Франчайзинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:11, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық ­– Жаңа экономикалық өрлеу‑ Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.

Работа содержит 1 файл

франчайзинг.doc

— 1.12 Мб (Скачать)

 

Бизнестің франчайзингтік үлгілерін жүйелеу мен жіктеу коғамдық тамақтандыру саласында франчайзинг тұжырымдамаларының таралу келешегі үшін қажетті шарт болып табылады. Зерттеу тақырыбын жан-жақты ашу мақсатында қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтің  ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Мейрамхана бизнесі кез келген елдің экономикасының маңызды құрамдас бөлігі және релаксация мен рекреация функцияларының шешімдерін қамтамасыз етеді. Кафе, мейрамханалардың және дәмханалар франчайзерлерінің орналасқан жерін қарастырсақ, олардың көбі қала орталықтарында және жанданған сауда орталықтарында орналасқан. Орналасу орнына байланысты мейрамханалардың көлемі мен интерьері де өзгереді.

7-графиктегі мәліметтер бойынша, қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік компаниялардың – 2,8 %-ы мейрамханалардың  үлесінде. Бұл  осы салада мейрамханалардың кеңінен таралуымен айқындалады. Ал 2,3%-ы кафелер мен барлардың және асханалардың - 2%-ы франчайзингтік екені анықталды.

 

7-график – 2007 жылғы Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы франчайзингтік компаниялардың үлесі

 

Қазақстан нарығындағы франчайзинг негізінде қызмет ететін жылдам тамақтандыру саласындағы көшбасшы «РосИнтер Алматы» кәсіпорынының  «Ростик`с», «IL Патио» мейрамханалары және «English First» компаниясы франшизаларының сипаттамалары 4-кестеде қарастырылған.

 

4-кесте- «Ростик`с фудкорт», «IL Патио» мейрамханалары және «English First» компаниясы франшизаларының сипаттамалары

 

Көрсеткіштер

«Ростик`с фудкорт»,

«IL Патио»

«English First»

Мейрамхананы/компанияны ашуға қажетті алғашқы жарна (АҚШ доллары)

 

25000

 

40000

 

30000

Инвестиция мөлшері  (АҚШ доллары)

170000-250000

500000

 

160000

Роялти мөлшері (жалпы табыстан %)

7

6

10

Жарнамалық қорға төленетін мерзімдік төлемдер (%)

2

2-4

10

Мейрамхана/компанияны ашуға қажетті алаң мөлшері (шаршы метр)

90

 

300

 

200-300

 


 

Кесте мәліметтері бойынша, Алматы қаласындағы «Рамстор» сауда кешенінде орналасқан «Ростик’с» мейрамханасын ашу үшін қажетті алғашқы жарна 25000 АҚШ долларын, ал инвестиция мөлшері 170-250 мың АҚШ долларын құрайды. Роялти ай сайынғы жалпы табыстың 7 %-нан тұрады. «IL Патио» мейрамханасының алғашқы жарнасы 40 мың АҚШ доллары және инвестиция мөлшері 500 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл жағдай, яғни, бір компанияның франшиза құнының әр түрлі болуы әрбір мейрамхана тұжырымдамаларының өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты.

Аталған төлемдерді мейрамханалардың ашылған кезден 3-6 ай өткеннен кейін өтеуіне мүмкіндік беріледі. Жарнамалық қорға төленетін мерзімдік төлемдер осы аймақтағы жарнама науқаны кезінде франчайзердің жарнамалық шығындарының белгілі мөлшері ретінде төленеді. Әлемдегі білім беру саласындағы ағылшын тілін үйретуге маманданған «English First» компаниясы Қазақстандағы жеке меншік франчайзингтік кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компанияның мектептері дүние жүзінің 50 мемлекетінде жұмыс атқарады. Оның алғашқы жарнасы 30 мың АҚШ доллары, ал қажетті инвестициялары 160 мың АҚШ долларын құрайды. Роялти мөлшері алдыңғы екі кәсіпорынмен салыстырғанда жоғары - 10%, оның себебі – білім беру саласындағы шығындар мейрамханалармен салыстырғанда төмен. 

Жоғарыдағы келтірілген мәліметтер екі компанияның бизнесін жүргізу үшін франчайзингті таңдауы, оның кәсіпкерліктің бірден-бір тиімді бағыты екенін дәлелдейді. Қазақстан франчайзинг қауымдастығының мамандарымен бірге жүргізілген зерттеулер бойынша Қазақстан нарығындағы франшизалардың көпшілігінің құны 5000 АҚШ долларынан басталып, 500000 доллар шамасы аралығын қамтитыны айқындалды. Алайда, еліміздің көптеген кәсіпкерлерінің осындай сомаларды төлеуге қаржылық мүмкіндіктері жоқ, бұл франчайзингтің дамуын тежеуші факторларының бірі болып табылады.

 

3.2. Қазақстан Республикасында франчайзингтік бизнесті дамытудың жолдары мен кедергілері

 

Қазақстанның еңбекке жарамды тұрғындарын кәсіпкерлік саласына тартудың барынша пәрменді құралдарының бірі франчайзинг бола алады.

Дүниежүзілік іс-тәжірибеге сәйкес, франчайзинг франчайзер (ноу-хау мен бренд құқығын иеленуші) мен оператор-компанияның (франчайзи)арасында шарттық қарым –қатынас орнатылуын көздейді, соңғысы франчайзердің сауда белгісін, технологиясын, маркетингілік мүмкіндіктерін, жеткізілім жүйесін және басқа да бейматериалдық активтерін пайдала отырып,  оның стандарттар бойынша істі ұйымдастырып, жүргізеді. Франчайзингтің салалық құрылымы әдетте тұтынушылық сұранысқа сай келеді: жылдам тамақтану тораптары, мейрамханалар, қонақүйлер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету бекеттері, парфюмерлік желілер, сұлулық салондар, іскерлік қызметтер көрсету және нарықтың басқа да бөліктері.

Халықаралық Франчайзинг Қауымдастығы үшін PricewaterCoopers компаниясы өткізген Franchise Business Outbook 2009 зерттеуіне сәйкес, франчайзингілік компаниялардың сатылым көлемі 835$ млрд асады. PwC компаниясы 2009 жылы франчайзинг жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны 1,2%-ға азайып, 855 мыңға жетеді деген болжам жасайды. Франчайзингілік компаниялардың айналымы о,5 %-ға (4,2$ млрд), ал жұмыс орындарының саны 2.1%- ға (шамамен 200 мың қызметкер) азаюы ықтимал. Жалпы даму серпінінің теріс мәнді болғанына қарамастан, мейрамханалар(1.3%-ға) мен жылдам қызмет көрсету тораптарының (1.5%-ға) саны артады деп күтілуде. Ең көп төмендеуі жылжымайтын мүлік бойынша қызметтер көрсету (2.1%-ға) және бизнеске қызмет көрсету (2,8%-ға) сегментінде күтілуде.

Алайда бизнесті ұйымдастырудың франчайзингілік жүйесі дағдарыстық құбылыстардың ықпалына ұшырау дәрежесі барынша төмен. Сонымен қатар франчайзинг экономиканы дағдарысқа қарсы дамытудың пәрменді құралы болып табылады. Бөлшек сауда айналымының төмендегеніне қарамастан, жұмыссыздықтың өсуі франшизалардың сатылымын жандандырады.

Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингілік жүйесін Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудың қазіргі сатысында ерекше тартымды ететін бірнеше ерекшеліктер бар:

      Табысты бизнесті көбейіп тарату. Кәсіпкер өзінің бизнесін «нөлден» емес, бастапқыдағы «байқап көру мен қате жіберу әдісі бойынша» даму сатысынан өтіп кетіп, сыннан өткен салаларда бастауға мүмкіндік алады. Франчайзи дайын тұрған «қорапшадағы» бизнес-шешімді сатып алады, оған жолға қойылған әрі тиімді бизнес технологиялар, кепілді жеткізілім жүй

есі, дайын маркетингілік тұжырымдама және қызметкерлерді бастапқы оқыту дәрістері кіреді.

      Бизнес-тәуекелдерді пәрменді түрде азайту. Франчайзинг бизнесті ұйымдастырудың ең сенімді жүйелерінің бірі болып табылады, бұл жүйедегі банкроттық нормасына едәуір төмен. АҚШ Сауда-Өнеркәсіп Палатасының статистикасына сәйкес соңғы бес жыл ішінде ашылған франчайзингілік кәсіпорындардың 97%-ы одан әрі қарай да табысты жұмысын жалғастырған, ал франчайзингілік емес кәсіпорындардың 62%- ы осы кезең ішінде жабылып қалған.

      «Біліктілік» шегінің аса жоғары болмауы. Франшизаның болуы тіпті бизнестің тиісті саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі болмаса да, жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сол арқылы шағын бизнестің де ең басты проблемасы-кәсіпкерлердің қажетті экономикалық және құқықтық білімі болмауының мәселесі шешіледі.

      «Кіру билетінің» қолайлы бағасы. Тұтынушылық сұранысты қанағаттандыруға бағытталған салалардағы франшизаның құны 50$ мың кем болуы және 300$ мың дейін жетуі мүмкін.

Бұл орайда франчайзингті дамыту экономиканы дағдарыстан шығарып, оны сауықтыру бойынша міндеттердің кең ауқымын шешеді:

1.      Елге іс жүзінде қазіргі заманғы озық технологиялар және бизнес жүргізудің әлемдегі ең үздік тәжірибесі әкелінеді.

2.      Шағын бизнестің инновациялық және технологиялы кәсіпорындарын одан әрі дамыту үшін алғышарттар жасалып, бизнес-орта қалыптастырылады.

3.      Шағын және ірі бизнестің тиімді түрде өзара әрекеттесуі мен ынтымақтасуы үшін алғышарттар жасалады.

4.      Шағын бизнестің айқындығы арта түседі.

5.      Аймақтық тұрғыдан қамту кеңейеді.

6.      Халықты жұмыспен қамту мәселесі ішінара шешіледі.

7.      Халықтың және бизнестің қолы жете алатын тауарлар мен қызметтердің сапасы жақсарады.

Қазіргі кезде франчайзингілік қатынастар Қазақстанда мүлде дерлік ынталандырылмай, көбінесе фрагментарлық сипат алып отыр. Халық қоныстануының жеткіліксіз тығыздығы және сатып өткізу нарықтарының шектеулігі, сондай-ақ дағдарыстың себебінен тұтынушылық сұраныстың кемуі франчайзингтің белсенді дамуын қиындатады.

              Қазақстанда франчайзингті дамытудың негізгі қиындықтарына төмендегілерді жатқызуға болады:

1.      Ірі бизнес пен шағын бизнес кәсіпкерліктің арасында байланыстың болмауы. Ірі компаниялар франчайзингі жүйесін емес, аймақтық дамудың филиалдық түрін артық көреді.

2.      Бизнесті ұйымдастырудың осы схемасының артықшылықтары туралы  шағын бизнестің хабардарлығының жеткіліксіздігі.

3.      Шағын бизнестің айқын еместігі, ал франчайзингтің негізінде қаржылық есептілік пен роялтиді есептеу ережелерінің айқындығы жатады.

4.      Мемлекеттік жеңілдіктердің, банктік несиелердің және басқа да қаржыландыру көздерінің болмауы.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы. Жоғарыда аталғандарға байланысты, кәсіпкерлік дамуының ерекше нысаны ретіндегі франчайзинг жүйесін қалыптастыру мен дамытуға байланысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттеу уақтылы және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Бұл орайда франчайзингті дамыту экономиканы дағдарыстан шығарып, оны сауықтыру бойынша міндеттердің кең ауқымын шешеді:

8.      Елге іс жүзінде қазіргі заманғы озық технологиялар және бизнес жүргізудің әлемдегі ең үздік тәжірибесі әкелінеді.

9.      Шағын бизнестің инновациялық және технологиялы кәсіпорындарын одан әрі дамыту үшін алғышарттар жасалып, бизнес-орта қалыптастырылады.

10. Шағын және ірі бизнестің тиімді түрде өзара әрекеттесуі мен ынтымақтасуы үшін алғышарттар жасалады.

11. Шағын бизнестің айқындығы арта түседі.

12. Аймақтық тұрғыдан қамту кеңейеді.

13. Халықты жұмыспен қамту мәселесі ішінара шешіледі.

14. Халықтың және бизнестің қолы жете алатын тауарлар мен қызметтердің сапасы жақсарады.

Қазіргі кезде франчайзингілік қатынастар Қазақстанда мүлде дерлік ынталандырылмай, көбінесе фрагментарлық сипат алып отыр. Халық қоныстануының жеткіліксіз тығыздығы және сатып өткізу нарықтарының шектеулігі, сондай-ақ дағдарыстың себебінен тұтынушылық сұраныстың кемуі франчайзингтің белсенді дамуын қиындатады.

              Қазақстанда франчайзингті дамытудың негізгі қиындықтарына төмендегілерді жатқызуға болады:

5.      Ірі бизнес пен шағын бизнес кәсіпкерліктің арасында байланыстың болмауы. Ірі компаниялар франчайзингі жүйесін емес, аймақтық дамудың филиалдық түрін артық көреді.

6.      Бизнесті ұйымдастырудың осы схемасының артықшылықтары туралы  шағын бизнестің хабардарлығының жеткіліксіздігі.

7.      Шағын бизнестің айқын еместігі, ал франчайзингтің негізінде қаржылық есептілік пен роялтиді есептеу ережелерінің айқындығы жатады.

8.      Мемлекеттік жеңілдіктердің, банктік несиелердің және басқа да қаржыландыру көздерінің болмауы.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.      Б.Кисиков «Франчайзинг в Казахстане»

2.      www.stat.kz

3.      www.google.kz

4.      www.wikipedia.kz

5.      «Даму» жылдық есебі, 2009 жыл

6.      «Кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы» заң, 2002 жыл

7.      www.damu.kz

8.      Манап А.С «Қазақстан Республикасында франчайзингті дамыту»

9.      Франчайзингтік қатынастар жүйесінің ерекшеліктері/ Ізденістер, нәтижелер, 2007 ж., № 4, 246-250 б., 0,3 б.п.

10. Франчайзингтің жіктелуі/ Вестник КазГУ им. Аль-Фараби, 2007 ж.,  № 5, 105- 108 б., 0,3 б.п.

11. Формирование и развитие франчайзинговых отношений в Казахстане / «Реформа» международный ежеквартальный научный экономический журнал, г.Бишкек, 2007 ж., № 3, 42-44 б., 0,38 б.п.

Информация о работе Франчайзинг