коғамдық процесске тікелей басқарушылық әрекетін жасауға мумкіндік береді. /12/.

Сондықтан, атқарушы билік басқарушылық ақпараттардың айқында-луын, саралануын және өтуін қамтамасыз етуші, тармақталған тікелей түрдегі сатыластыққа ие болуы кажет.

Кейбіреулер қайткен күнде де жергілікті өзін-өзі басқару органдарын мемлекеттік билік органдарынан ажыратып тастауға тырысады. Сөйтіп, атқарушы сатыластықты "бұзып тастағысы" келеді. Басқарушылық шешім-дердің заң жүзінде орыңдалуын қадағалау прокуратураға міндеттелінеді.

Сонымен мемлекеттік  басқарудың ұйымдық құрылымы тек атқарушы биліктің жиынтық оргаңдарын ғана емес, сонымен бірге өзіне ұйымдық байланыстар жүйесін кіргізеді.

Демек, бұл құрылым мемлекеттік-басқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруда және қалыптастыруда барлық мемлекеттік билік органдарын және жергілікгі өзін-өзі басқаруды керекті дәрежеде іске қосады.

Элементтердің өзара әрекетін, орнын, нақтылы көрінісін, олардың сатыластық және деңгейлік байланыстылығын, байланыс түрлерін, олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік басқарудағы ұйымдық құрылым көптеген объективті және субъективті жағдайлардың және факторлардың ықпалы нәтижесінде алады. Бұл факторлардың әр түрлі мемлекеттерде өздеріне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан осындай ерекшеліктерін есепке алмай мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын түсіну қиынға түседі.

 

2 Мемлекеттік биліктің негізгі белгілері

 

Қоғам үрдістеріне (процесіне) ұйымдастырушылық және реттеушілік әсері мемлекеттік басқарудың бағытталған жүйесіне ерекше тән. Бұл мемлекеттің әлеуметтік басқарудың жүргізуші субъктісі ретіндегі белгілі бір территориясында бүкіл халықты қамтитын, қоғамдағы саяси биліктің жан-жақты ұйымдастыруымен байланысты көрінеді. Әлеуметтік басқарудың еш бір субъектісі осындай ерекшелікке ие болмайды.

Мемлекеттік  басқаруды толық түсіну үшін оның маңызды ерекшеліктерін анализдеуімен байланысты. Ал мемлекеттік басқаруының мән-мағынасы мен спецификалық ерекшеліктерін  ашу үшін – оның қоғамдағы объективті керектігін көрсететін ерешеліктерін көрсетуін білдіреді.

Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-саяси табиғаты оның бірнеше мағыналық ерекшеліктерінде көрінеді. Біріншіден, бұл мемлекетте негізделген мықты билік ету күші болып табылады. Кез-келген билік басқару арқылы байқалады(еңбек ету ұжымдарында, қоғамдық бірлестіктерінде, және т.б.).Мемлекеттік билік – бұл қоғам ішіндегі басқарудың ерекше атрибуты. Материалдық, қаржылық, ұйымдастырушылық және басқа да ресурстарымен иемденіп, мемлекет әлеуметтік жүйе үрдісін басқарғанда, керек кезінде мәжбүрлік легетимдік құралдарын қолдануға құқысы бар.

Мемлекеттік  басқарудың мақсаттық сипаты  бар және арнайы сұрақтардың  шешуін қамтамасыздандырады. Мемлекеттік  басқарудың мақсаты Коституцияның, заңдардың,мемлекет Президентінің  жарлықтарын және басқа да  нормативті-құқықтық актілердің  күнделікті орындалуынан және өмірге келтіруінен тұрады. Мемлекеттік органдар қызметінің неғұрлым нақты мақсаттылығы олардың жарлық құжаттарында немесе заң актілерінде белгіленіп анықталған.

Жалпы мемлекеттік  биліктің билік ету түрлерін, функцияларын, құрылымдарын және басқа да параметрлерін таңдауы мемлекеттік басқаруына маңызды әсерін тигізеді. Бұл образдық түрде айтқан кезде мемлекеттік ²организімінің² ²миі², сондықтан мемлекет ²органдарының² жағдайы және функциялануы оның  құрылғанына байланысты тәуелді болып келеді.

Мемлекеттің  құрылу түріне қарай, яғни мемлекеттің  белгілі бір бөліктерге бөлінуіне  және сонымен қатар оларды  басқару үшін биліктің бөлінуіне  қарай негізінде мемлекеттің  екі түрі бар – унитарлы және федеративті. Кейде конфедеративті мемлекет туралы да айтып жатады, бір-ақ осындай атауды дұрыс деп айту қиын: конфедерация – бұл белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылатын мемлекеттердің одағы. Унитарлы  мемлекеттер территориялық-әкімшілік бірліктеріне бөлініп, мемлекеттік биліктік бірегей вертикалды жүйесімен басқарылады. Олардың ішінде автономиялар қалыптасып, және де дамыған жергілікті өзін-өзі басқарулар бар болу мүмкін. Федерация да өзінше бір-тұтас мемлекет болып табылып автономиялар мен оларды құрайтын бөліктерінен құрылу мүмкін. Бұл мемлекеттік биліктің белгілі бір мөлшерде вертикалды  бөлінуін түсіндіреді.

Информация о работе Мемлекеттік биліктің негізгі белгілері