Франчайзинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:11, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық ­– Жаңа экономикалық өрлеу‑ Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.

Работа содержит 1 файл

франчайзинг.doc

— 1.12 Мб (Скачать)

 

Франчайзингтік қатынастардың дамуындағы бірінші кезең жекелеген кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикада франчайзингтік қатынастар жүйесін  пайдаланудағы талпыныстарымен сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг тамақтандыру саласында, пиццериялар мен шағын наубайханаларға арналған құрал-жабдықтар саласында дамып, өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады. Екінші кезеңде – Қазақстан нарығына ірі шетелдік франчайзингтік фирмалардың келуі, елімізде осы салаға қатысты заңнаманың қабылдануы, Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының (ҚФҚ) құрылуы, отандық кәсіпкерлер мен аймақ басшыларына тақырыптық семинарлар жүргізу бойынша USAID шаралары жүзеге асырылды. Үшінші кезең Қазақстанда 400-ге жуық оператор-фирмалармен іскерлік қарым-қатынас жасайтын, ҚФҚ-на біріктірілген, 40 - 50 франчайзингтік жүйелердің қызмет көрсету, БАҚ, сауда, қоғамдық тамақтандыру салаларында қызмет етуімен сипатталады.

Франчайзингтің отандық баламалары сауда мен халыққа қызмет көрсету салаларында пайда болып, дами бастады, ол бизнес жүйесінің экономикалық, құқықтық, мәдени-әлеуметтік жағынан даму деңгейінің төмендігіне қарамастан, қазақстандық жағдайларға бейімделу қабілетінің негізінде өз тиімділігін көрсетті. Еліміздегі дербес франчайзингтік қатынастар техника-технологиялық, материалдық және тұтынушылардың мәдени-әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескеретін экономика салаларының қажеттілігіне сәйкес пайда болуда.

Қазақстандағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады, біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым. Оған мысал ретінде «Пятерочка» бөлшек сауда дүкендерінің желісі, «Sela» киімдер дүкені, «DIXIS», «Евросеть» байланыс дүкендерін келтіруге болады. Екіншіден, отандық франчайзинг нарығының сублицензиялық сипаты, халықаралық франчайзерлердің қазақстандық нарыққа әлі де болса сенімсіздікпен қарап, тікелей қарым-қатынастардың орнына ресей, түрік субфранчайзерлері арқылы жұмыс істеуді таңдайды. Атап айтқанда, түрік субфранчайзерлері «Mariott», «Интерконтиненталь» қонақүйлері, «Coca-Cola» сусындар өндірісі, «Mango» киім дүкендері. Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны басым. Мысалы, «РосИнтер Алматы», «English First», «Lefutur» компаниялары және т.б. Жоғарыда аталған ерекшеліктерді бағалау барысында еліміздің шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі болу мүмкіндігі айқындалды. Мұнда отандық кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі болатыны анық. Сонымен бірге еліміздегі ірі және шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі болып тұр. Бұл кемшіліктің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарламасында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясы кәсіпкерлерге Интернеттегі уақытты жалға беру франшизасын, «Қазақстан темір жолы» франчайзинг негізінде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке меншікке ұсынуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің жағдайы

2.1. Шағын және орта бизнесті дамытудың қазіргі заманғы беталыстары

 

Дамыған елдердің тарихы көрсеткендей, шағын және орта бизнес (ШОБ) негізгі қалаушы буын болып табылады. Мемлекеттің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету дәл осы буынның күйі мен деңгейіне тәуелді болмақ.

Экономиканың дәл осы секторының нашар дамыған бәсекелестік, материалдық және бейматериалдық тиімсіз пайдаланылуы, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейлік және т.с.с. мемлекеттің экономикалық өсуін тежейтін көптеген мәселелерді шешу үшін орасан зор әлеуетті мүмкіндіктері бар.

Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері ең бір маңызды мәселелердің қатарына жатады да, мемлекеттік деңгейде қарастырылады.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік бұқаралық, әрі едәуір серпінді құбылысқа айналды. Соңғы төрт жылда тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (ШКС) саны 2005 жылмен салыстырғанда  35%-дан астамға көбейіп,  2008 жылдың қорытындысы бойынша  1 миллионға жетті, бұл еліміздің барлық қожалық етуші субъектілерінің шамамен 92%-ын құрайды.(1-график)

1-график- Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы жұмыс істейтін ШКС үлесі

Жалпы ШКС санындағы субъектілерінің үлесі 2008 жылға дейін 75,5% деңгейінде тұрақты болып келді. 2008 жылы аталған көрсеткіш  3 пайыздық тармаққа -  72,4% -ға төмендеді.  Жұмыс істейтін ШКС саны 2007жылғы осындай көрсеткішпен салыстырғанда абсолюттік  өрнекте  20 мың бірлікке  (2007жылғы 745мыңнан 2008жылғы 725мыңғы дейін), ал салыстырмалы өрнекте ­ -2,7%  ға дейін төмендеді.

Жұмыс істейтін қожалық етуші субъектілерінің жалпы санындағы ШКС үлесі де 1пайыздық тармаққа,  2007жылғы  93 пайыздан 2008 жылғы 92 пайызға дейін кеміді(2-график).

 

 

2-график-Қожалық етуші субъектілерінің жалпы санындағы жұмыс   істейтін ШКС үлесі

 

Ұйымдық- құқықтық пішіндердің қимасындағы жұмыс істейтін ШКС- лерінің құрылымы көрсеткендей, 2008 жылы жеке кәсіпкерлер (ЖК) 604 мың субъектіні немесе 60,3%-ды құрады, заңды тұлға болып табылатын шағын бизнес кәсіпорындарының(ШБК) саны 203 мыңды немесе 20,3%- ды құрады, шаруа фермерлік қожалықтардың(ШФҚ) саны- 194 мыңды немесе 19,4%-ды құрады (3-график).

 

3-график-Ұйымдық‑құқықтық нысандар қимасындағы ШКС құрылымы

 

2005 жылға дейін елдің жалпы ішкі өнімдегі ШКС шығаратын өнімдердің үлесі өсуге бейім болғанын атап өтудің де маңызы зор. Алайда 2005жылдан 2008 жылға дейін ол кері бағытқа өзгерді. Егер  2005жылы шағын бизнестің ЖІӨ –дегі үлесі 16%-ды құраса,  2008 жылы  14%-ға дейін төмендеді (4-график).

 

4-график-Шағын бизнестің ЖІӨ‑ге қосқан үлесі

 

2.2. Шағын кәсіпкерліктің дамуының салалық қимасы

 

Экономикалық өнеркәсіп секторында жұмыспен қамтылған ШКС үлесі  шағын кәсіпкерліктің және тұтастай алғанда экономиканың сапалы дамуының маңызды  көрсеткіші болып табылады. Өнеркәсіп орындары, және ең бірінші кезекте өңдеуші  өнеркәсіп орындары елдің экономикасының әртарапты дамуын қамтамасыз етеді.

Ал Қазақстанда қызмет атқаратын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 37%-ы сауда саласында, 4%-ы құрылыс саласында, және небары 3%-ы өнеркәсіп саласында жұмыс істейді, бұл ЭЫДҰ елдеріндегі осы сияқты көрсеткіштен төрт есе кем. Бұл Қазақстанда ШКС дамуының бетбұрыстарының еліміздің экономикасын әртараптандыруға ықпалдаспайтынын растайды. Алайда мына бір маңызды жайтқа назар аударған жөн. Қазақстандағы жекеше кәсіпкерліктің даму тарихы жиырма жылдан азырақ. Бұл орайда кәсіпкерлердің барлығы дерлік өз бизнесін саудадан немесе қызметтер көрсету саласынан бастайды- тәуекелдер аз, бастапқы капиталды көп қажет етпейді. Бизнесінің ауқымы өсе келе олар өндірісті де игере бастайды. Және де көбінесе бұл  бизнес едәуір үлкен көлемге дейін жетіп, шағын бизнес болуын тоқтатқан жағдайда басталады. Сондықтан сауда мен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін көптеген ШОБ субъектілері-болашақ өндірушілер.

Төменде 2008 жылдың қимасындағы ШОБ қызметінің көрсеткіштері көрсетілген (5-график).

5 -график - 2008 жылдың қимасындағы ШОБ қызметінің көрсеткіштері

  Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігі өзінің қызметін сауда саласында (37%) және ауыл шаруашылығында (23%) жүзеге асырады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ең аз мөлшері өнеркәсіп секторында (3%) және құрылыста (4%) жұмыс істейді. Көлік және байланыс саласында 8% жұмыс істейді.

 

6-график-Салалық қимадағы ШКС қызметінің негізгі көрсеткіштері

 

              Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істейтіндердің салалық көрсеткіші халықты жұмыспен қамтудағы маңызды әлеуметтік міндетті шешудегі ШКС рөлін сипаттайды. Аталған көрсеткіш айтарлықтай дәрежеде экономиканың әр түрлі салаларында жұмыс істейтін  ШКС санына тәуелді, бұл  салалық қимадағы пропорциялардың ұқсас болуын түсіндіреді- жұмыс істейтін ШКС санының өсуі пропорционалды түрде жұмыспен қамту мәселелерін шешеді.

 

 

 

 

ІІІ.Франчайзингтік бизнестің салалық жіктелуі

3.1.Франчайзигтің бизнестің Қазақстан нарығында алатын үлесі

 

Қазақстанда соңғы жылдары франчайзингтік нысанды таңдаған бірқатар компаниялар нарықта белсенділік танытуда. Қазақстан франчайзинг қауымдастығы мәліметтерін жинақтап, оларды зерттеу барысында еліміздегі франчайзингтік жүйелердің қызмет ету салалары бойынша даму қарқыны мен үлесі 2-кестеде сипатталады.

 

2-кесте – Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік кәсіпорындарының үлесі (сәйкес салалар бойынша)

 

Сала

Сәйкес қызмет ету салалары бойынша франчайзингтік кәсіпорындардың үлесі, %

2007 жылды алдыңғы жылдар-мен салыстырған-дағы өзгерісі, есе

2001 ж

2004 ж.

2007 ж.

2001 ж.

2004 ж.

Жылдам тамақтандыру  кәсіпорындары

1,1

2,3

4,3

3,9

1,9

Мейрамханалар

0,31

1,2

2,8

9,0

2,3

Фирмалық бөлшек сауда

0,95

2,7

8,2

8,6

3,0

Азық-түлік өнімдері бөлшек саудасы

-

1,6

3,8

-

2,4

Денсаулық сақтау және фитнес

1,0

1,4

3,3

3,3

2,4

Консалтингтік және аудиторлық компаниялар

0,87

1,8

3,2

3,7

1,8

Телекоммуникациялар және байланыс құралдары

0,35

0,3

1,0

2,9

3,3

Ескертпе- ҚФҚ мәліметтері.


 

2-кестеде көрсетілгендей, франчайзингтік компаниялардың ең дамыған салалары – қоғамдық тамақтандыру және бөлшек сауда саласы. Франчайзингтік фирмалар жылдам тамақтандыру кәсіпорындарының санындағы үлесі 2007 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 3,9 есе, ал 2004 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге өсіп – 4,3%-ды, ал фирмалық бөлшек сауда үлесі сәйкесінше 8,6 және        3 есеге ұлғайып - 8,2%-ды, азық-түлік өнімдерінің ерекше түрлерін сату – 2,4%-ды және денсаулық сақтау және фитнес 2,4 есеге артып - 3,3 %-ды құрады.  Бұл мәліметтер жоғарыда қарастырылған еліміздегі франчайзингтің ерекшеліктерінің негізгі сипаттамаларын растайды.

Осы көрсеткіштерге сәйкес еліміздегі франчайзингтік бизнестің келешекте қарқынды даму бағыттарын айқындауға болады, олар: туристтік кластерді дамыту бағдарламасына сәйкес қоғамдық тамақтандыру, қонақүй шаруашылығы, тұрмыстық қызметтер және бөлшек сауда, сонымен қатар бизнесті ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты кеңес беру, автокөлік және оны жөндеу, құрылыс-жөндеу қызметтері.

Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасуы мен даму жағдайын зерттей келе, нарықтағы бірқатар отандық кәсіпорындар өзін әлеуетті франчайзер ретінде жариялағаны айқындалды (3-кесте).

3-кестеде көрсетілген қазақстандық әлеуетті франчайзерлер қызметтерінің көрсеткіштерін талдай келе, саудалық франчайзинг саласындағы франчайзерлердің роялти мөлшері жалпы табыстың 3 %-ын, ал қызмет көрсету саласында 3-4%-ды құрайды. Отандық нарықтағы франчайзингтік негізде қызмет атқарушы кәсіпорындардың қызметін жан-жақты сараптау барысында олардың бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші тұрақты пайда алу екені анықталды.

 

3- кесте - Отандық нарықта қызмет атқарушы франчайзерлердің сипаттамасы

 

Компания атауы

Қызметінің сипаты

Франчайзинг түрі

Роялти мөлшері

«Сеймар»

(жалпы табыстан,  %)

Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру, сату

Өндірістік

5

«Транссистема»

(жалпы табыстан,  %)

Автокөлік кәсіпорыны

мастер-франчайзи

3

«Ромат»

(жалпы табыстан,  %)

Дәріханалар желісі

Саудалық

3

«Алма – TV»

(жалпы табыстан,  %)

Кабельді телеарна

мастер-франчайзи

3

«Көтерме сауда клубы» (жалпы табыстан,  %)

Азық-түлік дүкендері желісі

Саудалық

3

«Медведь»

(жалпы табыстан,  %)

Мейрамхана

Сервистік

4

«Мебельер»     (жалпы табыстан,  %)

Жиһаз өндірісі

Саудалық

4

«Umex Realty»

(таза пайдадан, %)

Жылжымайтын мүлік компаниясы

мастер-франчайзи

4

«Nails Club»

(таза пайдадан, %)

Сұлулық салондар желісі

мастер-франчайзи

3

«Folding Space»

Жиһаз саудасы

Саудалық

айына 5000 теңге

Информация о работе Франчайзинг