Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 12:50, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.

Содержание

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
1.3 Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері
1.4 Қаржылық жағдайды экспресс талдау

Работа содержит 1 файл

қаржы менеджменті.doc

— 290.00 Кб (Скачать)

      7. Баланс және қаржылық есеп  берудің басқа да нысандары  шаруашылық субъектісі қызметінің  барлық жақтарын толығымен көрсетпейді.  Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  мен оның өзгеру перспективасы  тек қаржылық сипаттағы факторлардың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ факторлардыңда ықпалында болады. Олардың  қатарында: мүмкін болатын саяси және жалпы экономикалық өзгерістер, саланы және кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру, меншік түрінің алмасуы, қызметкердің кәсіби және жалпы білімдік дайындығы және тағы басқалар. Сондықтан қаржылық есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік балансты талдау кешенді экономикалық талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.

      Осы шектеулерге қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болып табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.

      Алайда  кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәіспорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оның ең алдымен сыртқы пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.

      Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 «Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп»  стандартымен анықталады. Онда заңды  тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну  мақсатында қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.

      Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған  табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын  табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.

      Табыстар  мен шығындар баптарының арасын ажырату  да субъектінің жұмысының нәтижесін  көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл  бөлімдерге әр түрлі баптар жатады. Мысалы, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп жалпы табысты, салық салынғанға дейін және салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен алынған табысты және таза табысты көрсету мүмкін.

      Бұл есептің жасалуы №3 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келесідей  түрде болады. 

                                                                                                                      2-кесте

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп 

Көрсеткіштердің аты Код Табыстар Шығындар (зиян)
1 2 3 4
1. Негізгі  қызметтен алынатын табыс 010   *
2. Сатылған  өнімнің (жұмыс, қызметінің) өзіндік  құны  
015
 
*
 
3. Жалпы  табыс 020    
4. Кезең  шығындары      
- жалпы  және әкімшілік шығындар  
025
 
*
 
- пайыздарды  төлеу шығындары 030 *  
- сату  бойынша шығындар 035 *  
5. Негізгі қызмет бойынша табыс (шығын)  
040
   
6. Негізгі  емес қызмет бойынша табыс  (шығын)  
045
   
7. Салық  салынған дейінгі әдеттегі қызметтен  алынған табыс (шығын)  
050
   
8. Табыс  салығы 055 *  
9. Салық  салынғаннан кейінгі әдеттегі  қызметтен алынған табыс (шығын)  
 
060
   
10. Төтенше  жағдайлардан болатын табыс (шығын)  
065
   
11. Таза  табыс (шығын) 070    
 

      Бұрынғыға қарағанда бұл едәуір оңайлатылған. Мұнда табысты пайдалануды, бюджетке төлемді, табыс салығы бойынша жеңілдіктерді  есептеу барысындағы шығындар ашып көрсетілмеген. Ол тек есепті кезеңдегі қржылық нәтиженің қалыптасуын ( таза табысты немесе зиянды)ғана көрсетеді.

  Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алынады.

      Осылайша  кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы – яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң  күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12 қараша №2 қаржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қаржылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтердың азаюын немесе кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.

      Табыстар  мен шығындар баптарының арасына  қойылған шектеулер тәжірибеде жалпы қабылданған болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу көзі осы субъектінің ақша қаражаттарын болашақта айналдыру мүмкіндігін бағалау барысында белгілі бір маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.

      №3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі» ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдалану жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.

      Ақша  қаражаттары – бұл кассадағы  және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.

      Операциялық қызмет деп субъектінің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.

      Инвестициялық қызмет дегеніміз – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.

      Қаржылық  қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске  ұшырайтын субъектінің қызметі  болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.

      Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдамаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері  ғана емес, сонымен бірге басқа  да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.

      Қаржылық  есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын  ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді.  
 

      1.3. Қаржылық жағдайды  талдау әдістері  

      Нарықтық  қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп  бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың  бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің ақпараттық көздері бар.

      Әлемде  тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратн өнімдердіңжеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жақдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

      Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басалымдарда қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік  ұсыныстар жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.

      Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде  және кәсіпорынның өзінде пайдаланылып келген қаржылық жағдайы талдаудың  қалыптасқан әдісінің шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу  жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивті), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.

      Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде  әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі – онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.

      Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекіткен орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінді, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау