Корпорация қаржысын ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 07:10, реферат

Описание работы

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігіміздің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізілді және сайып келгенде әрбір еңбектердің мүдделерін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта – ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсендігін өмір көрсетіп отыр. Нарықтық экономика жадайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорындарда ең білікті кадрлар жинақталады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
«Корпоративтік қаржы» түсінігі мен мазмұны, атқаратын қызметтері
Корпорация қаржысы ұйымдастырудың ішкі жүйесі
Корпорациялар қаржы қызмет орындарының мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Malika korp.docx

— 40.98 Кб (Скачать)

     Қаржы резервін құру нарық жағдаяты ықтимал ауытқитын, сонымен бірге өз міндеттемелерін орындамау үшін әріптестер алдында материалдық жауапкершілік артқан жағдайда корпорацияның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Акционерлік қоғамда қаржы резерві кәсіпорынның жарғысына сәйкес таза пайдадан қалыптастырылады.

     Іс жүзінде осы принциптер шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы саясатын әзірлеуде және қаржыны басқару жүйесін ұйымдастыру кезінде жүзеге асырылуы тиіс. Мұның өзінде:

  • қызмет саласын (коммерциялық және коммерциялық емес қызмет);
  • қызметтің түрін (бағыты – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, сауда және т.б.);
  • кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру-құқықтық нысынын ескеру қажет.

Практикада көрсетілген  принциптерді сақтау кәсіпорын қаржысының тұрақтылығын, оның төлем қабілеттілігін, кірістілігі мен іскерлік белсенділігін қамтамасыз етеді.        

 

 

Корпорация қаржысы  ұйымдастырудың ішкі жүйесі

 

     Корпорация  қаржысы  ұйымдастырудың  ішкі  жүйесі бұл корпорацияның қаржылық міндеттемелерін орындауға, ағымдағы шығындарды және өндірісті дамытумен байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған меншікті ақшалай кірістер мен түсімдердің жиынтығы.      

Корпорацияның қаржы ресурстары қалыптасу көздеріне  байланысты меншікті, қатыстырылған  және қарыз деп бөлінеді.       

Корпорацияның ақшалай қорларына келесілер  жатады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке  ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.

Кәсіпорын мен  корпорацияның қаржысын  ұйымдастыру принциптері  оның қызметінің  мақсаттарымен және  міндеттерімен тығыз  байланысты.

     Кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-әрекетінің негізіне сәйкес, шаруашылық процессін ұйымдастыру ұстамдары анықталады. Шаруашылық субъектілерінің қаржысын ұйымдастырудың негізі меншік нысанына сәйкесті және қаржы ресурстарының көлемі мен барлығы, коммерциялық іс-әрекет жүзеге асады. Бұл ресурстардың алғашқы қалыптасуы жарғылық қордың пайда болуымен қатар жүргізіледі. Жарғылық капиталдың қалыптасуының негізгі көздері болып: акционерлік капитал, пайлық жарна, кәсіпкердің меншік капиталы, ұзақмерзімді несие, бюджет қаражаттары және т.б. Нарықтық экономика көшу барысында корпорациялар өздерінің іс-әректін коммерциялық есеп және өзін-өзі қаржыландыру, және көп кіріс алу мақсатында жүзеге асырады.

     Коммерциялық есеп дегеніміз экономикалық өзінділікті және жұмыс істеу барысында нәтижелілікті, жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

     Корпорацияның шаруашылық іс-әрекетін ұйымдастыру, оның қаржылық іс-әректімен тығыз байланысты. Шаруашылық субъектісі өзінің барлық бағыттағы шығындарын өндірістік жоспарларына сәйкес, қаржылық ресурстарын өнім өндіруге сала отырып табыс алу мақсатында жұмсайды.

Инвестициялық іс-әрекет және негізгі қаражаттарды шектеу дегеніміз - бұл айналым және басқа қаражаттарды, бекітілген негізгі іс-әрекеттен  өзге мұқтаждықтарға, яғни күрделі  құрылысқа немесе керісінше жұмсауға болмайды.

     Ең маңыздысы айналым қаражаттарын қаржыландыру көздерін меншікті және қарыз қаражаттарына бөлу табылады. Меншікті қаражаттарға корпорацияға ұзақ мерзімге пайдалануға бекітілген қаражаттар танылады. Қарыз қаражаттары - бұл негізінен банк несиелері, яғни корпорацияларға бекітілген мерзімге, мақсатты пайдалануға берілетін қаражаттар. Меншік және қарыз қаражаттары кәсіпорынға айналым қаражатарын рациональды пайдалануға мүмкіндік береді. Айналым қаражаттарының толық сақталуы бұл өндірістің үзіліссіздігі мен айналымдылығын қамтамасыз етеді.

     Корпорацияның қаржы - шаруашылық іс – әрекетін бақылау арқылы ақшалай қаражаттарды үнемді және объективті пайдалану саналады. Қаржы-шаруашылық іс-әрекеті бақылау бақылау бұл шаруашылық субъектісінің қаржы көрсеткіштерін талдау арқылы анықталады.    

Қазақстандағы корпорацияны  қаржыландыру көзі  ішкі (меншікті капитал) және сыртқы ( қарыз және қаржы нарығынан тартылған капитал).    

Ішкі қаржыландыру - бұл меншікті қаражаттың , ең алдымен таза пайданы және амортизациялық аударымды пайдалану. Өзін-өзі белсенді қаржыландыруда корпорацияның пайдасы бюджет жүйесіне салық, эмитенттің акциясы бойынша дивиденд төлеу, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыру, әлеуметтік бағдарламаларды орындау үшін жеткілікті болуы тиіс.   

 Белсенді емес ( жасырын)  қаржыландыруда  мүлікті төмендетіп бағалау, сондай-ақ резерв қорға кемітіңкі аудару салдарынан корпорация балансында көрсетілмейтін қосымша көз пайда болады.

     Сыртқы қаржыландыру - мемлекеттің, қаржы-кредит ұйымының, қаржы институтына жатпайтын компанияның және азаматтардың қаражатын пайдалану.   

 Меншікті қаражат  есебінен сыртқы қаржыландыруда  корпорация құрылтайшыларының (қатысушыларының) ақшалай қаражатын пайдаланылады. Кәсіпкерлік қызметті сырттан қаржыландырылған қаражатпен қамтамасыз етудің артықшылығы бар, өйткені ол кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен бірге банкіден кредит алуға (өтімді қаражат тапшы болған жағдайда) қойылатын талаптарды жеңілдетеді.   

 Корпорация капитал  тартудың түрлі  тәсілін салыстыра  отырып ағымдағыжәне инвестициялық  қызметті қаржымен  қамтамасыз етудің  оңтайлы нұсқасын таңдауға мүмкіндік  береді.

 

 

 

      Корпорациялар қаржы қызмет орындарының мәселелері

 

     Корпорациялар мен ұйымдар қаржыларын экономикалық мазмұнына сәйкес төмендегідей бағыттар бойынша топтауға болады:

  • корпорацияның жарғылық капиталын қалыптастыру бойынша құрылтайшылар арасындағы қатынастар. Жарғылық капитал өндірістік қорларды және материалдық емес активтерді қалыптастырудың алғашқы көздері болып табылады;
  • корпорациялар мен ұйымдар арасында өндіріс пен өнімді сату, қайта қалыптасқан құн бойынша қарым-қатынастар. Бұған жабдықтаушылар мен шикізатты, материалдарды, дайын өнімдерді сатып алушылар арасындағы қатынастар, инвестициялық іс-әрекет мерзіміндегі құрылыс мекемелерімен қатынастар, тауарларды тасымалдау кезіндегі көлік мекемелерімен қатынастар, байланыс мекемелерімен қатынастар, кеден мекемесімен қарым-қатынас, шетел мекемелерімен қаржылық қарым-қатынастар. Бұл аталған қаржылық қарым-қатынастар шаруашылық іс-әрекетінің негізгісі болып саналады және оның тиімді ұйымдастырылуынан коммерциялық іс-әрекеттің қаржылық нәтижесі тәуелді болады;
  • корпорация ішіндегі қаржылық қарым-қатынастар өзіне мыналарды кірістіреді; филиалдарымен, цехтарымен, бөлімдерімен, бригадаларымен және жұмысшыларымен, қызметкерлерімен қатынастар. Корпорацияның бөлімдерімен және бөлімшелерімен қаржылық қарым-қатынастар жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу, табыстар мен кірістерді бөлу, айналым қаражаттарын бөлу және басқаларды бөлумен байланысты;
  • корпорациялармен жұмысшылар арасында табыстарды бөлу және пайдалану, акциялар мен облигацияларды айналымға шығару және орналастыру, облигациялар бойынша пайыздарды төлеу, акциялар бойынша девидендтерді төлеу, материалдық зиянды қалыпқа келтіру немесе айыппұл төлеу, жеке тұлғалардан салық ұстау бойынша қаржылық қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді. Қаржылық қарым-қатынастарды ұйымдастыру еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етеді;
  • жоғары тұрған ұйымдармен, мекемелермен қатынастар орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану бойынша нарықтық экономика кезеңінде маңызды объективті қажеттілік болып саналады. Бұл әсіресе импорттық операцияларды және ғылыми ізденісті, маркетингті қаржыландыруда ерекше байқалады;
  • корпорациялар мен ұйымдардың мемлекеттің қаржы жүйесімен салықтарды және басқа да төлемдерді бюджетке төлеу, бюджеттен тыс қорларды қалыптастыру, салық жеңілдіктерін анықтау, айыппұл санкцияларын қолдану, бюджеттен ақшалай қаражаттардың бөлінуі;
  • корпорациялар мен ұйымдардың сақтандыру компанияларымен қарым-қатынасы. Сақтандыру қарым-қатынастары мүлікті сақтандыру, жұмысшылардың әртүрлі санаттарын сақтандыру, коммерциялық және кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру қатынастары;
  • корпорациялар мен ұйымдардың банктермен қарым-қатынастары ақшасыз есеп айырысуда, қысқа және ұзақ мерзімді неселерді алу, жабу қатынастары;
  • корпорациялар мен ұйымдардың инвестициялық институттармен, инвестицияны тарату және орналастыру, жекешелендіру қарым-қатынастары және т.б;
  • корпорациялардың қор нарығымен бағалы қағаздар бойынша қаржылық қарым-қатынастары;

     Жоғарыда аталған топтардың әрбіреуінің өзіне тән салалық ерекшеліктері бар. Бірақ олар екі-жақты сипатта болады және оның материалдық негізі болып ақшалай қаражаттардың қозғалысы табылады.

     Корпорациялар қаржы қызмет орындарының мәселелері  белгілі бір қағидаларға негізделеді, олардың қатарына мыналар жатады:

  • коммерциялық-шаруашылық  есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы - шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, корпорацияның қызметіне бақылау жасау);
  • жоспарлылық;
  • меншіктің  барлық нысандарының теңдігі;
  • қаржы  резервтерінің болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды  

 

      Корпоративтік экономика еңбекті халықаралық  бюлуде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін арттыруға, нақты экономикаға инвестициялар тартуға, сонымен  бірге ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуге ықпал етеді. Мемлекеттің әріптестері ретінде ірі корпоративтік құрылымдар өндірістің материалдық ресурстары мен капиталын  біріктіреді. Корпоративтік қаржы  ел экономикасының одан әрі дамуына, тұрақтануына әсер ететін пән болып  табылады. Сондай-ақ компания иелерінің  меншігін және әл - ауқатын арттыру негізін игеруге теориялық және практикалық даярлайтын пән.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Кадерова Н.Н. Корпоративтік қаржы: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2008
  2. Бұлақбай Ж.М. Корпоративтік қаржы. Оқу құралы.-Астана, 2010
  3. Бейли Р., Майерс С. Принципы корпоративных финансов. -  М.: Олимп Бизнес, 2007 г.
  4. Жуйриков К.К. Финансы хозяйствующих субъектов. Учебное пособие, тип «Комплекс», 2006г.
  5. Акбергенов И. и др. Финансово-кредитные проблемы развития экономики Казахстана  /Под  ред. К.К. Ильясова. - Алматы.: Билим, 2005

        Интернет  көздері:

http://www.google.kz

http://www.yandex.kz/

http://www.kase.kz/

http://www.afk.kz/ - Ассоциация финансистов Казахстана 


Информация о работе Корпорация қаржысын ұйымдастыру