Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:32, реферат
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Республикамызды әлемдік білім беру кеңістігіне шығуды қарастыратын мемлекеттің қазіргі саясатын іске асыру білімге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті, ол талаптардың мақсаты білімнің, дағдының және машықтың жай ғана жинағы емес, осыларға негізделген тұлғалық, әлеуметтік, кәсіби біліктілік, яғни ақпаратты өз бетімен табу және оны тиімді пайдалана алу, құбылмалы дүниеде үнемді және пайдалы өмір сүру, сонымен қатар жұмыс істеу болып табылады.
Білім менеджеріне қойылатын талаптар
Жүйелі жолмен мектепті басқаруда табысқа жету жолдары
Мектеп менеджерінің қызметі
Білім беру жүйесіндегі ұйымдастыру қызметінің ерекшелігі
Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны
Мектеп директоры және оның орынбасарларының міндеттері мен оны ұйымдастыру
а) Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері
б) Мектептің жылдық жұмыс жоспарының үлгі мазмүны
Мектеп басшысының
басқару мәдениеті, оның тұлға
ретінде мектеп басқарудың
Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады;
Құндылық-сапалар басқарудың субъективтігі ретінде басқарушы-менеджердің дербестік, тұлғалық, арасушылық қасиеттерінің көптүрлігінің мәнін ашады. Ол сапалар бастықтың өз қызметін болжамдап, оның салдарын алдын-ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақ-тасу және бірлесе басқару қабілетінен және т.б. көрінеді.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің техно-логиялық компоненті педагогикалық процесті басқарудың әдістері мен тәсілдерін біріктіреді. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді шешу басшы-менеджердің педагогикалық талдау және жоспар-ластыру, педагогикалық процесті бақылау және реттеуді атқара алатын іскерлігіне байланысты. Мектеп дирек-торының басқару мәдениетінің деңгейі аталған міндеттерді шешудің әдіс, тәсілдерін қаншалықты меңгере алуына тікелей байланысты.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт ретінде қарастыру арқылы ашылады. Мектеп басшысының басқару қызметі өзінің табиғатында шығармашылық болып табылады. Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере отырып басшы-менеджер тұлғалық ерекшеліктері мен басқару объектісінің ерекшеліктеріне сай, ол құндылық-тарды өзінше қайта құрып, талдап түсіндіруге ұмтылады. Осылайша, педагогикалық жүйені басқару тұлғалық қабілеттерді іске асыратын және жұмсайтын сала болып табылады. Басқару қызметінде мектеп директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады.
Тұтас педагогикалық процестегі педагогикалық талдаудың рөлі. Тұтас педагогикалық процесті басқару функцияларының бірі педагогикалық талдау болып табылады. Педагогикалық талдау функциясын қазіргі ұғымда алғаш рет қолданып, мектепішілік басқару теориясына енгізген Ю. А. Копержевский еді.
Педагогикалық талдау басқару циклы құрылымында ерекше орын алады: бір-бірімен байланысқан функция-лардан тұратын кез-келген басқару циклы талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Басқару қызметінің жалпы тізбегінен педагогикалық талдауды алып тастау оның күйреуіне жол береді, өйткені жоспарластыру, ұйым-дастыру, бақылау, реттеу функцияларына өз кезегінде талдау жасалмаса ол логикалық қорытындыға жете алмайды.
Педагогикалық талдау педагогикалық басқару процесі нде ті келей емес, оқу-тәрбие барысында іске асырылатын болғанықтан мұғалім сабақ, тәрбиелік туралы өткізер алдында соған тікелей қатысты болатын педаго-гикалық жағдайдың негізгі элементтерін ескеруі және жан-жақты талдауы тиіс. Уақытынан кеш немесе шала-шарпы жүргізілген талдау мектеп директорының мақсатын белгілеп, міндеттерді айқындау кезеңде қателікке, шашыраңқылыққа, көбіне негізсіз шешім қабылдауға душар етеді. Педагогикалық немесе оқушылар ұжымында шынайы жағдайды білмеу педагогикалық процесте және өзара қарым-қатынастарда дұрыс жүйе қалыптастыруда қиындықтар тұғызады.
Педагогикалық талдаудың мектепті басқару функциясы ретіндегі негізгі қызметі Ю. А. Копержевскийдің пікірінше педагогикалық процестің даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның нәтижелерін объективті бағалап, соның негізінде басқарылатын жүйелі жақсарту туралы ұсыныстар дайындау болмақ. Бұл функция - басқару циклының құрылымындағы ең күрделісі, өйткені, талдау зерттеу объектісін бөлшектеуді, оның әрқайсы-сының орны мен рөлін бағалауды, жеке бөліктен тұтас объектіні тани алуды, жүйе құрушы факторлердің байланысын анықтауды қамтыды. Басқа функциялар мен, мысалы жоспарластыру және ұйымдастыруға қарағанда сырттай тиімділігі төмен болып көрінетін педагогикалық талдау жасырын, көлеңкелі сипат алады, сондықтан ол тұлғадан жинақтау, салыстыру, жүйелеу арқылы педаго-гикалық факторлер мен құбылыстарды талдау үшін ақыл-ойды барынша ширатуды талап етеді.
Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны
Мектепішілік басқарудың теориясы мен практика-сында (Ю. А. Копержевский, Т. И. Шомова және т.б.) педагогикалық талдаудың негізгі түрлері анықталған. Талдаудың субъектісіне (не талданады) қарай оның көп-теген түрлері кездеседі. Солардың арасынан параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдау деп аталатын үш түрді бөліп атауға болады.
Параметрлік талдау
оқу процесінің барысы мен
нәтижесі туралы күнделікті
Тақырыптық талдау
педагогикалық процестің
Параметрлік талдау
негізіне сүйене отырып, тақырыптық
талдау барысында мектеп
Қорытынды талдау уақыт,
кеңістік және мазмұн жағынан
да барынша кең көлемді
Оқу орнын басқаруды директор және оның орын-басарлары іске асырады, ал олардың функциялық міндеттерін, тағайындау немесе сайлау тәртібін жалпы білім беретін мектеп жарғысы анықтайды. Оқу-тәрбие процесін басқаруды ең алдымен педагогикалық стажы үш жылдан кем емес, өзін мұғалімдік қызметте көрсете алған және қажетті ұйымдастырушылық қабілеті бар мектеп директоры атқарады.
Мектеп директоры және оның орынбасарларының міндеттері мен оны ұйымдастыру
Мектеп директорының функциялық міндеттері »Жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орындары туралы уақытша ережесінен» және соның негізінде жасалатын әрбір жалпы білім беретін оқу орнының өз жарғысымен айқындалады. Жалпы білім беретін оқу орнының директоры мынадай функциялық міндеттерді атқарады:
Мектеп директорының бұл функциялық міндеттері мектептің типіне, орналасқан жеріне, мұғалімдер мен оқушылар құрамының ерекшеліктеріне, ата-аналар мен қоғамдық өкілдердің арасында қалыптасқан жұмыс жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты, мектеп жарғы-сына одан әрі толықтыру енгізуі мүмкін. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы, кәсіптік бағдар, ата-аналармен жұмыс сияқты мәселелер мектеп директорының басты назарында болуы тиіс. өз компетенциясының негізінде мектеп директоры оқу орнының атынан мүлкін пайдалану жөнінде келісім-шарт түзіп, басқа да әрекеттерді іске асыра алады.
Мектептегі жекелеген жұмыс бағыттары директордың орынбасарына жүктеледі. Олар оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс-тарды ұйымдастырушы, ғылыми-зерттеу жұмыстар жөніндегі орынбасар, мамандыққа бейімделген сыныптар немесе жекелеген пәнді тереңдетіп оқитын сыныптар жөніндегі орынбасар және мектеп директорының шаруа-шылық бөлімі бойынша орынбасары немесе көмекшісі.
Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары педагогикалық процесті ұйымдас-тыруға, білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандарттарының орындалуына жауапты; оқушылардың білім саласы мен тәртібі бақылауды іске асырады; оқушы-лар мен мұғалімдер жұмысын реттеп, сабақ кестесін түзеді; мектептің әдістемелік жұмыстарына басшылық жасап, педагогикалық мәдениетін көтеруді ынталандырады. Кейбір мектептерде мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөнін-дегі орынбасарлары бірнешеу болса мектеп жарғысы бойынша олардың әрқайсысының функциялық міндет-тері дербес белгіленеді.
Сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыс-тарын ұйымдастырушының (мектеп директорының орын-басары құқында) міндеттерінің аясына балалар шығарма-шылығының сарайлары, жас натуралистер, жас техниктер станциялары, балалар бірлестіктері мен клубтары сияқты қосымша білім беретін мекемелермен байланыс орнату; сынып жетекшісінің жұмыс мазмұнын жақсарту, оларға әдістемелік көмек көрсету, оқушылардың тұрғылықты мекені бойынша жұмыс жүргізу Б¥¥ Конвенциясының талаптарына сай балалардың қоғамдық ұйымдарына қолдау көрсету сияқты өзекті мәселелер жатады.
Соңғы жылдары жаңа типті мектептер — гимназия, лицей және т.б. мектеп кеңесінің шешімімен жаңа перспективалық бағыттар жөнінде мектеп директорының орынбасары қызметі еңгізілуде. Мысалы, сондай жаңа қызметтің бірі — мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары жоғары оқу орындарының ғалым-дары, оқытушыларымен, ғылыми орталықтармен байланыс орнатып, оларды мектептегі педагогикалық жұмысқа тартады, мұғалімдердің тәжирибе — экспери-менттік жұмыстарына көмектеседі.
Мектеп директорының коммерция жөніндегі орын-басары: орынбасар — үйлестіруші: демеушілермен, комиссионерлермен байланыс орнатып, бюджеттен тыс қаржыландыруға басшылық жасайды. Кейбір ірі немесе мамандандырылған мектептерде мектеп директорының әлеуметтік-педагогикалық сауықтыру істері жөніндегі орынбасары қызметі енгізіліп, ол сыныптарда теңестіру, педагогикалық түзету және бейімдеу жұмыстарын қадағалайды.
Директорды басқару қызметінің тиімділігі мектеп әкімшілігінің аппаратында міндеттер мен құқықтарды айқын белгілеуге тікелей байланысты. Қажеттілікке байланысты мектеп директоры шұғыл немесе нұсқаулық кеңес, педагогикалық кеңес мәжілістерін өткізу барысында бүкіл педагогикалық процесті үйлестіріп отырады.
Информация о работе Мектеп менеджерінің іс-әрекеті. Ұйымдастыру қызметі