Фирманың өндірістік тиімділігі және техникалық прогресс

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 16:56, курсовая работа

Описание работы

Ұйымдастыру функциясы - өзара әрекет тәртібі және еңбек әрекетінің элементтері арасында пропорцияны қалыптастыру жолымен жоспарда белгіленген мақсатқа жету. Ұйымдастыру мыналардан құралады: басқарылатын және басқаратын жүйе; жүйедегі әрбір жұмысшының рөлі мен орнын анықтау, оларды бөлімшелер және сала бойынша бөлу; нақты өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; құжаттарды өңдеу, басқару аппараты әрекетін, қызметкерлер мен жұмысшыларды регламенттеу, барлық функцияның бағдарламаға сай орындалуы және өндірістік процестің берілген ағымын қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
МЕНЕДЖМЕНТ ФУНКЦИЯСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
4
1.1
Менеджмент түсінігі және олардың жіктелуі
4
1.2
Ұйымдастыру функциясының мазмұны
8
2
ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕНЕДЖМЕНТ ФУНКЦИЯСЫ РЕТІНДЕ ТАЛДАУ
11
2.1
Ұйымдық құрылымды құрудағы әр түрлі көзқарастар
11
2.2
Ұйымдық құрылымға қойлатын талаптар
13
3
ӨЗАРА ӘРЕКЕТ ЖАСАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
15
3.1

3.2.
Ұйымдастыруда өзара әрекет жасауды ұйымдастыруды табыстау
Өзара әрекет жасауды ұйымдастыру жауапкершілігі
15

17

Қорытынды
19

Қолданылған әдебиеттер тізімі
21

Работа содержит 1 файл

курсовой-МЕНЕДЖМЕНТ.doc-1.doc

— 138.00 Кб (Скачать)

 

                                                 ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ

3

1

МЕНЕДЖМЕНТ ФУНКЦИЯСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

4

1.1

Менеджмент түсінігі және олардың жіктелуі

4

1.2

Ұйымдастыру функциясының мазмұны

8

2

ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕНЕДЖМЕНТ ФУНКЦИЯСЫ РЕТІНДЕ ТАЛДАУ

11

2.1

Ұйымдық құрылымды құрудағы әр түрлі  көзқарастар

11

2.2

Ұйымдық құрылымға қойлатын талаптар

13

3

ӨЗАРА ӘРЕКЕТ ЖАСАУДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ

15

3.1

 

3.2.

Ұйымдастыруда өзара әрекет жасауды  ұйымдастыруды табыстау

Өзара әрекет жасауды ұйымдастыру  жауапкершілігі

15

 

17

 

Қорытынды

19

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

21


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ұйымдастыруды басқару  толықтылықты, бірлікті, тәртіп жүйесін  құруға бағытталған. Бұл жүйені құраушы  бөліктер толық ұйымдасуды қалыптастырады.

Ұйымдастыру функциясы - өзара әрекет тәртібі және еңбек әрекетінің элементтері арасында пропорцияны қалыптастыру жолымен жоспарда белгіленген мақсатқа жету. Ұйымдастыру мыналардан құралады: басқарылатын және басқаратын жүйе; жүйедегі әрбір жұмысшының рөлі мен орнын анықтау, оларды бөлімшелер және сала бойынша бөлу; нақты өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; құжаттарды өңдеу, басқару аппараты әрекетін, қызметкерлер мен жұмысшыларды регламенттеу, барлық функцияның бағдарламаға сай орындалуы және өндірістік процестің берілген ағымын қамтамасыз ету.

Ұйымдастыру – негізделген, басқарылатын және басқаратын жүйе ішінен элементерді  таңдау болып табылады. Және де ол кеңістік-уақыт және себеп- ізденіс арасындағы байланыстарды қалыптастырады. Мысалы, өндіріс саласында оның функциясына негіздеу және құралдарды таңдау, жұмыс орнын ұйымдастыру, технологияны таңдау және т.б. жатады; басқару саласына – іріктеп алу, қайта орналастыру, кадрлар қозғалысы, мамандық бойынша оқу, жұмысшылар әрекетін басқару, басқару құрылымын құру жатады.

Курстық жұмыстың мақсаты - ұйымдастыру қызметінің мазмұнын ашу, түрлері мен ерекшеліктерін анықтау, сонымен қатар өзара әрекет жасауды ұйымдастыру және өкілеттіктер түсіндіру.

Кеңістік-уақыт және себеп-ізденіс  байланыстары детерминденген (анықталған) және мүмкін сипатқа ие. Ұйымдастырушылық қатынас ұйымдастыру жүйесін және бригада, сала, цех, кәсіпорын, бөлімше, ел экономикасының құрылымдарын қалыптастыру және қайта қалыптастырудың маңызды талаптарында мүмкін факторлар әрекетін күштеп отыратын адам әрекеті болып табылады.

Осы ұйымдастырушылық білім  биліктің нақты ұсынушылары - әртүрлі  сатыдағы басқарушылар тарапынан басқарылғандықтан, ұйымдастыру функциясын, алдымен  солар арасындағы байланысты қалыптастырады.

Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс-қимылын бейнелейді.Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін біругіуге, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады.Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, белгілі бір ұйымдық құрылымда шығынды аз жұмсауды қажет етуі мүмкін.

 Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрлымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

 

1 МЕНЕДЖМЕНТ ФУНКЦИЯСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

1.1   Менеджмент түсінігі және олардың жіктелуі

 

      Кәсіпорын жүйе ретінде өзар байланысты және өзара келісілген басқарылатын және басқарушы бөліктерден тұрады. Осы жүйе тармақтары арасында және олардың ішінде қатынастар пайда болады. Менеджменттің міндеті -  бұл қатынастарды басқарудың функциясын белгілеу және солардың негізінде баскарудың заңдылықтарын ескеріп, басқарушы жүйенің құрылымын жасап шығару.

Басқарудың функциясы мен құрылымы - басқарудың мазмұны мен пішіні (формасы).

Функция (латынның - «атқару, кызмет» деген сөзі) қызмет сияқты анықталады, ал басқаруға сәйкес бұл басқару бойынша қызмет болады. Бұдан шығатыны, басқару жүйесінің жұмыс істеуі - басқару функциясын атқару процесс. Шынында, басқарылатын жүйеге кез келген әсер ету белгілі бip, осы жүйелерге ортақ басқару процесінің пішінінде, ал нақты айтсақ басқарудың функцияларында жүзеге асуы мумкін. Басқару әрекетінің мәнін түсіну үшін оған тән белгілерді білу қажет.

Басқаруда әр түрлі функцияны бөлу мен оларды талдау өндірісті басқару проблемасын ғылыми талдаудың ыңғайын табуда негізгі кезең болды. Алғаш рет баскарудың функционалды талдауын Ф.У. Тейлор мен А. Файоль жүргізді.

Басқарудыц функционалды тәсілінің басты белгісі - басқару функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.

Басқарудың функциясы басқарудың өз мәнін керсететін басқару қызметінің бөлігі болып табылады.

Функция басқару кызметінің ерекше түpi ретінде де басқару саласындағы еңбекті бөлу мен мамандандыру процесінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Өндірісте – еңбек өнімділігін бөлу ҒТР (ғылыми-техникалық прогресс) нәтижесі.

Функцияның мәнін бейнелейтін көптеген анықтамалар бар. Олардың бірі: «Функция – объективті қажетті, тұрақты қайталанатын іс-әрекеттер, мағынасының біртектілігі мен мен мақсаты бағыттылғы біріктірілген жиынтық ретінде түсіндіріледі».

Басқаруды жиынтық ретінде түсіндіру көп мәселелерді табысты шешуге мүмкіндік берді. Бастапқыда басқаруды бөлікке бөлген А. Файоль, мұнда функцияларды уақыт ішінде өрістету процесінің дәйектілігі тұрғысынан: алдын ала болжау ұйымдастыру, келісу, яғни басқару кезеңдері бойынша бөлді.

Функционалды тәсіл басқару қызметінің кейбір учаскілерінің, көбінесе, мотивация (уәждеме) функцияларының мазмұны тереңдетіп жасауға мүмкіндік береді.

Дегенмен басқарудың ең басты функционалды түсіндірмесі  - бұл тұтас алғанда да, әрбірін жекелей алғанда да өндірісті басқару органдарын құру үшін объективті негіздеме.

  Бұл өзара іс-әркетте субъективті анықтаушы болады. К. Маркс буржуазиялық идеологтарды «Өндірістің заттық элементтерін алға шығарады және олардың мәнін субъективті элементпен, жанды, тікелей еңбекпен салыстырғанда асыра бағалағаны» үшін сынайды.

Басқару функцияларының орны басқару  ғылымының негізгі категорияларымен қатар мынадай жүйемен анықталады:

Қоғамдық өндіріс өндіріс заңдарымен – базистік қодырмалық қатанастары  – басқару функциялары – басқару құрылымы – басқару әдістері – басқару процесі – басқару объектісі.

Өндірісті басқарудың функциялары  басқару ғылымының басқару қатынастарын жүзеге асыратын формаларының бірі болып  табылады.

Дәл сол басқарудың функциялары  басқару жүйесінде кім не істеп жатыр немесе кім не істеу керек деген сұраққа жауап береді.

Функцияларды жіктеуге қызмет тұрғысынан келуге болады:

  • кәсіпорын өзінің радиаторларын сатумен шұғылданады: бұл оның баға белгілейтінін (немесе сол үшін күреседі), клиенттер табатынын, тапсырыстар қабылдайтынын және т.б. білдіреді. Бұл коммерциялық функциялардың рөлі;
  • тапсырыстар қабылдаған соң өнімді дайындаумен (зерттеу және өңдеу) және оның өндірісін ұйымдастырумен айналысу керек. Бұл техникалық функция;
  • алайда, өндіріс капиталдышашыратуға байланысты талап етілетін қаражаттың жинақталуына мұқтаж. Дайындалған бұйым сақталғанша және төленгенше мұндай қаражатқа ие болу мүмкіндігіне деген берік сенім болуы керек. Бұл қаржылық функция;
  • осы құралдар арасында оның қажеттіліктеріне (жабдықтау) сәйкес келетін өндіріс процесінде тұтынылатын шикізат пен материалдар көрінеді. Бұл сатып алу қызметі және логистика функциясы;
  • алайда қойылған мақсатқа жету үшін осы барлық құралдарды дұрыс қолдау мақсатымен олардың үйлесімін, нәтижелерін бақылауды қамтамасыз ету керек. Бұл әкімшілік функция.

А. Файоль кәсіпорында жүзеге асатын алты функцияларды немесе операциялар  сериясының арасын ажыратады:

- техникалық (өндіріс);

- коммерциялық (сатып алу мен  сату);

- есептің міндетті қызметі (есеп);

- қаржылық (қаржыландыру);

- қауіпсіздікті қамтамасыз ету  функциясы (материалдық игілік  пен қызметкер құрамын сақтау);

- әкімшілік.

Дәл осы әкімшілк функция А. Файоль басқаларынан басым ерекше бөліп  көрсетті, рөлін былай анықтады:

  • алдын ала болжай білу;
  • ұйымдастыру;
  • басқару;
  • үйлестіру;
  • бақылау.

Кәсіпорыннның өз рөлін атқара алуы немесе жай әншейін бар болуы  үшін кез келген жағдайда жүзеге асыу тиіс функциялардың белгілі бір  мөлшері болатынын мойындаған жөн. Басқа функция оның табысты әрекеті  үшін жай әншейін пайдалы болып  табылады.

Фукцияларды екінші жіктеу. Жалпыдан басқа функцияларды классикалық  жіктеу деп аталатын іскерлік басқарудың функциялары бар. Іскерлік циклдің  басқарудың фазаларын бейнелейтін  төрт негізгі фнукцияларын орындауға  жұмылдырылған. Бұларға мыналар  жатады:

  • даму;
  • маркетинг;
  • өндіріс;
  • басқару.

Бұл негізгі функциялар кез келген кәсіпорынға және кез келген шаруашылық бөлімшесіне тән.

Даму өнімнің жаңа түрлерін жасап, жаңа нарықтарды игеруді көздейді. Ол қажеттіліктерге бейімделу процесін білдіреді және кез келген іскерлік қызметтің шешуші сәті болып табылады.

Маркетинг – сұраныс жасауды  көздеген қызмет. Қажеттіліктер негізінде  қалыптасатын сұраныссыз бизнестің  болуына мүмкін емес. Маркетинг ұғымына  сатуды қамтамасыз ету, яғни кепілді  тапсырыстар кіреді.

Өндіріс тұтыну сұранысына сәйкес барлық тауарлар дайындау мен қызмет көрсету процесі, сонымен қатар тұтынушыларға жеткізу болып табылады.

Басқару объектілер тұрғысынан мыналар  атап көрсетіледі:

  • халық шаруашылығының құрылымын бейнелейтін функциялар (өнеркәсіп пен оның салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.с.с.), және соған сәйкес өнеркәсіп пен оның салаларын, ауыл шаруашылығн, құрылысты, транспортт, және т.б. басқарудың функциялары;
  • өндірісті (тұтастай халық шаруашылығын, облысты және т.с.с.) басқару деңгейін және соған сәйкес халық шаруашылығының әр түрлі деңгейіндегі басқару міндеттерін бейнелейтін функциялар;
  • ұдайы өндіріс (өндіріс, жабдықтау, өткізу, қаржы) процесс сатыларын бейнелейтін функциялар;
  • өндіріс процесінің құрамдас элементтері мен параметрлерін көрсететін ункциялар – адамдар, өндіріс құралдары (шикізат, техника және т.с.с.) Өндіріс элементтері өз кезегінде бірқатар параметрмен сипатталады: өнім сапасымен, технологиялық процестер – бір ізге салынуымен және т.с.с.

Басқару субъектісі жағынан басқару  қызметінің мынадай түрлері атап көрсетіледі:

  • алдын ала басқару – басқару мақсаттарын айқындау, болжау (іс жүзіндегі факторлар негізінде басқару процестері дамуының келешегін талдау) және жоспарлау (мақсаттар мен болжанатын нәтижелер бірлігін қамтамасыз етуге қажетті шаралар жүйесі);
  • жедел басқару – ұйымдастыру, басқарушылық (дәлелдеу, жандандыру);
  • бақылау – есеп, талдау, өзіндік бақылау, яғни іс жүзінде жеткен нәтижелерді белгіленген мақсатпен салыстыру.

Басқару субъектісі тұрғысынан, сонымен  қатар мемлекеттік және қоғамдық басқару ажыратылып бөлінеді.

Басқарудың аталған қызметтері мағынасы жағынан мамандандырылған. Мамандандырылған міндеттермен қатар  басқарудың мамндандырылған функцияларын біртұтас етіп жинақтайтын (синтездейтін), біріктіріліп кіріктіретін басшылық қызметі де бөлек көрсетіледі.

Басқарудың қызмет ету аясы басқару  функцияларымен нақтыланады. Міндеттер  – объективті функцияларды субъективті  өзінше ұйғару, яғни міндеттің әрбір  сәті білімімізді басқару функцияларының мазмұны, оларды әрбір деңгейде іске асыру мүмкіндіктері жайлы ұғымды білдіреді.

Осылайша, менеджменттің функцияларын басқару объектісі тұрғысынан да, басқару субъектісі тұрғысынан да жіктеу бар.

А. Файльдың пікірі бойынша функцияларды жіктеу:

1. Техникалық операциялар (өндіріс).

2. Коммерциялық операциялар (сатып алу, айырбастау,сату).

3. Қаржылық операциялар (қаржы  тарту және мүлікке ие болу).

4. Сақтандыру операциялары (мүлік  пен адамдарды күзету).

5. Есеп операциялар (калькуляция,  бухгалтерия, статистика).

6. Әкімшілік операциялар (алдын ала болжау, ұйымдастыру, басқарушылық, үйлестіру және бақылау).

Ф.У. Тейлордың пікірі бойынша басқару  функцияларының төрт тобы бар:

- мақсат таңдау; құрал таңдау; қаржы-құрал  дайындау; нәтижелерді бақылау;

- Іскерлік басқарудың функциялары  – даму (өнім мен нарықтың жаңа түрлерін жасау);

- өндіріс маркетингі (тауарларды  дайындау, қызмет көрсету, жеткізіп  беру);

- басқару – ресурстар қозғалысын  бақылаумен байланысты барлық  қызмет.

1.2   Ұйымдастыру функциясының мазмұны

 

Ұйымдастыруды басқару  толықтылықты, бірлікті, тәртіп жүйесін құруға бағытталған. Бұл жүйені құраушы бөліктер толық ұйымдасуды қалыптастырады.

Информация о работе Фирманың өндірістік тиімділігі және техникалық прогресс