Макроэкономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2010 в 09:06, курсовая работа

Описание работы

Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндiрiлетiн өнiмнiң өсуi мен инфляция мен жұмыссыздық кезеңiндегi төлемнiң балансы, айырбас курсы туралы түсiнiк бередi. Сонымен бiрге макроэкономика экономикалық өзгерiстерге, оның iшiнде экономикалық қаржылық саясатқа, тұтыну және қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға, жалақы мен баға өзгерiстерiне, ақша қорына, мемлекеттiк бюджетке база назар аударады. Қысқаша айтқанда, экономиканы даму барысындағы әр алуан пiкiр-таластарды, бүгiнгi таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңiнен қарастырады. Тұрмысқа қажеттi тауарлардың көлемiн, ұлттық экономиканың әрекеттестiгi, шаруа қожалықтары мен фирмалар жұмысын, нарық бағасын анықтайды. Нарық туралы сөз болғанда, алдымен жалпы ауыл шаруашылық өнiмдер, медициналық қызмет пен бөлшек сауда еске түседi. Ал баға жайына келсек, жұмысшы еңбегiн дәрiгер еңбегiнен ЭВМ бөлшектернiң бағасын, Рембрандт суреттерiнiң бағасы арасындағы өзгешелiктердi ажырата бiлу қарастырылады.

Содержание

Кiрiспе...........................................................................3

I.Макроэкономиканың пәні және әдісі…………………………….5
1.1 Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.........5

1.2 Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалар..............................................................7

1.3 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары.....................................................................................................9

II.Макроэкономика – экономиканың негiзгi бірлiгi........................11
2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы............................11

2.2 Макроэкономикалың модельдерi........................................................15

2.3 Макроэкономикалық көрсеткiштер..................................................17

2.4 Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы........21

III.Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу..................................................................23
3.1 Мемлекет және тепе-теңдiктi шешу мәселелерi............................23

3.2 Мемлекет билiгiнiң тиiмдi факторлары...........................................26

Қорытынды...............................................................................................28

Қолданылған әдебиеттер......................................................................30

Работа содержит 1 файл

12.doc

— 257.50 Кб (Скачать)

III. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу.

3.1. Мемлекет және тепе-теңдiктi шешу мәселелерi.

      Негiзiнен  жеке экономикалық субъектiнiң әрекетiн зерттейтiн микроэкономикадан өзгешелiгi, макроэкономикада ұлттық шаруашылықтың барлық қатысушыларының бiрлескен экономикалық қызметiнiң нәтижелерi мен зардаптары бiр уақытта зерттеледi.

      Макроэкономика  экономикаға тән жалпы құбылыстарды (инфляция, экономикалық өсу, жұмыссыздық) зертейдi. Экономикалық талдаудың мәнi ұлттық шаруашылық дамуының қалыптасу теориясын әзiрлеу болып табылады. Соңғының негiзiнде макроэкономикалық саясаттың құралдары қалыптасады оған қазынагерлiк, несие-ақша саясаты, табыс саясаты және сыртқы экономикалық саясат жатады.

      Макроэкономикалық саясаттың мақсаты мен құралдары.

      Мақсаты:

1. Өндiрiс  – жоғары деңгей, өсудiң жоғары  қарқыны.

2. Жұмыспен  қамтылу – жұмыспен қамтудың  жоғары деңгейi жұмыссыздықтың төмендiлiгi.

3. Еркiн  нарықтағы бағаның тұрақтылығы.

4. Халықаралық  сауда – экспорт пен импорттың тепе-теңдiгi. Валюта бағамының тұрақтылығы.

      Құралдары:

1. Қазыналық  саясат. Мемлекеттiк шығыстар және  салық салу.

2. Табыстар  және шығыстар саясаты.

3. Монетарлық  саясат. Ақшалық ұсыныстарды басқару.

4. Сыртқы экономикалық саясат.

      Елiмiздiң экономикалық жағдайын талдау ұлттық шоттардың жүйесiне (ҰШЖ) негiзделедi. Ұлттық шоттар жүйесi – ұдайы өндiрiстiң шарттарын, процесiн және нәтижелерiн сипаттайтын өзара байланысты макроэкономикалық көрсеткiштер жүйесi болып табылады, бұл – елдiң негiзгi экономикалық көрсеткiштерiн бағалайтын халықаралық стандарт.

      Жалпы ұлттық өнiм ұлттық өндiрiстiң көлемiн өлшейтiн негiзгi көрсеткiш болып табылады. Жалпы Ұлттыє Өнiм (ЖҰӨ) – бұл ел азаматтары белгiлi кезеңде (бiр жыл iшiндегi) өндiрген барлық түпкiлiктi тауарлар мен қызметтерiнiң нарықтық бағасы.

      Жалпы Ішкi Өнiм (ЖIӨ) – белгiлi кезеңде елдiң iшiнде өндiрiлген барлық түпкiлiктi тауарлар мен қызметтердiң нарықтық бағасы.

      Таза  Ұлттыє Өнiм (ТҰӨ) – бұл ЖҰӨ-нен амортизация сомасын алып тастағаннан қалған, жабдықтың тозу бағасы болып есептеледi.

    
 

      Ұлттық  табыс (ҰТ) – бұл экономикада өндiрiстiң  барлық факторларымен (жермен, еңбекпен, капиталмен, кәсiпкерлiкпен) өндiрiлген өнiмнiң бағасы.

         
 

      Немесе 

  
 
 

Жеке  табыс (ЖТ) –барлық үй шаруашылықтары табыстарының сомасы + трансферттiк төлемдер. Ол тұтынуға, ақшаны жинауға, салықтарды төлеуге кетедi.

  
 

Қолдағы бар  табыс (ҚБТ) – бұл барлық салықтар мен салықтан тыс төлемдердi төлегеннен кейiн шаруашылықтардың иелiгiнде қалатын табыс.

  
 
 

Жалпы Ұлттық өнiмдi екi түрлi әдiспен: қоғамның осы жылы өндiрiлген тауарлар мен қызметтерге жұмсаған барлық шығындары жиынтығымен, немесе осы жылғы өндiрiстiң нәтижесiнде алынған өнiмнiң ақша табыстарын қосу жолымен өлшеуге болады.

      Ұлттық  өндiрiстiң макроэкономикалық көрсеткiштерi нарықтық бағалар арқылы көрсетiледi. Олар ағымдағы бағалармен өлшенген жағдайда, олардың мөлшерi атаулы шама түрiнде болады. Егерде тұрақты бағалар (базалық жылдың бағалары) пайдаланылса, онда олар нақты шаманы көрсетедi. Атаулы ЖҰӨ өндiрiстiң көлемiнiң өзгеруiне де, бағалардың деңгейiне де тәуелдi болады. Нақты ЖҰӨ тек қана өндiрiс көлемiнiң өзгеруiне тәуелдi.

      Атаулы  ЖҰӨ – тауарлар мен қызметтер  өндiрiсiнiң ағымдағы бағалармен көрсетiлген көлемi.

      Нақты ЖҰӨ – тауарлар мен қызметтер  өндiрiсiнiң тұрақты бағалармен көрсетiлген көлемi.

      ЖҰӨ дефляторы – ағымдағы бағалардың базистiк кезеңдегi баға деңгейiне қатынасын, яғни өндiрiс көлемiн емес, бағалардың салыстырмалы өзгеруiн сипаттайды.

      Қазақстан экономикасы үшiн 1991-2001 жылдар қайшылықты сипаттағы экономикалық түрлену және реформалар кезеңi деп белгiлендi. Жеткен нәтижелер тұрғысынан алғанда елiмiзде 1994-1998 жж. ешқандай алға басу болған жоқ. Қазақстанда 1994-1998 жж. ЖҰӨ-нiң өсуi терiс (-4,2%) қарқын алды. 1996 және 1997 жж. бұдан өзгеше болды онда ЖҰӨ тиiсiнше 0,5 және 1,7 %–ды құрады (өткен жылдың тиiстi кезеңiне шаққанда). 1998ж. ЖҰӨ көлемi 1994 ж. деңгейдiң 91,4 %–ын құрады. Экономистердiң есебi бойынша, 2001 жылы 1990 жылдың деңгейiне жету үшiн ЖҰӨ-нiң өсуiн жыл сайын 3,5-4 %-ға қамтамасыз ету қажет болды. Мұндай сәтсiз нәтижелер тек қана iшкi факторлардың емес, сонымен бiрге сыртқы факторлардың, ең алдымен Ресейдегi қаржы дағдарысы, мұнай бағасының төмендеуi және т.б. салдарынан туындайды.

      1999 жылдан мұнайға және шикiзаттың  басқа түрлерiне бағалардың өсуiне, теңгенiң құнсыздануына байланысты жағдай жақсарды. 1999 ж. ЖҰӨ 2,7 %-ға (1998 ж. салыстырғанда), 2000 ж. – 9,8 %-ға, ал 2001 ж. – 7 %-ға өстi. Болжанған мәлiметтер бойынша ЖҰӨ-нiң дамуы (өткен жылға есебiмен) 2002ж. –4,9; 2003ж. –4,2; 2004ж. –3,6% болды.

   

"Экономиканы  түпкілікті реформалауға бағыт  ұстап, біз қысқа мерзімнің  ішінде нарықтық реформаларды  жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды  жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі  таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс  істеп тұрған нарықтық экономика  бар. "

ҚР  Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

      Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылыққа жету үшiн республиканың орта мерзiмдегi әлеуметтiк-экономикалық Стратегиясында келесi iс-шаралар белгiленген:

  •  Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
  •   Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы
  • Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы
  • Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы
  • Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы
  • Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлік кеңесін құру туралы
  • Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.2. Мемлекет билiгiнiң тиiмдi факторлары.

      Экономикалық  даму – әлемнiң барлық елдерiнiң  алдында тұрған басты проблема. Германия және Жапонияның Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi даму тарихы олардың экономикасының түгелдей дерлiк қирағанын көрсетедi. Қазiр осы елдер тұрақты экономикалық дамудың үлгiсi болып отыр.

      Экономикалық  өсу  - бұл ұлттық өнiмнiң сандық көбеюi және сапалық тұрғыда жетiлуi.

      Әрбiр  елдiң үкiметi экономикалық өсу қарқынын iшкi ақша жинауды және инвестицияларды көтермелеу, шетел инвесторларын тарту, меншiк құқықтарын сақтау және т.б. жолдармен арттыруға ұмтылады. Капиталдың шоғырлануы оны табыстылығының төмендеумен қосарлана жүредi. Басқаша айтқанда, экономика неғұрлым көп капиталға ие болса, ол алға қарай аз қайтарыммен өседi. Сондықтан жиналған ақша үлесiнiң көбеюi алғашқы кезде жылдамдырақ дамуыға әкеледi де содан кейiн экономика капитал мен еңбек өнiмдiлiгi артуының ең жоғары деңгейiне жеткенде баяулай бастайды.

      Экономикалық  дамудың типтерi:

      Қарқынды  – ұлттық өнiмнiң техника мен технологияларды жетiлдiру есебiнен артуы.

      Аралас (нақты) – ұлттық өнiмнiң пайдаланылған  факторлар санының өсуi және техника мен технологияларды жетiлдiру есебiнен артуы.

      Экстенсивтi – ұлттық өнiмнiң өндiрiске қосымша факторлар тарту есебiнен артуы.

      Экономикалық  өсудiң факторлары:

      Сұраныс факторлары – жиынтық шығындардың  деңгейi.

      Ұсыныс  факторлары – табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, негiзгi капиталдың көлемi, технология.

      Үлестiру факторлары – ресурстарды тиiмдi пайдалану.

      Экономикалық  өсудi өлшеудiң әдiстерi – нақты  ЖҰӨ-нiң артуы, ЖҰӨ көлемiнiң халықтың жан басына шаққандағы өсуi.

      “Қазақстан-2030”  стратегиясында көрсетiлгендей, республиканың гулденуiн қамтамасыз етуде ұзақ мерзiмдегi басымдылықтардың арасында “жоғары деңгейдегi шетел инвестициялары мен iшкi жиналған ақшасы бар ашық экономикаға негiзделген экономикалық өсу” ерекше маңызды болып саналады. Қазақстанда экономикалық өсу келесi мiндеттердi жүзеге асырумен тығыз байланысты:

      - мемлекеттiң белсендi ролi жағдайында экономикаға араласуын шектеу;

      - қатал қазыналық және монетарлық  шектеулердi жүргiзу;

      - шетелде қаржылық инвестициялар стратегиясын жасау;

      - жеке меншiктi нығайту және заңды қорғау;

      - аграрлық сектор мен әлеуметтiк  саладағы жекешелендiрудi аяқтау;

      - энергетикалық және басқа табиғи  ресурстарды әзiрлеу;

      - либерал инвестициялық саясатты дайындау;

      - еңбектi көп қажетсiнетiн өндiрiстерден капиталды, технологияны, ғылымды қажетсiнетiн, өндiрiстерге көшу яғни индустриалды технологиялық стратегияны дайындау;

      - өндiрiстi әртараптандыру;

    • болашағы мол (бәсекеге жарамды) салаларды дамыту.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                    

                     

 

                                                                                                                                   

  Қорытынды

      Қорыта  айтқанда, жалпы экономика ғылымы екi басты бөлiмнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтiк агенттiктер сияқты шағын бiрлiктер жасайтын таңдауларды зерттейтiн экономиканың білiм. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секiлдi iрi масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтiн бөлiгi.

      Макроэкономика  экономиканы бiр үлкен бүтiн  құбылыс ретiнде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп  жалпылай қарастырады.

      Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз:

      1-кезеңде  фирмалар мен үй шаруашылықтарының  шешiм қабылдауын зерттеушiлер  теория деңгейiнде қарастырады.  Содан соң микроэкономикалық  құралдарды пайдаланып, фирмаларды  әртүрлi экономикалық жағдайларға  байланысты қарастырады;

      2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешiмдерiн қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседi. Бұл кезеңде агрегатталған, iрiленген шамалар қолданылады. Мысалы, бiр ғана фирманың өнiмi емес, ЖҰӨ; жеке банктiң пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi;

      3-кезеңде  макроэкономикалық ақпаратты талдау  және жинау арқылы теорияның  нақты мағынасы қарастырылады.  Макроэкономика – макроэкономикалық  теория мен агрегатталған ақпараттардың  ортасындағы байланысты нысандық  тәсiлмен зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.

      Экономикалық  өсудiң көрсеткiштiк өлшемдерi ЖҰӨ  және ЖІӨ болып табылады (тек нақты  сипаттары). Халықаралық деңгейде салыстыру  үшiн ЖҰӨ және ЖІӨ-нiң халықтың жан басына шаққандағы көрсеткiшi пайдаланылады. ЖҰӨ (ЖIӨ)-нiң бiрдей көлемiнде оның халықтың жан басына шаққандағы шамасы тұрғындардың санына тәуелдi болады.

Информация о работе Макроэкономика