Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 07:10, реферат
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігіміздің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізілді және сайып келгенде әрбір еңбектердің мүдделерін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта – ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсендігін өмір көрсетіп отыр. Нарықтық экономика жадайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорындарда ең білікті кадрлар жинақталады.
Кіріспе
Негізгі бөлім
«Корпоративтік қаржы» түсінігі мен мазмұны, атқаратын қызметтері
Корпорация қаржысы ұйымдастырудың ішкі жүйесі
Корпорациялар қаржы қызмет орындарының мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
Елімізде өтіп
жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы
дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық
өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін
республикамыздың тәуелсіздігіміздің
15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз
жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан
экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер
енгізілді және сайып келгенде әрбір еңбектердің
мүдделерін қамтыды. Сондықтан бұған дейін
ынта – ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің,
қайта арта түсендігін өмір көрсетіп отыр. Нарықтық экономика жадайында
экономикалық қызметтің барлық экономикадағы
негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан
да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім
өндіріп, қызмет көрсетуі тиіс. Бұған жағдайлар
да бар. Өйткені кәсіпорындарда ең білікті
кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды
үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар
мен технологияларды қолдану мәселелері
кең түрде шешіледі. Кәсіпорында және
өнімдерді сатуға кететін шығындарды
мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты
бизнес – жоспар әзірленеді, маркетинг
қолданылады, тиімді басқару жүйесі –
менеджмент іске асырылады. Мұның барлығы терең экономикалық
білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық
жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең
бола алады, егер де ол нарық талабын аса
сауаттылықпен және компонентпен анықтайтын,
сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді
өндіруді ұйымдастыратын және білікті
қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында,
көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын
болса. Нарық жағдайында кәсіпорынның
өміршеңдігінің кепілі мен жай – күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы
болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін
орын алмастыра отырып қолданып, тиімді
пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың
үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын
өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
«Корпоративтік қаржы» түсінігі мен мазмұны, атқаратын қызметтері
Корпорация – бұл заңды тұлға, өз иелерінен жеке және ерекше құқығы бар, заңды тұлғалардың міндеттері мен артықшылықтары. Корпорация – қарыз алуына және меншікті иемденуіне, сонымен қатар олар талапкер және жауапкерде бола алады, келісімшарт жүргізе алады.
Корпорациялар қаржысы – бұл корпорацияның негізгі және айналым капиталын, ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану процесінде пайда болатын қаржы немесе ақша қатынастары. Бұл негізгі және айналым капиталын қалыптастыру және пайдалану процессіндегі қаржылық немесе ақшалай қарым-қатынастар, және соның нәтижесінде әртүрлі ақшалай қорлар қалыптасады.
Корпорациялардың қаржысы мемлекеттік қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Бірақ корпорациялардың қаржысының іс-әрекеті мемлекеттік қаржылардың іс-әрекетіне қарағанда кең аумақты қамтиды.
«Корпоративтік қаржы» пәні бұл корпорациялардың, яғни шаруашылық субъектінің қаржылық ерекшеліктерін зерттейді. Мұнда корпорацияеның қаржылық жағдайын бағалау, қаржылық жоспар мен болжамдар құру, экономиканың тұрақсыздығында корпорацияның қызмет ететін түрлі салаларда дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау жағдайы сияты мәселелер қарастырылады.
Корпорацияның қаржылық қатынастарын экономикалық мазмұнына қарай келесі бағыттарда топтастыруға болады:
Корпорация қаржысының мәні оның атқаратын қызметтерімен айқындалады. Корпорациялар қаржысы келесідей қызметтерді орындайды:
Мемлекеттік қаржылар, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру мен атқару процессінде, ұлттық табысты екінші бөлу кезеңінде өз функцияларын жүзеге асырады. Сондықтанда қаржылардың бір бөлігі, материалдық өндіріс саласында, яғни ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастыру процессінде, тек қана бөлуші емес бақылау функцияларын да атқарады.
Бөлу - өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыстырушы топ. Нарықты экономика қарым-қатынасында ұлтттық табыс пен жиынтық ішкі өнімдінің құнын бөлудің бір бөлігі болып саналады. Бұл аталған процесстер кәсіпорындардың өндірілген өнімді сатудан және өндіріске кеткен ақшалай шығынды жабу процессінде көрініс табады. Бұл аталған табыстың бір бөлігі бюджетке түседі, ал бір бөлігі корпорацияның қарамағында қалады, яғни ол арқылы еңбек ақы қорын қалыптастыруға, экномикалық ынталандыруға, өндірісті дамытуға және кеңейтуге, және шығындарды қаржыландыруға жұмсалады.
Ұлттық байлықты қайта бөлу, кәсіпорындардың қаржысы арқылы жүзеге асады және құрылыс өндірісінде ішкі ресурстарды жинақтауға амортизациялық қорды қорды қалыптастыру және пайдалану процессінде көрініс табады. Сондықтанда корпорациялардың қаржысының бөлу функциясы – ішкі жиынтық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты бөлу арқылы жүргізілуін түсінеміз. Мемлекеттік қаржының көмегімен тек қана ішкі жиынтық өнімді бөлу жүзеге аспайды, сонымен қатар натуралдық-заттай нысанда және құндық нысанда бөлуді де жүзеге асырады. Ұдайы өндіріс процессінде натуралдық-заттай және құндық қамтамасыздық арасындағы байланысты бақылауға мүмкіндік алады.
Корпорациялардың бақылау функциясы арқылы шаруашылық субъектілерінің экономикалық-қаржылық жағдайын және баолық халық шаруашылығының, салаларының іс-әрекетін бақылауға мүмкіндік алады. Кірістің көлемі және өндірістің рентабельділігінің деңгейі нақты субъектінің шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелілік деңгейін анықтайды.
Жүйелі қаржылық құралдар арқылы өндірістік жоспарлардың орындалуы, және материалдық, және қоғамның еңбек ресурстарын пайдалануды үнемдеуде көрініс табады. Негізгі қаржылық көрсеткіштерді бақылау кәсіпорындардың ішінде жүргізіледі, ал басқа ұйымдармен, шаруашылық субъектілерімен қарым-қатынастар және жоғары тұрған ұйымдармен және қаржы-несие мекемелерімен қарым-қатынастар үнемі бақыланып отырады. Корпорацияның ішінде еңбектің сапасы мен саны, негізгі және айналым қорларын пайдалану, материалдық қорларды пайдалану мен қалыптастыру үнемі бақыланып отырады. Шаруашылық субъектілері мен ұйымдардың, және бірлестіктердің іс-әрекеті және бюджеттің алдындағы міндеттемелерін орындауы және бюджеттен қаржыландырылатын барлық деңгейлер, банк ссудаларын алу және қайтару іс-әрекеттері қадағаланады.
Субъектілерге сәйкес: жалпымемлекеттік бақылау, ведомствалық, шаруашылық - ішілік, қоғамдық және тәуелсіз қаржылық бақылау болып бөлінеді.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды - мемлекеттік билік органдары мен басқару органдары жүзеге асырады. Бақылау объектілері болып-тәуелді ведомствалық органдар, меншік нысандары мен ұйымдық нысандарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ведомствалық қаржылық - бақылауды министрліктер мен ведомствалардың бақылау-ревизиялық бөлімдері жүзеге асырады. Бұл орган мемлекеттік бағынышты ұйымдардың іс-әрекетін қадағалайды.
Қоғамдық қаржылық бақылауды - ерікті нысанда жеке тұлғалар атқарады.
Тәуелсіз қаржылық бақылау - оны аудиторлық фирмалар мен аудиторлық службалар жүзеге асырады. Бұл аталған бақылаудың объектісі болып кез-келген экономикалық іс-әрекеттер табылады.
Бақылау функциясы халық
шаруашылығында және корпорацияларда
ұлттық табысты бөлуде және тиімді
рациональдық режимді таңдауға мүмкіндік
береді.
Нарықтық (тауарлық) шаруашылық
жағдайында корпоративтік қаржының мына
үш функциясы заңды түрде танылған:
«Капитал, кіріс және ақша қорын қалыптастыру» функциясы мына шаруашылық операцияларын атқарады:
«Капитал, кіріс және ақша қорын пайдалану» функциясы келесі экономикалық процестерді атқарады:
Халық шаруашалығында қаржыны бақылау төмендегідей
жүзеге асырылады:
Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптеріне төмендегілерді
жатқызуға болады:
Өзін өзі өтеу принципі корпорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амортизациялық аударымның есебінен өтелуге негізделеді. Осы қаражат корпорацияға тиесілі меншік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Кәсіпорын өзін-өзі өтеген жағдайда ол қарапайым ұдайы өндірістіөзінің меншікті көзі есебінен қаржыландырады, сонымен бірге бюджет жүйесіне салық төлейді. Іс жүзінде осы принципті жүзеге асыру үшін барлық кәсіпорындар пайдалы жұмыс істеуі және залалды жоюы тиіс.
Өзін-өзі қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, кең салалы ұдайы өндітісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурсын, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алады.
Өзін-өзі қаржыланжыру принципін жүзеге асыру үшін төмендегі бірқатар талаптарды сақтау қажет, олар:
Айналым қаражатын қалыптастыру көзін меншік және қарыз қаражатқа бөлу шаруашылықтың жекелеген салаларында өндіріс технологиясымен және оны ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты. Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда (сауда, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т.б.) айналым қаражатын қалыптастыруда қарыз көздерінің үлесі артуда. Өндірісі науқандық емес сипаттағы салаларда (ауыр өнеркәсіп, көлік, байланыс) айналым қаражаты құрылатын көздер құрамында көбінесе меншік айналым қаражаты басым.