Елеуметтік жауапкершілік ланкастер

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 13:22, доклад

Описание работы

2006 жылы «Акцепт» корпорациясының өзге акционерлерінің досы және Қаппаров мырзаның бұрынғы әріптесі болған Досаев мырзаны басқа үш акционер «Ланкастер Груп» АҚ-ға тең құқылы әріптес және Директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде шақырған болатын.

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтік жауапкершілік ланкастер.doc

— 60.50 Кб (Скачать)

Әлеуметтік жауапкершілік  «Ланкастер Груп» 

2006 жылы «Акцепт»  корпорациясының өзге акционерлерінің досы және Қаппаров мырзаның бұрынғы әріптесі болған Досаев мырзаны басқа үш акционер «Ланкастер Груп» АҚ-ға тең құқылы әріптес және Директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде шақырған болатын.

Қазіргі кезде «Ланкастер Груп» жылдам қарқынмен дамуда және бизнестің басты сегменттерінде, соның ішінде қаржылық қызметтерді ұсыну, мұнай мен газды шахталық жоғары өрлеме әдіспен өндіру, жекеменшік акциялар мен жылжымайтын мүлікке инвестициялар жұмсау салаларын қоса алғанда ең жоғары потециалды пайдамен мықты жайғасымдарға қол жеткізуде.

            Компанияның іс-әрекеті

Жеке  іс-әрекет

Әлеуметтік жауапкершілік біздің корпоративтік құндылықтарымыздың ажырағыссыз бөлігі болып табылады. «Ланкастер Групп»-та біз әлеуметтік жауапкершілікті іскерлік қатынастардың саналы тәжірибесі ретінде санаймыз. Біздің мүдделі тараптармен қарым-қатынастарымыз адалдыққа, сенімділік пен айқындылыққа негізделген. Біз өзіміздің ұзақ уақыттық табысты қызметіміз біздің адал және ашық қарым-қатынасымызға, сапалы қызметтеріміз мен жобаларымызға, сондай-ақ барлық әрекеттеріміздегі жоғары әдептік стандарттарымызға байланысты екендігіне анық сенімдіміз.

Біз өзіміз қызмет ететін бірлестіктерге қайырымдылық көмек жасаумен өзіміздің қоғамда алатын орнымызға жауапкершілікпен қараймыз. Біз әлеуметтік және экологиялық проблемаларды түсінеміз және тұрақты дамуға қол жеткізу мақсатымен еркін түрдегі әрекеттерді жасау арқылы өз күш-жігерімізді соларды шешуге бағыттап отырамыз. Қоғамды жақсартуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған біздің әлеуметтік іс-әрекетіміз оқу құралдарын, спорттық және мәдени шараларды қолдау арқылы жүзеге асырылады.

2008 10 маусым

VSAT жер серіктік  байланыс операторы және «Hughe»s компаниясының жүйелік интеграторы «Айпинэт» комананиясы М.В.Ломоносов атындағы ММУ санаторий-профилакторийіне демеушілік жәрдем көрсетті.

Демеушілік көрсетудің мақсаты – қосымша назар аударуға және қолдауға мұқтаж әрбір адамға көмектесу. «Айпинэт» комананиясы қайрымдылық көрсету келісім-шартына сәйкес 2008 жылдың бірінші тоқсанында М.В.Ломоносов атындағы ММУ студенттері мен қызметкерлеріне гипоксикалық емдеуге арналған «ТАУ АУАСЫ» БИО НОВА-204 санитарлық-профилактикалық құрылғысын сыйға тартты.

Бұл «Айпинэт» комананиясының бірінші қайрымдылық шарасы емес, компания 2003 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың спорттық шараларына демеушілік жәрдем көрсетті, сондай-ақ соңғы бес жыл бойы ММУ-ға әртүрлі кеңсе техникаларын сыйлап келеді. Компанияның М.В.Ломоносов атындағы ММУ-ға көрсеткен демеушілік жәрдемінің жалпы сомасы жарты миллион рубльге жуық.

«Айпинэт» комананиясының ұжымы мемлекеттік мекемелерге әлеуметтік қолдау көрсетіп, жаңа қайырымдылық бағдарламалары мен шараларына белсенді қатысуға дайын.

Әлеуметтік жауапкершілік 2007  

      Қыркүйек

KKM Operating Company (KKM OC) компаниясы  Мұнайшылар күнін атап өтті және өз қызметкерлеріне олардың ауыр да адал еңбегі үшін алғысын білдірумен сыйлықтар ұсынды. Барлық қызметкерлер олардың айлық еңбекақысы көлемінде сыйақы алды. Сонымен қоса отыз адам сыйлықтарға – фотоаппараттар, теледидарлар мен ұялы телефондарға ие болды, екі адам жаңа машина алды. KKM OC басшылығы өзінің қызметкерлерге қатысты саясатына әркез ерекше көңіл бөлетін, себебі адамдар олардың ең маңызды активы екендігіне шын сенеді. Компания өз қызметкерлерін ағымдағы оқу және біліммен қамтамасыз етумен, олардың жұмыс жағдайларын жақсартумен және олардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін арттырумен оларға үнемі түрде ақшалай қаражаттарды жұмсап отырады.

Құланшы Арт Клубы – өнерді (дәстүрлі бейнелеу өнер түрлері, әдебиет, кинематография, фотография, музыка, сәулет және т.б.) ілгері жылжытуға және таратуға арналған коммерциялық емес ұйым. Екінші Халықаралық Форум Астана мен Алматы қалаларында өткізілген болатын, ол жерде еуропалық және қазақ суретшілерінің еңбектері ұсынылды. Форум кезінде сатылған суреттерден түскен табыс Астана мен Алматыдағы көркемөнер мектептерінде оқитын жағдайы төмен балаларды қаржыландыруға, сондай-ақ Қазақстандағы балалар көркемөнерін дамытуға жұмсалатын. «Ланкастер Групп» 30 000 АҚШ доллары көлемінде қаржылық көмек жасаумен аталмыш форумды ұйымдастыруға қатысумен мақтаныш сезіміне ие болды.

Информация о работе Елеуметтік жауапкершілік ланкастер