Елеуметтік жауапкершілік ланкастер

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 13:22, доклад

Описание работы

2006 жылы «Акцепт» корпорациясының өзге акционерлерінің досы және Қаппаров мырзаның бұрынғы әріптесі болған Досаев мырзаны басқа үш акционер «Ланкастер Груп» АҚ-ға тең құқылы әріптес және Директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде шақырған болатын.

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтік жауапкершілік ланкастер.doc

— 60.50 Кб (Скачать)

Сәуір

Атырау қаласындағы жанұя түріндегі жетімдер үйі 200 астам балаларға арналған мектеп-интернатпен бірге 12 отбасына тұрғын үй ұсынады. «Сырымбет» 4 және 16 жас аралығындағы 27 баланы асырап отырған сегізінші отбасына қамқорлық жасайды және үнемі түрде қолдау көрсетіп отырады. Сәуір айында бес жаңа Pentium-IV компьютері балаларға сыйға тартылды және дәл осы айда «Сырымбет» оларға толық киім-кешек жиынтығын сатып әперді. Қазіргі уақытқа дейін отбасын қолдауға арнап 500 000 АҚШ долларынан астам қаржы жұмсалған. Өзінің әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасына сәйкес «Сырымбет» сондай-ақ жергілікті мамандарды оқытуға арнап мерзімді түрде мүмкіндік ұсынуда, бұл мақсаттарға арнап 24 300 АҚШ доллары бөлінген болатын.

KKM Operating Company Құқықтық тәртіп қоғамдық қорының қылмыстың алдын-алу жөніндегі іс-әрекетінің тиімділігін барынша тиімді ету үшін оған құны 158 000 АҚШ долларын құрайтын 100 компьютер мен программалық қамтуды сатып алумен өз үлесін қосты.

Қазақстан Республикасының Үстелүсті теннисі федерациясы еліміздегі спортты дамытуға белсенді түрде ас салысуда. Қазақстанның теннисшілері Азияда танымал болуға тырысуда, және оларды үнемі түрлі жарыстарға қатысуға шақыртып жатады. «Ланкастер Групп» Үстелүсті теннисі федерациясына қаржылай көмегін ұсынды, бұл көмегін ол үстелүсті теннисінің ұлттық командасына халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік беріп және Федерацияға өзінің келешегінен үміт күттірген жас теннисшілерді анықтап және оларды үйрету ісіне ықпал ету үшін ұсынған болатын.

Наурыз

«Ланкастер Групп» «Ар-намыс дауысы» қорының адамның діни, құқықтық еркіндігі мен барлық әлемдегі өзара-діни сұхбатты ілгері дамыту жөніндегі іс-әрекеттерін үнемі түрде қолдап отырады. «Ланкастер Групп» 2007 жылдың 27 наурызында Бритиш Петролеум Групп атқарушы билігінің басшысы Лорд Браун Мэдингли мен БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Қадірменді Ричард С. Холбруктың (1999-2001) құрметіне арнап өткізілген Ынталандыру сыйақылары қонақасын қолдап 10 000 АҚШ долларын қайырымдылықпен сыйға тартты.

Ұлттық Наурыз мерекесін атап өту кезінде Ақтөбе қаласының әкімшілігі азаматтарға арнап түрлі оқиғалар мен шаралар ұйымдастырды. ҚазИнвестБанк мерекені қолдап және адамдарды қазақтың ұлттық дәстүрлеріне сай сайыстарға қатысуға ынталандыру үшін 4 000 АҚШ долларын сыйға тартты.

Ақпан

ҚазИнвестБанк жыл сайын өтетін Веналық Қайырымдылық Би кешіне қатысты, ол оған 2 800 АҚШ доллары көлемінде өз үлесін қосты. Hyatt қонақ үйінде өткізілген бұл шараны Алматыдағы «Ротари» клубы ұйымдастырған болатын. «Ротари» - іскер және кәсіби көшбасшылардың дүниежүзілік ұйымы, ол гуманитарлық қызметтерді ұсынады, барлық мамандықтардағы жоғары әдептік стандарттарға қолдау көрсетеді және бүкіл әлемде еркін ниет пен тыныштықты құруға көмектеседі.

Гарвардтық Орталық Азия Клубының (ГОАК) тұрақты демеушісі болғандықтан, ҚазИнвестБанк клубты еңбек ресурстарының сапасы жөніндегі конференцияны ұйымдастыруда 3 200 АҚШ доллары көлемінде қаржыландырды.

ERSAI Caspian Contractor төмен ауқатты отбасылар мен жетім балаларды қолдауда. Қарақиян ауданының Жалдау және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен ынтымақтасумен ERSAI Құрық кентінде тұрақты түрде тұрып жатқан үш төмен ауқатты отбасын қамқорлыққа алған. Осы үш отбасы, сондай-ақ аталмыш кенттің екі жетімі қамқорлыққа алынған және ай сайынғы ақшалай жәрдемақымен қамтамасыз етілуде.

Информация о работе Елеуметтік жауапкершілік ланкастер