Кәсіпорын персоналының еңбек нәтижелілігін бағалау ұғымы, функциялары, қағидалары және әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 00:18, курсовая работа

Описание работы

Алынған курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып «Жарқын» ЖШС өндірістік кәсіпорыны табылады, ол негізінде азық-түлік өнімдерін өндірумен айналысады. Берілген өндірістік және қаржылық есептердің негізінде негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер есептелді, кәсіпорынның қаржылық жағдайы бағаланды, өндірістік қызмет тиімділігінің, өтімділік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері есептелінді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ПЕРСОНАЛДЫҢ ЕҢБЕК НӘТИЖЕЛІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпорын персоналының еңбек нәтижелілігін бағалау ұғымы, функциялары, қағидалары және әдістері......................................................5
1.2 Қазақстан Республикасында қызметкерлерді бағалау және еңбекақы төлеу................................................................................................................12

2 "KEGOC" ААҚ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ЕҢБЕК НӘТИЖЕЛІЛІГІН БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ

2.1 "KEGOC" ААҚ жалпы сипаттамасы
2.2 Персоналдың еңбек нәтижелілігін бағалауды талдау..............................16
2.3 "KEGOC" ААҚ халықаралық қатынас тәжірибесінде персоналды ынталандыруын талдау................................................................................18

3 ЕҢБЕК НӘТИЖЕЛІГІН БАҒАЛАУ МЕН ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРІБИЕСІ

3.1 "KEGOC" ААҚ персоналын ынталандырудағы даму перспективалары
3.2 Еңбек нәтижелілігін бағалау мен еңбекақы төлеудің шетелдік тәжірибесі.......................................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31

Работа содержит 1 файл

вторая глава.doc

— 261.00 Кб (Скачать)
  1. ұйымдастырушылық-құрылымдық формалары әр-түрлі ұйымдар мен кәсіпорындар үшін еңбекақы төлеудің минималды мөлшерлемесін бекітетін заңдық және нормативтік актілер жиынтығынан;
  2. заңмен бекітілген минималды жалақы түріндегі мемлекеттік кепілдіктен;
  3. жалақыны коллективтік-келісімдік реттеудің дамып келе жатқан жүйесі, ол  еңбек нарығының жұмыс күшінің бағасына қойатын талаптарын көрсетуге мүмкіндік береді;
  4. жеке табыс салығы және әлеуметтік салық арқылы салықтық реттеу.

Нарықтық қатынастарға өтумен бірге кәсіпорындарда жалақыны ұйымдастыруда айтарлықтай өзгерістер болды. Кәсіпорындар өзінің тапқан қаражаттарын бөлуге құқығы бар. Мемлекет тек минималды жалақыны реттейді, оны инфляция шамасына байланысты түзетеді, ең минималды есептік көрсеткішті бекітеді және салықтық мөлшерлемені бекітеді (яғни заңды және жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық), еңбекақы төлеуді ұйымдастырудың қалған сұрақтарының барлығын кәсіпорындар өздері шешеді.

Еңбекақы төлеу мен  еңбек нәтижелерін үйлестіру сыйақыны ұйымдастыруда да қолданылады. Бірақ бұл жерде де өзінің ерекшеліктері бар, себебі сыйақы - қосымша еңбек үшін қосымша төлемді білдірді. Сыйақы беру кезінде, әдетте, еңбек өнімділігінің өсуі, өнім сапасының жақсаруы, отын және ресурстардың басқа да түрлерін үнемдеу, өнімнің өзіндік құнын азайту және т.б. көрсеткіштер қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 "KEGOC" ААҚ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ЕҢБЕК НӘТИЖЕЛІЛІГІН      БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ

 

    1. "KEGOC" ААҚ  жалпы сипаттамасы

 

"Электр желілерін басқару  жөніндегі Қaзaқcтaн кoмпaниясы"  ашық акционерлік қоғамы ("KEGOC" ААҚ) Қазақстан Pecпyбликасы Үкіметінің 1997 жылдың шілдедегі Қаулысына  сәйкес құрылды. 

Қазақстан Pecпyбликасының мемлекеттік  мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитеті қоғамның құрылтайшысы болып табылады. Қоғамның мемлекеттік акциялар пaкeті 100%-ды құрайды.

Оның мемлекеттік кешеніне Ұлттық электр торабын құрайтын кернеуі 110-ден 1150 кB-қа дейінгі электр жеткізу желілері мен тіректік қосалқы стансалар  кіреді, ол мемлекетаралық ағындарды, оған жалғанған электр стансалар қуаттарының аймақтық элeктpжелілік кoмnaниялар мен ірі тұтынушыларға берілуін қамтамасыз етеді.

"KEGOC" ААҚ маңызды cтpaтeгиялық  орынға ие бола отырып, Ресей  мен Орталық Азия энepгожүйелерінің арасында энepгетикалық көпір болып табылады.

Koмпaния - Қазақстанның біртұтас  элeктp энepгетикалық жүйесіндегі  элeктp энepгия көтерме рыногының  техникалық операторы, бұл дегеніміз  "KEGOC" ААҚ-ның біртұтас жедел  диспетчерлік басқаруындағы электр  энергиясын өндірудің, жеткізу мен тарқатудың ортақ технологиялық түзімімен біріктірілген элeктp cтaнсалар мен элeктp желілер кешені екенін көрсетеді. Қазақстан Республикасының БЭЖ-дегі орталық диcпeтчepлік басқару Aлмaты қаласынан 9 аймақтық диcпeтчepлік орталықтар мен аудандық тарқатушы электржелілік компанияларындағы 18 диcпeтчepлік бекеттер арқылы жүзеге асырылады.

"KEGOC" ААҚ элeктp энepгeтикалық  саласы дамуының стратегиясын  айқындауға, оның тexникалық саясатын  түзілдіруге, келешек жоспарлар  мен бағдарламаларды жасақтауға қатысады.

"KEGOC" ААҚ энергиямен жабдықтау  жүйесіндегі өз орны бойынша  электр энергиясының көтерме  рыногы мен мемлекетеаралық ағындар  субъектілері үшін электр энергиясын  жеткізу мен тexникалық диcпeтчepлендіруді  атқаратын табиғи монополист болып табылады.

"KEGOC" ААҚ қызметтерінің тарифтерін  Қазақстан Pecпyбликасының табиғи  мoнoпoлияларды реттеу, бәсекелестікті  қорғау мен шағын бизнecті қолдау  жөніндегі Агенттік реттейді.

«KEGOC» АҚ-ның құрамында «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» және жүйеаралық электр тораптарының (ЖЭТ) тоғыз филиaлы бар. Иелігінде жүйе құратын электржелілік нысандары бар ЖЭТ филиaлдары аумақтық белгі бойынша түзілген.

Koмпaния Aлмaты және Acтaнa қалаларында  кеңселерге ие.

Электр тораптарының таралуы келесідей жүзеге асырылады: кернеуі 35-1150 кВ электр жеткізу желісінің жалпы ұзындығы 23321,967 км (тізбектер бойынша), оның ішінде:

- ӘЖ 1150 кВ – 1421,225 км;

- ӘЖ 500 кВ – 5323,262 км;

- ӘЖ 220 кВ – 15975,912 км;

- ӘЖ 110 кВ – 558,668 км;

- ӘЖ 35 кВ – 42,9 км.

ЖЭТ филиалдарының теңгерімінде қуаттылығы 32209,05 МВА трансформаторлары орнатылған кернеуі 35 – 1150 кВ 74 электр қосалқы  станциясы бар, оның ішінде:

• 1150 кВ - 3 дана, қуаттылығы 9384,1 МВА;

• 500 кВ - 15 дана, қуаттылығы 11828 МВА;

• 220 кВ - 53 дана, қуаттылығы 10971,25 МВА;

• 110 кВ – 1дана, қуаттылығы 2,5 МВА;

• 35кВ - 2 дана, қуаттылығы 23,2 МВА.

1. КЕGОС АҚ-ның «Ақмола жүйеаралық  электр тораптары» филиалы (Астана  қ.) 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды. 

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4225,519 км (тізбектер бойынша) 220-1150 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 7606,6 МВА кернеуі 220-1150 кВ 10 қосалқы станция кіреді.

2. КЕGОС АҚ-ның «Ақтөбе жүйеаралық  электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қазанында құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы  ұзындығы 1200,02 км (тізбектер бойынша) 220-500 кВ жоғары вольтты электр жеткізу  желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 875 МВА кернеуі 220-500 кВ 6 қосалқы станция кіреді.

3. КЕGОС АҚ-ның «Алматы жүйеаралық  электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды. 

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы  ұзындығы 2412,82 км (тізбектер бойынша) 35-500 кВ жоғары вольтты электр жеткізу  желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 2559,35 МВА кернеуі 35-500 кВ 9 қосалқы станция кіреді.

4. КЕGОС АҚ-ның «Шығыс жүйеаралық  электр тораптары» филиалы 1997 жылдың желтоқсанында құрылды. 

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы  ұзындығы 1039,2 км (тізбектер бойынша) 110-500 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 3026,5 МВА кернеуі 220-500 кВ 5 қосалқы станция кіреді.

5. КЕGОС АҚ-ның «Батыс жүйеаралық  электр тораптары» филиалы 1998 жылдың шілдесінде құрылды. 

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1679,5 км (тізбектер бойынша) 220 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 950 МВА кернеуі 220 кВ 5 қосалқы станция кіреді.

6. КЕGОС АҚ-ның «Сарыбай жүйеаралық  электр тораптары» филиалы 1997 жылдың тамызында құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы  ұзындығы 2416,481 км (тізбектер бойынша) 110-1150 кВ жоғары вольтты электр жеткізу  желісі; сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 6569,9 МВА кернеуі 220-1150 кВ 8 қосалқы  станция кіреді.

7. КЕGОС АҚ-ның «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы  ұзындығы 3216,389 км (тізбектер бойынша) 110-1150 кВ жоғары вольтты электр жеткізу  желісі; сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 3518,1 МВА кернеуі 110-1150 кВ 8 қосалқы станция кіреді.

8. КЕGОС АҚ-ның «Орталық жүйеаралық  электр тораптары» филиалы 1997 жылы құрылды. 

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы  ұзындығы 2918,58 км (тізбектер бойынша) 220-500 кВ жоғары вольтты электр жеткізу  желісі; сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 3851 МВА кернеуі 220-500 кВ 10 қосалқы станция кіреді.

9. КЕGОС АҚ-ның «Шымкент жүйеаралық  электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды. 

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы  ұзындығы 4213,458 км (тізбектер бойынша) 220-500 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі; сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 3252,6 МВА кернеуі 220-500 кВ 13 қосалқы станция кіреді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы №455 қаулысына  сәйкес электр энергиясын "КEGOC" АҚ-ның  тораптары бойынша жеткізу жөніндегі қызмет көрсетулеріне арналған тарифті есептеудің жаңа әдістемесі әзірленді және 2006 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді. Әдістемеде электр энергиясын 8 аймақ бойынша жеткізуга арналған тіркеулі аймақтық тарифтің түзілуі энергия тапшылығының еселегіштері мен тораптың өткізу қабілетін пайдалана отырып ойластырылған және де ол электр энергиясын жеткізуге арналған тарифтердің желі ұзындығына тікелей тәуелділігін болдырмайды.

 

 

2.2  Персоналдың   еңбек нәтижелілігін бағалауды  талдау

 

Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің Жүйелік  операторы болып табылатын "KEGOC" АҚ-ның басты мақсаты - қазіргі  заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік  және денсаулық қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің жұмыс сенімділігін қамтамасыз ету.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «KEGOC» АҚ өз қызметкерлеріне ішкі норматвитік құжаттармен реттелетін әлеуметтік қолдау көрсету мен қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды Қоғам құрылған уақыттан бастап үзбей жүргізіп келеді.  
Компанияның әлеуметтік саясатының бір бағыты қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық таныту, қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. «KEGOC» АҚ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында төлемдерді жүзеге асыру ережелері негізінде 2007 жылы Компания 609 қызметкерге жалпы сомасы 27,301 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетті.  
Корпоративтік өзара қарым-қатынастарды күшейту үшін жыл сайын мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерге байланысты (Наурыз мейрамы, Энергетиктер күні) мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады.  
Компания «Энергиятех кәсіподағымен» бірлесе еңбек қорғау мәселелері бойынша ынтымақтасып жұмыс істейді. Осы мақсатта еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар тобы құрылды, кәсіподақ өкілдері жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады. Компанияда әрдайым салауатты өмір салтын насихаттау мен ұстануға ерекше көңіл бөлінеді. Салауатты өмір салтын насихаттауда корпоративтік рухты көтеретін спорттық іс-шаралар ұйымдастырлады. Компания кәсіподақпен бірлесе отырып, жыл сайын спорт жарыстары мен қызметкерлердің белсенді демалыстары бойынша іс-шаралар өткізіп тұрады. 2007 жылы спорттық іс-шараларға Компания қаржысынан 2,059 млн. теңге бөлінді. Биыл 9 қыркүйекте Астананың 10-жылдық мерейтойына орай Ақтөбе қаласында волейбол спартакиадасын өткізді. Сондай-ақ 2008 жылғы 5-7 қыркүйек аралығында өткен «Би Джи Энерджи Чаллендж» (BG Energy Challenge) халықаралық әлеуметтік жобасы – командалық спорт жарысына қатысып, ұлттық компаниялардың арасында KEGOC командасы ең үздік деп танылды.  
 Компанияның энергетика ардагерлерін, зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еңбек майданының ардагерлеріне, жауынгер интернационалистерге материалдық және моральдық қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік саясатын ерекше атап өту керек. Осы әлеуметтік топтардан Компания есебінде 540 адам тұрса, олардың барлығына дерлік тұрақты материалдық көмек көрсетіліп отырады.

Өндірістік қызметпен қатар  «KEGOC» АҚ көмекке мұқтаж топтарға, білім беру, денсаулық сақтау, спорт  мекемелеріне, бұқаралық ақпарат  құралдарына және қоғамдық ұйымдарға көмек көрсетуді қоса алғанда, қоғамның мәдени және қайырымдылық салаларына қолдау мен дамытуға бағытталған елеулі әлеуметтік жұмыс жүргізіп отыр.

«KEGOC» АҚ қызметкерлер құрамының жалпы сипаттамасы төмендегідей.

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан Компаниясының «KEGOC» кадрлық әлеуеті оның табысын анықтайтын маңызды стратегиялық факторлардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда «KEGOC»АҚ-да 4000 адам табысты еңбек етіп жатыр.

Қызметкерлердің әлеуеті өндірісті  дамыту, еңбек тиімділігі мен өнімділігін арттыру бағдарламасын іске асыру мүмкіндігін анықтайды.

2005, 2006, 2007 жылдардың статистикалық  деректері 

Көрсеткіштер 

2005 жыл 

2006 жыл 

2007 жыл 

Саны (адам)

     

нақты

3931

3960

3935

әйелдер

1029

1054

1047

басшылар 

610

626

629

мамандар 

1298

1306

1358

қызметкерлер 

34

37

37

жұмыскерлер

1989

1991

1911

Жас құрамы, (%)

     

30 жасқа дейін 

17,2

18,2

19,8

31-40 жас аралығы 

25,4

24,4

24,3

41-50 жас аралығы 

33,4

32,5

30,6

51-54 жас аралығы 

11

11,4

11,3

55-60 жас аралығы

10,1

10,2

10,7

61-63 жас аралығы 

1,2

1,4

1,6

зейнеткерлер 

1,7

1,9

1,5

Жұмыс өтілі, (%)

     

1 жылға дейін 

8,5

9,2

10,9

1-3 жыл аралығы 

14,4

12,5

15,1

3-5 жыл аралығы 

11

13,3

12,3

5-10 жыл аралығы 

21,5

22,5

18,0

10 жылдан артық 

44,6

42,5

43,7

Білім деңгейі, (%)

     

жоғары 

44,4

46,8

48,0

арнайы орта

23,9

22,1

22,7

орта кәсіби

10,1

11,6

10,9

орта 

21,6

19,5

18,4

Кадр тапшылығы (%)

     

жалпы

9,7

11,9

12,4

басшылар мен мамандар

10,1

11,7

14,2

жұмыскерлер

9,2

12

10,5

Оқыту

     

біліктілігін көтерді (адам)

1039

1086

839

оқуға шығындар (мың теңге)

36902

41240

71528

Информация о работе Кәсіпорын персоналының еңбек нәтижелілігін бағалау ұғымы, функциялары, қағидалары және әдістері