Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 12:50, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.

Содержание

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
1.3 Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері
1.4 Қаржылық жағдайды экспресс талдау

Работа содержит 1 файл

қаржы менеджменті.doc

— 290.00 Кб (Скачать)

      Баланс  көрсеткіштері кәсіпорының капиталын  орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен  құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау ақпаратының ең қажетті түрі болып табылады.

      1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынының есептік кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соғады. Мүліктің түрлері және оның қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қорытындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

      Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай  ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен бабтары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қортынды бабтары ең өтімді айналым қаражаты (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырсу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа ақша қаражаттары.

      Баланс  посивтің бөлімдері мен бабтары  төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принциптерге сай құрылады: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі кө бағыттарға дейін.

      Бухгалтерлік  стандарттың іске қосылуынан  бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады. Олардың түсіндермесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып табылады. Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының «Бухгалтерлік талдау» деген оқулығында келесідей анықтама берілген: «Баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз – бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсететді (немесе активтер – бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиіс мүлік); пассивтер – бұл кәсіпорынның біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашанда пассивтер сомасына тең болуы тиіс» (13).

      Ағылшын ғылымдары шығарған «бухгалтерлік  іске кіріспе» деген оқу құралында  былай жазылған: Баланс – бұл  белгііл бір күнге кәсіпорынға  тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзімдегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.

      Әрі қарай олар баланстың элементтерін келесідей сипаттайды:

      «Активтер – бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе.

      Пассивтер – бұл басқа біреуге тиісті нәрсе. «Пассив» термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.

      Капитал – пассивтердің арнайы түрі.

      Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы  меншік иесінің бизнестегі үлесі  болып табылады».

      Әлемдік банк өндеп шығарған «Қаржылық есеп, аудит, есеп беру бойынша нұсқаулар» оқулыығнда бұл ұғымдарды былайша түсіндіреді: «баланстық есеп – бұл белгілі бір кезеңде жазылған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы қаржылық жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын фото сурет. Қаржыылқ жағдай ұғымымен тікелей байланысқан есеп элементтері дегеніміз – бұл активтер, пассивтер және капитал. Баланстық есеп кәіспорынның әрі қарайғы жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы ақпаратты қамтиды. Ол сондай-ақ, бұл активтерді қарыжыландыру көздері туралы ақпараттан тұрады. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ, әлде меншікті ме».

      Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың бөлімдері  мен элементтері келесідей анықталады:

      «Актив  дегеніміз – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

      Пассив  – бұл өткен жағдайлардан пайда  болған кәіспорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алу  мен байланысты кәіспорын ресурстарының  шығынына әкеліп соқтырады.

      Капитал- бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорының өзіндік қаражаты».

      Көрініп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс және оның элементтері туралы бұл  анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтармызда берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп туралы заңды жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр. «Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайы бағалауымен байланысқан негізгі элементтері – активтер, меншіктік капитал жәен субъектінің міндеттемесі» болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің бұл элементтеріне келесідей сипаттама береді.

      «Активтер – бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.»

      Міндеттеме  – бұл тұлғаның белгілі бір әрекеті басқа бір тұлғаның пайдасына жасайтын міндеті – мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.

      Меншіктік капитал – бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері» (11).

      Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықттамасын түсіндіруде батыс  елдерінен ешқандай айырмашылық  жоқ деп айтуға болады.

      Баланс  бухгалтерлік есептің «бухгалтерлік  баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар» №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтады, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.

      Пайдаланушылар  үшін қаржылық есептің өте пайдалы екендігіне БЕС-2-нің 7-пунктінде ерекше көңіл бөлінген. Онда былай жазылған: «барлық маңызды ақпараттар, қаржылық есептіқолданушылар үшін анық және түсінікті болатындай дәрежеде ашылуы тиіс» (12).

      БЕС-2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік  нұсқаулары негізінде құрастырылған (16) бухгалтерлік баланс көлденең түрде 1-кесте көрсетілген көрсеткіштерден  тұрады. 

                                                                                                                      1-кесте

      БЕС-2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс 

Активтер Меншік капитал  және

міндеттемелер

1 2
І. Ұзақ мерзімді активтер І. Меншікті капитал
Негізгі құралдар: - жарғылық  капитал

- дивиденттер

- жер
- құрылыстар мен ғимараттар қайта бағалау  сомасы
- машиналар мен жабдықтар - негізгі құралдардың

- инвестицияның

- басқа негізгі құралдар резервтік капитал
- жинақталған тозуы

- аяқталмаған  күрделі құрылыс

бөлінбеген  табыс (жабылмаған зиян)
Материалдық емес активтер: Жиыны:
- гудвилл ІІ. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
- патенттер, тауарлық белгілер 

және басқалар

- қайтарылуы  қамтамасыз етілген

несиелер

- материалдық емес активтердің  амортизациясы - қайтарылуы  қамтамасыз етілмеген несиелер
Инвестициялар:

- еншілес серіктестіктерге  инвестициялар

- негізгі  шаруашылық серіктестігі мен  оның еншілес серіктестерінің  бір-біріне берілетін несиелері
- тәуелді серіктестерге инвестициялар
- басқадай инвестициялар - кейінге қалдырылған салықтар
Дебиторлық  борыш: Жиыны:
- алынуға тиісті борыштар ІІІ. Ағымдағы міндеттемелер
- алынған вексельдер - қысқа мерзімді  несиелер және овердрафт
- ішкі топтық операциялар нәтижесінде  пайда болған негізгі шаруашылық  серіктестігі мен оның еншілес серіктестерінің арасындағы дебиторлық борыш - ұзақ мерзімді  несиелердің ағымдағы бөлігі
 
кредиторлық борыш
- акционерлік қоғамның лауазымды  тұлғаларының дебиторлық борышы - төленуге тиісті  вексельдер және шоттар
- басқадай дебиторлық борыш  
- алдағы кезең шығындары  
Жиыны: - сатып алушылар  мен тапсырыс берушілерден алынған  аванстар
ІІ. Ағымдағы активтер  
- тауарлы - материалдық қорлар - салықтар бойынша  борыш
- алдағы кезең шығындары - төленуге тиісті  дивиденттер
- ақша қаражаттары

- қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

- негізгі шаруашылық  серіктестігі мен оның еншілес  серіктестігі арасындағы борыш
- Дебиторлық борыш: - акционерлік  қоғамның лауазымды тұлғаларына  борыш
- ағымдағы активтерді сатып алуға  қажетті аванстық төлемдер  
- басқадай  несиелік борыштар
- алынуға тиіс шоттар

- алынған вексельдер

- төленуге берілген  шығындар
 
 
 
- ішкі топтық операциялар нәтижесінде  пайда болған негізгі шаруашылық  серіктестігі мен оның еншілес  серіктестерінің арасындағы дебиторлық  борыш

 

   

 
            
 

- алдағы кезең  кірістері 

- Акционерлік қоғамдағы лауазымды  тұлғалардың дебторлық борышы - алдын ала  қарастырылмаған жағдайға байланысты  бөлінген төлемдер
  Жиыны: Жиыны:
Барлығы Барлығы:
 

      Алайда  айта кеткен жөн, балансты құрудың түрін таңдау (көлденең, яғни екі жақты немесе ттікелей) шаруашылық субъектілерінің шексіз құқы болып табылады.

      Баланс  активі мен пассивін құру принциптері  бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне  байланысты, өтімділігі төмен активтерден  өтімділігі жоғары активтерге қараай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.

      Тікелей  түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:

  1. ұзақ мерзімді активтер;
  2. ағымдағы активтер;
  3. меншікті капитал;
  4. ұзақ мерзімді міндеттемелер;
  5. ағымдағы міндеттемелер.

      Баланс  қаржылық есеп беруде үш элементті  сипаттайды: активтер, меншікті капитал  және міндеттемелер. Қалған екі элемент  – табыс және шығын – қаржы  – шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.

      Қаржылық  жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бухгалтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан алда емес, олардың ең маңыздылары келесілер  болып табылады:

      1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мәліметтер оны құрған  кезеңдігі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық талдау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.

      2. Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелерінде статус-квоны сипаттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде кәсіпорын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдайға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсетілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет.

      3. Баланста салыстырмалы шаруашылық  аралық талдау жүргізу үшін  қажетті база жоқ. Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше көрсеткіштерге, олардың орташа салық және орташа прогресситік маңыздылығына шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді ашық жариялау қажет. Бұл қажетті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

      4. Баланста кәсіпорынынң қаражаттарының  айналымы туралы мәлімет жоқ.  Баланстың сол немесе басқа  бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қорытындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен салыстырғаннан кейін ғана жасауғаболады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланстарындағы «материалдар» бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екіншіде 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда материалдардың қоры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда ½ (5/10), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз етеді.

      5. Баланс есепті кезеңнің басы  мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің  жиынтығы болып табылады, яғни  онда осы балансты толтыру  кезіндегі шаруашылық операцияларының  жиынтығы жазылып отырады. Ол  кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динамикалық баптарына қатысты, олар «материалдар», «дайын өнім», «тауарлар», «дебиторлық борыш» және басқалар. Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорларының үлес салмағының көп болуы мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.

      6. Баланста кәсіпорынның активтерін  сатып алуда тарихи бағаны  қолдану принципі жүргізіледі,  ол мүліктің жалпы алғанда  нақты бағасын едәуір дәрежеде  бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін. Инфляция, кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің төмен жағдайында көптеген баланс баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектілерінің құны жағынан әр түрлі есеп мерзімдерінде есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуына әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның шаруашылық қаражаттарының «бағасын» (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл кедергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құнын көрсетпейтіндігін дәлелдейді. Баланс жиыны кәсіпорын активтері мен оны жабу көздерінің есептік бағасын ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің нарықтық бағасы мүлдем басқаша болуы мүмкін және берілген активтің пайдалану мерзімі мен оның баланста көрсетілуі қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы нарықтық баға арасындағы айырмашылық соншалықты көп болады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау