Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2010 в 09:06, курсовая работа
Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндiрiлетiн өнiмнiң өсуi мен инфляция мен жұмыссыздық кезеңiндегi төлемнiң балансы, айырбас курсы туралы түсiнiк бередi. Сонымен бiрге макроэкономика экономикалық өзгерiстерге, оның iшiнде экономикалық қаржылық саясатқа, тұтыну және қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға, жалақы мен баға өзгерiстерiне, ақша қорына, мемлекеттiк бюджетке база назар аударады. Қысқаша айтқанда, экономиканы даму барысындағы әр алуан пiкiр-таластарды, бүгiнгi таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңiнен қарастырады. Тұрмысқа қажеттi тауарлардың көлемiн, ұлттық экономиканың әрекеттестiгi, шаруа қожалықтары мен фирмалар жұмысын, нарық бағасын анықтайды. Нарық туралы сөз болғанда, алдымен жалпы ауыл шаруашылық өнiмдер, медициналық қызмет пен бөлшек сауда еске түседi. Ал баға жайына келсек, жұмысшы еңбегiн дәрiгер еңбегiнен ЭВМ бөлшектернiң бағасын, Рембрандт суреттерiнiң бағасы арасындағы өзгешелiктердi ажырата бiлу қарастырылады.
Кiрiспе...........................................................................3
I.Макроэкономиканың пәні және әдісі…………………………….5
1.1 Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.........5
1.2 Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалар..............................................................7
1.3 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары.....................................................................................................9
II.Макроэкономика – экономиканың негiзгi бірлiгi........................11
2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы............................11
2.2 Макроэкономикалың модельдерi........................................................15
2.3 Макроэкономикалық көрсеткiштер..................................................17
2.4 Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы........21
III.Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу..................................................................23
3.1 Мемлекет және тепе-теңдiктi шешу мәселелерi............................23
3.2 Мемлекет билiгiнiң тиiмдi факторлары...........................................26
Қорытынды...............................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер......................................................................30
Тұтынушы заты – қор, оның табысы мен шығыны – ағын.
Жұмыссыздар саны – қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны – ағын.
Мемлекеттiк қарыз-қор, бюджет тапшылығы – ағын.
Көпшiлiгi ағын түсiнiгiне жатады. Мысалы, ЖҰӨ (ЖIӨ), инвестиция, мемлекеттiк шығын, т.б.
Макроэкономикада маңызды деп есептелiнетiн қор-ағын
ұғымына жататын кейбiр көрсеткiштердi қарастырамыз.
1. Инвестиция және негiзгi капитал.
Экономикадағы капитал – бұл белгiленген, анықталған уақытта жинақталған тұрғын үй қоры, машина, құралдар, өндiрiстiк ғимараттар қоры және елдегi өндiрушi күш. Инвестициялық шығындар – бұл белгiлi бiр уақыт аралығында негiзгi капиталды қолдауда және капиталдың өсуiне бағытталған өнiмдер ағыны. Осыдан төмендегiдей қатынасты алуға болады.
К = К-1 + I
Мұндағы:
К – қарастырылып отырған жыл аяғындағы капитал қоры.
К-1 – қарастырылып отырған жыл алдындағы жылдың капитал қоры.
Қор өсiмi (К-К-1) инвестиция ағымына тең.
Егер
инвестиция мен капитал қорының
арасындағы байланысты тереңiрек қарастырсақ,
онда төмендегi теңдеудi құрауға болады.
К= К-1 + I – DN
Мұндағы:
DN – кейбiр капитал қоры табиғи қартаяды немесе үнемi пайдалану нәтижесiнде тозады, мұндай тозуды амортизация деп те атайды.
I – инвестиция ағымы, жалпы инвестиция деп те атайды.
I – DN
– таза инвестиция.
2. Қор және байлық.
Жоғарыда қарастырылған қор – ағын ұғымының бiр көрсеткiшi ретiнде қор және байлықты қарастыруға болады. Қор Ұлттық табыстың тұтынудан қалған бөлiгi, бұл қаржылық байлықтың қалыптасуына мүмкiндiк бередi және (W) белгiленедi.
W- W-1 = S
(W – W-1) – қор жинағының өсiмi қорға тең.
3. Ағымдағы операция шоттары және шетел инвестициясының сальдосы.
Қор – ағын ұғымының үшiншi көрсеткiшi. Ол ағындағы операция шоттары (СА) шетел инвестициясының сальдосы (NIIP) арасындағы байланысты көрсететiн тәуелдiлiк.
NIIP-1 + СА
4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттiк қарыз.
Бұл көрсеткiш
мемлекеттiң таза қарызының мөлшерi Dd пен
бюджет тапшылығы (DEF) арасындағы тәуелдiлiктi
көрсетедi.
Dd
– Dd-1 – DEF
Нақты өмiрде мемлекеттердiң ЖҰӨ-н есептеу күрделi мәселе. Сондай күрделi экономиканы өндiрiс пен қызметтерiн шығынын қоса отырып, тiкелей түсiнуге болмайды. ЖҰӨ туралы дұрыс түсiнiк алу үшiн, оның басты қалыптасу принциптерi туралы бiлу қажет.
Қор есебi: Мысалы, фирма қосымша жұмысшылар алып, өндiрiсiн үлкейтсе, яғни нан өндiрсе, оларға жалақы төлесе, ал содан кейiн жасаған тауарлары өтпей қалса, бұл ЖҰӨ өлшемiне қалай әсер етедi?
Жауап өтпей қалған нанды не iстейдi, соған байланысты. Егер нан керек емес деп тасталса, онда фирма пайдасы қосымша жалақы өлшемi ретiнде төленедi, - сонда фирма жалақы ретiнде үлкен сома төлесе, ал пайда ретiнде өзiне ешқандай табыс тапқан жоқ. Бұл операция шығын көлемiне және табыс деңгейiне әсер етпейдi. Сондықтан, ЖҰӨ өлшемi өзгерiссiз қалады (тек қана жалақыға тиесiлi бөлiгi аз). Басқаша айтқанда, егер нанды кейiнiрек сату үшiн, қорға жинап қойса, онда ұлттық есептеу принципiне байланысты, бұл операция басқаша қаралады. Бұл жағдайда пайда қысқартылмайды, себебi нан фирма қорында сақталуда. Сол себептi ЖҰӨ көлемi көбейедi. Яғни, жалақының жоғары болуынан пайда жоғарылайды, сонымен қатар қордың жиналуынан шығын көлемi көбейедi.
Жалпы ереже бойынша фирма тауар қорын көбейткен сайын инвестиция көлемi қорға және шығын құрамына, табыс құрамына енедi. Сол себептi, өндiрiс нәтижесiнде қор өсiмi пайда болады. ЖҰӨ көбейедi.
Көптеген тауарлар және қызмет түрлерi ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелiнедi, ал кейбiр тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерi нарықта сипатталмайды, сол себептi нарықтық базасы жоқ. Дегенмен осы көрсетiлген қызмет құны ЖҰӨ-ге енгiзiлу керек, сол үшiн оларды өлшеу керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелiнген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелiнген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретiнде қолданылады. Пәтердi уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын тјлеп, тұруға берген үйдiң шығындары, бәрi ЖҰӨ-дi есептегенде осы жалдау төлемiне есепке енгiзiледi.
Ұлттық есеп жүйесiнiң үлкен бiр бөлiгiнiң көрсеткiшi – бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Бұл деректердi шығын құрауыштары және табыс көрсеткiштерi деп 25-топқа бөлуге болады.
Экономистердiң көзқарасы бойынша, тек қана өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң жалпы көлемi ғана емес, сонымен бiрге өндiрiлген өнiмiнiң сәйкес түрде бөлiнуi және тағайындалуы есепке алынады. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлiнедi:
Сонымен,
ЖҰӨ-дi Y символымен јрнектеп, мына јрнектi
аламыз:
Y =
С+ I + G + Xn
ЖҰӨ–бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттiк шығындардың және таза экспорт көлемдерiнiң жиынтығы, ЖҰӨ құрамындағы әрбiр шығын құрауышы осы топтардың бiреуiне жатады. Бұл теңдiк өрнек болуы – осыған кiретiн айналымдардың анықтамасы әсерiнен теңдiк орындалады. Бұл Ұлттық есепшот тепе-теңдiгi деген атау алады.
Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлiнедi:
Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарларға қысқа уақытқа ғана қызмет жасайтын, мысалы, киiм және азық-түлiк тауарлары, т.б. жатады.
Ұзақ мерзiмдi тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мысалы, машиналар, кiржуатын машиналар, т.б. жатады.
Көрсетiлген қызмет түрiне тұтынушыларға жасалған қызмет, мысалы, шаштараз және медициналық қызмет т.б. жатады.
Инвестиция мынадай топтарға бөлiнедi:
1) Өндiрiстiк капиталды салу (немесе негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясы жатады);
2) Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;
3) Қор инвестициясы.
Негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндiрiстiк кәсiпорындар мен жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.
Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы – бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретiн үйлердi салудағы шығындар.
Инвестиция қоры – бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсiмi (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемi терiс мәнге ие болады).
Мемлекеттiк шығындар – өкiмет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттiк қызметкерлердiң еңбек-ақысы жатады. Мұнда трансферттi төлемдер, яғни әлеуметтiк сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кiрмейдi. Бұл төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, олар ЖҰӨ құрамына енгiзiлмейдi. Соңғы топ – бұл басқа елдермен сауда жасаудың нәтижелерiн көрсететiн таза экспорт.
Таза экспорт тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң экспорт және импорт құны көлемiнiң айырмашылығына тең. Тепе-теңдiк жағдайында, сыртқы сауда шеңберiнде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемi тең болады, таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда ЖҰӨ iшкi шығындар жиынтығына тең болады:
ЖҰӨ
=С + I + G
Бiрақ
егерде экспорт импорттан көп
болса, онда әлемдiк нарыққа “нетто-
2.4. Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы.
Негiзгi
макроэкономикалық тепе-теңдiк
Y = C + I + G + Xn (1)
Макроэкономикалық
талдауларда басқа да тепе-теңдiктер пайдаланылады.
Инвестиция мен қор жинағының тепе-теңдiгiн
төменгiдей көрсетуге болады. Талдауды
жеңiлдету үшiн жабық экономиканы қарастырамыз.
Бұл экономикада мемлекет секторы жоқ
деп жорамалдаймыз, демек салық та жоқ
болады. Онда шығын бойынша:
Табыс
бойынша:
ЖҰӨ = Қор жинағы +
Тұтыну
(3)
Жалпы
өнiм өндiруге кететiн шығындар мен
табыс бiр-бiрiне тең болғандықтан,
(2) және (3) формулаларды теңестiре отырып,
төмендегi теңдеудi аламыз.
С + I = S + С немесе I = S
(4)
Бұл қарапайым тепе-теңдiк мемлекет пен шет мемлекеттi енгiзгеннен соң күрделене түседi.
Жиынтық қор жинағы үш құрауыштан тұрады.
Sp = Sp + Sq +
Sr
Жеке қор жинағы төмендегiдей бейнеленген:
Sp = (Y + TR + N - T) - C (6)
Мұндағы:
N-мемлекеттiк
қарыз бойынша пайыз
Т – салық
және С – тұтыну.
Мемлекеттiң қор жинағы төмендегiдей бейнеленген.
Sg > 0 болса, онда бюджет артықшылығы болады, ал Sg < 0 болса, онда бюджет тапшылығы болады.
ВD = -Sg
Sr = IM - X Sr = - NX
S = Sp + Sr
= (Y + TR + N – T) - C + (T – TR –N) –G + (-NX)
= Y – C – G – X; S = I
Қорыта айтқанда:
1) ЖҰӨ-де елдiң барлық азаматтарының табысы, яғни елдiң өндiрiс тауарлары мен қызметтерге жұмсалған жалпы шығын көлемi де көрсетiледi.
2) Атаулы ЖҰӨ көлемiнде тауарлар мен қызметтер құны ағымды бағамен өлшенедi, ал нақты ЖҰӨ көлемiнде тұрақты бағамен өлшенедi. Сол себептi нақты ЖҰӨ тек тауар мен қызметтер санының жоғарылауы нәтижесiнде жоғарылайды, ал атаулы ЖҰӨ өндiрiлген өнiм саны мен бағаның жоғарылауынан да жоғарылай бередi.
3) ЖҰӨ төрт шығын құраушы сома болып табылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекеттiк және таза экспорт.
4)
Тұтыну бағасының индексi (ТБИ) қарапайым
тұтынушы тұтынатын белгiлi бiр тауармен,
қызметтер жиынының баға деңгейiн көрсетедi.
ЖҰө дефляторы, атаулы ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ
көлемiнiң қатынасы болып табылады, тұтыну
бағасының индексi жалпы баға деңгейiн
сипаттайды.