Кәсіпорын персоналының еңбек нәтижелілігін бағалау ұғымы, функциялары, қағидалары және әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 00:18, курсовая работа

Описание работы

Алынған курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып «Жарқын» ЖШС өндірістік кәсіпорыны табылады, ол негізінде азық-түлік өнімдерін өндірумен айналысады. Берілген өндірістік және қаржылық есептердің негізінде негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер есептелді, кәсіпорынның қаржылық жағдайы бағаланды, өндірістік қызмет тиімділігінің, өтімділік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері есептелінді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ПЕРСОНАЛДЫҢ ЕҢБЕК НӘТИЖЕЛІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпорын персоналының еңбек нәтижелілігін бағалау ұғымы, функциялары, қағидалары және әдістері......................................................5
1.2 Қазақстан Республикасында қызметкерлерді бағалау және еңбекақы төлеу................................................................................................................12

2 "KEGOC" ААҚ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ЕҢБЕК НӘТИЖЕЛІЛІГІН БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ

2.1 "KEGOC" ААҚ жалпы сипаттамасы
2.2 Персоналдың еңбек нәтижелілігін бағалауды талдау..............................16
2.3 "KEGOC" ААҚ халықаралық қатынас тәжірибесінде персоналды ынталандыруын талдау................................................................................18

3 ЕҢБЕК НӘТИЖЕЛІГІН БАҒАЛАУ МЕН ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРІБИЕСІ

3.1 "KEGOC" ААҚ персоналын ынталандырудағы даму перспективалары
3.2 Еңбек нәтижелілігін бағалау мен еңбекақы төлеудің шетелдік тәжірибесі.......................................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31

Работа содержит 1 файл

вторая глава.doc

— 261.00 Кб (Скачать)

Қазіргі таңда қызметкерлердің  біліктілігін көтеру Компаниядағы басымдыққа ие істердің бірі болып отыр. Компания қызметкерлерінің біліктілігін көтеру Қазақстан мен Ресейдің мамандандырылған жоғары оқу орындары мен Қазақстанның оқу комбинаттарында жүргізілді. Тек 2007 жылдың өзінде 839 қызметкер біліктілікті көтеру курстарына қосымша білім алуға жіберілді.

Бұдан басқа, ҰЭЖ жаңғырту жобасының  шеңберінде 20 адам сирек кездесетін мамандықтар бойынша арнайы дайындықтан өтті.

Компания өндірістік техникалық персоналды жаңалап отыру, ҰЭТ жаңғырту жобасын  іске асыру жағдайларындағы талаптардың  жоғары деңгейіне сәйкес оның сапалық  құрамын жақсарту жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізуде. Компания басшылығы мен мамандарының кадр резервін қалыптастыруға тұрақты көңіл бөлініп отыр.

Қызметкерлер жұмысын уәждеу мен  ынталандыру жұмыстары келесідей. Еңбек нарығында 2007 жылдың бірінші жартысында мұнай-газ және құрылыс салаларының тарапынан жоғары білімді техникалық мамандарға сұраныстың ұлғаюына байланысты осындай мамандардың тапшылығы, сондай-ақ шекаралас жатқан РФ облыстарына кадрлардың жұмыс іздеп кетуі байқалды. Кадр тапшылығын азайту және персоналды ынталандыру мақсатында 2007 жылдың 1 сәуірінен бастап «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің еңбекақысы орташа есеппен 36%-ға, оның ішінде өндірісте жұмыс істеп жатқан филиал қызметкерлерінің еңбекақысы 40%-ға, Атқарушы дирекция қызметкерлерінің еңбек ақысы 24%-ға артты. 2007 жылы компания бойынша орташа айлық еңбекақысының көлемі 89 336,1 теңгені құрады, 2006 жылдың есеп беру кезеңіне 32%-ға өсті, оның ішінде жұмыскерлердің орташа айлық еңбекақысы 46%-ға, ал мамандардікі – 32%-ға, басшылардікі – 22%-ға артты.

Еңбекақы төлеу қоры (ЕТҚ) жоспарланған 4 229,3 млн.теңгеден (6,6 млн.теңге үнемделді) 2007 жылы 4 222,7 млн.теңгеге өсті. Өткен жылмен салыстырғанда ЕҚТ 35,2%-ға артты (2006 жылы – 3 123,8 млн.теңге).

 

 

 

2.3  "KEGOC" ААҚ халықаралық қатынас тәжірибесінде персоналды ынталандыруын талдау

 

ТМД елдерінің электр энергетикасында бірігу үдерістері 1992 жылдың 14-ақпанында басталды, онда үкімет басшыларының Кеңесінде ТМД электр энергетикасының саласында мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы Келісімге қол қойылды.. 14.02.92. осы Келісімге сәйкес, біріктірілген энергетикалық жүйелердің тиімді атқарымдануы негізінде орнықты да сенімді энергожабдықтауды қамтамасыз етуге арналған бірлестірілген және үйлестірілген іс-қимылдарды жүргізу мақсатында мемлекеттер ТМД Электроэнергетикалық Кеңесін құрды, оған Кеңес мүшелерінің (Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан) электр энергетикасын басқару органдарының бірінші басшылары кірді. 1998 жылдың 25 қарашасында ТМД үкіметтері басшыларының Кеңесі отырысында қол қойған ТМД қатысушы мемлекеттердегі электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету туралы Шарт мемлекеттер мен шаруашылық субъектілерінің энергожүйелердің қатарлас жұмысқа кірген кездегі өзара іс-қимылының құқықтық негіздерін салған бірінші заңды құжат атанды.

Қазақстан БЭЖ мыналармен қатарлас жұмыс істейді:

- Ресей БЭЖ-мен Қазақстан  Республикасы және Ресей Федерациясы  энергетикалық жүйелерінің қатарлас  жұмысы туралы 1999 жылғы 1 қазандағы  №426 Шарты негізінде; 

- Өзбекстан энергожүйесімен  Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысы туралы 2002 жылғы 8 ақпандағы №13-Д-173 Шарты негізінде;

- Қырғызстан энергожүйесімен  Қазақстан Республикасы және  Қырғыз Республикасының қатарлас  жұмысы туралы 2002 жылғы 6 сәуірдегі №13-Д-313 Шарты негізінде.

Қатарлас түзімде ТМД-ге мүше 12 елдің 11 энергожүйелері жұмыс істейді. Балтық теңізі жағалауының елдері де ТМД-ге мүше елдердің энергожүйелерімен  қатарлас түзімде жұмыс істеуде.

Ресей БЭЖ-мен қатарлас жұмыс түзімдерін жетілдіру «KEGOC» АҚ-ның басымды міндеттерінің бірі болып табылады, ол «KEGOC» АҚ мен «Ресей БЭЖ» РАҚ 1999 жылы қол қойған шарт (01.10.1999ж. №426 Шарт) негізінде жүзеге асырылады. 2005 жылдан қатарлас жұмыс жөніндегі міндеттер «БЭЖ ФСК» ААҚ-на тапсырылды.

2001 жылдан қатарлас жұмыс шеңберінде  Ресейге электр энергиясын Қазақстанның  энергия көздерінен жеткеру ұйымдастырылды. 2001 – 2005жж. электр энергиясының  Қазақстаннан Ресейге экспорты 17 062,0 млн.кВт.сағатты құрады.

2003-2005 жылы Қырғызстан мен Тәжікстаннан Ресейге Қазақстан аумағы арқылы транзитпен 3 639,74 млн. кВт.с. көлемінде жеткерулер жүзеге асырылды. Электр энергиясының экспорты, импорты мен транзиті, млн.кВт.с.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазан күнгі № 1008 қаулысымен «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» аймақаралық электр жеткізу желісінің құрылысы жобасын жүзеге асыру жөнінде Іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.

Көрсетілген жоспарға сәйкес Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне, Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне, "KEGOC" Акционерлік қоғамына концессионер-компанияның жарғылық капиталын "KEGOC" АҚ-ның 20%-дық қатысуымен құру және құрылымдау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру тапсырылған болатын.

«Батыс транзит» акционерлік қоғамының  құрылтайшысы «KEGOC» АҚ және «Мехэнергоқұрылыс» ЖШС болып табылады. 11.11.2005 жылғы №1 мәжіліс хаттамасына сәйкес «Батыс транзит» АҚ құрылып, оның жарғысы бекітілді, жарғылық қордың мөлшері анықталып, басқа да ұйымдастыру мәселелері шешілді.

«Батыс транзит» АҚ жарғылық капиталы құрылтайшылардың акцияларға алдын-ала төлем жасауы арқылы құрылды. Сондай-ақ құрылтайшылардың акцияларға алдын-ала төлем жасауы төмендегідей ретте белгіленді: «Мехэнергоқұрылыс» ЖШС – 80%, "KEGOC" АҚ -20% . 
«Батыс транзит» АҚ заңды тұлға ретінде 2005 жылғы 22 қарашада тіркелді.  
«Батыс транзит» АҚ Жарғысына сәйкес, ол орындайтын негізгі қызмет түрлері: кернеу кластары мен тұрпаттары бойынша әр түрлі барлық электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың құрылысын жүргізу, қайта жаңғырту, жөндеу және пайдалану; электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көрсету; электр станцияларын салу.

«KEGOC-Сервис» мекемесі «KEGOC» АҚ қарасты 2001 жылы құрылған «KEGOC-Сервис» мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.  
Бұл мекеме құрылтайшының басқарушылық, әлеуметтік-мәдени және сервис қызметін жүзеге асыру үшін құрылған және құрылтайшының өз қаражатымен қаржыландыратын ұйым болып табылады.

Мекеме қызметінің негізгі мақсаттары: мүліктің жай-күйін қарау; коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету; редакциялық-баспагерлік және жарнамалық қызмет; ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету; «KEGOC» АҚ қызметкерлерін кәсіби оқыту және дамыту үдерістерін ұйымдастыру; спорт-сауықтыру және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру.

2008 жылы «KEGOC-Сервис» мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын «KEGOC» АҚ Оқу орталығы» ашылды. Оқу орталығы Шортанды-Бурабай шипажайы аумағында орналасқан. Оқу орталығының қызметкерлері түрлі семинарлар, тренингтер, іскери кездесулер және компания қызметкерлері мен өзге де ұйым қызметкерлерінің демалысын ұйымдастыру үшін арнайы дайындалған мамандар.

«ЭНЕРГОИНФОРМ» мекемесі – заңды  тұлға мәртебесіне ие коммерция-лық  емес ұйым. 2002 жылы маусымда Құрылтайшы («KEGOC» АҚ) қызметін ақпараттық қамтамасыз етуге қатысты қосалқы қызметтерді жүзеге асыру мақсатында құрылды. Мекеме өзінің мемлекеттік лицензиясына сәйкес төмендегідей қызметтерді ұсынады: жергілікті телефон байланысы қызметі, байланыс арналарын жалға беру, мәліметтер беру, магистральды, аймақтық және жергілікті телекоммуникация тораптарын техникалық пайдалану қызметі; сәулет, қала салу және құрылыс салаларында жұмыстар жүргізу; күзет дабылы, ҚР аймағында өрттен қорғану дабылы мен өртке қарсы автоматика құралдарын құрастыру, күтіп-баптау және техникалық қызмет көрсетумен айналысу.

Халықаралық байланыс саласына қарасты оқу-машықтану тобы құрылған болатын. Оның міндеттері келесідей:

  • ОДБ-ның жедел жұмыстық және техникалық жұмыскерлерін оқытуды, қолдау мен біліктілігін көтеруді ұйымдастыру;
  • ОДБ-ның жедел жұмыстық және техникалық жұмысерлерін оқыту және білімдерін бағалау үшін қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық кешенді құру;
  • Еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру.

Атқарымдары:

  • ОДБ-ның жедел жұмыстық және техникалық жұмыскерлерін солар үшін компьютерлік оқыту мен бақылаушы бағдарламалар арналған жұмысқа үйрету;
  • ОДБ-ның жедел жұмыстық және техникалық жұмыскерлері үшін оқыту компьютерлік бағдарламаларын құруға арналған техникалық тапсырмаларды даярлау;
  • Апатқа қарсы жаттығуларды жүргізу үдерісін, ӘЖЖ-н жөндеуге шығару (жұмысқа қосу) жөніндегі жаттығуларды ұйымдастыру, компьютерлік бағдарламалар арқылы диспетчерлердің кәсіби шеберліктеріне жарыстар, ОДБ-ның жедел жұмыстық және техникалық жұмыскерлерінің білімдеріне біліктілік тексерулер жүргізу;
  • Компьютерлік кесте арқылы электр тораптары мен жекелеген қосалқы стансалардың тәсімдерін, машықтағыштарда қолдану үшін электр стансаларының технологиялық тәсімдерін жасау;
  • Оқыту бағдарламалық-техникалық кешенін жаңарту жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
  • Қауіпсіздік техникасы күндерін даярлау мен жүргізуді ұйымдастыру, алдын ала нұсқаунамалар жүргізу;
  • ОДБ-ның мыналарға бақылауды жүзеге асыруы:
  • еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне;
  • еңбектің сау да қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі іс-шаралар жүргізуіне;
  • еңбекті қорғау жөнінде ережелер, нормалар мен нұсқаулықтар талаптарын орындауға;
  • өндірісте жазатайым оқиғаларды зерттеу мен есепке алу туралы Ережені сақтауға;
  • жұмыскерлерді жеке-дара қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ЕҢБЕК НӘТИЖЕЛІГІН  БАҒАЛАУ МЕН ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ  ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРІБИЕСІ

 

3.1  "KEGOC" ААҚ персоналын ынталандырудағы даму перспективалары

 

Қоғамның стратегиясын іске асыру  мақсатында басшылық мынадай даму бағыттарын айқындады:

  • Қоғамның капиталдануын және көрсетілетін қызметтердің құндылығын арттыру;
  • мемлекеттік, республикалық және салалық бағдарламалар жөніндегі іс-шараларды нәтижелі орындау;
  • электр энергетикас<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-size: 14pt; t

Информация о работе Кәсіпорын персоналының еңбек нәтижелілігін бағалау ұғымы, функциялары, қағидалары және әдістері